Главная страница

Мәдениет морфологиясы. Бауржанұлы Мағжан 4 тема 1 задания. Техника измерения артериального давления


Скачать 21.14 Kb.
НазваниеТехника измерения артериального давления
АнкорМәдениет морфологиясы
Дата14.09.2021
Размер21.14 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБауржанұлы Мағжан 4 тема 1 задания.docx
ТипДокументы
#231867

Орындаған-Баужанұлы Мағжан

Тобы-1-006 Жалпы Медицина

Техника измерения артериального давления

Задание:

- изучите алгоритм измерения АД

- поупражняйтесь измерять АД любого вида тонометром, который есть у Вас дома

- внимательно посмотрите видеоролик и прокомментируйте его содержание.

Берілген тапсырма бойынша ең алдымен АҚҚ өлшеу алгоритміне көз жүгіртіп,бізге берілген видеороликті көріп шықтым және үйде бар тонометр көмегімен АҚҚ қысымын алгоритмге негіздеп өлшедім.Өлшеу барысында барлық ережелерді сақтап, жылышырай таныта отырып, АҚҚ өлшеуді үйрендім. Және келесі тапсырмаға сай видеороликтегі АҚҚ өлшеу бейнесін көре отырып, алгоритммен салыстыра отырып көрдім.

Бізге берілген видеода келесі ақпарат берілген:

•Видеороликте жедел жәрдем қызметкері және науқас бейнеленген.

•Видероликте ең алдымен дәрігер өзін-өзі таныстырып,науқастың қай жерінің мазалап жатқанын сұрайды.

•Науқас өзінің басының ауырғанын айтады

•Дәрігер осы іс-әрекетпен науқасқа қан-қысымын өлшейтінін ескертеді.
Әрекеттер алгоритмі:

1. Науқасты жағдайына байланысты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз

2. Науқастың қолын алақанға қойып, жүрек деңгейіне қойыңыз

3. Науқастың шынтағының астына роликті немесе жұдырықты қойыңыз

4. Тонометрлік манжетті пациенттің иығына шынтақ бүгілуінен 2-3 см жоғары қойыңыз (манжета мен науқастың қолының арасынан саусақ еркін өтуі керек)

5. Пальпация арқылы ульнарлы атериядағы пульсацияны табыңыз, фонендоскопты қосыңыз

6. Манжетаны тонометрге қосыңыз

7. Біртіндеп пульсация жоғалып кеткенше цилиндрмен ауаны енгізіңіз + қосымша 20-30 мм рт

8. Цилиндр клапанын қолданып, клапанды сағат тіліне қарсы сәл оң қолыңыздың саусақпен ашып, манжеттегі қозғалысты біртіндеп азайтыңыз.

9. Тонометрдегі шкаладағы бірінші тонның пайда болғанын есте сақтаңыз - бұл систолалық қысым

10. Тонометрдегі шкалада қысымның біртіндеп төмендеуімен соңғы қатты тонның аяқталуын белгілеңіз - бұл диастолалық қысым.

11. Нақты нәтиже алу үшін әр түрлі қолдардағы қысымды 3 рет өлшеңіз.

Берілген видеороликті мұқият қарап, көрсетілген іс-әрекеттерді артериялық қан қысымын өлшеу алгоритмімен салыстыра отырып, пациенттің АҚҚ өлшеу барысында жедел жәрдем қызметкері мен алгоритм арасындағы айырмашылықтарды көруге болады. Және осы айырмашылықтарды ескере отырып болашақта қайталамау керек екенін есте сақтаған жөн деп есептеймін.
Бұл видеороликте жасы 50-60 шамасындағы әйел адам бас ауру шағымымен жедел-жәрдем қызметкеріне көмекке жүгініп отыр. Науқастың айтуы бойынша таңертен қан қысымын өлшеместен короним дәрісін қабылдаған. Жедел-жәрдем қызметкерінің қателіктері анық көрініп тұр.

Қолын өңдемеді. Пациенттен дәріні қабылдағанына канша уақыт болғанын сұрамады.Қан қысымын өлшемес бұрын пациенттен өзінің күнделікті қалыпты қан қысымын сұрап алу керек еді. Және қан қысымын өлшеу кезінде пациентке сөйлемеу керек екенін, артық қимыл жасамау қажет екенін ескерту міндетті. Бұл жағдайда пациент АҚ өлшеу барысында сөйлегенін көреміз.

Науқастың қосымша қандай аурулары бар екенін анықтау керек және ол кісі ашуланып, стресстік жағдайға түскен-түспегенін сұрауымыз керек. Қай уақыттан бастап бас ауруы мазалайтынын біліп алғаны жөн болатын еді.

Қан қысымы 145/84 болды, жедел жәрдем қызметкерінің айтуы бойынша бұл қалыпты және пациенттің жағдайы жақсы, тек бір қан қысым түсіруге дәрі ішсін деп кетті. Біріншіден 145/84 ол қалыпты емес. Жүрек артерияға қанның көп мөлшерін шығарса немесе тамыр қабырғаларының кернеуі күшейсе, қысымның жоғарылауы болады. Қан қысымы 140 асқан болса біз оны гипертония деп атаймыз.

Емшара аяқталған соң, бірден кетіп қалмай, науқас жағдайын бақылау керек еді.Пациент дәрі ішпей, не себепті қан қысымы көтерілетінін анықтап, дұрыс ем алғаны абзал.


написать администратору сайта