Главная страница
Навигация по странице:

  • 30 тамыз - Конституция күнімен

  • Конституция күнімен

  • Tengrinews.kz

  • Қазақ КСР 1937 жылғы Конституциясы

  • Қазақ КСР-дің 1978 жылғы Конституциясы

  • Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы

  • 1995 жылғы Конституция

  • конституция күні. 2020 жылды 30 тамыз кні р конституциясыны 25жылдыы тойланады


    Скачать 406.5 Kb.
    Название2020 жылды 30 тамыз кні р конституциясыны 25жылдыы тойланады
    Анкорконституция күн
    Дата31.08.2021
    Размер406.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаконституция күні.doc
    ТипДокументы
    #228579

    Конституция күніне арналған құттықтау тілектері. Мерекенің тарихы



    Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.







    2020 жылдың 30 тамыз күні ҚР Конституциясының 25-жылдығы тойланады. 

    Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

    1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.

    1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

    Барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз - Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!

    *****

    Қымбатты достар!

    Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын.
    Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

    *****



    Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпін!

    ******

    Ата заңымыз еліміздің барлық жетістіктердің бастауы, құқық теңдігі мен барлық қазақстандықтарға бірдей мүмкіндіктерді беретін серік.

    Біз қазақстандықтарға, көп ұлтты елімізге бірлік, тыныштық, ашық аспан, береке мен азаматтық жауапкершіліктің көтерілуін, қоғамдық тұрақтылық тілейміз.

    ******



    Қазақ елі! Бүгінгі біздің еліміздің Ата заңы-Конституция күнімен барлықтарыңызды құттықтаймын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі көтеріле берсін! Денсаулықтарыңыз зор болсын! Отбасыларыңызға үлкен-үлкен бақыт тілеп, еңбекте шалқар табыстарға жете беріңіздер демекпін!


    Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

    Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 26 жыл болды. Еліміздегі басты құжат 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады. Алайда бұған дейін еліміздің қалыптасу тарихымен қатар Конституциямыз да бірнеше рет қабылданғаны белгілі. Ата заңымыз қанша рет қабылданды? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.

    1926 жылғы Қазақ АКСР Конституциясы

    Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда қабылданған. Конституцияда заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдары құрылымын, атқарушы, өкім беруші органдары бекітілген. Сайлау құқығының, қаржылық құқықтық бастаулары белгіленді. 1926 жылғы конституцияға сәйкес, Қазақстан Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы (РКФСР) құрамындағы құқықтық республика болды.  



    Қазақ КСР 1937 жылғы Конституциясы

    1937 жылдың 26 наурызында Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ ССР Конституциясы 11 бөлім және 124 баптан құрылды. Онда: "СССР Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ ССР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады" деп жазылған.

    Сондай-ақ 1937 жылғы Конституцияда экономикалық, саяси-қорғаныс, басқа тең құқықты республикалармен ерікті бірігу, ҚазКСР келісімінсіз аумағының өзгертілмейтіні, республиканы басқару мәселелері бекітілген, сондай-ақ жоғарғы республикалық және жергілікті өкімет органдарының, заңнамаларының орындалуын бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және азаматтардың құқықтарын қорғау, салық салу деген секілді мәселелер қарастырылған.

    Қазақ КСР-дің 1978 жылғы Конституциясы

    Конституция ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылдың 20 сәуірінде қабылданған. Ол кіріспе, 10 бөлім, 19 тарау мен 173 баптан тұрған. Жаңа Ата заңға сәйкес, үкімет билігі жұмысшы, шаруа, еңбек интеллегенциясының табына жататын халықта болды. Ал үкімет билігі мен басқару жүйесінің үстінен Қазақ КСР коммунистік партиясы бақылады. Республиканың экономикалық жүйесі мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық және кәсіподақ және басқа да ұйымдардың меншігі деп жарияланды.

    1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық  құрылысы, жоғарғы және жергілікті билік пен басқару құзыреті, сайлау жүйесінің принциптері, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік даму мемлекеттік жоспары институттары, мемлекеттік бюджет, сот тәртібі, төрелік соты, прокурорлық қадағалау секілді мәселелер қамтылған.

    1990 жылдардың басында Қазақ КСР-інде, одан кейін Қазақстанда 1978 жылғы Конституцияға өзгертулер енгізген бірқатар заң қабылданған. "Мемлекеттік өкімет құрылымдарын жетілдіру туралы" 1990 жылғы 20 қарашадағы Заңға сәйкес Президент атқарушы және өкім етуші билік басшысы болғаны туралы ереже, министрлер кеңесі министрлер кабинетіне өзгертілді және жергілікті өзін өзі басқару, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту, ҚР азаматтығы туралы Заңдар және басқа да құжаттар қабылданды. 

    Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы               

    1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында кіріспеден, 4 бөлімнен, 21 тараудан және 131 баптан тұратын тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық норманы: халықтық егемендік, мемлекет тәуелсіздігі, билікті бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік деп тану, Президентті мемлекет басшысы деп тану, сот органдары - Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституция негізіне парламенттік республика моделі алынды.  

    1995 жылғы Конституция

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға Президенттің өкілеттілігін ұлғайту жөнінде елеулі өзгерістер енгізілді. 1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы - жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енгізілген.   


    написать администратору сайта