Главная страница

11 сынып. соңғы қонырау. 20212022 оу жылы Ст сапар, жас тлек


Скачать 37.73 Kb.
Название20212022 оу жылы Ст сапар, жас тлек
Дата07.07.2022
Размер37.73 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла11 сынып. соңғы қонырау.docx
ТипСценарий
#626222


Түркістан облысы,Шардара ауданы

Сырбек Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебі


Тақырыбы:


салтанатты жиынының сценариі

2021-2022 оқу жылы

«Сәт сапар, жас түлек» атты соңғы қоңырау салтанатты жиынның сценарийі.Өтетін күні: 25 мамыр 2022 жыл .Өтетін уақыты: сағат 9: 00. Өтетін орны: мектеп алаңы

Музыка орындалады

Жүргізушілер шығады:


  1. Жүргізуші: Жұмабай Нұржан, Усербай Аяулым

1 Жүргізуші: Алматы қаласында өткен «Тәуелсіздік-Мәртебем» Республикалық балалар мен студенттер арасындағы өнер байқауында Хореография жанры бойынша Бас жүлде иегері «Ақмаржан» би тобын «Туған жер» биімен ортаға шақырамыз. Жетекшісі Садықова Зина.

2 жүргізуші:Құрметті ата-аналар, қымбатты қонақтар, аяулы ұстаздар, қадірлі жас түлектер! Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы, оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі – соңғы қоңырау салтанаты!

1 жүргізуші:Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сәт сапар, жас түлек» салтанатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші :11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
1- жүргізуші

Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.

Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 101 түлегі бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалы тұр.

2 жүргізуші: Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған

Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,

Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн ұясынан

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка)


1 жүргізуші: 11 «А» сынып оқушылары.Сынып жетекшісі: Капарова Ермек Онгаровна есімін құрметпен атай отырып, қошеметпен ортаға шақырамыз.

Сыныпта 19 оқушы, 11 қыз, 8 ұл бала

«Алтын белгі» үміткері, үздік оқушы, Ағылшын тілі аудандық пән олимпиадасынан 2 - орын, Химия ауданық пән олимпиадасынан 2- орын, Дарынды ұрпақ-ел болашағы" атты интеллектуалды сайыснан 1- орын, Самұрық математикалық зияткерлік сайысында 2- орын,"Қанаты кең,құшағы ыстық Қазақстаным" атты жас ақындар мүшайрасы 2- орын,"Жас қаламгер" мүшайрасынан 2- орын,М.Мақатаев оқулары байқауында өз шығармашылығынан 1- орын, "Менің бастамам-менің Отаным" атты шығармашылық байқауда бас жүлде иегері Сарсенбаев Түгел Қарасайұлы.

«Алтын белгі» үміткері, үздік оқушы, Дүниетану, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен республикалық " Алтын ұрпақ"зияткерлік олимпиадасының 1-орын иегері Тәжі Балжан Сырымқызы

Үздік аттестат» үміткері, үздік оқушы, Диплом. Дүниежүзілік, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен 2-11-сынып оқушылары арасында өткен республикалық "ALTYN URPAQ" зияткерлік олимпиадасынан 1-орын,Диплом "Самұрық" математикалық зияткерлік сайысында IIIорын, Түркістан облыстық 5-11 арасында өткен Алтын Қыран ерекше дарын иесі зияткерлік олимпидасынан 3-орын, Диплом ."ЖАС МАТЕМАТИК - Young MATHEMATICIAN" II Республикалық зияткерлік олимпиадасының 2-орын иегері. Адырбай Айиса Берікқызы

«Алтын белгі» үміткері, үздік оқушы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жылдық мерекесін атап өту барысында балалар мен жасөспірімдер арасында "Тәуелсіз елдің ұланымын" атты жас өнерпаздар байқауында "Тәуелсіз елімнің тынысы" атты бүктемелерді қорғау бөлімінде жүлделі ІІ орын, Дүниетану, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен республикалық " Алтын ұрпақ"зияткерлік олимпиадасынанІ орын иегері Кыдырали Аружан Бекзатханқызы

«Үздік аттестат»үміткері, үздік оқушы, Түркістан облысының 2-11сынып арасында өткен “Altyn Urpak”сайысының 2- орын иегері, 10 сыныптар арасындағы ағылшын апталығының белсендісі Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжениринг университетінің жыл сайынғы Yessonov Fest-2022 республикалық студенттер байқауының қатысушысы Отеш Жансая Исембайқызы

«Үздік аттестат» үміткері, үздік оқушы, Диплом "Самұрық" математикалық зияткерлік сайысында IIIорын, "Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Төлеби аудандық ашық біріншілігінен 3- орын, "Пушкин и Абай" тақырыбында көрсеткнн білімі үшінІІІ дәрежелі диплом, Мектеп оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндерден республикалық орыс тіліпән олимпиадасының аудандық кезеңінде танытқан білімдарлығы үшін ІІІ дәрежелі диплом иегері Акмурза Керемет Асланқызы

Түркістан облысы оқушыларының "ALTYN QYRAN- ерекше дарын иесі" зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін,Оңтүстік Қазақстан облысы оқушыларының «АҚ ЖЕЛКЕН» лингвистикалық зияткерлік олимпиадасына қатысқаны үшін, "ЖАС МАТЕМАТИК- YOUNG MATHEMATICIAN " зияткерлік олимпиадасының 3- орын иегері Кенжебек Аружан Алтынбекқызы үздік оқушы

Дүниетану, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен 2-11- сынып оқушылары арасында өткен республикалық ALTYN URPAQ зияткерлік олимпиадасынан 2- орын Жумахан Гүлназ Сабиржанқызы-үздік оқушы

Түркістан облыстық 5-11 арасында өткен Алтын Қыран ерекше дарын иесі зияткерлік олимпидасынан 2-орын, Диплом Түркістан облыстық Халқаралық монопәндік жарыста 2- орын , Түркістан облыстық М. Мақатаев оқуларында Айтып өткен ақында арман барма номинация бойынша 11 а сынып оқушысы Елемес Серікболсын бас жүлде, Алғыс хат.Республикалық жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында өткен Мұқағали Мақатаев оқулары белсенділік танытқаны үшін, Грамота.М.Мақатаев оқуларында аудандық 1 -орын, Республикалық Мақатаев оқулары конкурсына қатысып жүлделі 1- орын иегері Елемес Серікболсын Турсымурадұлы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» мақаласындағы басты бағыттарды жүзеге асыру мақсатындағы баскетболдан жасөспірім ұлдар арасында №1 БЖСМ ашық біріншілігінде үздік шабуылшы, баскетболдан жасөспірім ұлдар арасында №1 БЖСМ ашық біріншілігінде ІІ орын, Шардара ауданында өткізілген баскетболдан 2003 – 2005 жылғы ұлдар арасында 2018 жылғы ақтық жарыста ІІ орын иегері Сарсенбеков Бижан Шындаулетұлы

2 Жүргізуші: 11Ә сынып. Сынып жетекшісі: Қайназарова Қыздығой Төреханқызы

Сыныпта барлығы 20 оқушы. 9 қыз бала, 11 ұл бала

2020-2021 оқу жылында ағылшын тілі пән олимпиадасының аудандық кезеңінің 2 орын жеңімпазы,Лидер Reader-2018 байқауыны қатысып «Айдың үздік оқырманы, иегері Азиз Патшайым Алмамбетқызы.
Аманбай Гаухар Бағдаулетқызы. 2020-2021 оқу жылының Жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары араснда өткен Дүниетану, жаратылыстану,, тарих ,география пәндері бойынша өткен Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы,

2004 жылғы жасөспірімдер арасында өткен аудандық чемпионаттың 2-орын жеңімпазы,2002-2003-2004 жылғы облыстық Грэпплинг жарысының 3-орын, 2019ж облыстық Грэпплинг жарысының 1-орын жеңімпазы, 2019 ж Қазақша күрестен жасөспірімдер арасында 2-орын,2018ж Аймақтық жасөспірімдер арасында өткен қазақша күрестен 1-орын , 2017-2018оқу жылында Үздік қорғаушы

2021-2022 оқу жылында Қазақша күрестен облыстық , республикалық деңгейдегі алғыс хаттар иегері Рап Нұрдаулет Асылбекұлы.

Рап Ырысдаулет Анасбекұлы. Кио,Тио олимпиадалпрының 1-дәрежелі диплом иегері, Самұрық Қазына олимпиадасының 1-орын иегері, Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы

1 жүргізуші: Қарсы алыңыздар. 11Б сынып оқушылары. Сынып жетекшісі: Асилбаева Алия Асанқызы

Сыныпта барлығы 22 оқушы. 10қыз бала, 12 ұл бала

Үздік аттестат иегері. 1 дәрежелі Диплом Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өтен ҚР 100 ҮЗДІК ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ атты республикалық байқауының жеңімпазы. Ұстаз Тілегі Республикалық Ғылыми Әдістемелік орталығының Орыс тілі пәнінен 1ші дәрежелі Диплом иегері Бердимурад Аружан Сейилбекқызы.

Диплом 1-дәрежелі ALASH өнер орталығының ұйымдастырумен өткізілген Республикалық Абай және Мұқағали оқуларына,, қатысып, айрықша шеберлік танытып, өнер бәйгесінде оза шапқаны үшін марапатталған..Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Қазақстан» ауылына 50жыл толуына орай ұйымдастырылған «Жас қаламгер» мүшайрасына белсене қатысқаны үшін Диплом. VIII республикалық «Ақберген» өнер байқауының облыстық кезеңінің «Ақындар мүшәйрасы номинация» бойынша жүлдегері Кали Бекзат Амангелдиұлы.

Қарабаева Гүлназ Қалдыбайқызы. Үздік аттестат иегері.Кио,Тио олимпиадалпрының 1-дәрежелі диплом иегері, Самұрық Қазына олимпиадасының 1-орын иегері, Алтын ұрпақ зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы. Үш тілділік заман талабы тақырыбында апталықта Тіл тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз атты мәнерлеп оқу сайысында 2 орын алғаны үшін марапатталады. Кітапхананың тұрақты оқырманы.Мектепішілік қоғамдық жұмыстардың, үзді оқығаны үшін алғыс хаттардың иегері

Үздік аттестат иегері, Аймақтық, аудандық жарыстарда футбол құрама командасының белсенді мүшесі ретінде алғыс хаттар мен мараапттар иесі,Ақ желкен лингвистикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазы Пирназар Рамазан Алибекұлы.
Үздік аттестат иегері Диплом 2-орын Түркістан облысы, Шардара ауданы , Дүниетану, жаратылыстану, география, тарих пәндерінен 2-11 сынып оқушылары арасында өткен республикалық «ALTYN URPAQ» зияткерлік олимпиядасының жеңімпазы. Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай Ыбырай туған жердің азаматы,гемманист және демократ тақырыбындағы Эссе байқауында 2 орын иегері.Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыт пәнедері бойынша 10 сынып оқушыларына «ТҰРАН» жалпы білім беретін пәндерден облыстық олимпиаданың аудандық кезеңінде жүлделі 2-орын иегері Саден Дина Мұратбекқызы.

2 жүргізуші:Қарсы алыңыздар.11 «В» сынып оқушылары.Сынып жетекшісі: Абдраймова Үміт Жанабековна есімін құрметпен атай отырып, қошеметпен ортаға шақырамыз.

Сыныпта 22 оқушы, 10 қыз, 12 ұл бала

«Алтын белгі» үміткері, үздік оқушы, "Самұрық" республикалық математикалық зияткерлік олимпиадасы 1- орын,Сөзмерген"сайысы 2- орын,Диплом "Алтын Ұрпақ" Республикалық олимпиадасы 2- орын Ахмет Әсел Сәрсенбекқызы -

Үздік оқушы, Мұқағали Мақатаев әлемі білім порталы 2022 жылдың 5 және 22 сәуір аралығында ұйымдастырылған Республикалық Мақатаев оқулары конкурсына қатысып жүлделі 2- орын иегері Мырзақара Әселай Ерланқызы

*здік оқушы, Диплом. Бас жүлде. Республикалық "Алтын Ұрпақ"олимпиадасы, Диплом биология пәнінен 2- орын, Диплом "Алтын Ұрпақ" Тарих география жаратылыстану дүниетану пәндері бойынша Бақажан Мираш Азизқызы

Нұран Әсем Мұстафақызы -Қол добынан 1- орын, Үстел теннисінен 1- орын, Дойбы олимпиадасынан 1- орын,"Ерлікке тағзым"спартакиядасы Дойбыдан 2- орын, Гандболдан қыздар арасында 2- орын, Кіші футболдан аудандық жарыстан 1- орын, Үстел теннисінен 1- орын,

Исинбай Бақдаулет Кайратұлы - Русский медвежёнок олимпиадасынан 2- орын, "Алтын ұрпақ" пән олимпиадасынан Қазақстан тарихы ІІ дәрежелі сертификат

Тастанбек Ақерке Турсунбекқызы - Қол добынан 1- орын, Үстел теннисінен 1- орын, Дойбы олимпиадасынан 1- орын,"Ерлікке тағзым"спартакиядасы Дойбыдан 2- орын, Гандболдан қыздар арасында 2- орын, Кіші футболдан аудандық жарыстан 1- орын, Үстел теннисінен 1- орын

Панжибай Нұрсұлу Маратқызы - Үстел теннисінен 1- орын, Дойбы олимпиадасынан 1- орын,"Ерлікке тағзым"спортакиядасы Дойбыдан 2- орын, Гандболдан қыздар арасында 2- орын

Кувандык Сайт Дусенұлы - баскетболдан жасөспірім ұлдар арасында №1 БЖСМ ашық біріншілігінде үздік шабуылшы, баскетболдан жасөспірім ұлдар арасында №1 БЖСМ ашық біріншілігінде ІІ орын

Иманбаева Аружан Есқуатқызы - Русский медвежёнок олимпиадасынан 2- орын, "Алтын ұрпақ" пән олимпиадасынан Қазақстан тарихы ІІ дәрежелі сертификат

1 Жүргізуші:Қарсы алыңыздар, 11 «Г» сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Айдарова Зарифа Махаматқұлқызы есімін құрметпен атай отырып, қошеметпен ортаға шақырамыз.

Сыныпта 18 оқушы, 10 қыз, 8 ұл бала

«Алтын белгі» үміткері, үздік оқушы, Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиада кезеңінде физика пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом иегері

Есеналы Әсемай Нурмаханқызы

- «Үздік аттестат» үміткері, үздік оқушы ,"Самұрық" республикалық математикалық зияткерлік олимпиадасына жүлделі орынды иеленген, Русский медвежонок сайысының қатысушысы, Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиада кезеңінде математика пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом, "Жаратылыстану бағытындағы пәндерді үштілде оқытудың тиімді тәсілдері" тақырыбында өткізілген облыстық семинарға белсене қатысқаны үшін Алғыс хат, Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиада кезеңінде математика пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом иегері Еген Гүлнұр Жаксылыкқызы
- «Үздік аттестат» үміткері, үздік оқушы ,"Самұрық" республикалық математикалық зияткерлік олимпиадасында жүлделі 2 орын иегері, Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиада кезеңінде физика пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом, Республикалық Айқанат олимпиадасынан республикалық кезеңіне жолдама алып, сертификатпен иегері Балмұхан Ақбота Қайратқызы
2 жүргізуші:«Үздік аттестат» үміткері, үздік оқушы , Республикалық қашықтық олимпиадасының география пәнінен 3 дәрежелі дипломның иегері, Мадақтама.2020-2021 оқу жылы химия пәні бойынша мектепшілік пән олимпиадасынан 2 орын, Жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық олимпиада кезеңінде физика пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом, "Қызықты физика" сайысында ІІ орын иегері, "Ақ Желкен" лингвистикалық зияткерлік олимпиадасына І орын иегері Иляс Ақниет Ибрайымқызы

– Еңбек ардагері Бекжігіт Өтеубекұлы атындағы армрестлингтен жасөспірімдер арасындағы Шардара аудандық І турнирінде «Үздік спортшы» атағы, Армрестлинг спортынан Түркістан облысының чимпионатында 3- орын. Кобес Құттыбай Кенжегалиұлы
- Шардара ауданы армрестлинг қол күрестен өткен біріншілікте 50кг салмақта, сол қолдан жүлделі 2- орын иегері Cапаралы Ерболат Бақытұлы
2 Жүргізуші:Тарихы терең қазақ деген көне елде

Ел белгі де ерлік, өрлік, өнерде,

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді ту болмады дегенге?!
1 Жүргізуші:Мазмұнына өрнегі жарасқан,

Мәңгілік ел тәуелсіздігінің қасиетті туы мәңгі желбіресін, - дей отырып ҚР мемлекеттік Туын алып жүру құрмет мектеп бітіруші түлектер, «Алтын белгіге» үміткер және мектеп мақтаныштары.(Ерғали Талғат,Рәп Нұрдәулет, Пірназар Рамазан, Есенәлі Әсемай, Райымбек Гүлжанат, Ахмет Әсел)

Мектептің алтын кілтін алып жүрушілер: Сәден Дина, Тәжі Балжан
2 Жүргізуші: Құрметті білім алушылар! Соңғы қоңырау мерекесінің дәстүрі бойынша ту тапсыру мен аманат тапсыру салтанатты рәсімін өткізуді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Аманат ту тапсырушының сөзі: Қыдырәлі Аружан, Мырзақара Әсемай
Әнге ән, жырға жыр жалғап Барамыз ұшып ұядан!
Айтамын саған аманат, Iзбасар 10- сыныптар!
Мейірімінен шуақ төгілген, Ұстаздар саған аманат!
Шығатын күміс үнімен Әндерім саған аманат!
Аулада тұрған талдар мен Сыныптағы гүлдер аманат!
Жалғайтын арман таңдарға Сағыныш саған аманат!
Жастанып кейде ұйықтаған, Кітабым саған аманат!
Көрінбейтін шимай-шатпақтан Дәптерім саған аманат!
Бір жеңіп бірде жеңілген Жарыстар саған аманат!!
Сыр алған тұнық сезімінен Өлеңдер саған аманат !
Қос өрім қылып тағатын Ақ бантик саған аманат!
Үзілісте соғатын Қоңырау саған аманат!
Үлгілі тәртіп , үздік оқу-ізбасарым саған аманат!
Желбірейтін биікте-Алтын ұя туы аманат!
Кір келтірмей атына , биікке самғау-бізге аманат!
«Қош бол алтын ұям» - деп айтамыз сізге сау-саламат!



1 Жүргізуші:Дарынды шәкірттерімізге білімнің алтын кілтін тапсыруға рұқсат етіңіздер!
Бітіруші түлек: Сәден Дина

Мектебім мен ұстазым

Қазір маған мақтаныш

Ел үмітін ақтадым

Әр күнім бүгін мақтаныш

Білімді құйып санаңа

Шәкірт болдыңдар білікті

Орнымызды басар деп

Тапсырамыз алтын кілтті

Бітіруші түлек: Тәжі Балжан

Ақ үмітті ақтаймыз енді біздер

Білім қуған әрқашан көкке өрлер

Шын пейілмен сіздерге ұсынамыз

Сөндірмеңдер біз жаққан отты сіздер
Аманат ту қабылдаушының сөзі: Аманжол Мадина

Біз 10 сынып оқушылары : Сіздерден қастерлі аманатты қабылдай отырып , бізге артқан сенімдеріңізді ақтауға , білім мен тәрбиенің барлық салаларынан алда болуға , мемлекетімізді гүлдендіруге , дамытуға негіз болатын ғылыми жетістіктерін кеңінен игерген саналы азамат болып шығуға мектебіміздің мәртебелі екенін биіктетіп , жоғары деңгейге көтеруге өз үлесімізді қосамыз деп сеніммен ант береміз.

Біз барлық үміттерді ақтауға

Ұлт намысын сатпауға

Ел тұғырын биік ұстауға

Мектебіміздің мәртебесін көтеруге Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!

(Мектеп түлектері қасиетті көк байрақты 10 сынып оқушыларына тапсыру рәсімін орындайды.)

(Аманат туын қабылдаған оқушылар орындарына барып тұрады Сәрсен Нұрдәулет, Азамат Алия, Кенжебаева Айнұр, Панафидина Аделина, Тұңғышбек Аружан)
2 Жүргізуші:Батырлыққа уызынан жарыған,

Ел қазақты жалауынан таныған.

Өзі батыр өзі әнші халыққа,

Жарасады жігер берер Әнұран!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады

1 Жүргізуші:Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күні.

2 Жүргізуші:Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.

1 Жүргізуші: Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.

2 Жүргізуші: Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.

1 Жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн

2 Жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.

1 Жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.

2 Жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.

1 Жүргізуші: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.

2 Жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!

1

Жүргізуші:Өмірде өшпейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол – болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді азаматтық қамқорлығым деп түсінген мектеп директоры Каттебеков Нүркен Сырбекұлына  сөз береміз.

(Мектеп директоры сөз сөйлейді)

2 Жүргізуші:Арнап келер мерейтой, мейрамдарда,

Мәртебең де биіктейді мейрам барда.

Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын,

Сөз кезегін береміз меймандарға,-деп ақындар жырлағандай келесі құттықтау сөз кезегін Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері _______________________________________________________ сөз кезегін береміз.
1 Жүргізуші:Ендігі сөз кезегін мектебіміздің 2021-2022 оқу жылында зейнеркерлікте шыққалы отырған ұлағатты ұстаздардарына сөз береміз. Сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.


2 жүргізуші

Әр беретін әр шәкірт талабына,

Нәр құятын оқушы санасына.

Тұңғиық ой, данышпан, болат жігер,

Әрбір ұстаз өмірде бағалы да.

Білімменен дүниені барлайтын,

Биіктеуден қанаттары талмайтын.

Изимбетова Нағима апай қадірлі менің ұстазым,

Талаптыны қанаттыға жалғайтын !-дей келе ортаға Нағима апайды шақырамыз

Мектебімізде қызмет атқарған Наримбетова Рыскүл Мамановна, Дарибаева Қоныскүл Ізбасовна апайларды құрметпен ортаға шақырамыз.

1 Жүргізуші: Марапаттау және құттықтау сөзге мектеп директоры Каттебеков Нүркен Сырбекұлы мен АББ-нен келген қонақтарды ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші

Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар,

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған ,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар-деп, 11 А сынып оқушылары Есбосын Гүлжан, Жұмахан Гүлназдың орындауында «Ұстазым» әнімен қарсы алыңыздар.
2 Жүргізуші:Ұстаз бізді білім беріп өсірген
Қатемізді әрқашанда кешірген
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым
Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген,-дей келе, ортаға қошеметпен 11 сынып жетекшілерін шақырамыз.

11 А сынып жетекшісі: Капарова Ермек

11 Ә сынып жетекшісі: Қайназарова Қыздығой Төреханқызы

11 Б сынып жетекшісі: Асылбаева Алия

11 В сынып жетекшісі: Абдраймова Үміт Жаңабековна

11 Г сынып жетекшісі: Айдарова Зарифа Махаматқұлқызы
1 жүргізуші:

Құрметті 2022 түлектері

Барасыздар өмірді гүл еткелі

Әр жылы осы күнді қимаспенен,

Соғады ұстаздардың жүректері- дей келе, ортада Қайнар Алакөзовтің «Қимай тұрмын» әні , орындайтын 11 В сынып қыздары Мырзақара Әселай, Ергешова Аяжан

11 ә сынып оқушылары Бахыева Балнұр, Аманбай Гаухардың орындауында «Ыстық ұя» әні.
1 жүргізуші

Сәт сапар тілеп бүгін түлектерге,

Мейірімге толып жүрген жүректері,

Құттықтау лебізімен келіп тұрған,

Сырбек Каттабеков мектебінің түлектерінде-дей келе құттықтау сөзге

11 А сынып Тәжі Балжан.11 Ә сынып Әзиз Патшайым,11Б Саден Дина, 11 В Қалшабек Ұлжан, 11 Г Өмірзақ Аружаны шақырамыз.
1 жүргізуші:

Мектебің алтын ұя жарқыраған

Ұстазың-бұлақ көзі сарқыраған,

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған,-деп 11 Г сынып оқушылары Еген Гүлнұр, Сапаралы Ерболаттың орындауында «Соңғы қоңырау» әні.

2 жүргізуші:Үздік оқушылар мектеп алдындағы ескерткішке гүл шоқтарын қояды.

Ақмурза Керемет, Өтеш Жансая, Азиз Патшайым, Қарабаева гүлназ, Бердімұрат Аружан, Еген Гүлнұр, Иляс Ақниет, Балмұхан Ақбота, Қалшабек Ұлжан, Бақажан Мираш, Жапир Жансая, Тулебай Бақдәулет

Исенбай Бағдәулет
1 Жүргізуші

Жас түлектер ел үмітін ақтаған,

Гүлге орансын әр қадамың аттаған.

Мектеп туын ізбасарға тапсырып

Жаңа өмірге аттағайсың бақ қадам.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Шақырайық вальске түлектерді

Қоштасу вальсін айтып тұрып.
2 Жүргізуші:Алдарыңызда сапалы білім, саналы тәртібімен жыл бойы көзге түскен, қоғамдық жұмыстарға атсалысып, мектеп өміріне елеулі үлес қосқан оқушыларымызды қошеметтеп қарсы алайық. Қоштасу вальсы
1 Жүргізуші:Қымбатты түлектер! Жыл сайын бір белден асып, 11 көктем, 11 күзді өткізген мектеп сендерге қимастықпен қарайды. Ұстаз қауымы мен мына жиналған халық сендерге тек сәттілік, ақ жол тілейді, армандарыңның биік шыңына жете беріңдер.

2Жүргізуші:Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан астам қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын аттағанда және 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідіңдер. Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше болмақ. Ол мектеп кезеңіндегі сендер үшін сыңғырлайтын соңғы қоңырау болмақ. Ендеше ортаға 11 сыныптың оқушыларын соңғы қоңырауды соғу рәсіміне шақырамыз.

1 жүргізуші:Бүгінгі салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің мақтаныштары, 11 жыл бойы өздерін тек жақсы оқу, үлгілі тәртібімен көрсете білген, бірнеше рет мектеп, аудан, облыс намысын қорғап жүрген түлектерге беріледі.
Бірнеше аудандық, облыстық, республикалық пән олимпиада жүлдегері, 11 А сыныптың түлегі Сәрсенбаев Түгел Қарасайұлы және аудан, облыс көлемінде айтарлықтай жетістіктерге жетіп жүрген 11 А сыныптың түлегі Адырбай Аиса Берікқызын қарсы алайық.
2 Жүргізуші:Қоңырауы мектептің тозбайтұғын,

45 минуттан еш озбайтұғын.

Тебірентіп мектептің тіршілігін,

Сыңғырлаған үнімен қозғайтұғын.

Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін,

Одан асқан сыйлайды ғажабын кім.

Мектебінен киелі білім алып

Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның.

Бәрі сын араласаң өмір ауылың,

Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң.

Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің

Дауысын сағынғанда қоңыраудың.
1 Жүргізуші:

Қоштасады ұшқан ұяң – мектебім,

Маңдайынан сүйіп өтер көктемің.

«Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін!

2 Жүргізуші:Марапаттау рәсімі.Ортаға мектеп директоры Каттабеков Нүркен Сырбекұлын қошеметтеп шақырамыз.
1 Жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар, шәкірттер! Осымен 2020-2021 оқу жылын аяқтауға арналған «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

2 Жүргізуші:Қымбатты біздің түлектер, жолдарың болсын, сәт сапар, ақ жол тілейміз!




написать администратору сайта