Ыбырай Алтынсарин. растырушылардан
Скачать 307.37 Kb.
|
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН«Сол заманнан бері қарай, біздің кейінгі ұрпағымыздың бəріне де Абай қандай қадірлі болса, Ыбырай да өз орны, өз арналы мұрасымен аса ыстық, аса бағалы болды», – деп М. Əуезов айтқандай, Абай ұлы ақын болса, Ыбырай ұлы ұстаз. Қазақ даласына бұрын – соңды болмаған жаңа үлгідегі мектеп ашушы, ұйымдастырушы. Қазақ тарихында педагогикалық ой – пікірдің негізін тұңғыш қалаушы. Ұлы ұстаздың өнегелі жолын, мұраларын оқып – білу кейінгі ұрпаққа, əсіресе, болашақ ұстаздарға парыз. Алайда Ыбырайтану əлі де толық дəрежеде қолға алынбай, кенжелеп келеді. Оған дəлел – Абайтану 1940 жылы «Абай» жинағына қосымша ретінде берілген сын – библиографиялық көрсеткіштен бастау алып, 1946 жылы Абай- дың 100 жылдық мерейтойына орай Н. Сəбитовтің «Абай» библиографиялық көрсеткішімен толықса, 1965 жылы «Абай Құнанбаев» – Библиографиялық көр- сеткіші (көлемі 20 баспатабақ), 1988 жылы М. Мырзахметовтің «Абайтану» – библиографиялық көрсеткіші (көлемі 12, 60 баспа табақ), ақын мұрасы жөнінде жазылып, 1889–1985 жылдар аралығында жарық көрген деректер көзін тақы- рыптық жүйеде тұтас қамтитын «Абайтану» Библиографиялық көрсеткіші (кө- лемі – 12, 60 баспатабақ) шықты. Ыбырай мұраларының библиографиялық көрсеткішін тұңғыш рет Қазақ ССР–і А.С. Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасы 1979 жылы ғана баспа- дан шығарды (көлемі 9, 01 баспатабақ). Осындайда филология ғылымдарының докторы, профессор, ыбырайтану- шы Б. Əбілқасымовтың: «Заман өткен сайын, ғылым өскен сайын ұлы ағарту- шылармен байланысты жаңа деректер табылып, олардың еңбектері жаңа бір қырынан таныла берері хақ. Осы тұрғыда бізге Абайтану ғылымы бүгіндері қандай етек алып дамып отырса, Шоқантану, Ыбырайтану да сондай дəрежеге көтерілуі керек сияқты болып көрінеді» деген сөзі ойға оралады [Ыбырай Алтынсарин тағылымы: Əдеби – сын мақалалар мен зерттеулер /Құраст. М.Жармұхамедов. –Алматы: Жазушы, 1991.–310–311 б.б.]. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты жанынан Ыбырай Алтын- сарин мұраларын зерттеу Орталығы ашылып, жұмыс істей бастағанына бір жылдай болып қалыпты. Қолдарыңыздағы «Ыбырайтану» (Библиографиялық көрсеткіш) сол Орталық қызметкерлері еңбегінің алғашқы жемісі. Бұл кітапқа 1879 – 2015 жылдар аралығында ұлы ағартушы мұралары жай- ында жазылған əр қилы тақырыптағы мақала, зерттеулер толық дерлік қамты- лып, оқырмандар мен ізденушілердің іздеп табуына оңай болу үшін тақырып- тарға бөлініп беріліп отыр. М.Дулатовтың «Кім сендерді, балалар, сүйетұғын» деп басталатын «Ше- шенің балаларын сүюі» аталатын өлеңі Ыбырайға телініп, оның жинақтарына [Алтынсарин Ы. Таза бұлақ. – Алматы: Жазушы, 1988. – 320 б.], оқулықтарға [Ана тілі (хрестоматия) – Алматы: Ата мұра, 2009.] енгізіліп жүр. Шындығында бұл Міржақыптың туындысы [Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.]. М.Дулатовтың бұл өлеңі 1913 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Азамат» жинағында да бар. Шығарма кітапқа енген соң оны көпшілік оқиды. Сөйтіп бір қателік онда- ған қателіктерге ұрындырады. Мəселен, Ы.Алтынсариннің 167 жылдығына ар- налған «Ыбырай Алтынсарин жəне білімнің қазіргі мəселелері» атты Республи- калық ғылыми – əдіснамалық семинар материалдарының жинағында М.Дула- товтың біз сөз етіп отырған өлеңі Ы.Алтынсарин шығармасы ретінде тал- данады: «Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін? Жалқау болсаң, балалар жаман болсаң, Қамқор анаң көз жасын көлдететін, – деген Ы. Алтынсариннің бұл өлең шумақтарынан отбасындағы ата–ана тəрбиесі мен баланы сүйіп, еркелететінді- гін жəне ата – ана баланың алғашқы табиғи тəрбиешісі екенін, қазақ халқының балажандық қасиеті мен ерекше мейірімділігі бар екенін көреміз» [Қазақ əдебиетінің қысқаша тарихы. – Алматы: «Қазақ университеті». 2001. – 440 б.]. Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы №4 орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Нина Жапанованың «Қазақ əдебиеті жəне мемле- кеттік тіл» [Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б.] жур- налында жарық көрген. «М.Дулатұлы: «Шешенің балаларын сүюі» (Əдебиет, 8– сынып) əдістемелік мақаласында, тақырыбы айтып тұрғандай, М.Дулатұлының шығармасы ретінде қарастырылады. Мұғалімдерде кінə жоқ, кінə шыққан кітаптарда болып тұр. Сондықтан да, оқушыларды шатастырмау үшін Ыбырай Алтынсарин жинақтары қайтадан жарық көрген кезде бұл өлеңді алып тастаған дұрыс деп білеміз. М.Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі Ыбырай жинағына «Ана- ның сүюі» деген атпен қалайша еніп кетіп жүргені бізге беймəлім. Қалай бол- ғанда да бір өлеңнің екі автор жинағында да қайталанып жүруі оқырманды əртүрлі ойға қалдырып, шатастырары сөзсіз. «Абайтану» көрсеткіш кітабындағы Серік Мақпыровтың «Өлеңді Ыбырай- дікі болғызған мен емес» деген мақаласын Ана тілінің 2006 жылғы 27 көкектегі нөмірінен тауып оқысаңыздар да, бұл Ыбырайдің өлеңі емес екеніне көздеріңіз жете түседі. «Ыбырайтану» библиографиясы көрсеткішінің бір қажеттілігі осында. |