Главная страница
Навигация по странице:

  • 1850 жыл 23 тамыз.

  • 1858 жыл, 8 қазан.

  • 1867.

  • 1869 жыл, 2 қаңтар.

  • 1874 жылы

  • Ыбырай Алтынсарин. растырушылардан


    Скачать 307.37 Kb.
    Названиерастырушылардан
    Дата22.08.2022
    Размер307.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЫбырай Алтынсарин.docx
    ТипДокументы
    #650787
    страница2 из 35
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35

    ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АНЫҚТАМА



    1841 жыл 20 қазан. Бұрынғы Торғай облысының Арқарағай болысында (Қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин ауданында) дүниеге келген. Əкесі – Алтынсары Орта жүз, қыпшақ тайпасынан, анасы Аймен арғын Шеген бидің қызы.

    1844 жыл. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымовтың Балғожа Жаңбыр- шыұлының аулын бірнеше рет шапқаны тарихтан белгілі. Сондай бір қақтығыс- тың бірінде əкесі – Алтынсары қазаға ұшырап, төрт жасар Ыбырайды Жетібай Өтемісов деген азамат аман алып қалады. Ыбырай атасы – Балғожаның тəрбие- сінде ержетеді.

    1846 жыл 5 наурыз. Балғожа би Орынбор шекара комиссиясының төраға- сы генерал-губернатор М.В.Ладыженскийге немересі бес жасар Ыбырайды ашылмақ мектебіне қабылдауды сұрап арыз береді.

    1850 жыл 23 тамыз. Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған жеті жылдық мектепке Ыбырай отыз баланың бірі болып қабылдана- ды. Қазақ балалары мектеп табалдырығын аттағанда, орысша бір ауыз сөз біл- меген. Оқушылардың мектептегі жағдайы мен киім кию салттары қазақтардың далалық өміріне бейімделген: салт атпен жүруге, гимнастикалық жаттығулар жасауларына ерекше көңіл бөлінген. Ойын мен оқу алма-кезек ауыстырылып отырған: баланы думанға толы өмірінен алыстатпау керек деген ереже басшы- лыққа алынған. Сол себепті, сабақтың санын азайтып, оқушылардың еркін ой- нап, таза ауада көбірек болуларына қамқорлық жасалған.

    Мектепте жаратылыстану жəне гуманитарлық пəндер оқытылған: ана тілі, орыс тілі, татар тілі, география, арифметика, геометрия, əн-күй, гимнастика. Əрі əдеби-музыкалық кештер ұйымдастырылып тұрған.

    Баланы қорқытып, сескендіруге тыйым салынған, қорыққан баланың тілі кекеш болады деп білген, еңбекті қадірлеуге, кішіпейіл, ұқыпты болуға үнде- ген.

    Қазақ балаларына арналған бұл алғашқы мектеп болғандықтан, оған

    «баламызды шоқындырып жібереді» деп қазақтардың көбі сенімсіздікпен қара- ған. Бұл жайында Мұхтар Əуезов 1923 жылы «Шолпан» журналында жарық көрген «Ыбырай Алтынсарин» деген мақаласында: «Сонымен школға бала бер- мегендердің көбі, «Əлде қандай болып кетеді?» деген сенімсіздік көзбен қара- ды. «Сынайық», «көп болса, бір бала садақа болар» дегендей қылды. Мұны, школды ашушылар білген еді. Сондықтан олар школ ашылғаннан бастап, ел арасында жайылған «Дақпыртын» сөзі орынсыз екендігін көрсету жағын өте қарастырады.

    1850 жыл 23 тамыз. Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналып ашылған жеті жылдық мектепке Ыбырай отыз баланың бірі болып қабылдана- ды.

    1857 жыл. Он алты жасында оқу бітірген Ыбырай ауылына келіп екі жыл атасы Балғожаның қарамағында тілмаштық қызмет атқарады.

    1858 жыл, 8 қазан. Орынбор жəне Самара генерал-губернаторының шеші- мімен Зауряд-Хорунжий шені берілді.

    1859 жыл 1 тамыз. Орынбор облыстық басқармасында кіші тілмаш қыз- метінде болады.

    1860 жылы облыстық басқарма Орынбор бекінісінде (Қазіргі Жанкелдин ауданы) қазақ балаларын оқытатын бастауыш мектеп ашуды жүктейді, əрі өзі сол мектепте орыс тілінен сабақ беретін мұғалім болып тағайындалады.

    1864 жыл 8 қаңтар. Торғай қаласында қазақ балаларына арналған бас- тауыш мектеп ашылды. Мектеп ашу салтанатына қазақ ауылдарынан 200-дей беделді адам қатынасты.

    Ы.Алтынсарин Н.И.Ильминскийге 1864 жылдың 8 қаңтарында жазған ха- тында. «Осы жылы январдің 8 күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бəрі де жақсы, есті балалар» деп қуана жазды.

    1867. Тыңғылықты қызметі үшін 25 ақпанда Хорунжий шені берілді.

    1868 жыл. Орынбор генерал-губернаторлығы екі əкімшілікке: біреуі Торғай облысы, екіншісі Орал. Торғай облысына ол жылдары Қостанай, Тор- ғай, Ырғыз жəне Ақтөбе уездері қарайтын. Ы.Алтынсарин Торғай уездік соты- ның уақытша қызметін атқарды. Ол сот бола жүріп, қорғансыз, қарапайым қа- заққа қорған бола білді, қолынан келгенінше көмек жасады, шовинистердің жөнсіз əрекеттеріне жол бермеді.

    Осы жылы 1 маусымда Сыр бойындағы Жапбас биінің руы Шолақ Əбілев- тің қызы Айғанысқа үйленді [ҚМОА, 25 қор, 1-тізбе, 2557-іс, 26 парақ].

    1869 жыл, 2 қаңтар. Торғай – облысы Торғай уезі басқармасының іс жүр- гізушісі (письмоводитель) болып тағайындалды.

    1870 жыл. Ресей Географиялық Қоғамының Орынбор бөлімшесінің №1 за- пискасында «Орынбор ведмостовасы қазақтардың өлген адамды жерлеу жəне оған ас беру дəстүрі» жəне Қазан университетінің баспаханасынан «Орынбор ведмостовасы қазақтарының құда түсу жəне той жасау дəстүрлерінің очеркі» деген этнографиялық мақаласы жарияланды. Қазақтар арасындағы жаңа тəртіп- ті енгізу ісінде атқарған қызметі ескеріліп, 1870 жылдың 13 ақпанында үшінші дəрежелі Станиславский орденімен марапатталды. Орынбор генерал-губернато- рының рұқсатымен 1870 жылдың 6 тамызынан 15 қазанына дейін жəне 1871 жылдың 20 тамызынан 20 қыркүйегіне дейін Орынбор генерал-губернаторы- ның рұқсатымен Торғай уездік сотының, 1871 жылдың 14 қарашасынан 1872 жылдың 1 қарашасына дейін Торғай уезі бастығының аға көмекшісі, ал ол жоқ кезде уезд бастығының да қызметін атқарды.

    1874 жылы Ы.Алтынсарин облыс география қоғамына мүше болып сай- ланды.

    1876 жыл. Петербург жəне Қазан қалаларына барды: Географиялық қоғам- ның көрнекті ғалымдарымен кездесті, қазақ халқының этнографиясы мен фальклорына қатысты мол деректер жинады.

    1879 жыл 22 тамыз. Торғай облысы бойынша орыс-қазақ училищелерінің инспекторы қызметін атқарушы болып тағайындалды. Ыбырай бұл қызметке тоғыз жылдан кейін, яғни 1888 жылдың 28 қазанында ресми түрде бекітіледі.

    1880 жылы – Ыбырай Алтынсариннің идеясымен Орынбор, Торғай қала- ларында ер балаларға ағаш ұсталығын, ал қыз балаларға киім тігу үлгілерін үйрететін қолөнер жəне ауылшаруашылық мектептері ашылды.

    1884 жылы – Қазан қаласында «Шариат-ул-Ислам» деген кітапшасы араб графикасымен басылып шықты. Онда құран сөзін қазақшалап түсіндіре алмай- тын дүмше молдалардың сауатыздығы қатты сыналады.

    1889 жыл 17 шілде – Қостанай қаласынан 3 шақырым жердегі Тобыл өзе- нінің бойында, «Инспектор» көлінің жағасындағы өз үйінде, 48 жасында қай- тыс болды.

    «Дала уалаяты газетінің» 1889 жылғы №3 санында «Минақиб, Ибраим Алтынсарин» деген некролог жарияланды. Ол өте инабатты, зейінді, зерек, қа- зақ арасына Европаның білім-ғылымын шашқан, ақылды, білімді адам болған, деген жоғары баға берілді.

    1890 жыл 29 қаңтар. Сенаттың №25 жырлығымен статский советник атағы берілді.

    Біз Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы жайындағы бұл қысқаша анықтаманы жазғанда, негізінен профессор С.Садырбаев түзген анық- таманы басшылыққа ала отырып М.Əуезовтің «Шолпан» журналында жарық көрген «Ыбырай Алтынсарин» атты еңбегіне, сондай-ақ ХІХ ғасырда жəне ХХ ғасырдың басында патша өкіметінің отаршылдық əкімшілігінде қызмет атқар- ған қазақ даласы элитасының өкілдеріне арналған əліпбилік, есімдік, формуляр- лық, тағы да басқа мұрағаттық құжаттар енгізілген «История Казахстана в рус- ских источниках XVІ-ХХ веков» [VІІІ т.часть, 2 стр 403] кітабына сүйендік.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


    написать администратору сайта