Ыбырай Алтынсарин. растырушылардан
Скачать 307.37 Kb.
|
2. Ыбырайдың хаттарыЖуырда мен «Оренбург листогіне» Торғай қазақтары- ның басына түскен апаттары туралы мақала жазып жібердім. Осы мақаламда қазақ еліне орыс селендерін əкеліп орынат- пақ болған пікірлерге қарсы екенімді білдірдім. Ы.Алтынсариннің1880жылдың7апреліндеВ.В.Ката-ринскийгежазған хатынан. Ыбырайдан ислам дініне оң қарағандығының айқын дə- лелі – оның «Шариғат–ул–ислам» атты діни оқулық жазған- дығы. «ЫбырайАлтынсарин»//ЖаңаСарыарқа,№2,2006.–10б. Н.И.Ильминскийге (1860). Орынбор бекінісіндегі (қазіргі Торғай) қа- зақтардың балаларын оқытқысы келетіндігі, бірақ мектептің əлі ашылмағанды- ғы, мектеп ашылғанша жергілікті балаларды оқытуға бір пəтер босаттырып бе- руді ресми түрде Бароннан өтініш жасағаны, бірақ ол өтінішінен ешбір нəтиже шықпағандығы жөнінде айтады). Н.И.Ильминскийге (1861). (Орынбор бекінісіндегі балаларды оқыту- дағы қиыншылықтар – атап айтқанда, оқу құралдарының жетіспеушілігі, олар- ды алуға қаражаттың жетіспеушілігі, ата–аналардың балаларын тек заң үйрету үшін ғана оқытқылары келетіндігі, оқушыларды тəртіпсіздігі үшін сəл жазаласа ертеңіне мектепке жібермей қоятындығы, ал бекіністің бастығы мектептің са- лынуына зер салмай отырғандығы жəне өз семьясына қаражатының жоқтығы- нан көмектесе алмай, шаруашылығының нашарлап кеткендігі, міне, осындай себептерден мұғалімдік қызметтен босатуын сұрап Лев Николаевичке өтініш еткенін, осы мəселе жөнінде Николай Ивановичтің Лев Николаевичпен сөйле- сіп, бір жəрдем көрсетуін өтініп жазады.) А.А.Бобровниковке (1861, 6 июнь). (Хатта Орынбор бекінісінде əлі мектеп салынбағаны, қызмет жөніндегі бір іспен айналысайын десе – ешқандай іс жоқ, оқиын десе кітап жоқ. Əбден жалғыздықтан жабырқағаны туралы, қым- бат уақыттарының зая кетіп жатқаны туралы айтады). Н.И.Ильминскийге (1861, 30 авг.) (Хатта Орынбор (Торғай) бекінісін- де əлі ешбір өзгерістің жоқтығы жайында, өзінің семья жағдайына байланысты қазақ арасына жіберуін өтініп, генералға хат жазғаны жайында айтады). Н.И.Ильминскийге (1862). (Хатта Ильминскийдің қазақтарға орыс ті- лін үйретуге арналған оқу құралы – жетекші оқу құралы болып отырғандығы жөнінде, əлі күнге бекіністен туған жеріме жіберіңіз деген өтінішімен санаспай, жібермей отырғандығы жөнінде, өзінің қазіргі кезде қазақтың əр түрлі əдет–ғұ- рыптары жөніндегі мəселелермен шұғылданып жүргендігін, реті келсе, оларды жазып жіберетіндігін хабарлайды). Е.С.Ильминскаяға (1862, 26 янв.) (Хатта Екатерина Степановнаның сəлеміне рахмет айта отырып, ол кісіден Николай Ивановичке жиі хат жазды- рып тұруын өтінеді). Н.И.Ильминскийге (1862). (Н.И.Ильминскийдің «Материал» деген шығармасын оқып шыққанын, онда кездескен аздаған қателерді Қазанға бар- ғанда айтатындығын хабарлайды, сонымен қатар «Балалар дүниесінен» де (Дет- ский мир) бір мақаланы қазақшаға аударып көргелі отырғанын хабарлайды). Н.И.Ильминскийге (1862, 27 авг.) (Жіберген кітаптарына рахмет ай- тып, ризалығын білдіре отырып, келесі почтамен өзінің дайындап жатқан жұ- мыстарын жіберетіндігін хабарлайды). Н.И.Ильминскийге (1864). (Хатта осы жылдың 8 январь күні Орынбор бекінісінде көптен күткен мектептің ашылғанын, оған 14 қазақ баласының оқу- ға келгенін қуанышпен хабарлайды. Оқушыларға қалай сабақ өткізетіндігін айта келіп, 5–6 самоучитель жəне балалар үшін пайдалы деп табылатын тағы басқа кітаптар жіберуін сұрайды. Петербургке немесе Қазан қаласына барғысы келетінін хабарлайды). Н.И.Ильминскийге (1864 ж., 14 апрель). (Бірнеше самоучитель жəне басқа кітаптар, тым болмаса «Балалар дүниесін» жіберуді сұрайды). Н.И.Ильминскийге (1871). (Бұл хатында Ильминскийдің қазақ ара- сында орыс алфавитін енгізгісі келетін пікіріне қарсы еместігін, татар медресе- лерінде оқитын қазақ шəкірттерінің саны азаймай отырғандықтан, орыс алфа- витін қазақ арасына енгізудің қиындығын айтады. Жаңа мектептердің қандай негізде ашылатындығы, оның жағдайын сұрайды жəне Ильминскийден қазақ сөздігінің, немесе сол сөздікке арналған материалдардың бір данасын жіберуді өтінді). Н.И.Ильминскийге (1873). (Хатта Халық ағарту министрінің ұсынысы бойынша Торғай соғыс губернаторы өзін қазақ балалары үшін орыс алфавиті- мен жазылатын оқу құралын құрастыруға қатысу үшін өзін Қазанға жібергелі жатқанын хабарлайды. Осы жағдайды пайдаланып өзінің өлеңдерін, аудармала- рын, ескертулерімен қоса дайындап қойғандығы жайлы хабарлайды). Н.И.Ильминскийге (1873 ж. 7 июнь). (Бұл хатында Ильминскийден Қазанға қанша уақытқа баратындығын хабарлауды өтінеді). Н.И.Ильминскийге (1876). (Бұл хатында қазақ тіліндегі оқулықтың бі- рінші кітабын Паульсон кітабының құрастырылу тəртібімеп жазып шыққалы отырғанын хабарлайды. Екінші кітабын табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарихи жəне географиялық – ғылыми əңгімелерден құрастырғысы келе- тіндігін айта келіп, осы жоспарларына Ильминскийдің қалай қарайтындығын хабарлауын сұрайды). Н.И.Ильминскийге (1877). (Бұл хатында Катаринский арқылы қазақ мектептерін басқаратын инспектордың көмекшісі болып қызмет ет деген ұсы- ныс алғандығын, оған өзінің қарсы еместігін, сонымен қатар Ильминскийдің самоучителін қазақ арасына түгел таратылғандығын хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1879). (Хатта өзінің қаражатының жоқтығынан Қазанға бара алмайтынын хабарлайды, онда басылып шыққалы жатқан кітабы- на сонда оқып жүрген Шуақовтың корректор болуын сұрайды). В.В.Катаринскийге (1879, 9 ноябрь). (Хатта Хрестоматияның басылуы аяқталып қалғанын, Ырғызға оқытушы жіберілгенін, бірақ Ырғыздағы мектепке əлі шаруашылық құралдары стол, орындық, парта т. б. алынбағанын хабарлай- ды). В.В.Катаринскийге (1879, 17 ноябрь). (Хатта қазақ хрестоматиясының басылып болғандығын, Орынбор округі үшін оның қанша данасын қалдыру ке- ректігін, Түркістан округіндегі халық мектептерінің директорларына жəне Си- бирь округінің оқу жұмысын басқарушыға қалай хабарлау керектігін жəне Ка- таринскийдің өзінің қарамағындағы мектептерге қанша кітап жіберу керектігі жөнінде пікірін білдіруді өтінеді). Н.И.Ильминскийге (1879, 25 ноябрь). (Бұл хатында лайықты оқыту- шы жоқ болғандықтан болыстық мектепті ашуға асығудың қажеті жоқ екенді- гін, ал білімді оқытушылар аздаған табысқа бола қазақ арасына барып көшіп– қонып, қыстап–жайлап жүруге көнбейтіндігін айтады. Əуелі, қазақ арасында жақсы жабдықталған бір–бір екі кластық немесе үш кластық мектеп ашу керектігін, бұл жобаға бастықтардың да қарсы еместігі жайын баяндайды). В.В.Катаринскийге (1879, 27 декабрь). (Бұл хатында көптеген жол азабын көріп, Орынбордан Торғайға келгенін, енді, жаңа мектептер туралы жо- баны ойластыру қажет екенін, Ырғыз бен Торғайдағы жас оқытушылардың жайын, қай пəндерге қандай оқу құралдарын қолданған жөн екенін айта келіп, өзінің қазақ балаларын оқыту жөніндегі жоспарын (1–класс жəне 2–класс үшін) ұсынып, Катаринскийдің пікірін білдіруін сұрайды). В.В.Катаринскийге (1880) (Ырғыз бен Торғайда мектеп үйлері салы- нып біткенін, жабдықтау жағының да жаман емес екендігін айта келіп, Торғай- дағы мектептің бұрынғыдан екі есе үлкейгендігі, оған керекті қаражатты да кө- бейтуді қажет ететіндігі, азық–түліктің бағасы қымбаттағандықтан мектептегі жатып оқитын балалардың тамақ жағдайы нашарлап кеткендігі, осы мəселелер- ді ойластырып шешу қажеттігі жайында). В.В.Катаринскийге (1880). (Бұл хатында Тройцк, Ырғыздағы мектеп үйлерін сол жерлердегі уезд начальниктері өздеріне пайдаланып, оқушыларды жаман лашықтарға орналастырып, оқу тəртібін бұзып отырғандарын хабарлап, осы мəселені тəртіпке келтіру қажеттігі туралы айтылады). В.В.Катаринскийге (1880, 4 апрель). (Хатта Тройцкідегі мектеп жетек- шісімен уезд начальнигі арасындағы жанжалды біршама реттеу қажеттігі, Ыр- ғыздағы мектеп шаруашылығының түзелгендігі, Торғайда жалпы жобаға сəйкес жаңа мектеп салу жұмысына рұқсат алынғаны жəне Ырғыз мектебінің смета- сын қайта қарау керек болып отырғандығы жөнінде хабарланады). В.В.Катаринскийге (1880, 7 апрель). (Хатта Торғай мектебін салудағы көптеген қиыншылықтар, хрестоматияның екінші бөлімін құрастырып жатқа- ны, бұл бөлімнің мазмұны қандай болатындығы жайында, география жəне та- рих оқу құралдарынан Торғай мен Ырғыз мектептеріне жіберу қажеттігі, «Орынбор листогіне» Торғай қазақтарының басына түскен апаттар туралы ма- қала, жариялағаны жөнінде хабарлайды). А.А.Мозохинге (1881). (Хатта салынып бітпеген мектепке қажетті зат- тар, оларды қайдан алу керектігі, мектепке аспаз жəне өзі барғанша 6–7 шəкірт дайындап қоюын талап етеді). Н.И.Ильминскиге (1881, 4 октябрь). (Ильминскийдің Торғай облысы- на жіберген оқытушылары үшін ризалықпен рахмет айтады. Өзінің ендігі ойы қазақ уездерінің өз ортасынан, неғұрлым тезірек, мектеп ашып, оның негізін бе- рік қалау керек екендігі, Торғайда, Ырғызда мектеп үйлері дайын, ал Елек, Ни- колаевск уездерінде мектептер салуға керекті қаржының жиналып болғанын, Торғайда «Яковлев мектебі» деп аталатын ерекше қолөнер мектебін ашпақшы болып жатқандарын хабарлайды. Сонымен қатар Ильминскийден келешекте іскер оқытушылар жіберіп, қазақ халқын оқыту ісіне көмектесуін сұрайды жəне қолөнерін, бау–бақша, огород істерін, мал шаруашылығын, егіншілік кəсібін үйретуге арналған практикалық жеңіл оқу құралдарын жіберуді өтінеді). А.А.Мозохинге (1881, 21 октябрь). (Мектеп ашуға керекті жіберілген жүктерді, материалдарды қай станциядан, қалай қабылдап алуы керектігі жайында жəне «Народная школа» журналын жаздырып алу қажеттігі жайында). А.А.Мозохинге (1881, 17 ноябрь). (Хатта оқушыларды оқыту жөніндегі ережелерді, қандай оқу құралдары арқылы оқыту керектігін түсіндіре келіп, бұл жөніндегі негізгі бағытты ұмытпау керектігін тапсырады). А.А.Мозохинге (1881, 16 декабрь). (Бұл хатында оқушылардың намаз- ға кететін уақытын қысқарту жəне Елек уезінің начальнигіне мектеп шығыны үшін жіберілген ақшаға есеп беру жөнінде т. б.). В.В.Катаринскийге (1882) (Қазақтардан қаржы жинау жөніндегі гу- бернатордың берген мəліметтерінің дұрыс еместігіне көңіл аударуды талап ете- ді. Торғайдағы қолөнер мектебінің ашылуы кешеуілдеуінің жайын ескертеді.) Н.И.Ильминскийге (1882, 29 июль). (Бұл хатында қазақ балаларын тəрбиелеп, оқытып жатқан орыс оқытушыларына мінездеме бере келіп, бұдан былайда оқытушыларды жіберуде жаңашырлықпен қарауды өтінеді). Н.И.Ильминскийге (1882, 12 сентябрь). (Хатта қазақ арасында Мұхам- беттің діни оқуы жайылып етек алып бара жатқаны, оны тежеу үшін белгілі бір арнаға аударатын оқу құралын жасаудың қажеттігі туып отырғандықтан оқу құ- ралын жасауға кіріскенін, осы оқу құралын бастырып шығартуға Ильминский- дің көмектесуін сұрайды). А.А.Мозохин (1882, 19 октябрь). (Хатта Торғайдағы мектепке деген акшаның босатылуы жайында жəне сметаға енген өзгеріс болса, хабарлауын т.б. жайында). А.А.Мозохинге (1882, 19 ноябрь). (Мектепке қажетті қаржыны жібер- гені жөнінде, оны қалай жұмсау керектігі, уақытымен есебін жіберіп тұруы жө- нінде т. б.). В.Катаринскийге (1882, 2 декабрь). (Оқытушылар мектебінің ашылға- нына қуанып, оған Ырғыз, Торғай мектептерінен оншақты оқушылар дайындап қойғанын, бұл жөнінде нұсқау хабар күтіп отырғаны жəне өзінің дін туралы Ильминскийге жазып жіберген оқу құралынан əлі хабар ала алмай отырғаны, бұл жөнінде Катаринский хабардар ма, жоқ па, кешігу себебін білгісі келетінді- гі жайында). Н.И.Ильминскиге (1883). (Дін жөніндегі Қазанға жіберген оқу құралы басылып шықпайтын болғандықтан, Ильминскийден қолжазбаны өзіне қайта- рып жіберуін өтінеді). А.А.Мозохинге (1883, 22 январь). (Бұл хатында оқытушылар сұраған кітаптарды жіберіп отырғанын, келесі почтамен ақша жіберетіндігін хабарлай отырып, мектептегі оқушылар үшін қандай кітаптар жаздыру керегін жəне қан- дай кітаптардың жеткіліксіз болып отырғанын анықтап хат жазуын талап етеді). А.А.Мозохинге (1883, 1 февраль). (Губернатордың мектептегі жұмыс- ты бағалағанына өте қуанышты екендігін білдіре келіп, мектеп қаражатын жұм- саудың документтерін тезірек дайындап жіберуді өтінеді). В.В.Катаринскийге (1883, 4 февраль). (Бұл хатын да Жаманқалада (Орск) жақында ашылған оқытушалар мектебіне Торғай мектебінен–6, Ырғыз мектебінен – 5 оқушы жібергенін, ал Тройцкіден хабар жоқ, одан да оқушылар жіберуге тиісті екендігі, оқыған тəуір мұғалімдердің далаға келе бермейтіндігі, сондықтан да орнығып қалған мұғалімдерді қозғамай, білімін жетілдіріп отыру- ды сұрайды. Торғайда ашылатын қолөнер мектебіне үй сатып алынғанын, бірақ мектептің Яковлев атымен атау жайы əлі белгісіз екендігін, қалай болған күнде де алдағы көктемде бұл мектепті ашу керектігін айта келіп Катаринскийден жа- ңа попечительдің бұратаналарды оқыту жұмысына қалай қарайтындығы, осы жұмысқа оның көңілін ерекше аударуын, мектеп жұмысына келешекте де қам- қоршы болуы үшін қазақ арасындағы бірсыпыра беделді адамдарды наградаға ұсынғаңдығын, бұл жөнінде попечитель қанағаттандырарлық жауап берер ме екен деген ойда жүргендігін хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1883, 1 апрель). (Бұл хатында қолөнер мектебін Яковлев мектебі деп атау женінде ресми рұқсат алғанын, осы мектепке ағаш– балта ұсталығы өнерінен сабақ беретін оқытушы табуға жəрдемдесуін сұрайды жəне өзінің хрестоматиясының екінші бөлімін жазып жатқандығын, Ново-Ни- колаевскідегі мектеп үйін салу жұмысын бастау үшін апрельдің 20-на таман Николаевск уезіне жүргелі отырғаны жайында хабарлайды). А.А.Мозохинге (1883, 2 апрель). (Оқытушылар мектебіне жіберген оқушыларын бірінші курсқа қабылдағанын қуанышпен хабарлайды). А.А.Мозохинге (1883, 15 апрель). (Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жайында). А.А.Мозохинге (1883). (Бұл хатында жазғы демалысқа шығу мерзімін алдын ала хабарлауын, демалысқа кетерде мектеп мүлкін сенімді адамға тапсы- рып кетуін ескертеді жəне оқыту жоспарын жасап, өзіне жіберуін талап етеді. Өзінің, Ақтөбеде салынып жатқан жаңа мектепті көру үшін, оған керекті қар- жыға смета жасау үшін сонда жүргелі отырғанын хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1883, 2 август). (Бұл хатында өзінің өкпесіне суық тиіп үш ай ауырған себебінен көптен хабарласа алмағанын айта келіп, Торғай, Ырғыз уездері Сырдария губерниясына, ал Николаевск, Елек уездері Орынбор губерниясына қосылады екен деген хабардың анығын білгісі келетін- дігін, олай болғанда бұл мектептерді əкімшілік жағынан басқарудың қиындап кететінін ескертеді). Н.И.Ильминскийге (1883, 15 сентябрь). (Торғайда 95 адамдық «Яков- лев мектебі» атты ерекше қолөнер мектебі ашылғанын, онда оқытылатын қолөнер сабағы көбінесе, ағаш ұсталық жұмыстары, жазу–сызу, қыздарға кесте тігу т. б. қолөнер жұмыстарын үйрететін оқытушылар қажет екенін айта келіп, Торғай облысындағы мектептердің жанынан оқытушыларға жəне оқушыларға арналған кітапханалар ашу үшін ақша қаражат жинап қойғандығын хабарлай- ды. 2–3 кластық халық мектебін бітіріп, қырда жүрген жалпы сауатты адамдар өз білімдерін жалғастыру үшін, білімдерін өз бетімен көтере берулері үшін бұл кітапхананың маңызы зор екенін айта келіп, ендігі өзінің қиналып отырған жері екі–үш кластық халық мектептерін бітіріп шыққан адамдар еркін түсіне алатын, білімнің барлық салаларынан кітаптар жəне оқу құралдарын жинастыру екенді- гін айта келіп, осы мəселеде көмек көрсетуін өтініп сұрайды). В.В.Катаринскийге (1884). (Əр түрлі кітаптар жаздырып алу жөнінде попечительдің жасаған ұсынысын алғанын хабарлай келіп, наградаға ұсыныл- ғандар ішінде кейбір қажетті адамдардың қалып қойғанын ескертеді). А.А.Мозохинге (1884). (Хатында оқушылар мен оқу құралдары жайын- да нақтылы мəліметтер беруін сұрайды). А.А.Мозохинге (1884, 4 февраль). (Бұл хатында келешекте ақшаны Елек уезіндегі арнаулы ақша жинаушының кассасынан алып тұратынын, кре- дитті Мозохиннің өзі билеп, бақылау палатасының алдында енді өзі есеп беріп тұратынын ресми түрде хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1884, 4 февраль). (Келешекте Қостанайда техни- калық жəне ауыл шаруашылық училищелерін ашудың жоспары жайында пікір қозғауын өтінеді.) А.А.Мозохинге (1884). (Осы почтамен Бунаков оқу құралдарын түгел жіберіп отырғанын, оқытушылар мектебіне оқушылар жіберуде өзімен ақылда- судың қажеттігін ескертеді). А.А.Мозохинге (1884, 5 май). (Хатта Мозохиннің мектебін Ақтөбеге көшірмек болғанын хабарлайды). Н.И.Ильминскийге (1884, 14 сентябрь). (Торғай облысы бойынша барлық уездерде, қырдағы уездік қалаларда екі класты мектептер ашылғанын, енді бұларды қалалық үш класты мектепке айналдыруды сұранып жүргенін, со- нымен қатар ел арасынан болыстық мектеп ашу қажеттігі жəне бүкіл облыс бойынша бір техникалық мектеп ашудың қажеттігі туып отырғанын, бұл мек- тепте қолөнерінен басқа, қазақтар өздерінің шикізаттарын іске асыра алатын кə- сіптер, мысалы тері илеу, байпақ басу, түбіт орамал тоқу, майшам жасау сияқты өнерлер үйретілуге тиіс екенін ескертеді). Н.И.Ильминскийге (1884, 30 сентябрь). (Қазақтың бастауыш мектеп- терінде қолөнері сабағын енгізу мəселесінде губернатормен екі арада келіспеу- шілік болып қалғанын) мұнда Катаринскийдің өзін қолдағанын ризашылықпен хабарлайды. Қазақ хрестоматиясының екінші бөлімін құрастыруда қазақ тари- хынан да мақалалар енгізілуге тиісті екендігін, бірақ соған материал таба алмай отырғандығын айта келіп, қазақтар жайында материал Қазаннан табылса жібе- руін, немесе сондай кітаптар сатылатын жер болса хабарлауын сұрайды). В.В.Катаринскийге (1885). (Торғайдағы қоленер мектебіне қажетті оқу құралдар жайында айта келіп, Рождественскийдің «Отан тарихын», оқыту- шылар үшін оның «Жалпы тарихын» жаздырып алудың қажеттігі жəне осы- ларға көмектесуін өтінеді). В.В.Катаринскийге (1885, 12 октябрь). (Попечительмен қыздар мекте- бі жəне ауыл шаруашылық мектебі жайында сөйлескенін, ал оның қазақтарға білім беру мəселесі, оның тəртіптері жөнінен ерекше бір баяндама жазып жібе- руін талап еткенін хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1886). (Болыстық мектептерді ашу жайында по- печительден əлі ұсыныс алмай отырғаны жəне бұл жөнінде Торғай əкімшілігі басшыларының жанашырлық жасамай, қайта өзіне жала жауып отырғанын, осындай арсыз өтірік пен жаланың мəн–жайын Орынбордан ресми түрде сұрас- тырып білуді өтінеді). Ф.Д.Соколовқа (1886, 12 июнь). (Барлық уездерден болыстық мектеп ашу үшін жиналған қаржыны губернатордың басқа мақсатқа пайдалануды көз- деп отырғанын, осыны тоқтату шарасын өтініп сұрайды). Н.И.Ильминскийге (1886, 18 сентябрь). (Болыстық мектептер жайлы хатын жібере отырып, бұған қарсы жақтардың өте көптігін ескертіп, мəселені Н. И.–дің өзі шешуін тапсырады). Ф.Д.Соколовқа (1886, 9 октябрь). (Тері илеуге, бояу жасауға қажетті шөптер жіберуге көмектесуін жəне ол жақтағы уездік дəрігерден шешекке қарсы егетін дəрі алып беріп жіберуді өтінеді). В.В.Катаринскийге (1886, 3 декабрь). (Жаңадан ашылған училищеге үй жəне басқаларын жалдау туралы Қостанай қауымының қаулысын попечи- тельге тапсырғаны туралы хабарлайды). Н.И.Ильминскийге (1887,19 март). (Красноуфимскідегі реалды учили- щенің директоры біздерден барған оқушылардың қабылеттілігін мақтап, олар- дың істеген заттарының үлгісін былғары мен сабынды попечительге, ал ол ми- нистрге жіберіпті дей келіп, Торғайда ашылған Яковлев атындағы қолөнер мек- тебінің алғашқы жақсы нəтижелерін қуанып хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1887, 28 май). Оқытушылар еңбегін үнемі салық арқылы өтеу қиындап бара жатқандығын, оларға мемлекет тарапынан қандай жалақы берілуі жағдайын қарастыруды өтінеді. А.А.Мозохинге (1887, 2 июнь). (Емтиханды оқушылардың қалай тап- сырғанын, басқа жерге ауысатын мұғалімдер болса ертерек хабарлауын өтіне- ді). В.Катаринскийге (1887, 10 июль). (Губернатордың Николаевск уезін- де екі, Торғай уезінде бір, Ырғыз уезінде бір, Елек уезінде бір мектеп ашу жөнінде ұсыныс бергенін хабарлап, Ырғыздағы қыздар мектебін ашуға жүргелі отырғанын, сол мектепке оқытушы əйел тауып беруге көмектесуін сұрайды). В.В.Катаринскийге (1887, 27 ноябрь). (Николаевск уезінде тағы да екі мектеп ашқалы отырғанын, қазір сол мектептердің жабдықтары мен оқу құрал- дары дайындалып жатқанын хабарлайды. Ақтөбеге үшінші оқытушы тағайын- дағанына ризалық білдіріп, қоныс аударушы орыстардың көптігінен тағы да бір ер балалар үшін бір класты орыс мектебін ашу жөнінде уездік облыс бастықта- рына тілек білдіріп отырғанын жəне бұл мектептердің жанынан қолөнері бөлім- дерін де ашқалы отырғандарын хабарлайды). В.В.Катаринскийге (1888.) Əрбір уезде бір–бір техникалық мектеп ашу туралы пікірін айта келіп, осы ашылмақшы техникалық мектептерге оқы- тушыларды қазақтардан дайындау қажеттігін ескеруді сұрайды). Н.И.Ильминскийге (1888, сентябрь). (Ырғыздағы қыздар мектебі жа- нынан қазақ қыздары үшін əйелдер пансионын ашпақшы екенін, Қостанайға көшіп келген орыстар үшін орыс мектебін, Ақтөбеде қыздар мектебің Торғай мен Елек уездерінде тағы да екі болыстық мектеп ашқанын, Красноуфимский- дегі реалды училищеде қазақтарды техникалық ғылымға оқыту үшін төрт сти- пендия тағайындалғанын, ал ауыл шаруашылық мектебінде қазақтарға бес сти- пендия тағайындалғанын хабарлайды. Енді осы Красноуфимскі училищесіндей етіп облыстың өзінде қазақтар үшін арнаулы ауыл шаруашылық мектебін ашу туралы жобасын ұсынады). В.В.Катаринскийге (1888, 6 октябрь). (Попечительдің Қостанайда бо- лып мектептердің оқыту жөніндегі табыстарына риза болып кеткенін хабар- лайды). В.В.Катаринскийге (1888, 5 ноябрь). (Оқуға қазақ қыздарын тарту үшін Торғай, Ырғыз уездерін екі жетідей аралағанын, істің барысы жақсы еке- нін, алғаш күннен бастап қазақ қыздарына қол өнері үйретіле бастағанын, олар- дың ата–аналары қуанышты екенін, Ырғыздағы интернатта қазақ қыздарының санын көбейту шарасын ойластыруды ұсынады). Н.И.Ильминскийге (1889, февраль). (А. В. Смоленскийді қазақ жеріне жібергенін қуанышты қарсы алатындығын, бірақ Ақтөбе мектебінің меңгеруші- сі етіп тəжірибелі Лапшинді тағайындап қойғандықтан, А, В.–ның Ырғызға ба- руының дұрыстығын айтады). В.В.Катаринскийге (1889, 10 май). (Красноуфимскідегі ауыл шаруа- шылығы мектебінде мұсылман дəстүірін мүлде елемеудің салдарынан қазақ оқушыларының арасында туып отырған наразылықтардың бір қатар себептерін айта келіп, осы наразылықты бəсеңдету үшін өзінің сонда жүргелі отырғанын хабарлайды). |