тәрбие жұмысының сараптамасы. анализ вр. 20212022 оу жылыны 1 жартыжылдыындаы 6 сыныбыны трбие жмысына талдау
Скачать 32.48 Kb.
|
2021-2022 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы 6 «Ә» сыныбының тәрбие жұмысына талдау . Сыныпта оқу жылы басында-18 (10 ұл,8 қыз) болды ,ата-ана арызы бойынша бір оқушы Сержанов Бекнур 6 «Б» класына ауысты.Қазіргі таңда - 17 (9 ұл,8 қыз) Тәрбие жұмысының мақсаты: қатысушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, Ұжымдық іс-әрекеттің оңтайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету, олардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ұжымдық іс-әрекеттің ұжымға, оның мүшелеріне және өздеріне жағымды қатынасы. Бірінші жартыжылдықта сыныптағы барлық тәрбие жұмысы, ең алдымен, сынып ұжымын біріктіруге және онда әр оқушының дамуы үшін адамгершілік және эмоционалды қолайлы орта құруға бағытталған. Сыныптағы балалар арасында достық қарым-қатынас өте жақсы деңгейде қалыптасады. Олар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасайды, бір-біріне көмектеседі. Сынып оқушылары берілген тапсырмаларды бірлесіп те жеке де орындайды. Сынып оқушыларының білім, білік және дағды деңгейі жақсы деңгейде. Сыныпта оқу үлгерімі 100%, білім сапасы 1 тоқсан бойынша – 56% -ды құраса,2 тоқсанда-59% ды көрсетіп динамика +3 ек өсті. Барлық оқушылар уақытылы сабаққа қатысып отырды, себепсіз рұқсатсыз сабақтан қалған оқушы жоқ. Мектеп ережесіне сәйкес оқушылардың сыртқы келбеті мектеп формасы талапқа сәйкес келеді. Сыныбымызда әр оқушы өзінің фракциясы бойынша белсене жұмыс атқарады. Фракция президенті мен оған сәйкес әр бағыттағы фракция мұшелері берілген тапсырмаларды мұқият уақытымен орындайды. Девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша оқушылардың жеке консультациялары өткізілді. Ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайын уақытымен өткізілді.Оқушылардың отбасылары қатысты. Ата-аналармен графиктік тақырыптарға сәйкес бірнеше маңызды тақырыптар қозғалды,ата-аналармен жаңа әдіс-тәсілдермен жиналыс жүргізілді. Оқу жылы басында сынып оқушыларының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлары қаралып, тексеру актілері жасалды.Сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайларымен танысып құжаттары құрылды. Сынып жетекші ата-аналармен, мектеп медбикесімен бірге жалпы және мамандандырылған көмектің белгілі бір түрлеріне мұқтаж балалар мен жасөспірімдерді анықтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізілді.Сыныбымызда көп балалы отбасы оқушылар қатарына (Асылхан Нұрхан, ЖузбаеваАйдана, Құрманғазы Аңсар, Төреғали Алиш ,Мұрат Ақниет) жатады ,бір ата-анамен тәрбиеленетің яғни толық емес отбасы (Алибекұлы Жан, Бурантаев Асмир, Сержанов Бекнур , Тлугабылова Ақмаржан) бар. Мектепішілік шараларға қатысу
Марапаттау қажет
Қиын оқушымен жұмыс: Сыныбымызда қиын оқушы жоқ, оқушылардың барлығының тәртіптері жақсы .Оқушыларымның барлығы да тәртіпті ,тәрбиелі. Оқу барысында үзіліс кезінде оқушылар біреулері шашка, шахмат ойнаса ал кейбіреулері «Оқуға құштар мектеп»аясында мектеп кітапханасына барып әдеби кітаптар алып оқиды Сыныпта оқушылар мүмкіндігінше түрлі конкурстар мен олимпиадаларға қатысты.
Сынып оқушыларының үйірме секцияларға қатысымы-100%
Биылғы оқу жылына жоспарланған тәрбие жұмыстар сынып сағаттары, көптеген жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткізіліп келеді(топтық ,жұптық жұмыстар түрінде,әңгімелесулер, викториналар, экскурсиялар, ұжымдық сахналық шығармашылық қойылымдар, жарыстар және т. б түрінде оқушылардың саналы да тәрбиелі әрі мәдениетті ұрпақ болып өсуіне ықпал етеді. Жоспар бойынша әр кластың жас ерекшеліктеріне қарай тәрбие сағаттар келесі тақырыптарды қамтыды: «Тәуелсіздік жетістіктері!», «Отбасым-бақыт мекенім» , «Тілім менің-тірегім» «Экология ғылым ретінде. Неліктен экология бәрін зерттеу керек?» «Заң – басты құқықтық акт», «Адам және табиғат» / «Табиғатты қадірлей білейік», «Тіл – рухани азығы», «Ұлы дала ұстазы –Ы.Алтынсарин» 180 жылдығына орай класс сағаты, «Көлік құралдарының қозғалысы» Көлік құралдарының аялдама жолдары (ЖЖЕ) «Менің әлемім – сұлулық пен мейрімділік әлемі!» "Барлық жұмыс жақсы" ,«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Тұғыры биік Тәуелсіздік" Сынып жетекшісі ретінде ата-аналармен үнемі тығыз байланыста боламын. Бірінші жартыжылдықта 3 ата аналар жиналысы өткізілді. Ұйымдастыру жиналысы«Баланың еңбекке деген қабілетін арттыру», «Жасөспірімнің жасына қарай ерекшеліктері.Баламның достары және олар кімдер?», «Салауатты өмір сүруге үйретудің негізгі қағидалары. Оқушының өмірінде компьютердің болғаның қалайсызба?.1 жартыжылдық қорытындысы» атты ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста аталған тақырыптар бойынша бірнеше жаңа форматта жұмыстар жүргізілді,тоқсандық қорытынды айтылып,ата аналардан анкета алынды. Қорытындылау. Мұқият және мақсатты жұмыстың арқасында балалар қарапайым нәрселерді игерді өзіне-өзі қызмет көрсетуі және еңбек дағдылары жақсарады. Мотивациялық білім беру ортасы оң жағына өзгереді Балалар, ата-аналардың және мұғалімдердің бақылауымен мінез-құлықтарын, өз-өздерін қалыптастырады. Балаларды мектепте және үйде мінез-құлық ережелерін сақтауға, орындауға үйретуді жалғастырамын Балаларды сынып пен мектеп іс-шараларына қатыстыра отырып, жақындастыруға тырысамын. Сонымен қатар оқушыларды салауатты өмір салтына тарту мақсатында денсаулық сақтау технологияларын жүзеге асыруда өз жұмысымды жалғастырамын Балаларға мектептегі оқуында өз күшіне сеніп тәрбиеленуге бар күшімді салып көмектесуге тырысамын.Ұжымдағы тәрбие жұмысын жалғастыра отырып оқушыларға жақсы сезімдер, эмоционалды жауапкершілік, адамдарға көңіл бөлу, құрмет сезімдерің әр оқушының бойына сіңіремін Өткен кезең үшін құқықтық білім айлығын өткізу бойынша есептер, интернет бойынша есеп және өрт қауіпсіздігі,жолда жүру ережесі, мектеп апталығын өткізу туралы, " қауіпсіздік", балалардың сабаққа қатысуы туралы ай сайынғы есептер күнделікті мектеп әкімшіліктеріне беріліп тұрады. Мақсаты мен міндеттеріне сәйкес атқарылған жұмыс тұлғаның зияткерлік, адамгершілік және физикалық қалыптасуына, жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға ықпал етті, педагогикалық әсердің негізгі бағыттары, әдістері мен құралдары оқушылардың жас және психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес келді. Класс жетекші: Мирманова Г.И. |