ӨЗГЕРТ.2022_FALL_KAZ 371 (1) (5) (1). 20222023 оу жылы, кз Сейсенбі, бейсенбі. Kaz 371 азіргі аза дебиеті
Скачать 203 Kb.
|
2022–2023 оқу жылы, күз Сейсенбі, бейсенбі. KAZ 371- Қазіргі қазақ әдебиеті (ContemporaryKazakh Literature). Дайындаған: Адаева Ермек Сабырбайқызы Офисі: 9510 Телефоны: 70-62-67 ұ.т.: 8-702-179-66-77 Е-mаіl: Yermek.Adayeva@nu.edu.kz КУРС СИПАТТАМАСЫ Қазақ әдебиеті тарихының қомақты да салмақты бөлігін – қазіргі қазақ әдебиеті құрайды. Қазіргі уақытта аталған кезең әдебиетінің өзіндік даму жолы мен жаңашыл сипатына айрықша назар аударып, ақын-жазушылар шығармашылығына жаңа уақыт талаптары тұрғысынан әділ баға беру – басты мұрат. Сондықтан, ұлт тарихында айрықша орын алатын ХХ ғасырдың 1991 жылдарынан қазіргі уақытқа дейінгі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің қоғам дамуына тигізген әсерін саралау, осы дәуірдегі әдебиеттің жалпы хал-ахуалына сипаттама бере отырып, негізгі ерекшеліктерін студент жастарға жан-жақты түсіндірудің маңызы айрықша. Бұл курста Қазақ елінің 1991-2020 жылдар аралығындағы сөз өнерінің басты бағыттары, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы, тақырып пен жанр т.б. мәселелер кең көлемде сөз етіледі. Курс барысында қазіргі қазақ әдебиетінің ең танымал авторларының шығармалары ғана оқытылады, талданады. Шығармаға сыни талдау барысында автордың идеясын, ұлттың ұлттық болмысын шынайы бере алу қабілетіне көздерін жеткізеді. Курс студенттерге аталған кезеңдегі ұлттық мұрат пен мәдени-рухани құндылықтарды оқып-үйренуге мол мүмкіндіктер береді. Олар халқымыздың бай да мазмұнды, әдеби мұрасын танып біледі. Әдебиет пен өнерге деген қызығушылықтары еселеп артады. Курста оқылған әдебиеттердегі білім мазмұны студенттің танымдық, интеллектуалдық, креативтік қабілеттерін дамытатын болады. Бұл курстың негізгі мақсаты – Тарихи, әлеуметтік және саяси оқиғалардың әдебиетке ықпалын зерттей отырып, әдеби шығармаларға сыни тұрғыдан шолу. (KazLT: 1,2,3,4) (SSH: 1,2,4) (NU: 1) Әдеби мәтіндерді түрлі аспектіде сыни тұрғыдан оқу және талдау дағдыларын, оның әдістері мен техникаларын дамыту. (KazLT: 2,3) (SSH: 1,2) (NU:2) Жанашырлық, адалдық пен эстетикалық дүниетанымды насихаттау (KazLT: 4,6, 7) (SSH: 3,4) (NU:3,6,7,8) Студенттердің академиялық жұмыстары үшін электронды портфолио жасау (KazLT: 5,6, 8) (SSH: 3,4) (NU:4,6,7,) Ең негізгісі, әрине студент жастар тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетінің басты мұраттары мен ерекшелік сипаттарын оқып-үйреніп, өмір мен еңбекте қолдана білуі керек. ОҚЫТУДА КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР: Студенттер меңгереді: Әдебиет теориясы мен мәдениеттану теориясының қазақ және түркі әдеби шығармаларында қолданылуы(KazLT: 1,2,3,4, 7) (SSH: 1,2) (NU:1, 5) Студенттер меңгереді: Қазақ және түркі қоғамындағы адамдар арасын байланыстыратын адами қарым-қатынастарды, қиыншылықтар мен шектеулерді талдау. Әдебиет теориясы немесе әдебиеттанудағы жалпы түсінікке қол жеткізу. Әдеби мәтіндердің формасы, әдіс-тәсілдері, кейіпкер, сюжет, баяндау, шығармашылық қиял, қиял-ғажайып пен шиеленістің мағынасы туралы теориялық сауалдарды көтере білу. Сыни ойлау мен талдау қабілетін дамыту және қолдану (KazLT:1,2,3,6) (SSH:1,2,3) (NU:2,3,4) Студенттер меңгереді: Мәтіндегі автор/ақын, баяндаушы, оқырман қарым-қатынасын талдау. Әртүрлі мәтіндер туралы интерпретациялаушы пайымдауларға атсалысу. Лингвистикалық қабілетпен қатар тілдің эстетикалық және саяси рөлін бағалау. Абстракт жазу, әдебиеттерге шолу, ауызша презентация жасау, постер дайындау және құрылымдық аргументтіжазба жұмыс жазу арқылы зерттеу қабілетін жетілдіру(KazLT: 4,6,7,8) (SSH:1,2,3,4) (NU:1,2,3,6,7). Студенттер меңгереді: Белгілі бір стильді тәжірибе жүзінде қолдану және әдебиеттерге шолу жазу(напишите обзор литературы),библиографиялық деректерді жазу, абстракт пен аргументті ғылыми зерттеу жұмысы немесе әдеби талдау жұмысын жазу. Хабарлау, сендіру, оқытушымен, сыныптастарымен пікір алмасу арқылы ауызша тиімді қарым-қатынас орната білу дағдыларын қалыптастыру. Кері байланыстың маңызды рөлін біріктіру. Сыныптастары басқаратын пікірталас топтарына қатысу және пікірталас тобын құрумен басқару. Кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды мен сілтемелері бар дұрыс құрылған жоба презентациясын дайындау. Сандық/технологиялық сауаттылық және тиімді қарым-қатынас құра білу, тапсырмаларды әзірлеу және қажетті практикалық дағдыларды көрсету(KazLT: 1,2,3,4,6) (SSH: 1,2,4) (NU:2,4,6,8). Студенттер меңгереді: Әдеби шығармаларды талқылау үшін топтық жұмысқа қатысу және пікірталасқа өз үлесін қосу. Академиялық жұмыс/өнімдерін сандық платформада өзгелермен бөлісу үшін кеңістік (орта) қалыптастыру. Өзін әртүрлі формада көрсету үшін студент өзіндік қиялымен қоса,әдеби дәстүрлер туралы алған білімін қолдануды меңгереді. Эмоция мен құндылықтар, мәдени сезімталдық пен әртүрлілікті өнер түріндегі әдеби шығармалардағы жаһандық құндылықтарға қатыстыра баяндау. (KazLT: 4,7,6) (SSH: 3) (NU:2,3,4,5,6) Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – А., 1991. Қабдолов 3. Сөз өнері: – А., 1994. Тарази Ә. Көркемдік құпиясы. – А., 1999. Қазақ әдебиетінің тарихы, 10 том. – А., 2004. Әдебиеттану терминдер сөздігі.– А., 1998.1998. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – А., 1998. ЖарылғаповЖ, Такиров С. Қазақ прозасы: Модернизм және постмодернизм. – Қарағанды, 2015. Нұрғали Р. Әдебиет теориясы. – А., 2003. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі. – Қарағанды, 2005. Хамзин М. Әдебиеттануға кіріспе. – Астана, 2005. Alexander, Marguerite. Flights from realism : themes and strategies in postmodernist British and American fiction. London ; New York : Edward Arnold : Distributed in the USA by Routledge, Chapman, and Hall, 1990. Baker, Stephen. The Fiction of Postmodernity. Edinburgh: Edinburgh University Press, 2000. Chatman, Seymour (Ed.). Reading Narrative Fiction. New York: Macmillan, 1993. Connor, Steven. The English novel in history, 1950-1995. London/New York: Routledge, 1996. D'Haen, Theo, and Hans Bertens, eds. British Postmodern Fiction. Amsterdam: Rodopi. 1993 Hutcheon, Linda. A poetics of postmodernism : history, theory, fiction. New York: Routledge, 1988. Ledbetter, Mark. Victims and the Postmodern Narrative, or, Doing Violence to the Body: An Ethic of Reading and Writing. New York: St. Martin's P, 1996 Lee, Alison. Realism and power: postmodern British fiction. London/NewYork: Routledge, 1990. Marshal, Brenda K. Teaching the Postmodern: Fiction and Theory. New York: Routledge, 1992 McHale, Brian. Postmodernist Fiction. Routledge. 1996 McHale, Brian. Constructing Postmodernism. Routledge 1992 Waugh, Patricia. Practising postmodernism, reading modernism London ; New York : Edward Arnold, 1992. Worthington, Kim. Self as Narrative Subjectivity and Community in Contemporary Fiction. Oxford University Press, 1996 Raymond Williams, "Structures of Feeling, in Marxism and Literature, Oxford: Oxford University Press 1977: 128-135 [http://www.uib.no/sites/w3.uib.no/files/attachments/15_williams-structures_0.pdf] Giorgio Agamben, "What is the Contemporary?," in What is an Apparatus?, and Other Essays, transl. by David Kishik and Stefan Pedatella, Stanford: Stanford University Press 2009: 39-54 [http://soundenvironments.files.wordpress.com/2011/11/agamben-what-is-and-apparatus.pdf] Terry Smith, "Agamben and Nancy on Contemporaneity and Art" [2012] [http://www.haa.pitt.edu/sites/default/files/Smith-AgambenandNancyOnContemporaneityAndArt.pdf] Terry Smith, "Contemporary Art and Contemporaneity," in Critical Inquiry, Vol. 32, No. 4 (Summer 2006): 681-707 Қосымша материалдар Көрсетілген әдебиеттерден басқа оқылатын көркем шығармалар бар. Сондай-ақ әртүрлі ғылыми мақалалардың көшірмелерімен жұмыс істейміз. Барлық қосымша материалдар Moodle жүйесіне енгізіледі. Методология Курс жартылай лекция, жартылай практикалық сипатта жүргізіледі. Біз бұл курста – студенттермен бірге нені ойлау дегенге қарағанда, қалай ойлау керектігін үйренеміз. Нәтижеге бағытталған білім оқу процесінде студентті бірінші орынға шығаруды талап етеді. Ал бұл ұстаным әрбір оқытушыға студенттерді белсенділендіретін оқу/оқыту әдістемелерін қолдануды міндеттейді. Интербелсенді оқу/оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Мәселен: бірлескен жұмыстар(жұптық, топтық, бүкіл аудитория), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуативтік және рөлдік ойындар, ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау, шығармашылық жұмыстар т.б. Шығарманың тақырыптық, проблематикалық ерекшелігіне байланысты түрлі дебаттар, дискуссиялар өткізіледі. Студенттің сабаққа дайындығы мен белсенділігі: Студент сабаққа дайындықпен келуі тиіс. Берілген материалмен танысып, оны аудиторияда талқылауға дайын болуы керек. Студенттің әр сабақтағы белсенділігі, әсіресе оқығаннан алған әсерлерімен бөлісуі, өз ойларын толық және нақты жеткізе білуі, топтық, жұптық жұмыстарға, талқылауларға қатысуы оның семестр бойы жұмысының қорытынды бағасын құрайды. *Тапсырмалар мен өздік жұмысын орындау: Тапсырмаларды (презентация, эссе, жоба) орындауда студенттің шығармашылығы, ой ұшқырлығы ескеріледі. Тапсырмалар белгіленген мерзімде, сол күнгі сағат 23.59-ден кешіктірілмей тапсырылуы тиіс. Белгіленген мерзімнен себепсіз кешіктірілген жұмыс үшін қойылатын баға 50%-ға төмендетіледі. Себепті жағдайлар ескеріледі: алдын ала хабарлау, дәлелді анықтама болуы қажет. Академиялық этика Барлық жазбаша тапсырмалар плагиатқа тексеріледі. Плагиатқа қатаң тыйым салынады. Көшірілген жұмыс ӘжГҒМ-нің тәртіп комитетіне жіберіледі. НУ-да қалыптасқан академиялық этиканың жоғарғы стандарттарын бұлжытпай орындаған жөн. Бағалау Курс бойынша Сіздің үлгеріміңіз бен материалды меңгергеніңіз төмендегідей анықталады: Сабаққа қатысым – 7 %: Студенттердің аудиториядағы белсенділігі(шығарма талдау). Студенттер аудиторияда орындалатын барлық интербелсенді оқыту әрекеттеріне қатысуы керек. Ол үшін күнделікті тапсырма орындалып, берілген шығармалар, ғылыми әдебиеттер оқылып, талқылануы тиіс. Бір семестрде 8-10 шығарма оқылады. Студенттер тақырыпты игергені бойынша күнделікті бағаланып отырады. Сабақтағы белсенділік - 25%: (1-6 апта – 15%; 6-12 апта – 10%) Тест тапсырмасы. 1-7аптада өтілген материалды қорытындылау мақсатында тест алынады - 10%: Аралық бақылау. Студенттер білімінің ілгерілеу деңгейін бақылау мақсатында 1 аралық бақылау (ауызша презентация) жұмысы жүргізіледі. Тапсырылатын күннен кейін кешіктірілген әр күн сайын 5% пайыз шегеріліп отырылады. Презентацияның бағалау критерийлері қосымша беріледі - 10%: Топтық жұмыс. (Студенттерді топқа бөліп, оқытушы тарапынан арнайы жұмыс беріледі. Топтық жұмыстағы әрбір студент ең жоғары 8 балл ала алады. Топтық жұмыс студенттердің қалауы бойынша подкаст, бейнебаян, презентация форматында алынады. Семестрде 1 топтық жұмыс орындалады) - 8%: Жазба жұмысы (эссе, рецензия). Студент семестр барысында бір көлемді жазба жұмысын орындайды. Бірінші жазба жұмысы 1200 сөзден кем емес эссе түрінде алынады (10%) . Екінші, үшінші жазба жұмыстары Padlet, google.doc. арқылы аудиторияда орындалатын 300 сөз көлеміндегі шағын эссе (5%) . Жазба жұмыстары – 15%: Қорытынды емтихан: 25%. Қорытынды емтихан 25% ғылыми-зерттеу жұмысынан тұрады. Семестр соңында турнитин арқылы қабылданатын жазбаша жұмыс 2500 сөз көлемінде болады. Қорытынды бағалау рейтинг жүйесі:
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР (Бұл күнтізбелік жоспар оқытушы тарапынан өзгертілуі мүмкін)
Қосымша №1 Жазбаша жұмыстың бағалануы Барлық жазбаша жұмыстар бағаланады. Берілген бағалардың түсініктемелері төменде көрсетілген.
Қосымша №2. Жоба жұмысының безендірілуі: Барлық жазбаша жұмыстар (зерттеу эссе) APA форматы мен үлгісін ұстануы керек. Егер ол жайында білгіңіз келсе, мына сілтеме арқылы қарауыңызға болады: https://owl.english.purdue.edu/owl/resource/664/01/ Барлық жазбаша жұмыстарға міндетті: Times New Roman, 14 пт Аралық 1 интервал үстіңгі және астыңғы жақтарынан – 2 см; сол жағынан – 2 см және оң жағынан – 2 см қалдырылып теріледі. Қосымша №3. Ауызша презентацияны бағалау параметрлері: Слайд саны – 5-10, баяндау уақыты – 5 минут жұмыстың нақты құрылымға негізделуі: жоспар, кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім; соңында әдебиеттер тізімі. Баяндау шеберлігі – 5 % тақырыпты негіздеу тапқырлығы: шығармашылық қабілеттің байқалуы, сандық (статистикалық) ақпарат беру немес мониторинг жасау; негізгі бөлімнің дәйектелуі: ақпараттық талдау қабілетінің байқалуы; қорытынды бөлімнің тұжырымдалуы: түйіндей білу қабілетінің байқалуы; сауатты ұсыныстардың дайындалуы: біліктілікті таныту қабілетінің байқалуы; мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді, тұрақты тіркестерді қолдану; паразит сөздерді қолданбау, басқа тілдердегі сөздерді араластырып шұбарламау маңызды. Слайдтар мен видеожазбалардың сапасы –4 % слайдтардағы жазуды анық көрсету; тақырып мазмұнына сәйкес суреттер мен кестелер қолдану; видеожазбалардың сапасы мен тақырыбы жоба мазмұнына сәйкес болуы маңызды (уақыттың 5 минут екенін ескеру керек!) Аудиториямен байланыс орната білу – 1 % тақырыпты мазмұндаудың алдында сұрақтар қою; викторина ұйымдастыру; жобаны қорғау аяқталған соң 4-5 сұрақтан тұратын ойын түрінде (тест нұсқасы: дұрыс/бұрыс жауапты таңдау, төрт жауаптың бірін таңдау, қысқа жауап алу және т.б.) Эссені бағалау Бағалау әдеби эссе түрлерінің барлығын қамтиды.
Көркем шығарманы талдауды бағалау критерийлері Көркем туындыны талдау әдебиетті оқудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Талдау жұмысы студенттерден талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Туындыны жан-жақты талдау көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Талдау барысында студенттер төмендегі жайттарға назар аударуы тиіс. Студент білімі, белсенділігі осы талаптарға сәйкестігіне байланысты бағаланады. Студенттің автор ізімен талдау жасай алуы. Бұл талдауда мәтіндегі автордың негізгі ойын, мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады – 9% Студент көркем шығарма сюжеті, композициясы, яғни мазмұн мен форма жүйесін талдауға ерекше назар аударады – 9% Көркем шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай алуы– 9% Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдай алады(басты кейіпкерге сипаттама беру, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін салыстыру т.б) – 9% Мәтіннің жанры мен стилін анықтай алуы – 9% Бейнелеу құралдарының қызметін түсіндіре алуы – 9% Мәтіндегі тұжырымдарды өз білімі мен құндылықтарын ескере отырып бағалай алуы – 9% Студенттің сөйлеу сауаттылығы, тіл байлығы, шығармашылық қабілеті – 9% Әдеби терминдерді пайдалана отырып, ойдың жүйелілігін сақтайды – 9% Өз пікірлерін үнемі мәтінге жүгіне отырып дәлелдей білуі – 9% Өз талдауының түйінін айтып, мәселенің шешімін ұсынады – 9%. |