Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету .

  • Міндеттері

  • Зерттеу жұмысының болжамы

  • Зерттеудің өзектілігі

  • Қорытынды

  • Қолданылған әдебиеттер тізімі.

  • жоба азаматтық және патриотизм. 2.орытынды осымшалар Пайдаланылан дебиетттер Масаты


    Скачать 27.09 Kb.
    Название2.орытынды осымшалар Пайдаланылан дебиетттер Масаты
    Дата17.11.2022
    Размер27.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлажоба азаматтық және патриотизм.docx
    ТипДокументы
    #793587

    Мазмұны

    Кіріспе

    1.Негізгі бөлім

    І. Жалпыадамзаттық құндылықтар, азаматтық патриотизм: ұғымы, мәні, сипаты.

    ІІ. Патриоттық тәрбие берудің діңгегі – ұлттық сананы қалыптастыру

    2.Қорытынды

    3.Қосымшалар

    4.Пайдаланылған әдебиетттер

    Мақсаты:

    Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында білім алушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету.

    Міндеттері:

    Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғышарттарын негіздей отырып, “патриотизм“, “ұлтжандылық“, “Қазақстандық патриотизм“, “жалпыадамзаттық патриотизм“, “патриоттық тәрбие“, “патриоттық құндылық“ ұғымдарының мәнін ашып көрсету.

    Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындау, патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастыру

    Оқушылардың санасына патриоттық іс-әрекетке құштарлық сезімін оятатын моральдік-саяси кәсіби және мінез-құлық қасиеттерін сіңіру

    Зерттеу жұмысының болжамы: Егер рухани дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту патриоттық тәрбиені қалыптастыру негізінде және оны патриоттық құндылықтарды оқушыларға игерту арқылы жүзеге асып, ал патриоттық тәрбиені дамытудың қайнар көздері сан алуан екендігіне біз ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді талдау барысында көз жеткізсек, онда ұлттық тәрбиені дұрыс насихаттап, жан-жақты дамыған өз елінің жанашыр патриотын тәрбиелей аламыз.

    Зерттеудің өзектілігі: Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ.

    Патриотизм (грек тілінен аударғанда – отандас, патриот – атамекен) – Отанға деген махаббатпен, жеке мүддені ел мүддесіне бағындырумен мазмұндалатын өнегелі және саяси қағида, әлеуметтік сезім.

    Патриотизм өз еліне және азаматтығына, тіліне, дәстүріне тиесілігін сезінетін ерекше құбылысы. Патриотизм ұғымын Отанға деген жүректі тулатар қатынаспен байланысты, бірақ патриотизмнің ішкі мәні туралы ойы әр адамда әр түрлі. Сол себепті адамдардың бірі өздерін патриотпын деп ойласа, екіншілер олай ойламайды. Қазақстан өзін егеменді мемлекет деп жариялағаннан бері патриотизм сұрағы Президентімізді үнемі толғандыруда. Еліміздің Президенті Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Ю.Бромлейдің «Ұлттық сана – адамның өзінің осы ұлттың өкілі екендігін, ұлт мүддесі мен құндылықтарын және басқа ұлттарға көзқарасын сезініп, түсіну, бір сөзбен өзінің кешенді ұлттық ұғымын қалыптастыру» деген сөздерінде үлкен ой жатыр. «Патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық–мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз-жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді» . Осыған байланысты сабақ берудің ең негізгі мақсаттарына төмендегілер кіреді. Бірінші – танымдық, екінші – тәрбиелік, үшінші – дамытушылық. Осы мақсаттарды орындау үшін, өз тәжірибемізде тарих және әдебиет сабақтарында оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ізденіс жұмыстары мен алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету бағытында жұмыс жүргізіп келеміз.



    Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру- үлкен қажеттілік екендігі жан-жақты негізделген.

    Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі жалпы бiлiм беретiн қазiргi мектептiң даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негiзгi компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері: мотивациялық-тұлғалық (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруге деген қызығушылығы), мазмұндық-когнитивтік (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруі), іс-әрекеттiк-бағалаушылық (патриоттық құндылықтардың тұлғаның бойында нақты көрініс беруі) сияқты тәрбие процесiнiң логикасы мен құрылымын нақты бiлу және дұрыс пайдалану көзделді.

    Соған сәйкес мектеп оқушыларына арнайы тәрбиелік іс-шаралар мен зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын.

    Қорытынды
    Қазақстан Республикасының әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралағанда төмендегiдей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:

    1.ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер «патриотизм» ұғымын нақтылау мен жетілдіруді қажет етеді. Жаңа әлеуметтік қатынастар, әлемдегі жаһандану үрдісіне сай патриотизм ұғымы жалпыадамзаттық тыныштық пен бейбітшілікті сақтауға бағытталады. Патриотизмнiң дамып, қалыптасуының тарихи алғы шарттарын айқындай отырып, тұлғаның бойында Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері мәдениеттану, аксиологиялық, өркениеттiк, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, жүйелілік тұғырлар тұрғысынан сараланды.

    2. Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында патриотизм, патриоттық тәрбие ұғымдарына, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға ғылыми теориялық тұрғыда талдау жасай келе, “Патриоттық құндылық”, “Жалпыадамзаттық патриотизм”, “Қазақстандық патриотизм”, “Ұлттық патриотизм” ұғымдарына ғылыми-педагогикалық тұрғыда анықтама берілді.

    3. “Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері” тұлғаның бойында “Қазақстандық патриотизм”, “патриоттық құндылықты” қалыптастыруда негізгі орын алады. Тұлғаның бойында патриоттық құндылықтар олардың білімге, қоршаған әлеуметтік ортаға, табиғатқа, еңбекке, өзіне қатынасы арқылы көрініс беретіні тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нақты нәтижелерімен дәлелденді.

    Қолданылған әдебиеттер тізімі.



    1. https://asu.edu.kz/ сайты. Парасаттылық мектебі.

    2. https://bilimdiler.kz/ сайты. Әдеп үйірме сабағының күнтізбелік жоспары. Р.К. Асипова.

    3. Ә.Табылдиев. «Тәрбие өрнектері» Алматы «Мектеп» 1989ж

    4. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы,2006ж.

    5. Халықтық педагогика - даналық мектебі. Аманова Ғ.Алматы,2012ж

    6. Григорьева Т.Г., Линская Л.В., Усольцева Т.П. Основы конструктивного общения. Методическое пособие для преподавателей. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. Ун-та; М.: Совершенство, 1997


    написать администратору сайта