Главная страница
Навигация по странице:

  • Серік, сен Айнұрдың үстеліне не қоясың Мен, міне, мынаны қоямын, – дейді Серік. Бұл қалай аталады

  • «Ғажайып қап»

  • Үстел үсті ойындары

  • Сендер қалай ойлайсыңдар мына кесінді қай картинканікі

  • Сөздік ойындар

  • «Құстар»

  • ойын. 3-4 жас ойын. 34 жастаы балалара арналан ойындар Заттармен ойналатын ойындар уырша Айгл таматанып отыр


    Скачать 25.19 Kb.
    Название34 жастаы балалара арналан ойындар Заттармен ойналатын ойындар уырша Айгл таматанып отыр
    Дата15.03.2023
    Размер25.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3-4 жас ойын.docx
    ТипДокументы
    #992424

    3-4 жастағы балаларға арналған ойындар

    Заттармен ойналатын ойындар
    «Қуыршақ Айгүл тамақтанып отыр»

    Дидактикалық міндеттері. Балаларда асхана ыдыстары туралы білімдібекіту, тілдерін белсендіру; қуыршаққа қамқорлық қатынасты, тамақтану

    кезінде мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу.

    Ойын ережесі. Түскі ас үшін ыдыстар дұрыс таңдалса, балалар алақандарын соғады, егер қате болса саусақтарымен сес көрсетеді.

    Ойын әрекеттері. Қуыршақты тамақтандыру үшін ойыншық үстелді әзірлеу дастархан жабу, ыдыстарды, орындықтарды қою, қуыршақты үстелге отырғызу.

    Ойынның барысы.Ойын топ бөлмесінде өткізіледі. Үстелде ыдыстар тұр: шайлық, асханалық, асүйлік. Қуыршақ Айгүл үстел басында отыр.

    • Балалар, Айгүлді тамақтандыру керек, – деп тәрбиеші қуыршақ отырған үстелді көрсетеді. – Мына жерде ыдыстар тұр (жанында тұрған үстелді көрсетеді). Қазір ойынды былай ойнаймыз: үстелге түскі асқа не керек соны ғана қою керек. Тәрбиешінің ретпен шақыруы бойынша балалар келіп, тиісті заттарды табады. Егер затдұрыс табылса, онда барлығы алақандарын соғады, қате болса, саусақтарымен сес көрсетеді.


    • Серік, сен Айнұрдың үстеліне не қоясың?

    • Мен, міне, мынаны қоямын, – дейді Серік.


    • Бұл қалай аталады?

    • Сорпаға арналған шұңғыл тәрелке.

    Басқа балалар қолдағандарын білдіріп алақандарын соғады, ал Серік қуыршақтың алдына тәрелке қояды.

    Балалар тәрбиешінің сұрауы бойынша қуыршақты тамақтандыруға не қажет болса, сол заттардың барлығын табады: тәрелкелер (сорпаға арналған үлкен және ұсақ), шанышқы мен қасық (үлкен және кіші), нан салғыш, кесе, балалар олардың аттарын атап, үстелге әдемі етіп орналастырады. Әрбір дұрыс орындалған әрекеттерден соң балалар алақандарын соғуды ұмытпайды. Ойынның соңында тәрбиеші балалардан Айнұрға асын дәмді болсын деп айтуды сұрайды, ал балалардың біреуіне қуыршақ тамақтанып болған соң үстелдің үстін жақсылап жинауды тапсырады.

    «Ғажайып қап»

    Дидактикалық міндеті. Балаларды заттардың өзіне тән белгілері бойынша тануға үйрету.

    Ойын ережесі. Сипау арқылы таныс затты табу. Затты қаптан алып, тек ол туралы айтылған соң  ғана оны көрсету; егер зат дұрыс аталмаса, суреттеу бойынша танылмаса онда қапты ашпау.

    Ойын әрекеттері. Затты сипалау; зат туралы жұмбақтарды шешу.

    Ойынның барысы. Тәрбиеші ойынды ұйымдастыра отырып, балаларға таныс заттарды таңдайды. Барлық зат балаларға жақсы көріну үшін оларды жартылай шеңбермен отырғызып, қысқаша әңгіме өткізеді. Содан кейін, бірнеше баладан заттың аталуын қайталауды, оның неге керек екеніне жауап беруді өтінеді.

    Тәрбиеші балаларға:

    • Қазір біз ойнаймыз. Қазір мен кімді шақырсам, сол келіп, менің қапқа салған затымды табуы керек.

    Мағжан, үстелде жатқан барлық затты жақсылап қарап ал. Есіңде сақтадың ба? Енді теріс қара! Мен қапқа ойыншық саламын, ал сен менің қандай ойыншық салғанымды табасың (қапқа ойыншықты салады). Мағжан, енді қапқа қолыңды сал. Онда не жатыр? Сен дұрыс атадың ба? Ал енді Мағжан балалардың арасынан біреуін шақыр, ол да менің қапқа қандай ойыншық салғанымды табуы керек.

    Барлық зат аталғанша, ойын жалғаса береді.

     

    Үстел үсті ойындары

    «Картинканы құрастыр»

    Дидактикалық міндеті. Балаларды тұтас затты жеке бөліктерден құрастыруға жаттықтыру; ерік-жігерін, мақсатқа талпынуын тәрбиелеу.

    Ойын ережесі. Таңдауда қателеспеу. Кім басқалардан бұрын жинап, өз картинкасын атап айтса, сол жеңеді.

    Ойын әрекеттері. Жеке бөліктерді қарастырып, тұтас картинка құрастыру.

    Ойынның барысы. Қорапта әр түрлі заттар бейнеленген тұтас картинкалар болады: жеміс-жидектер, ойыншықтар, өсімдіктер. Екінші қорапта дәл осы картинкалар төрт бөлікке бөлініп салынған. Тәрбиеші балаларды картинкалармен таныстырады. Олар картинкада не бейнеленгенін атап айтады. Сосын кейін картинканың жеке бөлігін көрсетіп, балалардан сұрайды:


    • Сендер қалай ойлайсыңдар мына кесінді қай картинканікі?

    • Алмұрттікі, – деп жауап береді балалар.

    Тәрбиеші картинканың жеке бөлігін тұтасқа орналастырады.

    • Ал енді алмұрттың басқа бөлігін табайық.

    Балалар тәрбиешімен бірге алмұрттың жарты бөліктері бейнеленген картинканы тауып, тәрбиешіге береді. Барлық жеке бөліктер табылып, тұтас картинканың қасына қойылған соң, тәрбиеші балаларға:

    • Балалар, қараңдаршы, тұтас алмұрт шықты. Қазір мен сендерге картинка беремін. Айманға алманы, Берікжанға қызанақты. Айжан сен өз картинкаңды тап! Жанбекке сәбізді беремін. Картинка қайда жатыр? (Осылайша барлық бала бір-бір картинкадан алады). Ал енді жеке бөліктерден тұтас картинка құрастырыңдар. Бөлінген картинкалар үстелде жатыр.

    Іздеу, табу, табылған жеке бөліктерді орналастыру үрдісінің өзі балаларды қызықтырады.

    Ойынды кубик, пирамида және т.б. заттарды пайдалана отырып та өткізуге болады.

     

    Сөздік ойындар

    «Тап, кім шақырды»

    Дидактикалық міндеті. Есту анализаторын жаттықтыру, балалардың өз құрбы-құрдастарына достық қатынастарын, зейінін, есін, бірігіп ойнауға деген тілектерін тәрбиелеу.

    Ойын ережесі. Балаларға қарамай кім шақырғанын тек дауыс бойынша табу, оның атын дұрыс атау. Дауысын өзгертпей, атын қатты айту.

    Ойын әрекеті. Кім шақырғанын іздеу.

    Ойынның барысы. Балалар шеңберде тұрады. Тәрбиеші ойын ережесін түсіндіреді:

    • Бүгін біз балаларды дауысы бойынша табамыз. Сендер бір-бірінің дауысыңды білесіңдер ме? Нұрым, Адинаны шақыра ғой! Адина, сен, Жанбекті шақыр! Балалар, Нұрым мен Адинаның дауысы әр түрлі ме?

    • Иә, – деп жауап береді балалар.

    • Бірақ оларды сөйлегенде көрдік.

    Ал ойынды табатын балалар көзін жұмады да, тек дауысы бойынша кім шақырғанын тауып оның атын айтады. Осыдан кейін тәрбиеші ойыншылардың біреуін қасына шақырады. Ол келіп, көзін жұмады (немесе балаларға арқасымен қарап тұрады), ал жүргізуші ойынға қатысушылардың бірінің қасына келіп, белгі береді, ол оның атын қатты дауыспен айтады.

    • Кім сені шақырды? – деп сұрайды тәрбиеші.

    Кімді шақырды, сол досының атын атайды. Барлық бала ойынға қатысқанша ойын жалғаса береді.

    Осы ойынды балалар бір-бірін жақсы біледі және аттарын естерінде сақтайды. Ойын балаларды бір-біріне жақындастырады, сондықтан оны жылдың басында өткізген дұрыс.

     

    «Құстар»

    Дидактикалық міндеті. Балаларды сөзі мен әрекетін сәйкестендіре білуге жаттықтыру; балалардың тілін белсендіруді жалғастыру.

    Ойын ережесі. Құс болып жүрген балалар өз әрекетін тақпақтың сөздерімен сәйкестендіруі керек. Құстар өз қалауымен басқа құстарды таңдай алады.

    Ойын әрекеті. Құстардың қозғалысын келтіру: жаңа құстарды таңдау; құстарды бейнелейтін бас киімдерді қолдану.

    Ойынның барысы. Тәрбиеші балаларға құстар туралы тақпақ оқып береді.

    Кімнің құс болғысы келеді? (Кім ойнағысы келеді, соларға тәрбиеші құстың бас киімін кигізеді). Бәріміз бір шетте орындықтарға отырып, қарайық, құстар қалай ұшады, сосын қалай қонады, қалай бір-бірінің қасына отырады, қайтадан кері ұшады.

    Балалар мен тәрбиеші тақпақты айтып отырады, ал құстар соған сәйкес әрекеттерді орындайды. Содан кейін олар жаңа құстарды таңдайды, осылайша ойын жалғаса береді. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

     

     


    написать администратору сайта