Руханият. руханият жауап (копия). 3. Аылды адамдар,деген кімдер
Скачать 35.3 Kb.
|
3.Ақылды адамдар,деген кімдер Ақылды адам деп көп оқыған,білімді адамды айтпайды.Ақылды адам деп парасатты,сезімдерін с анасына жеткізе білетін ,көрген білгені көп адамды айтады. 5.Ғылымның дамуы қоғам жақсаруына қандай әсер етеді Халықтың тұрмыс жағдайының жоғары деңгейге көтерілуімен тікелей байланысты,әрі ел экономикасының дамуы және қоғамның тұрмыс жвғдайының артуы тұрғысынан да маңызы зор 8 не үшін мемлекетімізде руханиятқа үлкен мән берілуде?Мемлекетімізде адамдардың жақсы жасауы,қоғамның белсенді мүшесі болуы үшін материалды және рухани өмір мәселелеріне үлкен мән берген.Себебі қоғамның материалды және рухани өмірі адамдардың материалды және рухани қажеттіліктерімен табиғи байланысты түрде жүзеге асқан. 15.Рухани қауіпсіздік анықтамасына сиппаттама бер? Рухани қауіпсіздік адамның рухани экологиясын қорғау,қоғамның ең маңызды өлшемдерін қорғайтын шарттар жүйесі.Бұл өлшемдерден шығу қоғамның біртұтастығын бұзады,оның рухани адамгершілік негіздерін құртады. 24. Сеніңазаматтықборышыңнелердентұрады? Ана Отанды ұлты мен халқын сүйеді және оны аялауды қасиетті азаматтық борышы деп біледі. 25. . Сабырсияқтыұғымдардыңжігерменқандайбайланыстылығыбар? жігер адамның ішкі және сыртқы ұмтылулары , әртүрлі жағдайда да психологиялық тере теңдік сақтауға негіз болатын рухани қасиет .Сабыр деген бар жоғы аздап сәтті болмағандықтан азғындаушылық жарасынан құлап бара жатқан адамға адамгершілік пен жомарттық пен қарауы. 26. . Кемеладамқандайсапаларғаиеболуыкерек? Жауабыңдынегіздепбер. Кемел адам толық ақыл ойы толысқан кісі .діни ілімдер кемел адам кісілікке жат қылықтар әбден арылып тазарған ,ішкі жан дүниесі ағарған асыл адам . Мұндай жағдайда кемел ұрпақты өсіру,кәмелетке жеткізу мемлекетіміздің үстем міндеттерінің бірі. 27Немқұрайдылық, еріншектік, жауапкершіліктісезінбейтін, біреудіңақысынанқорықпау, өтірікшілсияқтыіндеттерадамдардыңболшағынақандайәсеретеді? .Қайсы қоғамда ілімсіздік надандық бар болса,ол жерде қасиетті құндылықтар құрып бітеді, адамның мазмұны мен маңызына зиян келтіреді .28. Өлкемізойшылдарыныңбілімалутуралыбілдіргенпікірлерінтоптастыржәнеолардыңмазмұнынайтыпберугеәрекетжаса. Білімді және өнерлі адам зерек ақыл мен сұлу әдеп иелері бұл дүниеде мазмұнды және берекелі өмір салтын жасап басқаларға ғибрат өнегелі болады. 29. . Қандайадамдардыжоғарымәдениеттіадамдардейміз? жоғары мәдениетті адам еркін және азат қоғамда жасаудан мүдделі болып , өзінің қоғамға пайдасы тиуін қоғамда абыройлы орын нешеуі үшін ұлтжандылык көрсетеді . 30. Руханиятпенағартуұғымдарынбір-бірінебайланыстырыптүсіндір Ағарту руханиятқа алып келетін жол оны қалыптастыратын құралы Ағарту ұлт тарихының ажырамас құрамдық бөлігі болып есептеледі. 32. Егер адам өте бай, әдемі, көркемболса, ол адамды шынайы, дана деп aтауға боладыма? Жауабыңды дәлелдеп бер. .Бай болсын ,кедей болсын адамдар бірдей бола бермейді. 33. . Адамның білімді болу ілімі неде? .Адам руханият тты білімді болуды қамтамасыз етеді.Ағарту жолында әркім өз қабілеті дарыны ұмтылуына қарай белгілі дәрежеге жетеді 34.Тек өнерді иелеп, ілім иелемеген адам білімді бола алады ма? Ағарту жолында әркім өз қабілеті дарыны ұмтылуына қарай белгілі дәрежеге жетеді. 35. Тұлға имиджі, ұйым имиджі, оқушы имиджі дегенде ненітүсінесің? Қандай сыртқы бейнелеркөз алдыңа келеді? . Сыртқы түр ,бейне бұл белгілі тұлға ,ұйым яки басқа әлеуметтік объектке қарағанда адамдар санасында қалыптасқан бейне. 36. . Бабалар мұрасын күтіп ұстау қандай қасиеттер қатарынакіреді? Ұлы ата- бабаның құнды мұрасы және қызметтерін терең қадірлейтін және сақтайтын жұртына халқына шыр көңілден қызмет ететін жан жақты кемелі адам болып табылады. 37 . Ұлттық дәстүрлер дегенде нені түсінесің? .Олар арқылы әрбір ұлттың белгілі дәуірдегі өзіне тән ерекшелігі ,әдебиеті және басқа саладағы қол жеткізілген нәтижелер мен жетістіктері кейінгі дәуірлерде жасап жатқан ұрпақтарға жеткізеді. 38. Немқұрайдылық,ысырапшылық,мақтаншақтық, дөрекіліксөздерін қалай түсінесіз? Қазіргі қоғамда шынайы мәдениетінің белгісі орынсыз салтанат емес . керісінше ұстамдылық қанағатшылдық жақсы қасиеттердің бірі. 39 «Үлкендергеқұрмет және кішіге ізет» нені білдіреді? .Бұл дегеніміз үлкенді үлкендеу!пішіні кішілеу сыйлау дегенді білдіреді. 40. Жанұялық жасампаздық ұғымына сипаттама бер. Жанұя деген туысқандар арасындағы кіші топ .Озат елдің қатарына кіру үшін жанұя жасампаздығы на қайырлы жұмыстар жүргізілуде. 43 . Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуына әсері. .Жаһандану жағдайын мемлекетіміз ұлттық мүдделерді қорғау қауіпсіздігі мен тұрақтылығы қамтамасыз ету ,тәуелсіздікті бекемдеу әрқашан да қажет маңызға ие. 44. . Жаһандану дәуірінің ұлттық руханияттың дамуына әсері. Халықтың педагогика халық арасындағы тәрбиенің мақсаты мен міндетін халық арасында үстем болған көзқарастарда тәрбие мен оқытудың халықтық құрал мен іскерлік педагогикалық білімімен халық бұқарасы тәжірибесінің алаңы. 45. 46. . Халықтық педагогикалық мәдениет туралы түсінік. Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Халықтық педагогика отбасылық тәрбиеден басталып, ел — жұрт, ауыл – аймақ, тіпті барлық халықтық қарым қатынастан берік орын алған тәлім — тәрбиенің түрі. . Педагогикалық мәдениет халықтар арасында өмірге қатысты болып келеді. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Өзінен дәрежесі жоғары адамдармен санасу, оларға тағзым жасау. Қыз бала мен ер бала тәрбиесінің екі түрлі болуы және т.б. атап өткен орынды.. 70. Дәстүр, әдет-ғұрып пен ырымдардың тәрбиелік маңызы. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдетғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары,саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқа тез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсықарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келген қонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын. Дала тұрғындарының дәстүрлі әдет-ғұрыптарының бірі — асар. Онда ауыл тұрғындары ешқандай ақы алмастан бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп береді. Мәселен, олар біреудің қысқы баспанасын немесе мал қорасын салып беруге, сондай-ақ құдығын қазып беруге жұмыла көмектеседі. Асар ауылдас отырған рулас адамдардың туысқандығы менынтымақ бірлігінің жарқын көрінісі болып табылады. Асарға шақырылғанда оған бармай қалу әдепсіздік саналатын. Қазақтар XX ғасырдың бас кезінде осы әдет-ғұрыпты пайдаланып көптеген жерлерде зайырлы мектептер және мешіттер салып алды. Әрбір қазақ суға кетіп бара жатқан адамға жәрдем қолын созуға, қиналған адамның өтінішін орындауға, шөлдеген адамға сусын беруге міндетті. Рулас адамдар жоғалған немесе ұрланған малды бірлесе іздеген. Дала тұрғыны өтемөте мұқтаж, кейінге қалдыруға болмайтын шұғыл міндетті орындау қажеттігі туған жағдайда кез келген қазақтың жылқы қосынан ат ұстап мініп кете беруге құқықты болған. Бұл үшін ат иесінен рұқсат сұрау міндетті емес-ті. Ондай кезде көлік беруден бас тартқан адамға ат-тон айып салынған және ол туралы жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасқан. 72. Дәстүрлі тәрбие мәдениетіндегі отбасының орны. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. 73. Қазақ отбасындағы тәрбие қағидалары мен дәстүрлері. балалар мекемелері жөніндегі халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балаларды еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми – техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. 74. Қазақ отбасы тәрбиесінің дамуына жаһандану үдерісінің ықпалы. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. 65.«Дәстүрлі тәрбие» түсінігінің мәні мен мазмұны. Қарыны тоқтық Қайғы жоқтық Аздырар адам баласын, - деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі қоғамдық мәселелердің, рухани азғындаудың, қылмысқа апарар іс-әрекеттердің басты себепкері – қамсыздық болып отыр. Соңғы заң бұзушылық статистикасының көрсетуі бойынша, азаматтық, қылмыстық актілерге қайшы қылықтарды көбінде жұмыссыздар тудырады екен. Бұл дегеніміз жұмыссыздық ғана басты мәселе емес, сол жұмыссыздықтың салдары да әлемнің бас қатыратын сұрағына айналып отыр деген сөз. Дегенмен, жұмыссыздық екі қолға бір күрек таба алмау емес, ол дегеніміз еріншектік және жеңіл келетін ақша қызығу. Яғни, еңбек етудің толық мәнін түсінбеу. Еңбек – нан табу, күн көру жолы ғана емес, тұлға ретінде қалыптасудың діңгегі. Мәселен, таң сәріден ақшам сөнгенге дейін тер төккен адамда жамандықты ойлауға, өсек айтуға, біреудің ісіне араласуға, мұрша болмайды, қылмысқа баруға себеп те жоқ. Ал ол қызметін төзіммен жалғастырса, көп үйреніп, тәжірибе жинап, сол саланың майталманына айналады, жетістікке жетеді. Міне мұндай жанды халық құрметтейді, үлгі алуғы тырысады. Осылайша ол ел алдында белгілі тұлға ретінде қалыптасады. Мәселен, әлемдегі миллионерлердің жеңістеріне көз салсақ, кеңестеріне құлақ түрсек, еститініміз бір ғана сөз - «еңбек». Осы орайда ойымызды қазақ нақылдарымен көмкерер болсақ, «еңбек түбі жеңбек» деген түйінді көреміз. Жалпы, бабалардың ізімен жеткен, аналардың тезінен өткен дәстүрлі тәрбиенің негізгі концепциясы – еңбек арқылы тұлға қалыптастыру. Бүгінгі білім беру тілімен айтқанда теорияның ажырамас сыңары болған практика арқылы жетілу. Заман ағымымен оқу-тоқудың да шарттары өзгеріп отырары хақ. Яғни, бұл күндері бірінші теория, содан барып оны практикада іске асыратын болса, бұрындары білімді практика арқылы, яғни өмір тәжірибелері арқылы жинаған. Өзіміз білетіндей көшпелі өмір салтына байланысты ертеректе балалар мектепке бара алмады, медресені де толық оқи алмады. Дегенмен, олардың өмірден жинағаны біздің университеттен жинағанымыздан артық болмаса, кем емес-ті. Сөзімізді дәйектей түссек, бүгінде оқушылар, студенттер білім мекемелерінде биология, химия, география деген пәндерді оқиды, бірақ шөп түгілі ағаштың түрін де ажырата алмайды, аң түгілі төрт түліктің де жасын атай алмайды. Себебі, нақты әрекет жоқ. «Көзден кетсе, көңілден кетеді» дейді дана бабаларымыыз, күнделікті қолмен ұстап, көзбен көрмегеннен кейін көкейінде де сақтай алмайды. Білім еңбек арқылы санада бекітіледі. Үйде туып, түзде өскен бала табиғатқа жақын болады. Әрбір шөптің емдік қасиетін, кез-келген ағаштың физикалық ерекшелігін біледі. Қай ағашты музыкалық инструменттер жасауға пайдаланатынын, қайсысынан ыдыс оюға болатынан, киіз үйге жарамдысын іріктеп, табиғат заңын бойлай отырып, кесіп алатын уақытын анықтайды. Жақсылап кептіреді, ыстайды, иеді не тезге салады. Мұның бәрі толып тұрған биологиялық, географиялық білім. Дайын сатып алатын өнім жоқ болғандығы себепті, керектінің бәрін қолдан жасайды, демек, бар уақытын қолөнерге жұмсайды. Осы процесстің өзінде қаншама тәрбие жатыр. Мәселен, жас талды кеспе, бұлақ көрсең көзін аш – бұл баланы табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Тіпті, осы қолөнерді үйретіп жатқан ұстазына (көбінде ата-анасы) деген құрметі қалыптасып, сыйлауды үйренеді. Адал еңбек еткен адам жалған сөйлеуден де ада болады. ал бәленің басы өтіріктен басталары анық 68. Дәстүрлі тәрбие мәдениетініңқайнар көздері: салт-дәстүр, әдебиеті үлгілері, өнер, дін. Дәстүрлі мәдениет - әлеуметтік не этникалық ортада дәстүр негізінде қалыптасқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар жүйесі. Осы жүйе негізінде әлгі әлеуметтік не этникалық қоғамдардағы тарихи сабақтастық жүзеге асып, кез келген ұлттың өзіндік бітім-болмысы сақталып қалады. Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаган өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет әзегін құрайды. Жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегөйлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ғасырлар бойғы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирас қалдырудың және оны жалғастырудың жалғыз ғана жолы еді. Азаматтық қоғам әлі қалыптаспаған тұстағы ырымдар мен әдет-ғұрыптардан қазіргі ұлттық мәдениеттің архетипін байқауға болады. Әдетте, дәстүрлі мәдениет уақыт ағымына, замана ырқына бағынбайды. Жас ұрпақ, жана буын мәдени дөстүрлерді өзгертуді мұрат тұтпайды да, әлеуметтік ортала берік орныққан салт-дәстүр адамдардың сапасына да уақыттан тысқарылық сезімін қалыптастырады. Осылайша ресми жоралғылар, жосындық үрдістер бұлжытпай сақталып, заң ретінде қабылданады. Әр ұлттың дәстүрлі мәдениеті оның тарихи даму барысында ұстанған діни сенімдері, дүниетанымы, мүдделері, тұрмыстық ерекшеліктері, өзге елдермен саяси, экон. және мәдени қарым-қатынастары негізінде қалыптасып, орнығадыҚай елдің болса да әдет – ғұрыпы, салт – санасының озығы бар, көнерген тозығы бар. Болашақ азаматтарды жан – жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор. Дәстүр мәдениетімен тығыз байланыста болады. Ата –ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік, сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады. «Бала тәрбиесі – баршаның ісі» деген ұлағатты сөзде керемет бір үлкен мағына жатыр деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Бала тәрбиесі жанұядан басталмақ» деген сөз ата – ана тәрбиенің күштілігін көрсетеді. 75. «Көп мәдениетті тұлға» туралы түсінік. Көп ұлтты және көп мәдениетті ортада белсенді,әрі тиімді өмір сүре алатын,өз халқының мәдениетін білетін,қастерлейтін,өзге мәдениеттерге құрметпен қарай алатын,елдегі басқа халықтармен ынтымақтастыққа өмір сүруге бейім азамат. 76. Көпмәдениеттілік және көптілділік. Қазақстанның көпмәдениеттілігі-қоғам дамуының озық факторы ретінде деп атап көрсеткен болатын. Елімізде мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі көптілдік екені дәлелденіп отыр. 77. Көп тілді білім беру жағдайында көп мәдениетті тұлға қалыптастыру жолдары. Көптілділік өзара байланысты және бір-біріне тәуелді әлем жағдайында жас ұрпақтың тәрбиелеудің әрекет етуші құралының бірі ретінде қарастырылады. 78. Көп тілділік – қазіргі жастардың көп мәдениеттілігін дамыту жолдары. Көптілді оқытудың өзектілігі жалпы әлемдік, экономикалық, мәдени және саяси аймақтарға кірігу үдерістері арқылы айқындалады 79. Қазіргі Қазақстан жағдайындағы үштұғырлы тіл моделі. «Үш тұғырлы тілдің», шын мәнінде, мемлекеттік тілге мүлде зияны жоқ. Бұл жерде мәселе сол стратегияны, сол саясатты дұрыс жүргізуде, жарқын болашақта нәтижесінің оң болуын қамтамасыз етуде болып отыр. Мәселен, Орыс тілі мен ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер міндетті түрде қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді өте жақсы білуі тиіс. Жоғары оқу орнында да ағылшын мен орыс тілін қазақ тілімен біріктіріліп ғана оқытылуы керек. «Үш тұғырлы тілді» тек мәдениетаралық қатынас негізінде қарап, ақпарат алмасу, білім үйрену, тәжірибе жинау үшін үйретіледі. 80. Көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы қоғамдық және ғылыми көзқарастар. 81. Көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының ролі. 82. Көп мәдениетті тұлғаны тәрбиелеудегі мектептің ролі. 83. Білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құрудың алғышарттары. 84. Этномәдени білім беру – қазіргі заман талабы. Тәуелсіз елімізде оқушыларға этностық-мәдени білім берудің әдіснамалық, теориялық және практикалық мәселелерін шешуде Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өкімімен мақұлданған «Қазақстан Республикасында мәдени-этникалық білім беру» тұжырымдамасының маңызы зор болды. 85. Этникалық мәдениет заңдары. Этникалық-мәдени және мемлекеттiк сәйкестiлiкке бiлiм беру жүйесi арқылы барынша тиiмдi қол жеткiзуге болады. Бiлiм беру - ұлттық сапаны қалыптастырудың, мәдени-тiлдiк мүдделердi жүзеге асырудың құралы ретiнде мынадай басты төрт функцияны атқаруға тиiс: - таратушылық (этникалық-ұлттық қоғамдастықтың тұтастығы мен жаңғыруын қамтамасыз ету); - дамытушылық (ұлттық сананы қалыптастыру және дамыту); - саралаушылық (адамның, этникалық топтардың ұлттық-мәдени қажеттiлiктерiн айқындау); - ынтымақтастырушылық (мәдениеттердiң өзара бiрлiгiн, өзара кiрiгуiн, өзара байытуын, жеке тұлғаның әлемдiк және ұлттық мәдениет жүйесiне байлауын қамтамасыз ету). 86. Этномәдени білім берудің әдіснамалық және теориялық тұжырымдары мен қағидалары. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан Республикасы адамның ұлтына қарамастан оның құқықтары мен бостандықтарын тануға, ұлттардың тең құқықтылығы мен этносаралық тұрақтылықтың сақталуына, қазақстандық патриотизмнің кеңінен тарап, халықтың этностық-мәдени мүдделерінің іске асуына бағытталды. 87. Этномәдени білім беру категориясы. Білім беру саласында да оң өзгерістер қанат жайды: жаңа типті оқу орындары өмірге келді, жаңа буын оқулықтары әзірленді, ұлттық тәлім бағдарламалары іске асырыла бастады, мектепке ұлттық құндылықтар орала бастады. 88. Этникалық ой-толғамдарды қалыптастыру тарихындағы ғұламалар идеялары. Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалықтеориялық мәселелерін терең қарастырған ғалым К.Ж. Қожахметова. Бұл зерттеулер автордың «Казахская этнопедагогика: методология,теория, практика» [4], «Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика» [5], т.б. еңбектерінде жан-жақты келтірілген. 89. Қазақстан халқының этномәдени қызығушылықтарын арттыру. Әртүрлі халықтар мәдениетіндегі ерекшеліктер. 90.Фольклордың танымдық, эстетикалық және утилитарлық (қолданбалы) қызметі. Танымдық негізде біз қазақ музыкалық фольклорының мынадай екі белгісін көрсетеміз: 1. Эстетикалық сипаты немесе шығармалардың көркемдік-композициялық ерекшеліктері. Фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклордың ең маңызды функциясы – эстетикалық және сейілдік. (Әлбетте, қажет болғанда идеологиялық міндет те атқарады) 91. Қазақ фольклорының поэтикасы мен тарихилық сипаты. Кез келген фолъклор үлгілері — нақты бір халықтың ортақ рухани-мәдени мұрасы. Олар сол халықтың көркем ойлау ерекшеліктерін — эстетикалык және тарихи талап-талғамдарын аңғартады. Тарихилығы. Музыкалык фольклор үлгілерінің көркемдік-поэтикалық ерекшеліктерімен қатар тарихилығы да айкын. Ол екі түрлі деңгейде: а) көркем шығармалардың (ән-күй) музыкалық тілінің қалыптасу кезеңдеріне, ә) тарихи тақырыптарға құрылған шығармалар ретінде көрінуі мүмкін. Фольклордың бұл ерекшеліктері ғылымдағы тарихилық принципі негізінде танылады. 92. Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі эпикалық дәстүр. Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған. Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған. 93. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.Орхон Енисей 94. Әбу-Насыр әл Фарабидің «Риторика» трактатында айтылған ой-тұжырымдардың құндылығы. білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. 95. Жүсіп Баласағұнның «Құтты біліг» жинағындағы шешендік шеберлік. Оның жалпы түрік тілдес халықтар тарихындағы əдебиеттану, тілтану, тарих, мəдени-тарихи қатынастар саласындағы алатын орыны, маңызы мен мəні аса зор. 103. Абай поэзиясының жанрлық қырлары, өлең құрлысы,сөз өрнегі. Aбaй лиpикacы көп бoлca дa, cюжeттi дacтaндapы aз. «Ecкeндip», «Мacғұт», «Әзiмнiң әңгiмeci» пoэмaлapы – көлeмдi шығapмa жaзyғa oйыca бacтaғaн кeзeңiн тaнытaтын eңбeктep. «Ecкeндip» пoэмacындa A.Мaкeдoнcкийдiң oзбыpлығын, coғыcқұмapлығын, дүниeқopлығын әшкepeлeйдi. «Мacғұт» – филocoфиялық пoэмa.Oның нeгiзгi тaқыpыбы жaй ғaнa мaxaббaт eмec, әлeyмeттiк өмipдiң қaйшылығы. Пoэмaның идeяcындa әйeлдi қoғaмның epлepгe тeң мүшeci дeп тaнy, oның әлeyмeттiк өмipдeгi opнын бaғaлay жaғынa көбipeк көңiл бөлiнeдi. «Әзiмнiң әңгiмeci» – «Мың бip түн» epтeгiciнeн aлынғaн бip yaқиғaның өлeңмeн жaзылғaн түpi. Aбaй өз дәyipiнiң кaпитaлиcтiк жoлмeн бaю пcиxoлoгияcынaн тyғaн жaлғaн мiнeзiн тoпшылaйды. Пoэмa aяқтaлмaғaн. Бұл үш пoэмaның peaлиcтiк epeкшeлiгi қaзaқ дaлacының бoлмыcын дәл cypeттeyiндe eмec, көлдeнeң oбpaз apқылы cынayындa. Ayдapмaлapы. Пyшкин шығapмaлapын ayдapyмeн Aбaйдың көбipeк шұғылдaнғaны – 1889 жыл. Бұл жылы «Eвгeний Oнeгиннeн» үзiндiлep күйiндe ceгiз өлeң ayдapaды. Oлapдың көбi – Oнeгин мeн Тaтьянa apacындaғы xaттap. Oлapдың xaттapын ayдapy apқылы Aбaй қaзaқ жaғдaйындaғы coғaн ұқcac тaғдыpлap мұңын жoқтaды. Тaтьянa cөзi қaзaқ дaлacынa ән бoлып тapaды Абай өлеңі — ақындықтың алуан құбылған мінезі. Сырғыған нұрдан сыр аулап кеудеге қуаныш жайылған сәт. Тылсымға қамалып, тығырыққа тіреліп, болымсызға болдырып отырған шарасыз күй 104 Абайдың қара сөздері. Абай Құнанбаевтың жазған қара сөздерінің тәрбиелік мәні өте зор. Біз одан үлкен ғибрат аламыз. Әр сөзі терең ойға, өзіңді, ортаңды тануға, жақсы қасиеттерді бойыңа дарытуға, жаманнан аулақ болуға жетелейді. Өмірде ар – ұят пен иманды қатар ұстау керек. Сонда адам баласы артына жақсы ұрпақ қалдырады. Ұят пен иман – адам өмірінің негізгі қасиеттерінің бірі. Адам баласының бақыты оның ар – ұяты таза болуында. Адамгершілік қасиеттер отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың іс - әрекетінің барысында бір – бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Халықта: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бар. Сондықтан адамгершіліктің іргетасы отбасында басталады. Абайдың қара сөздері Дүниенің тылсым сырларын тану: 7,19,31,38,43 Надандық, жалқаулық т.б. сынау: 3,6,8,11,18 Ар-ұят, адамгершілік: 5,9,36,11,18,24,4033 Еңбек: 2,4,25,42 Қазақ мақалдары: 5,6,37,39 Ғылым, білім, өнер: 23,32,33 Осы тақырыптық топтар бойынша қара сөздері бар 105.Абайдағы дін дүние таным мәселелері. Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте шаманизмдіктүйсіктер мен түсініктер басым болды. Қос дінділік қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан айқын байқалады.Шаманизмдегі негізгі категория-«Тәңірі», исламдағы - «Алла» қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмдетәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өміріңде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде - өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар болды. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды. Абайдың дін мәселелері құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады |