3-бөлім. Деректер базасы 8-сабақ
§3.1. Деректер базасы
Деректер базасы, жазба, өріс терминдерін түсінеді. Деректер базасының біздің өмірімізде алар орнын анықтайды.
Тақырып: Деректер базасы
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Алдыбаева Айзада Тохтарбековна
| Сынып:
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқыту мақсаттары
| 9.2.2.1 - деректер базасы, жазба, өріс терминдерін түсіндіру.
| Сабақтың мақсаттары
| Барлық оқушылар үшін:
Деректер базасы ұғымымен танысу.
| Көптеген оқушылар үшін:
Деректер базасының түрлерін анықтау.
| Кейбір оқушылар үшін:
Деректер базасын құруды қолданудың маңыздылығын түсіндіру.
|
Бағалау критерийі
| Деректер базасы ұғымымен танысады. Деректер базасының түрлерін анықтайды. Деректер базасын құруды қолданудың маңыздылығын түсіндіреді.
| Құндылықтарға баулу
| «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
| Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Деректер базасы-база данных-data bases, кесте-таблица-table, иерархиялық-иерархическая-hierarchical, жүйелік-системный-
systematical, нысан-объект-object, атрибут-attribute, жазба-запись- recording, өріс-поля-field, кілтті өріс-ключевое поле-key field
| Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
Біз үлкен көлемдегі ақпараттарды қалай сақтап, өңдейміз? Деректер базасы дегеніміз не? Деректер базасы маңызды рөл ойнайтын қандай салаларды айта аласың? Дәлелді мысал келтір. Деректер базасын құруға арналған қандай программаларды білесіндер?
| Жазу:
Деректер базасы туралы ойларыңды жазыңдар.
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика пәні бойынша кестелер, ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.
| Тірек білім, білік,
дағдылар
| Компьютерде нота жазу режімімен жұмыс жасайды.
| Жоспар
| Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Қосымша ресурстар
| Басталуы
3 мин
7 мин
| Сергіту жаттығуы
Оқушыларға аңдар, құстар және жәндіктердің суреті бар карталар таратылады. Мұғалім екі аяқтылар дегенде екі аяқтылар (қарлығаш, аққу, кептер т.б.) қол көтереді, төрт аяқтылар дегенде төрт аяқтылар (жолбарыс, қоян, қасқыр т.б.), көп аяқтылар дегенде көп аяғы бар (өрмекші, сегізаяқ т.б) болып қол көтереді.
Бұл іс-әрекеттен байқағанымыз «тірі табиғат» әлемі көптеген құрылымнан тұратындығы сияқты, әрбір ақпараттық мәліметтің өзіндік құрылымы бар.
Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау (жеке, жұпта,
топта, ұжымда)
Оқушылар жасап келген жобаларын тақтада қорғайды. 1-топ: «Программалық жабдықтамалар»
2-топ: «Қалай өзіме ең жақсы, ең арзан компьютер сатып аламын? Оқушылардың іс-әрекеттерін ауызша мадақтау, ынталандыру.
|
Интербелсенді тақта, слайд
| Негізгі бөлім
2 мин
| Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)
Біз үлкен көлемдегі ақпараттарды қалай сақтап, өңдейміз? Деректер базасы дегеніміз не? Деректер базасы маңызды рөл ойнайтын қандай салаларды айта аласың? Дәлелді мысал келтір. Деректер базасын құруға арналған қандай программаларды білесіндер?
Оқулықпен жұмыс
Мұғалімнің түсіндірмесі. Бейнежазба материалдары, слайд материалдарын қолдану арқылы көрсету. Оқушылармен бірге талқылайды. Кестемен жұмыс Дескриптор
Деректер базасы ұғымымен танысады. Деректер базасының түрлерін анықтайды. Жұптық жұмыс:
Деректер базасымен жұмыс жасау аса маңызды деп тапқан қандай салаларды айта аласыңдар? Талдау жүргізіңдер.
Мысалдар келтіріңдер.
|
Оқулық
|
|
|
7 мин
|
|
| Bilimland.kz
| 5 мин
|
|
| А4 парағы
| 5 мин
|
|
|
| Деректер базасы
| Деректер
базасының түрлері
| Кестелік деректер базасы
|
|
|
|
4 мин
|
Топтық жұмыс
Өздеріңнің күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктеріңе байланысты Иерархиялық және кестелік деректер базасын құрыңдар (сыныптың құрылымы, оқулық пен оқу құралдары және т.б.с.с. ) Дескрипторлар
Деректер базасының маңыздылығын тұжырымдайды Оқушылардың жұмыстарын «Сызғыш» әдісі арқылы бағалау. Сызғыш шкаласына оқушылардың аттарын жазу.
| Плакат, маркер
| Аяқталуы
6 мин
Рефлексия
|
Деректер базасы дегеніміз не? Деректер базасының қандай түрлері бар? Деректер базасында жазба және өріс деген не? Кестелік деректер базасын құрудың қандай ережелерін айта аласың? Деректер базасын өңдеуге арналған қандай программалық жабдықтарды атауға болады?
Не білдім? Не қызық болды? Үйден жасап көремін.
| Оқулық
| Үй тапсыр- масы
1 мин
| «Заманауи қоғамда деректер базасымен жұмыс жасаудың маңызы» тақырыбында ғылыми журналға мақала дайындау. Әртүрлі салалардағы деректер базасының маңызы: үкіметте, зауыттарда, банктерде, кітапханаларда,
ауруханаларда және т.б
|
|
Оқушылар:
9-сабақ
§3.2. Электрондық кестеде деректер базасын құру
Ехсel кестелік процессорын деректер базасы ретінде пайдалану. Тақырып: Электрондық кестеде деректер базасын құру
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып:
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу мақсаттары
| 9.2.2.2 - электронды кестеде деректер базасын құру.
| Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар үшін:
Электронды кесте, дерекқор ұғымын анықтау.
| Көптеген оқушылар үшін:
Электронды кестені деректер базасы ретінде қолдану.
| Кейбір оқушылар үшін:
Электронды кестеде деректер базасы құрылымының қажеттілігін түсіндіру.
|
Бағалау критерийі
| Электронды кесте, дерекқор ұғымын анықтайды. Электронды кестені деректер базасы ретінде қолданады. Электронды кестеде деректер базасы құрылымының қажеттілігін түсіндіреді.
| Құндылықтарға баулу
| «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
| Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Электронды кесте-электронная таблица-electronic spreadsheet, ұяшық-ячейка-cell, сан-число-number, формула-formula, жазба- запись-recording, өріс-поля-field, жұмыс парағы-рабочий лист- worksheet, функция- function, форма-form, тізім-список-list, ауқым- диапазон-range.
| Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Ехсel кестелік процессорында ұяшықтармен жұмыс жасаудың қандай өзіндік ерекшеліктері бар? Есіңе түсір. Әңгімеле. Кестелік процессордағы қарапайым дерекқорға не жатуы мүмкін?
Ехсel-дің қандай ерекшеліктері үшін оны дерекқор ретінде пайдалануды тиімді деп санайды?
| Жазу:
Электронды кестеде қатарлар мен бағандардың аталуын жазыңдар. Электронды кесте жұмыс парағын деректер базасы ретінде қолдануға қойылатын талаптарды жазыңдар.
| Пәнаралық байланыс
| Математикалық амалдар, ағылшын, орыс тіліндегі сөздер қолданылады.
| Тірек білім, білік,
дағдылар
| Электронды кесте, электронды кестеде деректер базасын құру.
| Жоспар
| Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Қосымша ресурстар
| Басталуы
3 мин 6 мин
| Ой сергіту
«Тұрғындар мен үйшік» ойыны
Екі оқушы бір-бірінің қолдарын жоғары көтеріп ұстап үйшік болып тұрады. Үйшіктің ішінде бір оқушы тұрғын болып тұрады. Мұғалім үйшіктер ауысады дегенде үйшіктер қолдарын жібермей ауысады. Тұрғындар ауысады дегенде тұрғындар ауысады, үйшік орнында қалады. Қателесіп ауысқан үйшік немесе тұрғындар ойыннан шығарылады.
Үй тапсырмасы. «Автор орындығы» әдісі
- Оқушылар «Заманауи қоғамда деректер базасымен жұмыс жасаудың маңызы» тақырыбында жазып келген мақаласын тақтадан орындықта отырып оқып береді.
Ауызша мадақтау, ынталандыру
| А4 парағы, орындық
| Негізгі бөлім 2 мин
| Миға шабуыл сұрақтарымен жұмыс жасау
Ехсel кестелік процессорында ұяшықтармен жұмыс жасаудың қандай өзіндік ерекшеліктері бар? Есіңе түсір. Әңгімеле. Кестелік процессордағы қарапайым дерекқорға не жатуы мүмкін?
| Оқулық
|
8 мин
5 мин
8 мин
| Ехсel-дің қандай ерекшеліктері үшін оны дерекқор ретінде пайдалануды тиімді деп санайды?
Оқулықпен жұмыс Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелікте берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.
Кестемен жұмыс Оқушылар кестедегі мәліметтерді толтырады.
Дескриптор
Деректер базасы ұғымын анықтайды.
Деректер базасын қолдану жолын салыстырады. Компьютермен жұмыс
Математика, геометрия, биология және физика пәндеріне қатысты қарапайым кестелік дерекқор құрыңдар. Мысалы, 2- суретке қараңдар. Құрастырып ұсынатын дерекқорларың төмендегі критерийге сай болсын. Жазбалар саны 10–15 аралығында, ал Өрістер саны 4–6 аралығында болсын.
Дескриптор
Компьютерде дерек қорын жасап ұсынады. Оқушылардың жұмыстарын смайликтер арқылы бағалау.
|
Компьютер
Смайликтер
| Аяқталуы
7 мин
Рефлексия
| Жазба, Өріс дегеніміз не? Ауқымы деп неге айтылады? Тізім дегеніміз не? Форма диалогтік терезесінің қызметі қандай? Форма диалогтік терезесін қалай Жылдам қолжеткізу панеліне қосуға болады? Форма диалогтік терезесінің батырмаларының қызметі қандай? Сыртқы көздерден деректерді қалай импорттауға болады?
«Екі жүрек, бір тілек» әдісі. Оқушылар сабақ туралы жақсы түсінген ақпараттарын және түсінбеген бір сұрақтарын айтады.
|
Оқулық
| Excel-дің жұмыс парағын деректер базасы ретінде қарастыру үшін қойылатын
талаптар.
| Excelде кестемен деректер базасы ретінде қалай жұмыс жасаймыз?
| Форма диалогтік терезесі.
|
|
|
|
Үйге тап- сырма 1 мин
| Мектеп кітпапханашысы ретінде «100 кітап жобасы» аясында 100 кітап тізіміне сұрыпталған қазақ көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетінің деректер базасын құруға көмектес. Төмендегі кесте бойынша осы тізімге лайық деп тапқан 10 кітаптың тізімін Форма көмегімен енгізіп (4-сурет),
«100 кітап» атауымен деректер қорын құрып, сақта.
|
|
Оқушылар:10-сабақ Қ/с
| Атауы
| Автор
| Шыққан
жылы
| Баспа
атауы
| 1
| Абай жолы
| Мұхтар Әуезов
| 2006
| Жазушы
| 2
| Қазақ солдаты
| Ғабит Мүсірепов
| 2007
| Жазушы
|
| ...
| ...
| ...
| ...
|
§3.3. Ақпаратты іздеу әдістері Ехсel кестелік процессорында деректерді іздеуді жүзеге асыру.
Тақырып: Ақпаратты іздеу әдістері
| Мектеп:
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
| Сынып:
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Оқу мақсаттары
| 9.2.2.2 -электронды кестеде деректер базасын құру.
| Сабақ мақсаттары
| Барлық оқушылар үшін:
Excel-де ақпарат іздеу мүмкіндігімен танысу.
| Көптеген оқушылар үшін:
Ехсel-де ақпарат іздеудің бірнеше әдістерін анықтау.
| Кейбір оқушылар үшін:
Ехсel-де ақпарат іздеуді қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.
|
Бағалау критерийі
| Excel-де ақпарат іздеу мүмкіндігімен танысады. Ехсel-де ақпарат іздеудің бірнеше әдістерін анықтайды. Ехсel-де ақпарат іздеуді қолданудың маңыздылығын тұжырымдау.
| Құндылықтарға баулу
| «Мәңгілік ел» идеясының құндылықтарын жүзеге асыру. Топта бірлесіп жұмыс жасау, бір-бірлерінің пікірлерін тыңдау, сыйлау.
| Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология:
Табу-найти- Find, Табу және ауыстыру-Найти и заменить-Find and replace, ұяшықтар диапазоны-диапазон ячеек-cell range, Іздеу алаңы-Область поиска-Search area, Тізім-список-List, Дереккөз- источник- source, ізделген мән-значение поиска-search value; қарастырылатын массив-рассматриваемый массив-considered array,
сәйкестендіру типі-тип идентификации-identification type, индекс- index.
|
| Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
-Күнделікті өмірде керекті ақпаратты қалай іздеп табасыңдар? Компьютерде ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір. Ехсel-де қажетті деректі қалай іздеп табуға болады?
| Жазу:
Табу қызметін пайдаланып, ақпаратты іздеу жолын жазыңдар. Табу және ауыстыру қызметін пайдаланып, ақпарат іздеуді жазыңдар.
Кестеде деректерді іздеу әрекетін жазыңдар.
| Пәнаралық байланыс
|
Математикалық амалдар, ағылшын, орыс тілінде сөздер қолданылады.
| Тірек білім, білік, дағдылар
| Деректер базасында ақпаратты іздеу.
| Жоспар
| Сабақ кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекет
| Қосымша ресурстар
| Басталуы
3 мин
7 мин
| Ой сергіту: «Кім екенін тап» ойыны
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей, өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады. Өзінің ұнамды- ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап араластырады да, арасынан біреуін алып дауыстап оқиды. Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
Алдыңғы білімді еске түсіру, пысықтау
«100 кітап жобасы» аясында 100 кітап тізіміне сұрыпталған қазақ көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетіне құрған деректер базасын тақтада түсіндіреді. Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау.
|
Интербелсенді тақта
| Негізгі бөлім 2 мин
7 мин
10 мин
| Ой қозғау сұрақтары: (жеке, ұжымда)
Күнделікті өмірде керекті ақпаратты қалай іздеп табасыңдар? Компьютерде ақпаратты іздеудің қандай жолдары бар? Есіңе түсір. Ехсel-де қажетті мәліметті қалай іздеп табуға болады?
Оқулықпен жұмыс
Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім жаңа материалды түсіндіреді.
Компьютерменжұмыс.
Ехсel -дің 1-парағының А, B, C бағандарына 1–20
қатар аралығын 1 мен 999 аралығындағы
|
Оқулық Bilimland.kz
Компьютер
|
5 мин
| кездейсоқ сандармен толтырыңдар. Төмендегі іздеулерді орындаңдар:
Барлық 7-ден басталатын сандарды іздеп тап. Барлық 5-тен басталатын және 9-бен аяқталатын 3 таңбалы сандарды тап. Барлық 2-мен басталатын сандарды 0- ге ауыстыр.
2. Мекеме жұмысшыларының 6 айлық жалақысы кесте түрінде берілген ( ). Кестедегі жұмысшылар мен ай атауларының тізімін жаса. Осы кестедегі
№5 жұмысшының сәуір айындағы жалақысын іздеуді ұйымдастыр.
Дескриптор
Электронды кестеде деректер қорын жасайды.
Топтық жұмыс:
Кестеде деректерді іздеу әдісін талдаңдар. Кестеде деректерді іздеуге арналған күнделікті өмірімізге қатысты тапсырманың жобасын ұсыныңдар.
Тапсырманы компьютерге теріңдер. ПОИСКПОЗ және
ИНДЕКС функцияларының қызметін қолданыңдар.
Дескриптор
Кестеде деректерді іздеу әдісін анықтайды.
Кестеде деректерді іздеуге тапсырмалар қарастырады.
Оқушылардың жұмыстарын бағалау парағына балл қою арқылы бағалайды.
|
А4 парағы
| Аяқталуы
5 мин
Рефлексия
| Ехсel кестелік процессорында ақпаратты іздеудің қандай әдістерімен таныстың? Найти и выделить командасының қызметі қандай? Ауыстырмалы таңба дегеніміз не? Қандай қызметі бар? Ехсel-де кестелік деректерді іздеудің қандай жолдары бар? ПОИСКПОЗ функциясының қызметі не? ПОИСКПОЗ функциясының қандай аргументтері бар? ИНДЕКС функциясы қандай жағдайда қолданылады? ИНДЕКС функциясының аргументтерін ата. Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Келешекте қалай қолданамын?
| Оқушының жұмыс дәптері
|
Үй тапсырмасы 1 мин
|
Өзің оқитын мектептің деректер базасын құрыңдар.
| Оқушы дәптері
| |