Главная страница
Навигация по странице:

  • 10%-тік 200 г қант шәрбатын 20%-тік 300 г қант шәрбатымен араластырды. Шыққан қоспаның (пайызбен алынған) концентрациясын анықтаңыз.

  • Қоймада сақталған бидайдың ылғалдығы 20% болған. Кептірілгеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептірілгеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз

  • 100 г ерітіндіде 1% тұз бар. Буланғаннан кейін тұз 2% болды. 2%-тік тұз ерітіндісінің массасын табыңыз.

  • Спирттегі йодтың 16%-тік ерітіндісінің 735 г бар. Йодтың 10%-тік ерітіндісін шығару үшін алғашқы ерітіндіге қосылатын спирттің массасын табыңыз.

  • Кептірілген қазтабан массасының 84%-ін жоғалтады. 8 кг кепкен қазтабан алу үшін қанша қазтабан жинап алу керек

  • Жаңа жұлынған саңырауқұлақтарды кептіргендн, ол өз салмағының 98%-ін жоғалтады. 4 кг кептірілген саңырауқұлақ алу үшін қанша жаңа жұлынған саңырауқұлақ қажет

  • 90%-тік суы бар 100 кг массадан 80%-тік судан тұратын масса алу үшін қанша суды құрғату керек

  • Массасы 0,5 т целлюлозаның 85%-і су. Құрамында 25% целлюлоза болу үшін қанша суды құрғату керек

  • Вен диаграммасы 1.

  • Концентрация. идеал дей. 3 кг суа 70%тік ккірт ышылы ерітіндісіні 9 кгы осылды. Пайда болан ерітіндіні концентрациясын анытаыз


    Скачать 28.2 Kb.
    Название3 кг суа 70%тік ккірт ышылы ерітіндісіні 9 кгы осылды. Пайда болан ерітіндіні концентрациясын анытаыз
    АнкорКонцентрация
    Дата14.05.2022
    Размер28.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаидеал дей.docx
    ТипДокументы
    #528284

    1. 3 кг суға 70%-тік күкірт қышқылы ерітіндісінің 9 кг-ы қосылды. Пайда болған ерітіндінің концентрациясын анықтаңыз.

    2. 18%-тік 2 кг тұз ерітіндісіне бір стакан (0,25 кг) су араластырған. Сонда тұз ерітіндісінің жаңа концентрациясын табыңыз (пайыз есебімен алғанда)

    3. 10%-тік 200 г қант шәрбатын 20%-тік 300 г қант шәрбатымен араластырды. Шыққан қоспаның (пайызбен алынған) концентрациясын анықтаңыз. 

    4. Тұз концентрациясын 3%-тен 20%-ке дейін азайту үшін 20 кг теңіз суына массасы қанша тұщы су қосу керек. 

    5. Қоймада 100 кг жидек бар еді. Тексере келгенде жидек құрамының 99%-і су екен. Біраз уақыт өткеннен кейін жидектегі су мөлшері 98%-ке дейін азайды. Сонда қалған жидек массасының қанша екенін табыңыз. 

    6. Қоймада сақталған бидайдың ылғалдығы 20% болған. Кептірілгеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептірілгеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз: 

    7. 100 г ерітіндіде 1% тұз бар. Буланғаннан кейін тұз 2% болды. 2%-тік тұз ерітіндісінің массасын табыңыз. 

    8. Теңіз суында салмағы бойынша бойынша 5%-тік тұз бар. 40 кг теңіз суына тұщы су құйылды және шыққан суда тұздың концентрациясы 2% боды. Қосылған тұщы судың массасын табыңыз. 

    9. Спирттегі йодтың 16%-тік ерітіндісінің 735 г бар. Йодтың 10%-тік ерітіндісін шығару үшін алғашқы ерітіндіге қосылатын спирттің массасын табыңыз. 

    10. 95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50 г-на 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын 100%-тік күкірт қышқылының массасын табыңыз. 

    11. Кептірілген қазтабан массасының 84%-ін жоғалтады. 8 кг кепкен қазтабан алу үшін қанша қазтабан жинап алу керек? 

    12. Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 15 л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5 % құрайтын болу үшін, қанша тұщы су құю керек? 

    13. Жаңа жұлынған саңырауқұлақтарды кептіргендн, ол өз салмағының 98%-ін жоғалтады. 4 кг кептірілген саңырауқұлақ алу үшін қанша жаңа жұлынған саңырауқұлақ қажет?

    14. 90%-тік суы бар 100 кг массадан 80%-тік судан тұратын масса алу үшін қанша суды құрғату керек? 

    15. Теңіз суында 5% тұз бар. Құрамында тұз мөлшері 2%болу үшін 80 кг теңіз суына қанша таза су қосу керек?

    16. Массасы 0,5 т целлюлозаның 85%-і су. Құрамында 25% целлюлоза болу үшін қанша суды құрғату керек? 

    17. Екі заттан тұратын салмағы 18 кг қоспа бар. Қоспадан 40% бірінші, 25% екінші затты айырып алғаннан кейін екінші зат қанша қалса, бірінші зат та сонша қалды. Қоспада әрқайсысынан неше кг зат бар еді. Жауабы: 8 кг, 10 кг 

    Вен диаграммасы

    1. Сынып оқушыларының 15-і футболды, 14-і үлкен теннисті және 13-і жүзуді ұнатады. Олардың жетеуі футбол және үлкен теннисті, бесеуі футбол және жүзуді, алтауы үлкен теннис және жүзуді, ал төртеуі осы үш спортты да ұнатады. Сыныптағы кез келген оқушы аталған үш спорттың кемінде бірін ұнатады. Сыныпта неше оқушы бар екенін анықтаңыз.
    A) 26 B) 24 C) 30 D) 25 E) 28
    2. Сынып оқушыларының 17-сі алманы, 15-і өрікті және 14-і шиені ұнатады. Олардың алтауы өрік және шиені, бесеуі өрік және алманы, жетеуі шие және алманы, ал екеуі осы үш жемісті де ұнатады. Сыныптағы кез келген оқушы аталған үш жемістің кем дегенде бірін ұнатады. Сыныпта тек қана алманы ұнататын неше оқушы бар екенін анықтаңыз.
    A) 9 B) 7 C) 3 D) 6 E) 8
    3. Мектепте 37 оқушы музыка үйірмесіне қатысады. Үйірме оқушыларының
    22-сі домбыраны және 15-і скрипканы тарта алады. Олардың тоғызы домбыра және қобызды, жетеуі домбыра және скрипканы, алтауы қобыз және скрипканы, ал төртеуі осы үш аспапты да тарта алады. Үйірмедегі кез келген оқушы аталған үш аспаптың кем дегенде бірін тарта алады. Үйірмеде қобызды тарта алатын неше оқушы бар екенін анықтаңыз.
    A) 18 B) 22 C) 15 D) 17 E) 23
    4. Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды, 18 адам тоңазытқыш сатып алды. Олардың 9-ы тоңазытқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам тек теледидар ғана сатып алды? Неше адам тек тоңазытқыш сатып алды?
    A) теледидар – 10, тоңазытқыш – 9 B) теледидар – 11, тоңазытқыш – 5 C) теледидар – 13, тоңазытқыш – 7 D) теледидар – 13, тоңазытқыш – 6 E) теледидар – 8, тоңазытқыш – 15
    5. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және
    14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз.
    A) 10 B) 16 C) 20 D) 12 E) 25
    6. Немісше білетіндер жиыны А, ал французша білетіндер жиыны F болатындай төмендегі жиында көрсетілген. Элемент сандары төмендегідей болса,
    онда нұсқалардың қайсысы қате?
    A) Немісше білетіндер 10-ға тең. B) Тек французша білетіндер саны 8-ге тең C) Немісше және французша білетіндер саны 6-ға тең. D) Немісше немесе французша білетіндер саны 18-ге тең. E) Тек немісше білетіндер 4-ке тең.
    7. Сыныпта 15 оқушы көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Олардың ішінде 9 оқушы домбыра тартады, 10 оқушы өлең айтады. Неше оқушы домбыра да тартады, өлең де айтады?
    A) 4 B) 1 C) 3 D) 19 E) 34
    8. Мектептегі спорттық үйірмелерге 27 оқушы, математика үйірмесіне
    14 оқушы, музыка үйірмесіне 11 оқушы қатысады. Олардың ішінде 6 оқушы спорттық үйірмеге де, математика үйірмесіне де қатысады, ал 3 оқушы математика үйірмесіне де, музыка үйірмесіне де қатысады. Бір оқушы екі үйірмеге ғана қатысатын болса, аталған үйірмелерге мектептегі оқушылардың нешеуі қатысады?
    A) 41 B) 42 C) 43 D) 44 E) 45
    9. Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та ішті, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана шұбат ішкен қонақтар санын табыңыз.
    A) 7 B) 6 C) 9 D) 10 E) 8
    10. Сыныпта 35 бала бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?
    A) 5 B) 4 C) 6 D) 7 E) 3
    11.Суретші бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-сінде орман, 29-ында өзен, ал 13-де орманда, өзенде салынған. Қанша түсініңсіз сурет бар?
    A)12 B)25 C)29 D)13 E)9
    12.Бір айда 105 адам дәптер және 164 адам қалам сатып алды. Олардың 87-і дәптер де, қалам да сатып алды. Неше адам тек қана қаламды сатып алды?
    A)18 B)77 C)42 D)53 E)59
    13.Сыныпта 37 оқушы бар. Олардың 20-сы вокалға, 15-і биге және 7-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?
    А)9 В)5 С)6 D)7 E)8
    14.Сыныпта 30 оқушы бар. Олардың 22-сі спорттық үйірмеге, 11-і биге, 4-еуі екі үйірмегеде қатыспайды. Екі үйірмегеде қатысатын оқушылар саны жататын аралықты табыңыз.
    A)(12;16 ) B)(1;4) C)(10;14) D)(3;5) E)(2;12)
    15.Сыныпта 28 бала бар. Олардың 14-і вокалға, 10-ы биге және 3 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?
    A)5 B)7 C) 4 D)3 E)6
    16.Сыныпта 32 оқушы бар. Олардың 17-сі вокалға, 15-і биге және 5-еуі екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын оқушылар саны қанша?
    А)6 В)5 С)4 D)1 E)3
    17.Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға,19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?
    А)6 В)3 С)4 D)1 E)5
    18.Би үйірмесінде 30 адам бар. Олардың 20-ы вальсті жақсы билейді, 17-і румба биін, ал 14-і вальсті және румба биін жақсы билейді. Осы 30 адамның арасында вальсті де румба биін де билей алмайтындар санын анықтаңыз.
    А)5 В)9 С)3 D)4 E)7
    19.Бір аптада дүкеннен 19 адам теледидар сатып алды. 18 адам мұздатқыш алды. Олардың 9-ы мұздатқыш та, теледидар да сатып алды. Неше адам теледидар ғана сатып алды?
    A)10 B)11 C)12 D)13 E)8
    20.Сыныптағы оқушылардың 18-і араб, 16-сы түрік тілін үйренеді. Осы оқушылардың 7-і араб және түрік тілін бірге үйренеді. Сыныптағы барлық оқушылардың санын табыңыз.
    А)26 В)32 С)27 D)30 E)28
    21.6- сыныпта 25 бала қазақша жақсы біледі, 20- сы орысша, ал 18 бала орысша да, қазақша да сөйлейді. Сыныпта барлығы неше бала бар?
    А)27 В)28 С)26 Д)30 Е)29
    22.Сыныпта 35 оқушы бар. 20 оқушы математика үйірмесіне, 11 оқушы биология үйірмесіне қатысады, ал 10 оқушы ешқандай үйірмеге қатыспайды. Математика мен биология үйірмелерінің екеуіне де қанша оқушы қатысады?
    А)9 В)10 С)6 D)7 E)8
    23.100 жинаушының 70-і ескі тиын, 75-і белгілер, 80-і сіріңке қорабының этикеткасын және 85-і марка жинайды. Жинаушылардың кемінде нешеуі 4 затты да жинайды
    А)35 В)25 С)20 D)15 E)10
    24.Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде бір ғана ағылшын тілін білетін неше қызметкер екенін анықтаңыз.
    A)10 B)16 C)20 D)12 E) 25
    25. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілді де біледі. Мекемедегі кез келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз.
    A)41 B)36 C)33 D)45 E)30
    26. Қонақтардың 16-сы қымыз, 19-ы шұбат, 14-і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та, 4 қонақ қымыз да, айран да, 6 қонақ шұбатта, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана қымыз ішкен қонақтар санын тап.
    А)7 В)9 С)10 D)6 E)8
    27. Алдыңғы есептегі тек қана шұбат ішкен қонақтар санын табыңыз.
    А)7 В)9 С)10 D)6 E)8
    28. Алдыңғы есептегі қонақтар санын табыңыз.
    А)34 В)31 С)38 D)32 E)30


    написать администратору сайта