Күні:
Сынып: 5
| Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Табиғи және жасанды заттар
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 5.3.3.1 кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіру
|
Сабақтың мақсаттары
| Оқушылар:
кейбір табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіре алады
|
Бағалау критерийлері
(дағдылар: білу және түсіну; қолдану)
| Оқушы оқу мақсатына жетеді егер:
Кем дегенде табиғатта түзілген үш затты және кем дегенде жасанды жолмен алынған үш затты атайды
|
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар:
табиғатта түзілген және жасанды жолмен алынған заттарға мысалдар келтіріп, олардың түзілуін физикалық және химиялық құбылыстардың нәтижесі ретінде түсіндіре алады
Лексика мен терминология:
Табиғи заттар, заттардың түзілуі, жасанды заттар, заттарды алу
Диалог/жазылымға арналған сөздер/сөздер тіркестері:
Табиғи заттарға … жатады
Физикалық/химиялық құбылыстың нәтижесі … заттар болып табылады
Жасанды заттарды ... үшін алу керек
Синтетикалық заттардың табиғи талшықтармен салыстырғандағы артықшылықтары/кемшіліктері ...
|
Құндылықтарды қалыптастыру
| Өмір бойы білім алу, өз атқарған жұмысына жауапкершілік, ұжым/командада жұмыс істей алу
|
Алдыңға білім
| «Табиғаттану пәнінен» оқушылар кейбір заттардың қасиеттерімен және қолданылу аймақтарымен таныс.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
1-2 мин
3-13 минут
| Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау, оларды түгендеу. Үй тапсырмасы. «Миға шабуыл» сұрақтары:
Суда еру деңгейіне қарай заттар қалай жіктеледі? Суда ерімейтін заттарға мысал келтір? Жақсы еритін заттарға нелер жатады? Заттардың суда ерігіштігін қалай жылдамдатуға болады? Концентрацияланған ерітінді дегеніміз не? Химиялық элементтер қалай жіктеледі? Металдарға нелер жатады? Металдарға қандай қасиеттер тән? Металл еместер нелер жатады?
|
Оқулық, дәптер
|
Сабақтың ортасы
14-18 минут
19-27 минут 28-35 минут
| (М) Көрсетілім үстеліне пластмасса, шыны, гранит, бор, көмір, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері, басқа да табиғи және жасанды материалдардың үлгілері қойылады.
Оқушылардан осы заттарды екі топқа бөлуін және қандай белгі бойынша бөлгендерін сұрау. Талқылаудан кейін оқушыларға кейбір заттар табиғатта, ал кейбіреулері жасанды жолмен алатындығын нақтылау. Осылай жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты айтылады.
Жеке жұмыс. Оқушыларға §22 оқуға беріледі.
§22 оқып шыққан соң тақтада және оқушылардың дәптерлерінде келесі кестені толтыру:
Зат
| Табиғи
| Жасанды
| Алыну жолы
| Қант
| +
|
| Химиялық
| Бензин
|
|
|
| Мақта
|
|
|
| Пластмасса
|
|
|
| Ағаш
|
|
|
| Кір жуғыш ұнтақ
|
|
|
| Тұз
|
|
|
| Шыны
|
|
|
| Резина
|
|
|
| Алтын
|
|
|
| Су
|
|
|
| Көмір
|
|
|
|
| пластмасса, шыны, бор, мақта, резеңке, маталардың бірнеше түрлері
|
Сабақтың соңы
36-40 минут
|
Жаңа сабақты бекіту
Табиғи заттар дегеніміз не? Пластмассадан жасалған заттардың ағаштан немесе темірден жасалған заттардан қандай артықшылығы бар? Табиғи және жасанды заттардың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады.
Үйге тапсырма. § 22 оқу мазмұндау, анықтамаларды жазу, табиғи және жасанды заттарға мысалдар жазып келу
Оқушыларды бағалап шығу.
| Оқулық, дәптерлер
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ма?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ма?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма? Неліктен?
|
|