Главная страница
Навигация по странице:

  • Кумарин дигидрокумарин Табиғатта кездесетін кумариндер

  • 2. Төмендегі моносахаридтердің муторатациясын жазыңыз: а) ксилоза; б) рибоза

  • 32 билет Алкалоидтарды бөлу және сапалық анықтау жолдарын талдаңыз. Алкалоидтар дегеніміз

  • 2. Төмендегі моносахаридтердің муторатациясынжазыңыз: а) манноза; б) ксилоза

  • Химия природных соединений. билет. 31 билет Кумариндер. Классификациясы. сімдікте таралуы


    Скачать 497.07 Kb.
    Название31 билет Кумариндер. Классификациясы. сімдікте таралуы
    АнкорХимия природных соединений
    Дата18.12.2021
    Размер497.07 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабилет.docx
    ТипУрок
    #307906

    31 билет

    1.Кумариндер. Классификациясы. Өсімдікте таралуы.

    К умариндер – 5,6-бензо-α-пирон (кумарин) – цис-орто-гидроксициннам қышқылының лактонына негізделген қанықпаған ароматты лактондар болып табылатын табиғи органикалық қосылыстардың класы. Табиғатта кумариндер, мына топтарға бөлінеді: кумарин, изокумарин, дигидрокумарин, фурокумариндер.Кумарин - ұшқыш компонент. Изокумариндерде оттегі атомы екінші және үшінші көміртегі атомының арасында орналасады.



    Кумарин дигидрокумарин

    Табиғатта кездесетін кумариндер:



    Табиғатта кумариндер және фурокумариндердің туындылары көп кездеседі. Олар жәй күйінде және гликозидтер түрінде де кездеседі. Сандық мөлшері өсімдіктің әр түрінде 0,2% -тен 10 %-ке дейін болады. Кумариндер өсімдіктің түбірінде, жемісінде көп болады; ал жапырағы мен сабағында аз мөлшерде болады.Кумариндер - өсімдіктердің өсуін реттейтін ингибиторлар, оларды кейбір аурулардан, сонымен қатар ультракүлгін сәуледен қорғайды. Кумариндер және фурокумариндер балықтарға у болып табылады. Кумарин жер құрттарына және кроликтерге наркотикалық әсер етеді, қой, ит және жылқыларға у болып саналады. Құрамында кумаринді қосылыстары бар кейбір өсімдіктер халық медицинасында қолданылады, сонын бірі ас қорыту мүшесінің хроникалық бұзылуында. (Донник лекарственный, конский каштан т.б.)

    2. Төмендегі моносахаридтердің муторатациясын жазыңыз:

    а) ксилоза; б) рибоза



    32 билет

    1. Алкалоидтарды бөлу және сапалық анықтау жолдарын талдаңыз.

    Алкалоидтар дегеніміз – белгілі физиологиялық белсенділігі бар негіздік қасиет көрсететін, құрамында азоты бар органикалық заттар.Олар өз атауын араб тілінен “al-qali” – сілті (щелочь).Алкалоидтар негізгі өсімдіктерден бөлініп алынады, соңғы кездері зерттеушілер оларды синтездеп те алып жүр. Алкалоидтар бұрынғы заманнан белгілі жоғарғы фармакологиялық активтілігі бар, медицинада қолданылатын табиғи қосылыстардың бір тобы. 17 ғасырдың ортасында хинин деген алкалоид малярия ауруын емдейтін препарат ретінде қолданылды. Бұл зат “Хинин” - хин ағашының қабығынан алынған алкалоид.Қазіргі кезге дейін 10000 астам алкалоидтардың құрылыстары белгілі. Оларды тривиальды аттары бойынша атайды, яғни қандай өсімдіктен бөлінді сол өсімдіктің аталуынын алғашқы түбіріне “- ин” жұрнағы жалғанады. Мысалы, мына заттардың аттары бөлінген өсмдіктің аталуына байланысты берілген, никотин – табактың жапырағынан (Nicotiana tabacum L.), ал кокаин – кокаинның жапырағынан (Erythroxylon coca Lam.) Алкалоидтар өсімдіктің құрамында тұздар ретінде болады. Олар медициналық препараттардың барлық фармакологиялық топтарында бар, мысалы: көпке танымал жүрек – тамырларынм арналған заттар (резерпин), спазмолиттік заттар (кофеин), ұйықтатқыш және наркотикалық препараттар (кокаин, морфин), ісікке қарсы препараттар (колхамин, винбластин). Алкалоидтардың көп болғанымен, олардың құрылыстарының әртүрлі болуы ғалымдардың арасында алкалоидар классына бірдей классификацияны енгізуге мүмкіндік бермеді. Кейбір ғалымдар гетероциклдің табиғатына байланысты бөлсе, ал кейбіреулері алкалоидатрдың бөлінген өсімдіктерінің тұқымдас түрлеріне қарай классификациялайды. Алкалоидтардың құрылымы әртүрлі, олар жәй алкилароматикалық аминдерден бастап бір немесе бірнеше алкалоидтарға тән, құрылымында 1-ден 4-ке дейін азот атомдары бар өте күрделі конденсирленген гетероциклдік жүйелерге дейін болады, сол себептен алкалоидтардың классификациясы күрделі

    1. Пирролидинді, Пиридинді және Пиперидинді алкалоидтар

    2. Молекуласында гетероциклі жоқ алкалоидтар

    3. Пуринді алкалоидтар

    4. Конденсирленген пиперидинді және пирролидинді сақинасы бар алкалоидтар

    5. Хинолизидинді алкалоидтар

    6. Хинолинді алкалоидтар

    7. Изохинолинді алкалоидтар

    8. Индолды алкалоидтар

    9. Дитерпенді алкалоидтар

    10. Стероидты алкалоидтар

    2. Төмендегі моносахаридтердің муторатациясынжазыңыз:

    а) манноза; б) ксилоза



    написать администратору сайта