Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтың аты-жөні Күні

  • Сабақтың тақырыбы: Виртуалды шынайылықтағы адам О

  • Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар

  • Көптеген оқушылар

  • Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау

  • 11 сынып Инф 12. 3D модельдеу Педагогты атыжні


    Скачать 277.19 Kb.
    Название3D модельдеу Педагогты атыжні
    Дата20.09.2022
    Размер277.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла11 сынып Инф 12.docx
    ТипДокументы
    #686248

    Қысқа мерзімді жоспары

    Бөлім

    3D модельдеу

    Педагогтың аты-жөні




    Күні




    Сынып

    Қатысушылар саны




    Қатыспағандар саны




    Сабақтың тақырыбы:

    Виртуалды шынайылықтағы адам

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


    11.2.4.2 - виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың психикалық және физикалық денсаулыққа әсері туралы

    айту

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар:

    Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адам денсаулығына әсері туралы біледі;

    Көптеген оқушылар:

    Виртуалды шынайылықтың адам денсаулығына тигізетін оң және теріс әсерін санамалап көрсете алады;

    Кейбір оқушылар:

    виртуалды және кеңейтілген шынайылыққа әсер ету салдары туралы пайымдай алады.


    Сабақтың барысы:


    Сабақтың кезені/ уақыт

    Педагогтың әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    1.Оқушылармен амандасу.

    2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

    3.Үй тапсырмасын тексеру.

    Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
    ҚБ: жұлдыз / 2 балл/


    1.Мұғаліммен амандасады.

    2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

    3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

    4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

    5.Бағалайды.

    Жұлдыз

    2 балл


    Жұмыс дәптері

    Сабақтың ортасы


    Педагог бүгінгі сабақтың мақсаттарымен таныстырады:

     виртуалды және кеңейтілген шынайылықтың адамның психикалық және

    физикалық денсаулығына ықпалын;

     виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларының даму болашағын

    білетін боласыңдар.

    Оқулықпен жұмыс

    – Бұқаралық ақпарат құралдарынан, көркем әдебиетте және түрлі

    интернет ресурстарда иммерсивтілік деген ұғымды естіген шығарсың. Көптеген

    сарапшылар: «Иммерсивті есептеулердің жаңа дәуірі басталды» деген пікірде.

    Соңғы 30 жылда технологиялар керемет дамыды. Біз қаншама

    жыл компьютерді басқару үшін пернетақтамен тінтуір қолдандық. Смартфондар

    дәуірінде «сырт еткізіп басуға», «саусақпен жұмыс істеуге» және «сөйлесуге» болатын

    «ақылды» экрандардың пайда болды.

    Педагог мәтінді бөліктерге бөліп оқытып, әр бөлікке түсіндіру жұмысын жүргізеді:

    Білу және түсіну

    Ақпаратты «Инсерт» әдісі бойынша оқу. Топтағы оқушылар мәтінді оқып, арнайы белгі

    қойып отырады:

    + - мұны білемін;

    – - мен басқаша ойлағанмын, бұл менің ойлағаныма қарама-қарсы болып шықты;

    v – мен үшін бұл жаңа нәрсе;

    ? – маған бұл түсініксіз, түсіндіру, нақтылау қажет.

    Топтың спикері оқылған нәрсенің мәнін түсіндіреді. Мұғалім оқушылармен сөйлеседі.

    Мәтіннің түсініксіз жерлерін түсіндіреді.

    Жұптық жұмыс:

    №1 тапсырма: Ұсынылған нұсқалардың қайсысы виртуалды және кеңейтілген

    шынайылықтың негізгі бағытына жатпайды?

     Мобильді ойындар, нұсқаулыұтар;

     «Сатып алмас бұрын зерделе», қызметтер жайлы ақпарат.

     Навигация, қосылған орам.

     Шынайылық – нақтылық құрылымдарын түсіну, мәліметтерді өңдеу.

     Геолокациолық білім, аударма.

    №2 тапсырма: Виртуалды шынайылықтың пайдалы және пайдасыз жақтарын

    Белгіле


    Деңгейлік тапсырмаларды орындайды:

    А деңгейі. Виртуалды «өмірдің» оң және теріс жақтарын салыстыр.

    В деңгейі. Елордамыздың көрнекті жерлері бойынша виртуалды тур жаса және алған

    әсеріңді жол жазбасы ретінде жаз. Мына интернет-ресурсын қолдануға болады:

    http://city3d.kz/nash-gorod/

    С деңгейі. «Виртуалды ойынға деген тәуелділіктің алдын алу» тақырыбына буклет жаса.

    ДК-мен практикалық жұмыс. Топтық жұмыс

    Оқулықтан алынған материалды оқу, ДК-мен мұғалім дайындаған қосымша материалды

    қарау, топтың атынан бір адам сөйлеуге (постер немесе слайдтар) дайындалады:

    1. Күнделікті өмірге виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды ендірудің қауіп-

    қатерлерінің қаншалықты екенін талқылаңдар.

    2. «Виртуалды және кеңейтілген шынайылықтардың бағыттары» бойынша 2-суретіне өз

    пікіріңді білдір. Оған тағы не қосу керектігін айт, сонан соң оны топта талқылаңдар.

    Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату

    1. Зерттеу және ойын-сауық салаларында виртуалды технологияларды қолдануды

    дамытуға не кедергі болып тұр?

    2. Білім беруде виртуалды және кеңейтілген шынайылықтарды қолданудың тиімділігі

    туралы өз ойыңды айт. Оқу үдерісін қызықты, тартымды ету үшін виртуалды және

    кеңейтілген шынайылықтарды қалай қолдануға болатындығына ұсынысыңды білдір.

    3. Ұсынылған сызбаны қарастырып, өзара әрекеттесу технологияларын дамытудың

    келесі кезеңін болжа.

    Мұғалімді тыңдайды

    1-тапсырманы орындайды


    2- тапсырманы орындайды

    3-тапсырманы орындайды




    Презентация


    Сабақтың соңы

    1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

    2.Кері байланыс: «Смайлик»

    барлығын түсіндім

    менде сұрақтар қалды

    Өзін-өзі бағалау.




    Плакат /слайд/

    Үй тапсырмасы

    Виртуалды шынайылықтағы адам










    написать администратору сайта