4 саба Таырыбы Трансферазалар жне лиазалар
Скачать 20.88 Kb.
|
№4 САБАҚ Тақырыбы:Трансферазалар және лиазалар. Негізгі өкілдері, кездесетін орны, катализдік әсері. Жеке өкілдерді анықтаудың клиникалық маңызы. Оксидоредуктазалар: Дегидрогеназалар: пиридиндік, флавиндік ферменттердің және убихинонның құрылысы мен ролі. Цитохромдар, каталаза, пероксидазалар, оксигеназалар. Сабақтың соңында студенттер қабілетті болады: 1.Трансферазалар, лиазалардың құрылысындағы ерекшеліктерін, катализдік әсерін сипаттауға. 2.Трансферазалар мен лиазалардың коферменттерінің құрамына кіретін витаминдердің рөлін сипаттауға. 3. Трансферазалар класы ферменттерінің диагностикалық маңызын сипаттауға. 4. Оксидоредуктазалар класының әр тобының ферменттерінің құрылыс ерекшеліктерін және катализдік әсерін сипаттауға. 5. Дегидрогеназалар мен цитохромдардың тотыққан және тотықсызданған түрлері туралы түсінік беруге. 6.РР және В2 , С витаминдерінің коферменттік қызметін қарастыруға. Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор: Міндетті: 1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 74-80, 93-102, 105-109, 290-293, 360-363, 437-440 б. 2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014. – 56-66 p., 86-87,175-176,247-249 p. 3.Энзимология негіздері /К.О.Шарипов, А.Е.Есімжан,М.С.Байбулова –Алматы:2015-146 б. Электронды ресурстар: 1. Ферменты https://youtu.be/g4rFwV2GzGA 2. Типы ферментов https://youtu.be/AD3-v1oKjSk Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: 1.Трансферазалар класы туралы түсінік. Жіктелуі. 2. Қандағы аминотрансферазаларды ( АЛТ және АСТ мысалында) анықтаудың маңызы (ағылшын және орыс тілінде). 3.КФК- ны анықтаудын диагностикалық маңызы. 4.Лиазалар. Жалпы сипаттамасы, негізгі топтары. 5.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары. Мультиферменттік комплекстің құрамы, коферменттері ( В1, В5, РР витаминдері). 6.Амин қышқылдарының декарбоксилазалары. Биогенді аминдер туралы түсінік. 7.Карбоангидраза. СО2-ны тасымалдаудағы ролі. 8.Оксидоредуктазалар. Жіктелуі. 9.Дегидрогеназалар, жіктелуі, негізгі өкілдері. 10.Цитохромдар, жалпы сипаттама, жіктелуі. 11.Оксигеназалар, каталаза, пероксидаза – құрылысы, ролі. Сабақты өткізу форматы: Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау 2 сұрақты қамтиды: Ауызша талдау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша (кесте толтыра отырып) жүргізіледі. Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері: білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%). Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu платформасында ауызша және жазбаша сұрау. БОӨЖ тапсырмалары: Кесте толдыру, жаттығуларды орындау Лиазалар Трансферазалар
Оксидоредуктазы
1. Науқастың қанмен зәріңде амилазаның белсенділігі өте жоғары.Дәрігер қай мүшенің зақымдануы мүмкін деп ойланады? 2.Науқастың қанында альдолазаның белсенділігі өте жоғары.Дәрігер қай тіңдердің зақымдануы мүмкін деп ойланады? 3.Науқастың қанында сілтілі фосфотазаның белсенділігі өте жоғары.Дәрігер қай мүшелермен тіңдердің зақымдануы мүмкін деп ойланады? 4.Науқастың қанында қышқылды фосфотазаның белсенділігі өте жоғары.Дәрігер қай мүшелердің зақымдануы мүмкін деп ойланады? 5. ПЖҚ-ң декарбоксилденуі кезінде бір жағдайда сірке альдегиді, ал екінші жағдайда – ацетил-КоА түзіледі. Декарбоксилдену реакцияларының айырмашылығы неде? 6.Пиридин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз. 7.Флавин ферменттерінің коферменттерінің формулаларын жазыңыз. 8.Қандай цитохромда гемоглобиннің геміне ұқсас гем бар? Гемнің формуласын жазыңыз, рационалды атын атаңыз. 9.А тобы цитохромдарының бір-бірінен айырмашылығы неде? 10.А тобының цитохромдарының С тобының цитохромдарынан айырмашылығы неде? 11.КоQН2 тотыққанда не болады? 12.Цитохромс1 гемінің формуласынжазыңыз. 13.Цитохром с-дан цитохром а3-ке дейін электрондарды тасымалдауда цитохром а-ның биологиялық рөлі. Неліктен кері бағытта электрондардың тасымалдануы жүрмейді? БОӨЖ-ді бақылау: ОСӨЖ-дің сұрақтары ағымдағы (бағдарламалық) және аралық бақылаудың сұрақтарына енгізілген (сұрақтар тізімі әдістемелік нұсқауларда келтірілген) және тапсырманың орындалғанын тексеру (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%) БОӨЖ-дің сұрақтары аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген. Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында. БӨЖ тапсырмалары: 1. «Ферменттерді ауруларды диагностикалауға және емдеуге қолдану»- тақырыбы бойынша орыс тілінде эссе дайындау. 2. «Энзимопатиялар» тақырыбы бойынша эссе дайындау. БӨЖ-ді бақылау: бағалау формативті (кері байланыс түрінде; жақсартылуы мүмкін). БӨЖ сұрақтары аралық және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген. ҚО кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында |