ТУП. 4 жас ТУП. 4тарау. Ересек топ (4 жастаы балалар) 1параграф. Физикалы асиеттерді дамыту
Скачать 46.74 Kb.
|
220. Қоршаған ортамен таныстыру. 221. Бала, оның отбасы, үй. Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір-қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу. Отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасындағы үлкендерді сыйлауға, құрмет көрсетуге, кішілерге қамқорлық жасауға, отбасын, отбасылық дәстүрлерді бағалауға баулу. Жақын туыстарын білуге, олардың есімдерін атауға үйрету, отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелер, салт-дәстүрлер туралы әңгімелеу, өзінің жақындарына мақтаныш сезімін білдіру. 222. Заттық әлем. Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді жетілдіру. Қоршаған орта заттары, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Қазақ халқының ұлттық киімдерімен, әшекейлерімен таныстыру. Көлік түрлерінің қолданысын (әуе, су, жерде жүретін көліктер) ажырата білу, оның түрлері және қолданылуы машинаның жабдықтарына байланысты екені туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) білу, телефон, компьютер, теледидардың қолданылуы және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері туралы білу. Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу. 223.Байланыс және қозғалыс құралдары. Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу. 224. Еңбекке баулу. Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын таза ұстауға, ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу. Топта кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындауға үйрету: нан салғыштарды, кружкаларды, тәрелкелер мен майлықтарды, ас құралдарын (қасықтар, шанышқылар) ретімен қою. Шамасы келетін жұмысты орындау кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау, оларды суару, жапырақтарды жинау, ауладағы гулдерді суару, қыстайтын құстарды қоректендіру. Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты қалыптастыру. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру, оған ұқыпты қарауға баулу. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімді қалыптастыру. Нанға және азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау. 225. Адамгершілік және патриоттық тәрбие. Балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге, ренжіген балаға жанашырлық танытуға және ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне көз жеткізіп себебін анықтауға, әділ болған жағдайда әрекет еткен баланың әрекеттерін қолдауға, бірге, келісіп ойнауға, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөлісуге, айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіруге баулу. Қарапайымдылыққа, мейірімділікке және әділдікке, ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу. 226. Менің Отаным – Қазақстан. Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу. Отан қорғаушылар, Қазақстан Республикасының әскері туралы ұғымдарын кеңейту. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту. 227. Жолда жүру ережелері. Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол), бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі», «Қоғамдық көлік аялдамасы» жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту. Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету. Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді бекіту. Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау. Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау) өзін дұрыс ұстауға үйрету. 228. Өлі табиғат құбылыстары мен заттары. Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту. Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел соқты), соған сәйкес киіну. Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау. Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру. 229. Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту. Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін, өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау. Өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман, бақша), гүлдер (бөлме, бақша, шабындық), бұталар және ағаштар (бақша, орман). Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру. 230. Жануарлар әлемі. Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. Жабайы аңдар, олардың сыртқы түрі, қозғалуы, тіршілік ету ортасы, азығы, қысқа бейімделуі туралы ұғымдарын байыту. Бақылау барысында жануарлар әлеміндегі маусымға тән көріністерді: күзде – көбелектердің, қоңыздардың, кейбір құстардың болмауы, қыста - құстарды қоректендірудің қажеттігі, көктемде көбелектер, қоңыздардың пайда болуы, құстардың көбеюі, олардың сайрауы, шықылықтауы, шиқылдауы, ұя салуы, балапан шығаруы, жазда көбелектер, қоңыздар, инеліктер, құстардың көбеюін салыстыру, олардың тіршілік етуіне қажетті жағдайларды: азық, су, жылу, жарық, мекендейтін орнын анықтау. Жәндіктер туралы (қоңыз, көбелек, шыбын, құмырсқа), қыстап қалатын және жыл құстары туралы ұғымдарын кеңейту. 231. Балалардың жалпы қабылданған мінез-құлық ережелері мен нормаларын меңгеруіне ықпал ету. Қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелері туралы түсініктерді кеңейту. Қоғамдық көліктегі мінез-құлық мәдениеті дағдыларын қалыптастыру. Балаларда мінез-құлық мәдениеті мен сыпайы қарым-қатынас негіздерін қалыптастыруды жалғастыру; амандасу, қоштасудың қажеттігі туралы еске салу, ересектердің әңгімесіне араласпау, өз өтінішін сыпайы түрде білдіру, көрсеткен қызметі үшін алғыс айту. Қоршаған ортада және табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін сақтау, қарапайым экологиялық білімдерін қалыптастыру және жануарлар мен өсімдіктерге күтім жасауға (өсімдіктерді қорғау, қыстап қалған құстарға жем беру) баулу. Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын меңгеру (электр құралдарынан сақ болу, өз бетінше от жақпау, сіріңкемен ойнамау, терезенің алдына шықпау, баспалдаққа көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау ); қоршаған ортада, табиғатта қарапайым тәртіп ережелерін білу (қоқыс тастамау, өздігінен от жақпау). |