Главная страница
Навигация по странице:

  • Мәтіндік блоктың байланысуы

  • 11 ҚҒБ онлайн. 4тосан. 1 саат. Сабаты таырыбы


    Скачать 48.57 Kb.
    Название4тосан. 1 саат. Сабаты таырыбы
    Дата17.11.2021
    Размер48.57 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла11 ҚҒБ онлайн.docx
    ТипДокументы
    #274152

    4-тоқсан. 1 –сағат.

    Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет.

    Сабақтың мақсаттары:

    Web сайт жасау төңірегінде жоба жайлы түсінік бере отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойлап сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету

    Сабақты орындау кезеңдері

    1. Мағынаны тану.

    2. Тапсырма

    3. Ой қозғау

    4. Тестілеу нәтижесі.

    5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

    Сабақтың мазмұны:


    Web-сайт (ағыл. Website, web−өрмекшінің торы және  site − орын) − бір ортақ  тақырыппен,  дизайнмен біріктірілген, өзара байланысты сілтемелер жүйесі бар Интернет желісінде орналасқан беттердің жиынтығы.

    Web-сайт – бұл тек файлдар жиынтығы ғана емес, ол әдемілік пен функционалдылықтың, жұмыста ыңғайлылықтың күрделі жиыны. Сайт жасаудың ең қиындығы – барлық ұсақ компоненттерді  есепке алып, олардың арасында байланыс орнату. Ал байланыссыз сайт тек файлдар жиынтығы болып қалады. Сайт бұл :

    -     Мәртебе және уақыттың талабы!

    Технология жағынан дамыған қоғамда  сайттың болуы  бұл жетістік.  Сайт арқылы  өзіңізді, өз жұмысыңызды, өз бизнесіңізді  өзіңіз қалағандай етіп көрсете аласыз.  Сіз онда мәтін, фотосурет, сызбалар, суреттер қоя аласыз.

    -     Шексіз аудитория!

    Тура мағынасындағы шексіз аудитория. Сіздің ақпаратыңызға дүние жүзінің кез келген нүктесінен, кез келген елден барлық интернет қолданушылары қол жеткізе алады. Көптілді сайт жобалары – әлемдік қоғамға нақты қадам.

    -     Жарнамалық алаң!

    Сіздің өнімдеріңізді немесе қызметтеріңізді бәрі көреді және біледі.

    -     Ақпаратты  басқарудағы жедел қимылдаушылық!

    Сіз әр минут сайын  веб-беттеріңізге өзгертулер енгізсеңіз қолданушылар сол сәтте жаңартылған нұсқаларды көреді. Жаңалықтар енгізу немесе өзгертілген жұмыс кестесі бұлардың бәрі барынша  қысқа мерзімде жаңартылып отырады. Қаражатты және уақыт үнемдеуге мүмкіндік.

    -     Кері байланыс және байланыс нақты уақытта!

    Пайдаланушылар сізбен электрондық пошта арқылы жедел байланыса алады немесе жазба қалдырады. Сіз олардың тілегіне әрқашан тез жауап қайтара аласыз.

    Әрбір сайт белгілі бір мақсатпен жасалады. Ең бірінші олар желі қолданушыларына қандай да бір ақпаратты жеткізу үшін қажетті болып табылады. Web-сайтты жасау күрделі және көп уақытты талап ететін жұмыс. Сайттың логикалық құрылымын жасау, қажетті материалдарды жинақтау, оларды өңдеуден өткізу сайтты жасаудың басты кезеңі – жоспарлауға тікелей байланысты. Сайтты құрастыруды бастамас бұрын алдымен ол сайттың болашақтағы қызметі, атқаратын міндеті, қолданылу саласы,  пайдаланушыларға тигізер пайдасы, мазмұны  қандай болмақ, соны анықтап алу қажет.  

    Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:

              Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:

    1. Сайттың орны.

    2. Сайттың аудиториясы кімдер.

    3. Қандай ақпарат жарияланады.

    4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.

    Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады:

    1. Навигациялық құрылымын жасау.

    2. Беттің дизайнын жасау.

    3. Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.

    Бағдарламау. Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.

    Тестілеу.Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

    1. Сілтеменің жұмысы;

    2. Мәтіндегі қателер;

    3. Навигацияның тиімділіғі.

    4. Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.

    5. Графикалық файлдардың ашылуы.

    6. Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.

    Жариялау. Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріленеді.

    Жарнамалау.Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек. Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:

    1. Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;

    2. Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;

    3. Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;

    4. Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.

    БақылауWeb-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және көкейтестілігімен анықталады.  Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі ақпаратты әрдайым жаңартып тұру керек.

    Сайттың сапалы болуы оның  әсемдігі мен бағдарламалық жабдығына ғана емес, сондай-ақ, ондағы мәліметтердің ақиқат болуына және олардың жылдам жаңарып отыруына байланысты.

    Сайттың  құрылуы – бұл   циклды  жолдың  бастамасы болып саналады. Жақсы  сайт - кез келген ортаға бейімделіп өзгеріп отыратын тірі ағза секілді. Кез келген  мәліметтерге  сұраныс  жасаған  кезде олардың web-парақтары тез  ашылуы және сілтемелері дұрыс  құрылуы  қажет. Сайт web-парақтарының экранға жылдам жүктелуі телекоммуникациялық желі жылдамдығына ғана емес, web-бағдарламашылардың сайтты дұрыс құрылымдай білуіне де тәуелді.

    Web-сайт беттерінің арасындағы тығыз байланыс оның басты сапалы белгілерінің бірі болып табылады. Бұл жай байланыс емес, алдын-ала ойластырылған құрылым бойынша байланыс болуы қажет. Мұндай құрылым біз жоғарыда айтып өткен логикалық құрылым деп аталады. Логикалық құрылымы дұрыс жоспарланған сайт мынадай бөлімдерді біріктіреді: бастапқы бет; сайт жаңалықтары; бет1;  бет2; сайт құрушылар туралы ақпарат, сайт картасы.

     Бастапқы бет – бұл кішкене Web-бет, ол қолданушы сайт адресін терген кезде экранда пайда болады. Әдетте, мұндай беттерде сайттың өзінің немесе оның иесінің графикалық логотипі орналасады. Бастапқы бет пайдаланушы сайт адресін ешбір файл атын немесе бетті көрсетпей терген кезде кескінделеді (мысалы, http://ayanfoto.kz ). Онда сайт жайлы қысқаша мәлімет, жаңалықтар және басқа беттерге сілтеме жасалынған гиперсілтемелер жиынтығы болады. Сайт жаңалықтары бөлек бетке орналастырылады. Оларда енгізілген толықтырулар мен өзгерістер хронологикалық тізім ретінде беріледі. Сайттағы жаңалықтар белгілі уақыт көлемінде жаңартылып тұруы тиіс.

    Сайттың негізгі мазмұны бөлімдер мен беттерде беріледі. Ол кітап сияқты құрылымдалады: бір тақырыпқа арналған бөлек абзацтар бір бөлімге жинақталады, ал бөлімдердің өзі тарауға жинақталады. Осылайша пайдаланушы тараудан  бөлімдерге өте отырып керекті ақпаратты тауып алады.

    Сайтты құрушылар туралы мәлімет жеке бөлек бетте орналасуы немесе басты беттің ерекше бөлімінде орналасуы мүмкін. Мұнда электрондық поштасы, телефон, факс, пейджер нөмерлері, яғни хабарласуға болатын барлық мәліметтер орналасуы керек.

    Сайт картасы – бұл сайттың логикалық құрылымы көрсетілген бет. Сайт картасы өзіне не керек екенін жақсы білетін пайдаланушыларға қажетті ақпаратты тез табу үшін қажет. Карта үлкен сайттардың барлығында міндетті түрде болады.

    Физикалық құрылым сайтта қолданылатын файлдар мен бумалардың орналасуын көрсетеді. Мәліметтер мен файлдарды бумаларға бөліп сақтау жүздеген файлдармен жұмыс істегенде пайдалы, мұнда файлдарды ретімен бумаларға орналастырған дұрыс. Бұл әсіресе, сайтты жаңартқан кезде өте ыңғайлы.

    Қорыта айтқанда, сайт жасаудың жоғарыда атап көрсетілген кейбір ұстанымдары мен технологиясын ескеру, сапалы да, мазмұнды сайт құрастыруға біршама болса да, септігін тигізеді.



    Тапсырмалар:

    1 Тапсырма:

    A. Web-парақ ішіне сурет орналастыру. Сурет атрибуттарын тағайындау.

    B. Бір құжаттын ішіне екі суретті қою керек.

    2 Тапсырма:

    A.Web-параққа фондық сурет қою.

    B. Фон бір суретті болу қажет және бір сурет фонның үстіне қою керек.

    Үй жұмысы:

    1. . Интернет желісіне қалай қосылуға болады?

    А) тек тақша арқылы б) тек нөмір арқылы в) желілік тақша мен модем арқылы

    1. WWW дегеніміз не?

    А) мәтіндік хабарлама б) бүкіл әлемдік тор в) шолғыш браузер

    1. Ақпараттық іздеу порталдарын ата

    А) MS Office б) E-mail в) google, yandex, т.б

    1. Пайдаланушыларға мәтіндік хабарламадан және түрлі форматтағы файлдардан тұратын электронды хаттарды жөнелтіп, қабылдап алуға мүмкіндігі бар интернет қызметі

    А) e-mail б) www в) browse

    5. Халықтың ел үкіметімен тікелей байланысын қамтамасыз ететін жүйе

    А) е-дүкен б) е-үкімет в) е-төлем

    6. Компьютерге телефон желілері немесе басқа да байланыс тораптары арқылы

    мәліметтер

    алмасуға мұмкіндік беретін құрылғы

    а) принтер б) модем в) хаб

    7. Желі қатысушыларының ортақ пайдалануы үшін бөлінген компьютер

    А)планшет б) сервер в) ноутбук

    8. .kz қай мемлекеттің үйшігі

    А) Қазақстан б) Ресей в) Қырғыстан

    9. ҚР-ң Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сайты

    А) government.kz б) e.gov.kz в) akorda.kz\

    10. .ru қай мемлекеттің үйшігі

    А) Қазақстан б) Ресей в) Қырғыстан





    4-тоқсан. 1-сағат

    Сабақтың тақырыбы: Жобалық әс-әрекет.

    Сабақтың мақсаттары:

    Көпбетті басылым жұмысымен және пішімнің баспасымен танысу

    Сабақты орындау кезеңдері

    1. Тегтер синтаксисі.

    2. тапсырма

    3. Бағдарлама мәтіні.

    4. Тестілеу нәтижесі.

    5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

    Сабақтың мазмұны:


    Мәселенің қойылымы

    Оқушыларға дұрыс рәсімделген (сілтемелердің бірнеше мысалдарын дайындаңыз, олардың дұрыс рәсімделуі – ескертпе немесе тұсаукесерді)деп есептелінген электронды қорларға сілтемелерді таңдауға рұқсат етіңіз

    Оқушыларға өз ойларын айтуға және мына сұрақтар бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік беріңіз

    1. мәліметті қалай таңдау керек?

    2. Авторға сілтемені жіберу міндетті ме?

    3. Тұсаукесерде сілтеменің болуы міндетті ме?

    4. Қорға жүгінгендегі күнді көрсету қажет пе? Неге?

    Интернет желісіндегі авторлық құқықтың әрекетін талқылаңыз Мысалға, оқушы фильмді қандай жолмен көреді (онлайн, жүктейді, қандай қорлармен) Әдістердің қайсысы заңды, қайсысы заңды емес? Жай ғана көшіріп қоюға және суретті Интернеттен алып қоюға бола ма?

    Оқушыларға оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеуге, авторлық құқық нысандарының не екендігін анықтауға, басқалай акттармен қорғалған, авторлық құқық заңдарының әсеріне түспейтін нысандарға өзінің мысалдарын келтіруге мүмкіндік беріңіз.

    Автордың рұқсатынсыз шығармаларының Интернет желісіне орналастыру себебі бойынша автор тарапынан туындайтын дау туралы бірнеше мысалдарын дайындаңыз (мысалға, «Мошков кітапханасы» қарсы талаптары)

    Арнайы программаларды (дайын нәтижелерді тексеруге немесе оқушының сабақта өздігінен тәжірибелік жұмысқа уақыты болмаса) қолдана отырып, бірнеше мәтінді плагиатқа тексеруге дайындаңыз. Тексерулердің алынған нәтижелерінің қаншалықты көшірілмегенін талқылаңыз.

    Авторлқы құқық туралы заңның қорғалатынын және лицензия шарттарын қолданушының орындауға міндетті программаларға назар аударыңыз.

    Ақпаратты қорғаудың тағы да қандай әдістері бар екендігін талқылаңыз. Оқушыларға заң шығарушы қызметтеріне сәйкес (программалық, ақпараттық немесе ұйымдық ) тобына бөлуді ұсыныңыз. Тұсаукесерді қорытындылау үшін интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін қоолданыңыз.


    Тапсырмалар:

    1.Сендер әдетте қандай іздеу жүйесін қолданасыңдар?

    2.Іздеу үдерісі барысында әрқашан өздеріңді қызықтыратын ақпаратты алып жүрсіңдер ма?

    3.Қалай ойлайсыңдар, іздеу жүйелерінің құрылымы қандай?

    4.Дискідегі керекті файлдарыңды қалай іздестіретіндеріңді айтып беріңдер

    5.Сұранысты өңдеу программасының сілтемелер тізімін шығаратын принципі бар ма?



    Үй жұмысы:

    1. Мәтінмен жұмыс жасау тэгтері

    2. Көпбетті басылым жұмысымен қалай жұмыс істейді?

    3. Қорға жүгінгендегі күнді көрсету қажет пе?

    4. Мәтін түсін, фон түсін қалай беруге болады?

    1. 5. Мәліметті қалай таңдау керек?



    4-тоқсан. 1-сағат

    Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет.

    Сабақтың мақсаттары:

    Оқушылардың таңдау және пішімдеумен танысу. Мәтінге символдарды қоюдың, мәтінді рәсімдеудің жаңа мүмкіндіктерімен танысу.

    Сабақты орындау кезеңдері

    1. Тегтер синтаксисі.

    2. Тапсырма

    3. Бағдарлама мәтіні.

    4. Тестілеу нәтижесі.

    5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

    Сабақтың мазмұны:



    Мәтіндік редакторда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады. Оқушылар білуі тиіс: мәтіндік редактордың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін. ХХІ ғасыр жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры. Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті - өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу – екінші сауаттылық. Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі. Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.
    Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:
    • әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
    • Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
    • Беттегі мәтінді туралауға:
    • жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
    • мәтінді бағандарға бөлуге;
    • мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
    • тізім, құйма және т. б.
    Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.
    Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
    Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.
    Пішімдеу панелі:
    - стиль
    - шрифт
    - шрифтің размері
    - жартылай қарайтылған
    - курсив
    - асты сызылған
    - ортасы бойынша туралау
    - оң жақ шеті бойынша туралау
    - оң және сол жақ шеті бойынша туралау
    - нөмірлеу
    - маркер қою
    - түспен бояу
    - шрифт түсі
    Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
    – жартылай қалыңдатылған (полужирный),
    – курсив,
    – асты сызылған (подчеркнутый)

    Тапсырмалар:

    мәтінді бағандарға бөліп үйрену.

    тізім, құйма жасау

    Пішімдеу панелін әр қайсысын жасап көру.

    Пішімдеуді дәптерге өз білгенін жазу.

    Үй жұмысы:

    мазмұндау, бақылау тапсырмасы (12), тест сұрақтарына жауап беру.



    4-тоқсан. 1-сағат

    Сабақтың тақырыбы: Жобалық іс-әрекет.

    Сабақтың мақсаттары:

    Мәтінді басылымға орналастыру және беттеу әдістерін үйрену

    Сабақты орындау кезеңдері

    1. Тегтер синтаксисі.

    2. Тапсырма

    3. Бағдарлама мәтіні.

    4. Тестілеу нәтижесі.

    5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

    Сабақтың мазмұны:



    Мәтін блогын орнату үшін құралдар тақтасында батырманы басу арқылы «Мәтіндік блок» немесе «Кірістіру» → «Мәтін блогы» мәзірін таңдау жүзеге асырылады. Мәтін блогын құжат бетінде ерекшелеп тұрып, мәтін ішінен батырманы екі рет басқанда, мәтіндік белгі беруші тінтуір пайда болғаннан кейін мәтінді орналастыруға болады.

    Мәтін блогының көлемін маркерлердің көмегімен үлкейтуге немесе кішірейтуге болады, сондай –ақ осыны жүзеге асыру үшін «Қасиет» диалогтық терезесі пайдаланылады. Мәтін блогын өшіру үшін оны ерекшелеп алып, Delete батырмасын басу қажет.

    Мәтіндер мен бейнелер ешқашан Scribusта жасалмайды. Мәтіндер мәтін файлдарының негізінде жасалады. Файлдағы мәтінді құжат бетіне енгізу үшін «Мәтінді қабылдау» шарты «Файл» мәзірінде орындалады немесе контекстік мәзір пайдаланылады. Бір блокка әр түрлі бастаулардан мәтінді енгізуге болады. «Мәтінді қабылдау» шартынан бөлек «Мәтінді қосу» шарты да қолданылады. Егер блокка мәтін көшірілген болса, «Мәтінді қабылдауды» бассаңыз, алдыңғы көшірілген мәтін өшіп қалады. Егер «Мәтінді қосуды» бассаңыз, жаңа мәтін алдыңғы мәтіннен кейін орналасады.

    Мәтін блокка көшпеген жағдайда мәтін блогының астында оң жақта төртбұрышты белгі пайда болады. Мәтінді орналастыру үшін оның көлемін өзгерту қажет.

    Мәтін блогының ені үлкен болмаса, жолдар да қысқа және аз ғана сөз сиятын болады. Сондықтан жолдар арасындағы арақашықтық өте үлкен болып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда «Кеңейту» → «Тасымалды орнату» шарттарын орындау керек.

    Мәтіндік блоктың байланысуы

    Бір мәтіннің бірнеше мәтін блогына орналасу қажеттілігі туындайтын жағдайлар орын алады. Осындай жағдайда мәтін блогының байланысуы пайдаланылады.

    Блоктар арасындағы байланысты орнату үшін бірінші мәтін блогын ерекшелеп алу қажет. Құралдар тақтасынан «Мәтін блогын байланыстыруды»  таңдап, екінші блокты басу керек. Ары қарай екінші блок қажет болса, үшінші блокты байланыстыру қажет.


    Тапсырмалар:

    Жаңа басылым құрыңыз. Ол үшін Файл – Жаңа (Новый) командасын орындаңыз.

    Алдарыңда Құжаттарпараметрлерітерезесі пайда болады. Онда келесі белгілеулерді енгізіңіз:
    Бет пішіні (Формат бумаги) – А4;

    Бет түрі (Ориентация) – кітап түрі (книжная);

    Нұсқалар (Варианттар)– бірбетті (одностороняя) ;

    Өрістер (Поля): сол жақтан (левое) – 25, оң жақтан (правое), жоғары жақ (верхнее) – 20, төмен жақ (нижнее) – 12.

    ОК батырмасын шертіңіз. Келесі терезе ашылады


    Үй жұмысы:

    Мәтін блогының көлемін нешеге дейін соза аламыз?

    Мәтінді орналастыру үшін оның көлемін өзгерте аламыз ба?

    Мәтін блогын өшіру үшін оны не істейміз?





    4-тоқсан. 1-сағат

    Сабақтың тақырыбы: жобалық іс-әрекет.

    Сабақтың мақсаттары:

    Басылымды жасау мен сақтау әдістерімен танысу



    Сабақты орындау кезеңдері

    1. Тегтер синтаксисі.

    2. Тапсырма

    3. Бағдарлама мәтіні.

    4. Тестілеу нәтижесі.

    5. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

    Сабақтың мазмұны:


    Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған.

    Файл дегеніміз өзіне ғана тән аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінін біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. Әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы кажет, және арасына нүкте койылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез-келген шектелген ұзындықты әріптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кенейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:

    Мәтін.dос – Word редакторында жазылған мәтіндік файл;

    Кесте.xls – Excel процессорында дайындалған файл;

    Сурет.bmp—графиктік файл;

    Мәліметтер.mbd — Ассеss мәліметтер базасында әзірленген файл.

    Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштын (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталоггарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.

    С: \Қаптама \Кітап\ Мәтін.dос — С дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word -та дайындалған Мәтін.dос мәтіндік файлы.


    Тапсырмалар:

     1. Жаңа деректер базасын құрыныздар

    2. Басылымды деректер базасының кестесін құрыныздар.

    3. Кестенің өрістерінбасылымын анықтаныздар

    4. Құрылған кестені баспаға шығарыңыздар.


    Үй жұмысы:

    Басылымды жасау дегенімз не?

    Сақтау әдістерімен жазып көрсетіңіз?

    Файлдарды сақтау иерархиялық құрылымы?


    написать администратору сайта