Главная страница
Навигация по странице:

  • Көрнекілігі

  • Слайдқа қарау «Ауған елі» Ауған соғысының ардагерлері туралы бейнекөрініске назар аударайық.

  • Ардагерлерге арнау.

  • «Тағдырын білем ауған даласының...»

  • Жүргізуші: Елім деген ерлерімдіЕске алу – бізге аманат.Жерім деген ағалардыҚұрмет тұту – бізге аманат. Ән

  • Ауғанстан соғысы. 42 А ниет гимназиясы Таырыбы ткізгенскери жетекші Саматов Б. С. Орал 2013


    Скачать 44.5 Kb.
    Название42 А ниет гимназиясы Таырыбы ткізгенскери жетекші Саматов Б. С. Орал 2013
    Дата20.10.2022
    Размер44.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаАуғанстан соғысы.doc
    ТипДокументы
    #745137


    42 «Ақ ниет» гимназиясы

    Тақырыбы:



    Өткізген:Әскери жетекші Саматов Б.С.

    Орал - 2013

    Сабақтың тақырыбы:
    Ауған соғысы боздақтары.
    Мақсаты: 1) білімділік: Ауған соғысы, оған қатысқандар жайлы мағлұмат

    беру; Ауған соғысы ардагерлерімен таныстыра отырып,

    оқушылардың білімін көтеру.

    2) дамытушылық: Бүгінгі таңдағы көзқарас пен тарихи фактілерді

    сараптап маңыздылығын білу.
    3) тәрбиелік: Қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі етіп және

    патриоттық тәрбие бере отырып,Ауған соғысында опат болған

    боздақтар рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
    Көрнекілігі: Слайдтар, сүреттер, бейне көріністер, нақыл сөздер.
    1. Ел үмітін ер ақтар,

    Ер атағын ел сақтар.

    2. Ердің ісі – елдің мойнында,

    Елдің ісі – ердің мойнында.

    3. Ер жігіт ел үшін туады,

    Ел үшін өледі.

    4. Батыр туса ел ырысы,

    Жаңбыр жауса жер ырысы.
    Құрметті ауған соғысы ардагерлері,ұстаздар,оқушылар!

    Бір кездері аты әлемге әйгілі болған ауған соғысы оттай он жылға созылды.

    Бүгін біздің ортамызға кешегі Ауған соғысының, Кеңес армиясының сарбаздары, жауынгер ағаларымыз ортамызда отыр. Себебі, олар Отан тапсырмасымен Ауған соғысының бел ортасында болды, ерлік көрсетті.Олар өз көздерімен соғысты, өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкештілікті көрді, берілген тапсырманы орындау жолында өзінің, халқының намысын қорғау жолында жан аямай күресті.

    Аты аңызға айналған Б.Момышұлы бастаған жүзге жуық қаһарманға Кеңес Одағының Батыры деген құрметті атақ берілді.

    Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк сияқты қазақ қыздары ерлік жасап, еліміздің халқын соғыс апаттарынан сақтап қалуға зор үлес қосты. Қазақ халқының ержүрек перзенттері – Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров ұмытылмас ерліктер жасап, қаза тапты.

    Ия, бұл Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама қиындықпен келгенін бүгінгі ұрпақ біліп қана қоймай, терең сезіне білуге тиіспіз.

    Қазақ халқы Ресей қол астында 260 жыл тәуелді болып келді. 1978 жылы Кеңес үкіметі мен Ауған елінің арасында өзара достық келісім-шарт орнайды. 1979 жылы коммунистік бағытты ұстанған Таракиді биліктен түсіп, орнына Әмин келген. Әминнің Ауған елін басқаруына қарсы болғандар 1979 жылы 12-желтоқсанда Кеңес үкіметінің бас хатшысы Л.И.Брежнев өз көмегін көрсету үшін, Ауған еліне өз әскерлерін жібереді. Оған жіберілген әскери сарбаздар, Орта Азиялық жастар болды. Оған, біздің қазақстандық бауырларымызда қатысты. Жалпы, он жылға созылған, ешқандай мақсатқа жетпеген Ауған соғысы 1989 жылы аяқталады. Осы соғыста 13310 адам қаза табады. 1989 жылы 15-ақпанында Кеңес әскерлері Ауған елінен толықтай шығарылады.

    Ерлік – батыл да батыр адамның өз намысын, ел намысын, адамзат абыройы, Отанын қорғаудағы қайсар күресінің жеңісі. Ерлік – ел үшін ересен еңбек етіп, еңбектерінің жемісін терген адал жанды, абыройлы адамдардың ісін де айтуға болады. Оларды «еңбек ері» деп құрметтейді.

    • Отан үшін от кешкен жанның ерлігі өте жоғары бағаланады.


    Адам баласы қасиетті туған жердің топырағынан алады. Туған топырағынан жаралған әр адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмірі қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ. Бейбіт өмірге жету үшін қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін, небір тар жол тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы бар. Біздің халқымыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарын бастан өткерді.
    Слайдқа қарау «Ауған елі» Ауған соғысының ардагерлері туралы бейнекөрініске назар аударайық.
    Соғыс ардагерлерімен сұхбат.

    Армысыңдар ауғандық жауынгерлер,

    Жырым бар жараланған жаныңды емдер,

    Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

    Тірілерің мың жаса, дәуірлендер,

    а) Біз үшін Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің орны ерекше. Ендігі, сөз кезегін сол жауынгер ағаларымызға берейік. Олар сіздерге Ауған елінде болған соғыс зардаптары, ерліктері туралы өз білген көргендерін бермек. Енді, кезекті ардагер ағалар сіздерден бастайық.

    б) Оқушылардың сұрақтары қойылады.


    1. Құрметті (------) ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңыз қай жерде өтті?

    2. Алғашқы ұстазыңыз кім?

    3. Әскери борышыңызды қай жерде өткердіңіз?

    4. Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы?

    5. Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?


    Ардагерлерге арнау.
    Ұрпақ үні ғасырларға жалғасар,

    Ат тұяғын әрқашанда тай басар.


    • Енді, ардагер ағаларымыздың құрметтеріне арналған, оқушыларымыздың әдеби-монтажын тамашалаймыз.


    «Тағдырын білем ауған даласының...»
    1

    Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

    Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

    Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

    Ассаламағалейкүм, ардагерлер.
    Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

    Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

    Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,

    Сұрапыл майдан бопты қасіретті.
    Жүргізуші:

    Елім деген ерлерімді

    Еске алу – бізге аманат.

    Жерім деген ағаларды

    Құрмет тұту – бізге аманат.
    Ән
    Қорытынды сөз.

    Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы өз борышының өтеуі болып, оның халқы алдында қадір-қасиетін арттырады. Өйткені, ерлік – ел мұраты. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 24 жыл өтті. Кезінде бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді, мәңгі есте сақтау, қадірлеп құрметтеу – біздің борышымыз. Құрметті Ардагерлер! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен жүздесе берейік. Бізге келіп сұхбаттасқандарыңызға көп-көп рахмет!
    Сыйлықтарды табыс ету (2 оқушы береді)
    Фотоға түсу (ардагерлермен)
    Қорытынды сөз

    Гимназия директоры Ерік Жылқыбайұлына беріледі.


    написать администратору сайта