Бөлім:
| 9.2А Тізбектер
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
| Кушимова Индира Дуйсенбиевна
|
Күні:
| 23.11.2022
|
Сынып: 9 «а»
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
| Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 9.2.3.5 арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін, алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формулаларын, сипаттамалық қасиеттерін білу және қолдану
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: Формуланы қолдана алады. Оқушылардың басым бөлігі: Формуланы қолданып есептер шығара алады.
Кейбір оқушылар: Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысының формуласын қолданып күрделі есептерді шығара алады.
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
| І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Ынтымақ-тастық атмосферасын қалыптастыру Оқушыларды «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы көршісіне тілектерін жалғастыруды ұйымдастырады. Оқушыларды шаттық шеңберде реті бойынша 1, 2, 3 бойынша топқа бөлу Топ басшыларына бағалау парағы таратылады
ІІ. Wordwall.net программасы арқылы «Кездейсоқ дөңгелек» әдісі арқылы таңдалған оқушыға өткен тақырып бойынша қайталауға арналған сұрақ қойылады.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы көршісімен дәптерлерін ауыстырып, «+» немесе «-» таңбасы арқылы тексеріледі
IV. «Ой қозғау» кезеңі Wordwall.net программасы арқылы телефондарында орнатылған QR сканер программасымен «Викторина» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша тесттік тапсырма беріледі.
| 1. Оқушылар мұғалім- мен амандасады.
2. Сабаққа дайындалады.
3. “Тізбектелген тілек” ойыны. Әр оқушы тізбектелген тілекті оң жағындағы көршісіне айтады, ол әрі қарай тілекті оң жағындағы көршісіне айтып жалғастырады.
1,2,3 реті бойынша топқа бөлінеді.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Топ басшысына «Бағалау парағы» беріледі.
Wordwall.net программасы арқылы «Кездейсоқ дөңгелек» әдісі арқылы таңдалған оқушы сұраққа жауап береді
Оқушылар үйге берілген тапсырманы көршісімен дәптерлерін ауыстырып үй тапсырмасын «+» немесе «-» таңбасы арқылы тексеріледі
Оқушылар Wordwall.net программасы арқылы телефондарында орнатылған QR сканер программасымен «Викторина» әдісі арқылы дұрыс жауабын белгілейді
| Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Әр дұрыс жауапқа 1 балл
Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 1 балл бағаланады, Топ басшысы бағалау парағын толтырып отырады.
Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 1 балл бағаланады, Топ басшысы бағалау парағын толтырып отырады.
|
https://wordwall.net/ru/resource/38533489
Дәптер, бағалау парағы
https://wordwall.net/ru/resource/38534246
|
Сабақтың ортасы
| V. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өмірге байланысты берілген есепті топтаса отырып орындау.Оқушыларға жалпылама төмендегі тапсырма беріледі.
VІ. «Бірге ойлаймыз» жұптық жұмыс, оқулықпен жұмыс №191
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді,
тапсырманы орындатады, бақылайды.
| Оқушылар топтаса отырып тапсырманы орындап, ұжымдық талқылау жасайды. Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді.
1.Оқулықты оқып танысып шығады.
Оқушылар жұптаса отырып №191 есептің орындайды.
| Дескриптор:
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Жалпы- 3 балл. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Дескриптор:
Арифметикалық прогрессия n мүшесін есептеу формуласын жазады; Арифметикалық прогрессия алғашқы n мүшесінің қосындысын есептеу формуласын жазады; Арифметикалық прогрессия 15 мүшесін есептейді;
Арифметикалық прогрессия алғашқы 15 мүшесінің қосындысын есептейді.
|
Слайд 9 сынып оқулығы Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы
| VІІ. Қортынды Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы тақырыбынан Wordwall.net программасы арқылы қорытынды тест
VІІІ. Бағалау, Үйге тапсырма
ІХ. Рефлексия «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
| Оқушылар телефондарында орнатылған QR сканер программасымен «Викторина» әдісі арқылы дұрыс жауабын белгілейді
Топ басшылары қорытынды баллдарын айтып бағалары баллдық шкала бойынша қойылады. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
| Дұрыс жауапқа 1 балл
Мұғалім оқушыларды 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
| https://wordwall.net/ru/resource/38537331
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөзі» әдісі
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|