Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 клиникалық кезең -ауыз қуысында жеке дара қасықыты шақатап көру -Гербст сынамасын жүргізіп , функционалдық қалып алу 2 зертх кезең

  • 3 клиникалық кезең -жақатардық орталық ара қатынасын анаықтау ,бекіту ,тіс түсі мен пішінін таңдау 3 зерттханалық кезең

  • 4 клиникалық кезең -балауыз негізбен жасанды тістерді ауыз қуысында шақтап көру -құрылымды тексеру 4 зертханалықы кезең

  • 7.Қалыптың сапасын бағалау

  • 49.Жеке қасықтар,түрлері,тағайындалуы, дайындау әдістері.

  • 2.проба .

  • 4.проба.

  • Анатомо-физиологиялық әдіс.

  • Функционалды-физиологиялық әдіс .

  • Жақтардың орталық қатынасын анықтаудың ТЕНС-әдістемесі

  • 47. Толы алмалы протезді дайындауды клиникалылабараториялы кезедері. толы алынбалы салынбалы пластиналы протез


    Скачать 53.8 Kb.
    Название47. Толы алмалы протезді дайындауды клиникалылабараториялы кезедері. толы алынбалы салынбалы пластиналы протез
    Дата20.10.2022
    Размер53.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла47-57.docx
    ТипДокументы
    #743588

    47.Толық алмалы протезді дайындаудың клиникалық-лабараториялық кезеңдері.

    толық алынбалы салынбалы пластиналық протез

    1 клин кезең

    -науқасты тексеру ,диагноз қою,протез түрін таңдаймыз

    -альгинатты массамаен анатомялық қалып алу

    1 зерт кезең

    -ғаныштан мүсін құю

    -химиялық карандашпен жеке дара қасықтың шекараларын сызамыз .

    -жеке дара қасық дайындаймыз (оны дайындаудың 3 түрі бар

    2 клиникалық кезең

    -ауыз қуысында жеке дара қасықыты шақатап көру

    -Гербст сынамасын жүргізіп , функционалдық қалып алу

    2 зертх кезең

    -функционалдық қалыпқа балауызбен жиек жасау (окантовка)

    -модель құямыз

    -балауыздық негізбен оклюзиялық біліктер дайнындау

    3 клиникалық кезең

    -жақатардық орталық ара қатынасын анаықтау ,бекіту ,тіс түсі мен пішінін таңдау

    3 зерттханалық кезең

    -модельдерді оклюдаторға ғаныштау

    -жасанды тістерді орнластыру (Василев бойынша -шынымен немесе сфера )

    4 клиникалық кезең

    -балауыз негізбен жасанды тістерді ауыз қуысында шақтап көру

    -құрылымды тексеру

    4 зертханалықы кезең

    -соңғы мүсіндеу

    -балауызды пластмассаға ауыстыру

    -өңдеу ,тегістеу ,жылтырату

    -клиникаға тапсыру

    5 клиникалық кезең

    -протез құрылымын бағалау

    -ауыз қуысында шақтап көру

    -протезді тапсыру

    -нұсқаулық беру ,коррекция

    48.Тіссіз жақтардан толық анатомиялық қалып алу ерекшеліктері.Сапасын бағалау.

    Өзімізге қажет дұрыс стандартты қасықты және қалыпты таңдап алғаннан кейін анатомиялық қалыпты алуды бастаймыз .

    1.Қалыптық қасықтың размерін анықтау

    2.Алгинатты материалдың қалып алатын қасыққа адгезиясын жақсарту

    3.Ауыз қуысын антисептикалық өңдеу (хлогекседин ,Calypso).Олар сілекейді ,тамақ қалдықтарын өте жақсы тазалайды .

    4.Массаны қасыққа жағу жене илеу

    Компоненттерді араластырмас бұрын, өндірушінің нұсқауларында көрсетілген пропорцияларды ұстану керек.Дайындалған қалыптық масса қасықтың шеттерімен бірдей немесе одан сал жоғары орналасу керек .Массаға біз саусағымызды салқын суға салып форма береміз .Артық масса таңдай қоймасына ,жоғарғы жақтың ұрт жақ бетіндегі төмпешіктерге ,ауыз қуысы кіре берісіне ,төменгі жақтағы тіл асты аймағына жағылады .Бұлар бізде қалыптық материалдар үшін өте қиын жететін жерлер болып табылады .Бұл жерлерде улкен деффектерге алып келетін ауалы кеңістіктер (поры) пайда болуы мүмкін .

    5.Қасықты массамен ауыз қуысына енгізу .(Орталықтандыру ,батыру ,бекіту )

    Врач стоматологиялық айнаның көмегімен ауыздың оң жағын тартып ,қасықтың бортын сол жағына кіргізеді . Қасық бұрышпен енгізіледі, содан кейін оны ашып, альвеолярлы жотаның ортасына орнатылады, содан кейін қасық жаққа басылады. Артқы жағында қатты таңдайдың үштен бірі масса қасықтың шетінен шыққаннан кейін қысымды алдыңғы жиекке ауыстырады. Бұл әсер ету массасының көмейге немесе трахеяға түсуінің алдын алу.Содан кейін қалыптың шеттерін өңдеуді бастайды .Жоғары ерінмен қасықтың шетін жабамыз .

    Ал төменгі жақта қалыптық массаны орталықтандырғаннан кейін алдымен алдың бөлігін батырып ,содан кейін арты жағын батырады .Тіл жақ аймағын қалыптастыру үшін пациентке тілін жоғары көтіріп ,алдыға шығарады .Және осы қалыпта бірнеше уақыт ұстап тұру керек (қалып алатын материалға байланысты )

    6.Қасықты ауыз қуысынан шығару

    7.Қалыптың сапасын бағалау

    -қалыптық массаның қасыққа адгезиясын ,егер масса қысықтан бөлініп тұратын болса қайта алу керек

    -қалыпты кеуектірдің болуы (пора) ,қайта қалып алу керек

    -қылыптың жиектері тегіс ,дөңгелек болуы керек ,бірақ қалың емес. Қалың жиектер жұмсақ тіндердің созылуын көрсетеді, бұл жағымсыз. Мұндай жиектер жұмсақ тіндердің анатомиялық формасына сәйкес келмейді.

    -қалыпта шырышты қабықтың көрінісінің анықтылығы .Назар аударуымыз керек , макро - және микрорельефті шырышты қабығына ,үзбелерге , гипоглоссальды кеңістікке, ретромолярлық аймаққа, жоғарғы жақ төмпешігінің артындағы кеңістігіне .

    8.Қалыпты дезинфекцияла

    49.Жеке қасықтар,түрлері,тағайындалуы, дайындау әдістері.

    Стоматологияда функционалды қалып алу үшін анатомиялық қалып бойынша жасалған жеке дара қасық қолданылады. Жеке дара қасық протездік төсекке (ложа) мүмкіндігінше сәйкес келеді және функционалды сынамалар жасауға мүмкіндік береді, сондықтан әсер оны дәлірек көрсетеді.Жеке дара қасықты дайындау үшін анатомиялық қалыпқа химиялық карандашпен шекараларын сызып алуымыз керек . Вестибулярлы бетінде жоғарғы жақ моделінде өтпелі қатпар бойымен сызық сызылады. Бұл жағдайда сызық жоғарғы еріннің френулумын және ұрт сымдарын айналып өтеді. Дистальды бөлімде жоғарғы жақ сүйектері қанат тәрізді қатпарларға дейін көрсетілген. Екі жақ сүйегінің арасындағы сызық қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасы бойымен "А"сызығынан 1,5-3 мм-ге дейін жалғасады. Төменгі жақ моделінде қасық-негіз шекаралары вестибулярлық жағынан өтпелі қатпар бойымен белгіленеді, төменгі еріннің френулумы мен бүйір сымдарын қабаттастырмай, шырышты қабықтың белсенді қозғалмалы аймағына жетеді. Содан кейін сызық төменгі жақ сүйектерінің төмпешігіне жалғасады және тіл бетіне апарады. Бұл жағынан сол және оң жақтағы жақ тіл асты сызықтары міндетті түрде қабаттасады. Төменгі жақтың алдыңғы бөлігінде бұл сызықтар тілдің френулумын айналып өтіп қосылады

    Жеке дара қасықтың түрлері дайындалу әдісіне қарай бөлінеді . Жеке дара қасықтарды жасаудың төрт негізгі әдісі бар.

    - Тез қататын пластиктен жеке дара қасық жасау;

    - Вакуумды қалыптау әдісімен термопластикалық пластмасса пластинасынан жеке дара қасық жасау;

    - Фотополимерлі Композит пластинасынан жеке дара қасық жасау;

    -3D басып шығару.

    Қазіргі уақытта көбінесе қолданыста жүргені термопластикалық полимерлерді (полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилен, полипропилен және т.б.) қалыптау әдісімен жасалытын жеке дара қасықтар. Бұл жағдайда әртүрлі қалыңдықтағы термопластикалық материалдар қолданады .Стандартты дайындамалары (0,6-дан 1,2 мм-ге дейін) және пневматикалық аппараттар қолданылады. Құрылғының қалыптау цилиндріне гипс моделі орнатылады, ал стандартты термопластикалық пластина бұрандалы қосылысы бар қысқыш сақиналарға бекітіліп, термоэлементпен жұмсарту температурасына дейін қыздырылады. Содан кейін қалыптау цилиндріне 0,5-1,5 атм артық қысым беріледі немесе вакуум жасалады (құрылғының түріне байланысты). Оң немесе теріс қысымның әсерінен пластина модельді мықтап қысады. Салқындағаннан кейін қалыпталған термопластикалық материал гипс моделінен бөлініп шекаралар бойынша өңделеді .

    Тағайындалуы тіссіз жақ үшін .

    50.Төменгі жақта Гербсттің функционалдық сынамаларын қолдану арқылы жеке қасықты шақтау әдістемесі.

    1 проба .Жұту және аузын ашу .Егер жұтынған кезде жеке дара қасық шығып кететін болса онда оны шырышты төмпешіктің артынан жақ тіл асты сызығына дейін қысқартамыз .

    Егер ауызды ашқан кезде жеке дара қасықтың артқы жағы шығып кететін болса онда ,төмпешіктен кейін тұратын бірінші моляр аймағына дейін қысқартамыз .

    Егер ауызды ашқан кезде қасықтың алдыңғы жағы көтерілетін болса ,онжа вестибулярлы жиегінен от клыка до клыка қысқартамыз .

    2.проба . Жоғарғы және төменгі еріннің қызыл шекарасын тілмен жалағанда қасық көтерілетін болса ,онда жақ-тіласты бойымен қысқартамыз .

    3 проба .Ауыз жартылай ашық күйде тілдің ұшымен ұртқа тигізген кезде егер қасық оңға немесе солға жылжып кететін болса онда оның тіл асты аймағының оң жақ немее сол жағынан орталық сызықтан 1 см қашықта қысқартамыз.

    4.проба. Тілдің ұшымен алдыға ,мұрынның ұшына қарай қозғалтқан кезде қасық шығып кететін болса ,онда қасықтың ортасынаа тіл үзбесі жағынан қысқартамыз .

    5.проба. Ернін алдыға шығару (у деген әріп айтқызамыз) .Осы кезде еріннің мимикалық бұлшық еттері қозады (напригаетя) .Егер қасық көтерілетін болса ,онда сүйір тіс араларынан қысқартамыз .

    51.Жоғарғы жақта Гербсттің функционалдық сынамаларын қолдану арқылы жеке қасықты шақтау әдістемесі.

    1 проба .Жұтыну кезінде ,қасық шығып кететін болса онда қасықтың артқы жағынан яғни дистальді жағынан қысқартамыз

    2 проба .Ауызды қатты ашқан кезде қасық шығатын болса ,онда шетін қысқартамыз .(бет доғасынан жоғарғы жақ төмпешіктеріне дейін)

    3 проба .Ұртты сору кезінде шығатын болса ,онда ұрт қатпары аймағынан қысқартамыз .

    4 проба.Ерінді керіп алға шығару кезінде шығатын болса ,қасықтың алдыңғы бөлімін қысқартамыз .

    52.Қалыптық масса таңдауға көрсеткіштер және функциональді-сорылушы қалыпты алу әдісі.Сапа критерийлері.

    Жалпы біз функцоналдық қалыптарды 3 ке бөлсек болады олар :

    -қысымды (компрессионды)

    -қысымсыз

    -дифференциалды ,комбинирленген

    Қысымды .Негізінен төменгі жақта қолданады .Аз иілетін шырышты қабат болған кезде қолданылды .Егер иілетін шырышты қабат болса онда сөйлеген кезе ,аузын ашқан кезде қалыпты лақтырып жібереді .

    Қолданылатын қалыптық массалар,жоғары сатыдағы қоймалжың ,икемді (пластичный) қалыптық массалар .Яғни силиконды массаларды қолдансақ болады.

    Қысымсыз. икемді, борпылдақ және жылжымалы шырышты қабықта көрсетілген .

    Қолданылатын қалыптық массалар , жоғары өтімділік дәрежесі бар қалыптық массалары қолданылады. Ең қолайлы – бұл поливинил силоксан және конденсациялық силикон және шектеулі мырыш-эвгенол және тиоколдық массалар.

    Функционалды сорылушы қалып алу әдісі .

    Индивидуальді қасықпен аламыз .Мысалы бірінші қысқа қылып функционалды қалып аламыз да ,оған иілгіш балауызбен өңдейміз .Яғни оның жиектері үлкенірек болуы керек функионалды қалыптан , бейтарап аймақты 1-2 мм жауып тұруы қажет.

    Және де оральді беткейінін де қарапайым функционалды қалып аламыз да ,оған тағды А сызығын жауып тұратындый қылып қалыптық материал қосамыз .

    Сапасын бағалау.Шырышты аймаққа қатты күш түскен жерлерде ,жартылый немесе толық қалыптық массаның қасық бетінде болмауы қайта жасалуға жіберіледі .

    Қасықтың бір жағында қалыптық массаның болмай ,екінші жағында көп болып кетсе ,қайта жасалуға жіберіледі .

    Жақсы дайындалған қалыптың көрінісі ол қасықтың бетіне қалыптық массаның біркелкі таралуы.

    53.Жоғарғы жаққа тістемдік білікті шақтау кезеңдері.Жоғарғы жақта тістемдік біліктің кіреберістік доғасын қалыптастыруға арналған бағдарлар.

    Төменгі білікті жоғарғысына қарай шақтау. Окклюзиялық білігі бар төменгі базисті ауыз қуысына енгізген кезде әдетте бүйір бөлімдегі байланыс қана белгіленеді, сондықтан сол аймақта білікті шпательмен кесіп алады немесе Найш аппаратын қолданады. Биіктігі бойынша төменгі білікті жақтарды түйістірген кезде, белгіленген нүктелер арасындағы қашықтық , физиологиялық тыныштық кезіндегіге қарағанда 2-3 мм азырақ болатындай етіп шақтау керек. Периметрі бойынша төменгі окклюзиялық білік жоғарғысымен бірдей болу керек. Жақтарды түйістірген кездегі біліктердің біркелкі жазықтықты түйісуі, жұмыс нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі сәттердің бірі болып табылады.

    Біліктерді бекітудің көптеген әдістері (тұтқалар, сепарациялық дисктер, қыздырылған шпательмен, сұйық ғанышпен бекіту және т.б.) бар

    Жақтардың орталық қатынасын бекітудің келесі әдісін жиі қолданады. Жоғарғы білікке, бірінші премолярлар мен молярлар аймағына, үшкір шпательмен бір-біріне параллельді емес екі кертік жасайды, ал төменгі окклюзиялық білікке жақсы қыздырылған балауыз жолағын салады. Дәрігер, науқасқа таңдайдың артқы үштен бір бөлігіне тіл ұшымен тиюін сұрап, сұқ саусақтарын шайнау тістері аймағына салады және сол қалыпта жақтарды түйістіруін сұрайды. Жоғарғы жақ кертігіне қыздырылған балауыз кіріп, құлып қалыптастырады, ал қыздырылған балауыз пластинкасы біліктер астынан шығады, нәтижесінде, беттің төменгі бөлігі биіктігінің ұзаруы болмайды. Одан кейін окклюзиялық біліктерді ауыз қуысынан шығарады, суытады және басылған балауыз артықтарын кесіп алып тастайды. Жақтардың орталық қатынасы бекітілуінің дұрыстығын бірнеше рет тексереді. Бұл кезеңде фонетикалық сынамаларды жүргізуге болады. Дауысты дыбыстарды айту кезінде жоғарғы және төменгі окклюзиялық біліктер арасындағы қашықтық 2 мм, ал сөйлеу кезінде - 5 мм болу керек.

    Соңғы кезең - жоғарғы алты тісті қою үшін бағдарлы сызықтарды белгілеу. Осы сызықтарға қарап, техник тістер мөлшерін таңдайды. Жоғарғы білікке ортаңғы сызықты, сүйір тістер және күлкі сызықтарын белгілеу керек. Біріншісін жоғарғы еріннің мұрынасты астаушасын екі бірдей бөлікке бөлетін, верткальды бет ортаңғы сызығының жалғасы ретінде жүргізеді. Бұл сызықты жоғарғы ерін үзбесімен жүргізуге болмайды, өйткені ол жиі бір жаққа ығысқан болады. Ортаңғы сызық орталық күрек тістер арасынан өтеді. Жыртатын төмпешіктері арқылы өтетін сүйір тістер сызығы мұрын сыртқы қанатынан түседі, бірақ ол мұрын қанаттарының еніне байланысты болады. Жіңішке болған кезде - сызықты сыртқы жағынан, кең болған кезде - ішкі жағынан жүргізеді. Горизонтальды өтетін сызықты күлу кезіндегі жоғарғы ерін қызыл жиегі шекарасы бойымен жүргізеді. Жасанды тістерді олардың мойындары белгіленген сызықтан жоғары болатындай етіп орналастырады

    54.Тіссіз жақтардың орталық арақатынасын анықтау әдістері(анатомо-физиологиялық,функциональді-физиологиялық,ТЕНС-әдісі)

    Анатомо-физиологиялық әдіс. Бұл әдістің физиологиялық негізі төменгі жақтың салыстырмалы физиологиялық тыныштық қалпы және окклюзиялық биіктік физиологиялық тыныштық кезіндегі биіктікке қарағанда 2-3 мм кіші болып табылатыны. Физиологиялық тыныштық - тістер арасындағы қашықтық 2-3 мм және шайнау бұлшықеттері шамалы жиырылған кезіндегі төменгі жақтың еркін қалпы .

    Ең алдымен модельдерді қарайды, онда қарындашпен болашақ протез шекарасы, күрек тістік емізікше, таңдай шұңқыршалары, торус, альвеолярлы өсінді ортасының сызығы, жоғарғы жақ төмпешіктері, ортаңғы сызықтар, төменгі жақтық шырышты төмпешік белгіленуі керек. Ортаңғы сызық пен альвеолярлы өсінді ортасының сызығы модель цоколіне шығуы керек. Окклюзиялық біліктер бекітілетін базистерді берік балауыздан немесе пластмассадан дайындайды. Ауыз қуысындағы күрделі анатомиялық жағдай кезінде, мүмкін болатын деформацияның алдын алу үшін қатты базистерді таңдау жөн.

    Одан кейін окклюзиялық балауызды білік түзетуін жүргізеді. Жоғарғы жақта білік биіктігі фронтальды аймақта шамамен 1,5 см, ал шайнау тістері аймағында - 5-7 мм болуы керек. Фронтальды аймақта жоғарғы білік алдыға сәл шығуы керек, оның ені 3-4 мм болуы керек, бүйір аймақтарда білік альвеолярлы айдаршық қырынан 5 мм-ге шығып тұруы керек, ені 8-10 мм болуы керек. Осылай, жоғарғы жақтағы окклюзиялық білік периметрі және пішіні бойынша болашақ тіс доғасына сәйкес келуі керек.

    Окклюзиялық білігі бар базисті ауыз қуысына енгізеді және жоғарғы ерін қалпын анықтайды: ерін жиырылып және ішке кіріп тұрмауы керек. Ерін қалпының түзетуін білік вестибулярлы бетінен балауызды кесу немесе өсіру арқылы жүргізеді. Одан кейін оның фронталды аймақтағы биіктігін анықтайды. Сонымен қатар, жоғарғы ерін ұзындығы әр түрлі болуын ескеру қажет, соған байланысты жоғарғы білік қыры ерін астынан 2 мм шығып тұруы мүмкін, оның деңгейінде болуы мүмкін немесе жоғарғы ерін қырынан 2 мм және одан көп жоғары болуы мүмкін.

    Протетикалық жазықтық деңгейін анықтап алған соң, оны алдымен фронтальды аймақта, содан кейін бүйір аймақтарда пішіндеуге көшеді. Пішіндеу фронтальды аймақта қарашықтық сызыққа, бүйір аймақта мұрын-құлақ сызығына параллельді жазықтықты білікте қалыптастыру болып табылады, оны техникпен дайындалған білік жазықтығына балауызды өсіру немесе кесіп алу әдісімен жүргізеді.

    Білікті фронтальды аймақта пішіндеуді, жоғарыда айтылғандай, қарашықтық сызыққа сүйене отырып жүргізеді. Ол кезде екі сызғыш қолданады. Біреуін жоғарғы білікке орналастырады, екіншісін қарашық сызығы бойымен орналастырады. Бұл сызғыштар параллельді болу керек.

    Одан кейін бүйір бөлімдегі протетикалық жазықтықты қалыптастыруға көшеді. Бұл мақсатпен бір сызғышты жоғарғы білік астына, басқасын мұрын қанатының төменгі қыры мен есту жолы (кампер сызығы) деңгейінде орнықтырады. Олар да параллельді болу керек. Керек болған жағдайда бүйір аймақта балауызды кесіп алады немесе өсіреді.

    Одан кейін физиологиялық тыныштық күйіндегі беттің төменгі үштен бір бөлігінің вертикальды мөлшерін анықтайды. Науқас бетіне қарындашпен екі нүкте белгілейді: біреуі - ауыз қуысынан жоғары, екіншісі - төмен. Жиі бір нүктені мұрын ұшына, екіншісін - иекке қойып, төменгі жақтың физиологиялық тыныштық күйіндегі беттің төменгі бөлігінің биіктігін анықтайды. Нүктелер арасындағы ара қашықтықты қағазға, балауызды пластинкаға немесе штангациркульге белгілейді. Соңғы әдісті ең қарапайым және дәл деп бағалауға болады. Физиологиялық тыныштық биіктігін анықтау кезінде, науқас басы дұрыс орналасуын және бұлшықеттердің босаңсуын баұылау қажет. Жұтыну қозғалыстарын жүргізуін ұсынады және сәлден соң (2-3 с)биіктікті бекітеді.

    Төменгі білікті жоғарғысына қарай шақтау. Окклюзиялық білігі бар төменгі базисті ауыз қуысына енгізген кезде әдетте бүйір бөлімдегі байланыс қана белгіленеді, сондықтан сол аймақта білікті шпательмен кесіп алады немесе Найш аппаратын қолданады. Биіктігі бойынша төменгі білікті жақтарды түйістірген кезде, белгіленген нүктелер арасындағы қашықтық , физиологиялық тыныштық кезіндегіге қарағанда 2-3 мм азырақ болатындай етіп шақтау керек. Периметрі бойынша төменгі окклюзиялық білік жоғарғысымен бірдей болу керек. Жақтарды түйістірген кездегі біліктердің біркелкі жазықтықты түйісуі, жұмыс нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі сәттердің бірі болып табылады.

    Функционалды-физиологиялық әдіс .Жақтың орталық ара қатынасын аппартық анықтау әдісі . Олар бұлшықет максимальды күш тудыра алатындай, жақтардың бекітілген қалпында және баланстанған жағдайында жүргізуді ұсынды. Бұл мақсатпен қолданылатын құрал, шырышты қабат пен протез орнына түсетін болашақ күштемені модельдеуге мүмкіндік береді.

    Аппарат құрамында арнайы күш датчигінен түсетін сигналдарды тіркеу үшін құрал бар, ол ауыз қуысындағы тірек пластинасында орналасады. Аппарат жинағына жақтардың мөлшеріне қарай әр түрлі тірек пластиналары, тірек штифттері және күш датчигінің имитаторлары кіреді. Аппаратпен жұмысты келесідей жүргізеді. Дайындалған қатты жеке дара қасықтарды ауыз қуысында шақтап көреді. Қырларын 1-2 мм қысқартқаннан кейін, оны ортокормен немесе басқа кез келген үлгілерге арналған тығыз материалмен жиектейді және функционалды өңдейді . Төменгі жеке дара қасыққа қарашықты сызыққа параллельді күш датчигі бар тірек пластинасын бекітеді, ал жоғарғысына - құрал жинағына кіретін арнайы металл тірек алаңшасын орнатады.

    Осындай жолмен дайындалған қасықтарды ауыз қуысына енгізеді және күш датчигіне тірек штифтін орнатады, ол физиологиялық тыныштық күйдегі жақтардың арасындағы қашықтыққа сәйкес келеді. Күш датчигін АОЦО аппаратының тіркеуші бөліміне қосады және науқасқа жағын бірнеше рет қысуға ұсынады. Бұл кезде бұлшықет аппаратының барлық комплексі тудыратын күш тіркеледі, бұл кезде шырышты қабат икемділігі және басқа да көрсеткіштері ескеріледі, өйткені жақтардың қатынасы тірек штифтімен имитацияланады, ол жақтардың түйісуін ғана шектемейді, сонымен қатар протез орнына да күш түсіреді.

    Жақтардың орталық қатынасын анықтаудың ТЕНС-әдістемесі

    Нейро-бұлшықеттік әдістерді қолданумен тіссіз жақтарды протездеу әдістемесі елу жыл бұрын Бернард Дженкельсонмен ойланып табылған. Әдіс өте төмен жиілікті электромиостимуляция арқылы шайнау бұлшықетін босаңсыту және электромиография мен оксиография көмегімен алынған объективті мәліметтерді қолдану негізінде жақтардың орталық қатынасын анықтауға негізделген. Қазіргі уақытта Мәскеуде «Dental Spa» фирмасында осы әдістемемен дәрігер Константин Ронкин айналысады.

    55.Балауызды окклюзионды білікке антропометриялық бағдар сызықтарын сызу.

    Соңғы кезең - жоғарғы алты тісті қою үшін бағдарлы сызықтарды белгілеу. Осы сызықтарға қарап, техник тістер мөлшерін таңдайды. Жоғарғы білікке ортаңғы сызықты, сүйір тістер және күлкі сызықтарын белгілеу керек. Біріншісін жоғарғы еріннің мұрынасты астаушасын екі бірдей бөлікке бөлетін, верткальды бет ортаңғы сызығының жалғасы ретінде жүргізеді. Бұл сызықты жоғарғы ерін үзбесімен жүргізуге болмайды, өйткені ол жиі бір жаққа ығысқан болады. Ортаңғы сызық орталық күрек тістер арасынан өтеді. Жыртатын төмпешіктері арқылы өтетін сүйір тістер сызығы мұрын сыртқы қанатынан түседі, бірақ ол мұрын қанаттарының еніне байланысты болады. Жіңішке болған кезде - сызықты сыртқы жағынан, кең болған кезде - ішкі жағынан жүргізеді. Горизонтальды өтетін сызықты күлу кезіндегі жоғарғы ерін қызыл жиегі шекарасы бойымен жүргізеді. Жасанды тістерді олардың мойындары белгіленген сызықтан жоғары болатындай етіп орналастырады .

    Бірақ, егер бізде антропометриялық бағдарлар балауызды окклюзиялық біліктерде шығарылған болса, онда техникке тістер гарнитурасын қалай таңдау керек екендігі анық болады және ол құралдармен қолданбауға да болады. Жасанды тістерді осылай орналастырған кезде, күлі кезінде олардың мойындары және жасанды қызыл иек көрінбейтін болады.

    56.Жасанды тістерді орналастыру әдістері.

    Шыны әдісі .Ресейде М.Е.Васильев жасап шығарған жасанды тістерді шыны бойынша қою тәсілі кең таралымға ие болды. Окклюзиялық білігі бар мүсіндерді шарнирлі окклюдаторға ғаныштағаннан кейін, жартылай эллипс формасына ие арнайы шынын алады, оны жоғарғы окклюзиялық білікке ыстық балауызбен жабыстырады. Бұл кезде шынының орта сызықтары жоғарғы окклюзиялық білікке біркелкі бағытталғанын қарайды. Кейін шыныны төменгі окклюзиялық білікке ауыстыру керек. Оны әртүрлі тәсілдермен жасауға болады:

    -төменгі окклюзиялық білікті шыны қалыңдығы бойынша үстінен және вестибулярлы шеті бойынша білік ортасынан кеседі, мұнда төменгі окклюзиялық біліктің периметрі төменгі жақ альвеолярлы өсіндісі гребені ұшына бағытталуы керек;

    -төменгі мүсіннің ішкі жағына жұмсартылған балауыздың үш қатарын қойып, оларға қысып, шынын бекіту;

    -төменгі мүсінге жаңа балауызды базис және төменгі жақтың тек тілдік бетін алып жататын білік жасау;

    Шыныны төменгі окклюзиялық білікке ерітілген балауызбен бекіткеннен кейін шыныға стеклографпен жоғарғы окклюзиялық біліктің периметрін, орта сызықты және күрек тіс сызығын белгілейді.

    Жоғарғы тіс қатарын жартылай эллипс, ал төменгі парабола түрінде құрастырады. Орталық күрек тістердің кесу қырлары шыныға тиетіндей, оларды орталық сызыққа симметриялы орналастырады. Бүйір күректістер орталық сызықтан біраз ауытқыған және кесу қырымен шыны бетіне 0,5мм жетпейді. Сүйір тістер өздерінің жұлушы төмпешіктерімен шыныға тиеді және тіс доасының бұрылыс пунктін түзеді, сүйір тіс фасеткасының алдыңғы бөлімі алдыңғы тістер доғасының жалғасы, ал артқысы – доғаны бүйір тістер аймағында бағыттауы керек.

    Бірінші кіші азу тісті шыныға ұрт төмпешігі тиетіндей, ал таңдай төмпешігі шыныға 1мм жетпейтіндей орнатады. Екінші кіші азу тіс шыныға екі төмпешігімен де тиеді. Бірінші үлкен азу тіс шыныға тек алдыңғы таңдай төмпешігімен тиеді.

    Жоғарғы жақ тістерін қойғаннан кейін ол бойынша төменгі жақ тістерін қояды. Қоюды екінші кіші азу тістен бастайды, себебі олар жоғарғы жақтың бірінші және екінші кіші азу тістер арасында жақсы орналасады. Кейін үлкен азу тістерді және ең соңғы кезекте алдыңғы тістерді қояды. Егер тістерді қоюды гарнитуралардан жүргізбесе, төменгі тістерді орталық алдыңғы тістерден қойып бастауға болады.

    Тістерді қоюды аяқтаған соң, тіс қатарлары арасына көшірме қағазды қояды да, жоғарғы тіс қатарын төменгіге жеңіл соққылаумен қара нүктелерді алады, оларды егейді.

    Сфера бойынша қою .

    Механика заңына сәйкес, бір дененің свободаның үш дәрежесімен басқаға қатысты қозғалысы кезінде бұл денелер сфералы бетке ие болғанда ғана контактте болуы мүмкін. Осы заңға самай төменгі жақ буыны сәйкес келеді, ол адам ағзасының ең күрделі буыны, онда қозғалыстар үш өзара перпендикулярлы жазықтықта жүреді.

    Авторлар ұсынған сфералы бет радиусы 9см тең. Содан басқа, сфераның алдыңғы бөлігінде төрт алдыңғы тістер еніне тең горизонтальды сәйкестендіретін алаң болады.

    Альвеолааралық сызықтар иілуінің асимметриясы кезінде жасанды тіс қатарын құрастыру мақсатымен авторлар бөлшекті сфералы пластинкалар жасап шығарды, ол үш бөліктен тұрады: радиусы 9см болатын сфералы беттің екі бүйір бөлімінен және алдыңғы – сектор формасы бойынша қиылған горизонтальды алаң, ол әрбір нақты жағдайларда сүйір тістер сызығы арасында орналастыруға мүмкіндік береді.

    Сфералы бет бойынша қалыптастырылған окклюзиялық білікте жақтардың орталық қатынасын анықтағаннан және мүсіндерді окклюдаторға ғаныштағаннан кейін жоғарғы тістем білігінің окклюзиялық бетіне слегка балауызбен сфералы қоюшы пластинканы жабыстырады: толық, егер бүйір тістер маңында альвеолааралық сызықтың вертикальдыға қатысты иілуі 160 аспаса , немесе аальвеолааралық сызықтардың иілуі бір жағында 160 жоғары болса.

    Төменгі тістем білігін пластинка қалыңдығына және альвеолярлы гребень орталығы көрінетіндей ені бойынша жартысын кеседі, және онда сфералы қоюшы пластинкасы орнатады. Бөлшекті қоюшы пластинканы орнату мақсатымен төменгі тістем білігін толық бүйір бөліктерде кеседі; пластинканы оның бүйір бөліктері өзінің көлденең осі бойынша бос айналуы үшін біліктің алдыңғы бөліміне орналастырады. Стрелка-нұсқаулар көмегімен пластинканың бүйір бөліктерін альвеолааралық сызықтарға перпендикулярлы бағыттап, бұл қалыпта ерітілген балауызбен мықты бекітеді.

    Жоғарғы тістерді қойғанда, олар барлық төмпешіктері мен кесі қырларымен сфералы пластинкаға түйісетіндей жасайды. Тек екінші күрек тістер ғана, косметикалық көрініске байланысты пластинкаға 0,5мм жетпеуі керек. Тістерді қатал альвеолярлы өсінді гребені бойынша және альвеолааралық сызықтар бағыты есебімен қою керек. Төменгі жасанды тістерді жоғарғыға қарап қояды.

    Жасанды тістерді сфералы бет бойынша қою кезінде М.А.Нападов пен А.Л.Сапожников олар шығарған анатомиялық емес формалы бүйір тістерді қоюды ұсынады. Бұл тістердің шайнау беттері төмпешік және перифериялық буртик түрінде орындалған. Төмпешіктер ұшыы және жоғарғы тістер буртигі радиусы 9см шығыңқы, ал төменгі - иілген сфералы бетте орналасқан. Авторлар тістердің шайнау бетінің осындай формасында төменгі тіс қатарының жоғарғыға сырғушы қозғалыстары кезінде сбрасывающий моменттер тумайды және протездер сбрасываться етпейді деп есептейді.

    Гербер бойынша. Жасанды тіс қатарын қоюды Гербер, ереже бойынша, орта анатомиялық артикуляторда жүргізеді. Күрек тістік нүкте Мезингер бойынша, ал протетикалық жазықтықтың артқы шеті – ретромолярлы төмпешіктің ортасы бойынша анықталады. Алдымен төменгі фронтальды тістер қойылады, кейін олар бойынша жоғары фронтальді тістер қойылады. Шайнау тістерді қою төменгі жақтан басталады. Төменгі бірінші кіші азу тістің ұрт төмпешігі жоғары бірінші кіші азу тістің фиссурасында орналасады. Екінші кіші азу тіс және бірінші үлкен азу тіс олардың тілдік және ұрттық төмпешігі бір жазықтықта орналасатындай қойылады. Екінші үлкен азу тістер қойылмайды, әсіресе егер олар төменгі жақтың альвеолярлы өсіндінің шығар артында орналасуы керек болса.

    Төменгі бүйір тісті орналастырған соң, жоғары шайнау тістерді қоюға көшеді. Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің таңдай төмпешігі төменгі бірінші үлкен азу тіс «ступка» шұңқырына енеді, ал ұрттық төмпешігі бір-бірімен жанаспайды. Олардың арасында саңылау пайда болады. Автор жақсы айқындалған экватор ұрттың сорылуына және тістелуіне бөгет болады деп көрсетеді.

    Барлық тістерді қойғаннан кейін үш нүктелік контактке жету үшін, көшірмемен шайнау беттерін егеуге көшеді. Осылайша, ұсынылған әдістеме Шпее және Вильсон компенсациялық қисықтарын жасауды игнорирует. Бұл тістерді қолдану кезінде тіс қатарының шайнау алаңдары айқын жиырылады. Сонымен қатар, бүйір тістерді ұрт төмпешіктері арасындағы саңылау болу кезінде науқастар ұрттарын тістеуге шағымданбайтыны күмән туғызады, әсіресе кәрілік жаста, бұлшықеттер тонусы бұзылғанда.

    57. Алмалы протездерді қолдану ережелері. Алмалы протездер қолданатын адамдардағы ауыз қуысының гигиенасы.

    Науқас протездерді қолданғаннан кейінгі алғашқы күндерде жұмсартылған, жақсырақ пюресі бар тағамды қабылдауы керек, содан кейін әдеттегі диетаға көшу ұсынылады. Дегенмен, қатты тағамдарды тұтынудан аулақ болу керек, мысалы, құрғақ нан қыртысы, крекер (сухарики), қант, жаңғақтар және т.б. тамақ ішкеннен кейін протездерді алып тастап, шайып, ауыз қуысын шаю керек.

    Бұзылған дикцияны қалпына келтіру үшін көбірек сөйлесіп, дауыстап оқу ұсынылады. Протездерді тез игеру және оларға алғашқы 5-7 күнде (ауырсыну болмаса) үйрену үшін протездерді түнде ауыз қуысында қалдырған дұрыс, бірақ ұйықтар алдында оларды тазалап, жуу керек .

    Әдетте жасалған протездерді бірақ уақыт өткен соң қайтадан қолданғаннан кейін, көбінесе бірінші күннің соңында пациент сөйлеу және тамақтану кезінде протездің астында ауырсынуды басталады. Сондықтан, бірінші күннен кейін пациенттерге протездерді түзету (түзету) үшін дәрігерге бару ұсынылады. Осы уақыт ішінде жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісін жабатын шырышты қабықтың жекелеген аймақтарында әлсіз гиперемия (қызару), жеңіл ісіну және ауырсыну байқалады. Кейбір жағдайларда шырышты қабықтың тұтастығының бұзылуы, саусақпен басқан кезде ауырсынуы мүмкін . Шырышты қабықтың терең бұзылуымен іріңді секрециямен жаралар пайда болады .

    Егер бір күннен кейін пациент қандай да бір себептермен дәрігерге келе алмаса және протездер қатты ауырсынуды тудырса, оларды түнде алып тастау керек. Алайда, келесі күні таңертең протездерді қайтадан салуы керек, өйткені протезден қалған іздер түнде байқалмауы немесе жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда науқас протездер қолданылғаннан кейін бірнеше сағаттан кейін (4-6) дәрігерге баруы керек. Бұл дәрігерге бұзушылықтың шекарасын дәл анықтауға және протезді дұрыс түзетуге мүмкіндік береді. Барлық ауырсыну сезімдері жойылмайынша түзетуді 2-3 рет қайталау керек екенін есте ұстаған жөн. Кейбір науқастар протезді өздері түзетуге тырысады.Бұл қолайсыз, өйткені пациент протез шекарасын бұзып, ауырсынуды тудыратын себепті жоймауы мүмкін.

    Протездерге үйренгеннен кейін оларды ұйқы кезінде алып тастау керек. Ауыз қуысында түнде қалдырылған протездер оның гигиеналық жағдайын нашарлатады және жақтың альвеолярлы өсіндісінің атрофиясының жоғарылауына әкеледі.

    Ұйқы кезінде ауыз қуысынан протездерді алу кезінде оны тазалап, жуып, осы мақсаттарға бейімделген қорапқа салу керек.

    Таңертең алынбалы протездерді қолданар алдында ауыз қуысын мұқият шайып, қызыл иекті, тілді, таңдайды тіс пастасы бар жұмсақ щеткамен тазалаңыз. Бұл процедура ауыз қуысын түнгі бляшкадан тазартып қана қоймайды, сонымен қатар қан айналымын жақсартады, тыныс алуды сергітеді.

    Гигиена . Протездер жүйелі гигиеналық күтімді қажет етежі . Оларды тпастасы бар тіс щеткасымен тазалау керек. Протездерді тазарту таңертең және кешке тамақтан кейін су ағынының астында арнайы щеткамен және пастамен жүзеге асырылады. Алынбалы пластиналық протездерді тазалауға арналған щеткалардың бастың екі жағында қылшықтары болады: бір жағында – протездердің сыртқы беттерін тазалауға арналған , ал екінші жағында – протез негізінің ойыс бөлігін өңдеуге арналған. Пасталар орташа абразивті-гигиеналық немесе алынбалы протездер үшін арнайы, тазартатын, дезодорациялайтын, антисептикалық және көбіктенетін қасиеттерге ие болуы керек .

    Алынбалы протездерді өңдеу микробқа қарсы белсенділігі жоғары арнайы дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі, мысалы: 0,25% хлоргексидин ерітіндісі, 0,95% салицилат ерітіндісі, 1% салицилат ерітіндісі, 0,5% хлоргексидин биглюконат ерітіндісі, 0,5% "Триацид"ерітіндісі. Көбінесе протезді дезинфекциялау құралдарына белгілі бір уақытқа батыру керек , мысалы, күніне 1 рет 60 минут ішінде 0,5% "Триацид" ерітіндісі.


    написать администратору сайта