Главная страница
Навигация по странице:

  • Техникалық және инструментальдық құралдары

  • Белгілер теориясы. Ахуалдық теория . Ізбасарлар мен конституенттер теориясы.

  • Психологиялық теория

  • Саяси элита

  • Элиталар бірқатар негіздер бойынша типтендіріледі

  • Деңгейлік тапсырмалар

  • ОБӨЖ тапсырмалары

  • Практикалық сабақ. 5. Практикалық сабақ. 5 практикалы саба. Саяси элита жне кшбасшылы Жмысты масаты мен міндеті


    Скачать 33.05 Kb.
    Название5 практикалы саба. Саяси элита жне кшбасшылы Жмысты масаты мен міндеті
    АнкорПрактикалық саба
    Дата04.03.2021
    Размер33.05 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5. Практикалық сабақ.docx
    ТипДокументы
    #182033

    5 практикалық сабақ. Саяси элита және көшбасшылық

    Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Саяси лидерлік, оның билік институты ретіндегі мәні. Саяси лидерліктің қызметі, типологиясы. Қоғамдағы саяси элитаның орны мен ролі. Саяси элитаның құрылысы және негізгі қызметтері. Мемлекеттік бюрократия. Саяси элита мен көшбасшылар саясат субъектілері ретінде.

    Техникалық және инструментальдық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба – кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.

    Жұмыстың өткізу тәртібі: Саяси лидерліктің негізгі түсініктемелері. Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психологиялық тұжырымдамалар, интегративтік амал. Саяси лидерліктің билік институты ретінде. Билік институты ретіндегі саяси лидерліктің мәні және сипатты белгілері.. Саяси лидерліктің атқаратын қызметтері. Саяси көшбасшылықтың типологиясы. Саяси көшбасшылықтың түрлері. Саяси лидерлік туралы Антикалық дүние авторлары Геродот, Плутарх және басқалары өздерінің ойларын тұжырымдаған. Саяси көшбасшылықты зерттеуге Николло Макиавелли (1469 - 1527) біраз үлес қосты. Ол батырларды, монарх және қолбасшыларды тарихтың шынайы жасаушылары санады. Оның түсініктемесінде саяси лидер-бұл бүкіл қоғамды біріктіруші және танытушы, өз билігін және қоғамдық тәртіпті сақтау үшін кез келген әдіс-амалды қолданушы.

    Одан кейінгі саяси ойға және практикаға көрнекі ықпал еткен лидерлік концепциясын жасап шығарған Фридрих Ницше (1844 - 1900). Ол былай деп жазған: "Адамзаттың мақсаты оның жоғарғы өкілдерінде жатыр. Адамзат ұлы адамдарды тудыру үшін талмай еңбетенуі тиіс, - оның міндеті өзге ештеңеде емес, тек осында". Оның пікірінше, тұрғындардың басым көпшілігі дербес әлеуметтік шығармашылыққа қабілетсіз.

    Марксизмде саяси лидер таптың бөлігі, ең қабілеттіі, саналы және таптың еркін іскер білдруші болып табылады.

    1. Саяси лидерлік - бұл бүкіл қоғамға, ұйымға немесе топқа белгілі тұлғалар тарапынан тұрақты басымырақ ықпал ету.

    Саяси лидер айрықша басым ықпал мен иеленуі тиіс.

    2. Саяси лидерлік - бұл басқарушылық мәртебе, әлеуметтік тұғыр , бұл жетекшілік мансап.

    3. Саяси лидерлік - бұл саяси нарықта жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің ерекше түрі.

    4. Саяси лидерлік - бұл топтың қоғамдастығының және саяси мнез-құлқының символы- рәміздік көрінісі.

    Саяси лидерлік ұғымының екі аспектісі бар: Формалдық-мансаптық мәртебелік. Ол билікті иеленумен байланысты.

    Қазіргі саясаттануда лидерліктің бірнеше теориясы бар.

    Белгілер теориясы. Ахуалдық теория. Ізбасарлар мен конституенттер теориясы.

    Лидерлік феноменін оның қоршаушылары мен ізбасарлары арқылы түсіндіреді.

    Психологиялық теория

    Жетекшілердің бағыныштыларға қатынасы бойынша:

    авторитарлық – лидердің төменгілерге жекебастық бағыттаушылық ықпалы;

    демократиялық – жетекшінің топтын не ұйымның бүкіл мүшелерінің мүдделері мен пікірерін ескеруі, бұқараның басқаруға қатысуының болуы.

    Биліктің легитимдену амалы бойынша (М. Вебер): дәстүрлік; рационалдық-жариялық. Мұнда лидерлер демократиялық жолмен сайланады; харизматикалық.

    Лидерлік "масштабы" бойынша: жалпыұлттық; регионалдық өңірлік лидерлер; әлеуметтік топтар, жіктер лидерлері.

    Өмір сүріп тұрған саяси жүйеге қатысы бойынша: Функционалдық, қызметтік; Дисфункциональдық, қызметі бұзылған; конформист (бейімделінуші); неконформист.

    Лидердің жинақталған кейіп—бейнесін М. Дж. Херманнбөліп шығарды. Олар: Ту ұстаушы, немесе ұлы адам. Лидердің негізгі қызметтері келесілер болып табылады:

    Қоғамды біріктіру, бұқараны ұйымдастыру. Тиімді саяси шешімдерді табу және қабылдау. Әлеуметтік арбитраж и патронаж, бұқараны заңсыздықтан және қиянаттан қорғау. Билік пен бұқараны байланыстыру, саяси және эмоционалдық байланыс каналдарын нығайту. Жаңартуға мұрындық болу, оптимизм мен әлеуметтік күш-қуатты туындату, көпшілікті саяси шешгімдерді жүзеге асыруға жұмылдыру. Билікті,сапяси құрылысты легитимдендіру.

    Кейінгі жылдары Қазақстанда лидерлікті дамытуда маңызды өзгерістер байқалып отыр. Оны өткен 2011 жылдың және осы 2012 жылдың оқиғалары көрсетп отыр. Олар әлемдегі және еліміздегі тарихи оқиғалар, саяси өзгерістер мен процестер. Қазіргі саяси лидерліктің қалыптасуы процесіндегі басты ерекшелік: бір жағынан - демократиялық мемлекеттердің лидерлеріне тән сипаттардың жүйелі көрінісі болса, екіншіден- номенклатуралық жүйе лидерлеріне тән сарқыншақ белгілердің мұралануы, қабаттасуы болып отыр. Қазіргі Қазақстанда лидерліктің дамуында екі үдеріс ашық байқалуда: институталыну мен кәсіби-мамандандырылу.

    Сөйтіп, бүгінгі саяси лидерлер қоғамдағы билік механизмінің нақтылы жүзеге асырылуы болып отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасының президенттік институты мемлекеттік басқарудың тарихи қажетті формасы ретінде қарастырылады. Қазіргі Қазақстанның саяси көшбасшылары.

    Сонымен, қоғамды тімді саяси басқарудың маңызды шарты элитаның сапасы, көшбасшыларын таңдау жүйесін жетілдіру және көпшіліктің саяси белсенділігін арттыру болып табылады.

    2. Саяси элита және оның мәні. Саяси элита ұғымы. Элитарлық әдіс-амалдың қалыптасуы және дамуы. Саяси элиталар өмір сүруінің факторлары. Саяси элитаның саяси процестегі орны мен ролі. Саяси элитаның құрылымы. Саяси элиталардың негізгі функциялары: стратегиялық, ұйымдық, интегративтік және т.б. Саяси элитаның жіктелуі. Қазіргі элита теориялары. Саяси элитаны қалыптастыру тәсілдері. Бюрократизм саяси феномен ретінде. Меммлекеттік бюрократия саяси элитаның құрамды бөлігі ретінде. Элитаның классикалық теориялары.

    "Саяси элита" дегеніміз не? "Элита" француз тілінен аударғанда ең жақсы, таңдалған, таңдамалы дегенді білдіреді. Ежелгі Грекия философтары қоғамды басқаруды ең жақсы, сол үшін арнайы тағайындалған адамдар атқаруы тиіс деп санаған. Платон мен Аристотель демократияны басқарудың ең төмен түрі деп есептеп, мемлекетті басқаруға халықты жіберуге қарсы болған. Саяси элита – бұл өздерінің қолына саяси биліктің едеуір көлемін шоғырландырған, қоғамның бірігуін, субординациясын қамтамасызх етуші және саяси ұстанымдарында қоғамның әр түрлі топтарының мүдделерін бейнелейтін және сяаси пиғылдардың жүзеге асу механизмдерін жасап шығаратын салыстырмалы шағын әлеуметтік топ.

    Қазіргі элита концепцияларының негіздері итальянсоциологтары Гаэтано Моска (1858-1941 гг.) мен Вильфремо Парето (1848-1923 гг.) және неміс политологы Роберт Михельстің (1876-1936 гг.) еңбектерінде қаланған. "Саяси ғылым негіздері" (1896 г.) деген еңбегінде Моска кез келген қоғамда: басқарушылар табы және басқарылатындар табы болатыянын дәлелдейді. Біріншісі, әрқашанда азырақ, бүкіл саяси қызметтерді жүзеге асырады, билікті толық иеленеді және оған тән артықшылықтармен пайдаланады, ал екіншісі саны көбірек, біріншімен басқарылады және реттеледі, саяси организмнің тіршілігін қамтамасыз ету үшін материалдық құралдарды жеткізіп отырады. Моска Г. Азшылықтың үстемдігі болмай қоймайды, өйткені ол ұйымдасқан азшылықтың ұйымдаспаған көпшілікке үстемдігі дп санаған считал.

    Парето элитаның бір типін екіншімен ауыстыруға, ал Моска – элитаға бұқараның "ең көрнекті" өкілдерінің біртіндеп енуіне басым маңыз берді.

    Моска үшін элита – сяаси тап. Паретоның понимание элитаны түсіндіруі кеңірек, ол антропологиялық. Р. Михельстің концепциясының мәні: "демократия, өзін сақтап және белгілі тұрлаулылыққа жетуі үшін ұйым құруға мәжбүр болады деген қағидатта тұр. Ал бұл халық бұқарасы үлкен ұйым үстінентура бақылау мүмкін болмайтындығынан өз тағдырын сеніп тапсыратын элитаны - белсенді азшылықты бөліп шығарумен байланысты

    Саяси элитаның сипатты белгілері төмендегідей: Бұл- үлкенемес, жеткілікті дербес әлеуметтік топ; биік әлеуметтік мәртебе; мемлекеттік және ақппараттық биліктің басымырақ көлемі; билікті жүзеге асыруға тікелей қатысу; ұйымдастырушылық қабілет және талант.

    Г. Моска, В. Парето, Р. Михельс концепциялары негізінде қазірг бағыттар шықты: элитның макиавеллилік мектебі, элитаның құндылықтық концепциялары, демократиялық элитрлық концепциясы, көптілік концепциясы, элита плюрализмі, концепция элиты как авангардной партии рабочего класса.

    Топтық беріктік Элитаның легитимдігі, оның саяси басқаруға құзыретін бұқараның көбірек не азырақ көлемде кеңінен мойындауы.

    Элитаның, оның биліктік қатынастарының құрылымдық тұрлаулығы.

    Элитаның қалыптасуы мен ауысуы билік үшін күресте жүзеге асады. Элитаның үстем жағдайы бүкіл қоғамның мүддесіне жауап береді.. Элита - мотор, бұқара – тарихтың дөңгелегі, элиталардың шешімдерін өмірде жүзеге асырушылар.

    Элитарлық мүмкіндіктер теңдігінен заңды түрде туындайды. Демократия шамалас бірдей старттық жағдайларды қамтаамасыз етуі тиіс. Демократиялық элитизм концепциясының төмендегідей жалпы белгіері бар:

    Элитаны тұтас артықшылықты топ ретінде жоққа шығару. Көптеген элиталар өмір сүреді. Элиталарды бұқараның ықпалы астында тежеу мүмкін. Элиталар бәсекесінің өмір сүруі біртұтас үстем элитарлық топтың құрылуына жол бере бермейді.

    Сонымен, элита деп түсініледі. Өзінің іс-әрекеті саласында жоғары көрсеткішдерді (нәтижелік) иеленетін тұлға (В. Парето). Харизматикалық тұлға (М. Вебер).

    Өзінің мәртебесіне қарамастан бұқарадан интеллектуалдық және моралдық моралдық артықшылықтарды иеленетін тұлға. Саяси жағыныан билікке бағдар ұстаушы ең белсенді адамдар; қоғамның ұйымдасқан азшылығы (Г. Моска).

    Өзінің биологиялық және генетикалық шығу тегі арқасында қоғамда жоғары орындарды иеленетін адамдар. Қоғамда жоғары орны бар және соның арқасында әлеуметтк прогреске ықпал ететін тұлғалар (Дюпре).

    Қоғамда ең үлкен мансап, мәртебе алған адамдар (Г. Лассуэл).

    Материалдық және материалдық емес құндылықтарды ценности в максималдық өлшемде алған адамдар.

    Саяси элита – қоғам дамуының қазіргі (және, мүмкін, ертеңгі) кезеңінің нақтылығы және ол келесі негізгі факторлармен шартьтыланған:

    Адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздігі, олардың саясатқа қатысуға қабілетінің, мүмкіндігінің және құштарығының бірдей болмауы.

    Еңбек бөлінісі заңы басқарушылық еңбекпен кәсіби айналысуды талап етеді.

    Басқарушылық еңбектің жоғары маңыздылығы және оған сай ынталандыру.

    Басқарушылық қызметті пайдаланудың сан алуан түрде әлеуметтік артықшылықтарды алу үшін кең мүмкіндіктері.

    Саяси басшыларды барлығынқамтитын бақылаудың практикалық мүмкін еместігі.

    Тұрғындардың қалың көпшілігінің саяси.

    Элиталар бірқатар негіздер бойынша типтендіріледі:

    Билікке қатынасы бойынша бөліп шығарылады:

    Біліктілік деңгейі бойынша:

    Қызметінің нәтижелілігі (тиімділгі): элита; псевдоэлита; антиэлита.

    Одан да басқа, бөліп шығарылады:

    Саяси элита келесі қызметтерді атқарады:

    Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін зерттеу және;

    Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерінің субординациясын анықтау;

    Мүдделерді саяси ұстанымдардва бейнелеу;

    Саяси идеологияны (программалар, доктринлар, конституциялар) жасап шығару;

    Саяси мақсаттарды іске асыру механизмін жасау;

    Басқару органдарының кадрлық аппаратын тағайындау;

    Саяси жүйе институттарын құру және коррекциялау;

    Саяси лидерлерді жоғарылату.

    Қазіргі қоғамның элитарлығы анық нәрсе. Оны аластауға бағытталған әртүрлі әрекеттер деспотиялық нәтижесіз элиталардың қалыптасуына және үстемдігіне, ақыр аяғында бүкіл қоғамға зыян әкелетін жағдайға соқтырады.

    Әрине, саяси элитаны аластау тек бүкіл баршаның қоғамдық өзін-өзі басқаруы арқылы мүмкін болады. Бірақ та бұл адамзат өркениеті дауының қазіргі кезеңінде шындықтан гөрі, тартымды идеалға жақынырақ.

    Қазақстанның қазіргі саяси элитасының жалпы сипаттамасы:

    - жабықтығы және тұрғындардан біршама қашықтығы (экономикалық, саяси, информациялық және менталдық);

    - элита профессионализм ұғымы көбінесе ығыстырылатын және жеке берілгендік пен қандас туыстық түсінктерімен алмастырылатын қатаң иерархия шеңберінде қызмет етеді .

    - басқарушы элита біртұтас емес, керісінше, ол сәйкес мүдделер мен ағымдағы конъюнктура негізінде ішінде сан алуан блоктар құрылатын перманенттік қайшылықтар жағдайында болып отыр;

    - элиталар арасындағы негізгі күрес өздерінің мұраттарын мемлекеттік және қоғамдық дамуға тарату үшін емес, өзінің ықпалын мемлекет басшысына және қалған элитарлық топтарға тарату, ал сол арқылы- мемлекеттік және қоғамдық дамуға тарату құқығы үшін жүріп жатыр;

    - саяси элитаның ішкі тұрлаулығының кепілі тек ел президенті болып отыр.

    Қазақстан саяси элитасының ішкі қақтығыстық әлеуетінің деңгейі. Қазіргі кезеңде елде саяси тәуекел деңгейін көтерердей әртүрлі элитарлық топтар арасында жаңа қақтығыстар шақыруға қабілетті жанжалдық әлеует сақатлып отырғанын жоққа шығаруға болмайды .

    Жаңа жанжалдардың мүмкін себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

    Объективтік себептер:

    - элиталық топтар арасында мықты баланстың болмауы;

    - өздерінің экономикалық амбиций жүзеге асыфру үшін мүмкіндіктердің тарылуы;

    - үйлестірілмеген кадрлық саясат;

    - өзінің әрекеті үшін еркіндікті талап ететін элитаның объективтік процесі.

    Субъективтік себептер:

    - президенттік биліктің мерзімі толмай тапсырылуы туралы лақаптың таралуы;

    - тым жиіленген кадрлық өзгерістерге байланысты саяси элитаның ішінде тұрақты психологиялық кернеу жағдайы;

    - билік басында бір гана топтың тым ұзақ болуынан шаршау.

    Элиталардың ауысу процесіне орай, қазргі езеңде посткеңестік кеңістікте үш үлгісінің бар екенін атап өту керек:

    - Ресейлік (мұрагер)

    - Азербайджандық (билкті тапсырудың династиялық түрі).

    Украиндық (контр-элитаның жеңісі)

    - Грузиндік (контр-элитаның жеңісі)

    - Кыргыздық (контр-элитаның жеңісі)

    Қазақстан үшін билікт тапсырудың Ресейлік үлгісі оңтайлырақ тәрізді, өйткені атап айтқанда сол ғана елде саяси тұрлаулылықты сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен, қоғамның саяси өмірінің элитарлығы- бүгінгі күннің шындығы. Назарда айрықша орын алуы тиісті мәселе – бұл саяси элита жұмысының сапасы мен тиімділігін көтеру болып табылады. Бұл мәселесінің оңды шешімі көп ретте жетекшіден, лидерден тәуелді.

    Деңгейлік тапсырмалар:

    1–деңгейлік сұрақ. Саяси элита дегеніміз не? Ол не үшін керек? 1 –деңгейлік сұрақ. Қоғам дамуындағы саяси элитаның рөлі неде?

    2–деңгейлік сұрақ. Саяси элиталар жөнінде қандай теориялар бар, олардың ерекшеліктері қандай? 2–деңгейлік сұрақ. Қоғамның түбегейлі өзгеру жағдайында саяси элитаның қызметінде тиімді бағыттарға нелерді жатқызасыз?

    3–деңгейлік сұрақ. Қазіргі Қазақстан элитасына кімдерді жатқызасыз?

    ОБӨЖ тапсырмалары: Топ бастаушы болу үшін қандай қасиеттер керек? Неге байланысты олардың ролі арта бастайды, осыларды дәлелдеңізші.

    БӨЖ тапсырмалары: Лидердің басқарушыдан айырмашылығын ашып көрсетіңізші

    Әдебиеттер.

    1. Қуандық Е.С. Саясаттану негіздері. Оқу құралы.- Толықтырылған үшінші басылымы.- Алматы, 2013. - 240б.

    2. Сыдықов Ұ. Саясаттану. – Алматы: Эверо. 2012.- 132б.

    3. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық. 1 том. –Алматы: Қарасай, 2011.-424б.

    4. Әбсаттаров Р.Б. Саясаттану негіздері. Екі томдық. 2 том. –Алматы: Қарасай, 2011.-424б.

    5. Рахымбаева А.Саясаттану. – Астана: Фолиант. 2012.- 232 б.

    6. Қоғамдық саясат. Саясат, талдау және баламалар: Оқулық, /Майкл Е. Крафт, Скот Р. Фурлонг.- Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2017.- 468 б.

    7. Қазақстанның дін жөніндегі мемлекеттік саясаты. А.Т.Асан, А.С.Балапанова, Т.А.Козырев, 2013

    8. Саясаттану бойынша дəрістер курсы / Н.Ж. Турсумбаев. - Қостанай: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 123 б. http://rmebrk.kz/

    9. Иманбаева А.А. Саясаттану: Оқу-әдістемелік құрал. –Алматы, 2017.-112б. http://rmebrk.kz/

    10. Абдыкалыков У.К., Симтиков Ж.К. Саясаттану: Оқулық. /Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. – Алматы, 2018. 209б. http://rmebrk.kz/

    11. Сарсенбеков Н.Ж. Саясаттану: Электрондық оқулық.- Қарағанды: ҚарМТУ, 2015. http://rmebrk.kz/


    написать администратору сайта