Esenbaev Кейс 5-тапсырма. 5ші тапсырма Тмендегі асфиксиялы белгілерден жіппен асылуа тн
Скачать 17.32 Kb.
|
№5-ші тапсырма Төмендегі асфиксиялық белгілерден жіппен асылуға тән болатындарын көрсет: 1.Экхиматикалық маска /бетте, мойында, кеудеде тері астына қан құйылулар/. 2. Альвеоладан май түйіршіктерінің табылуы. 3. Өкпенің көлемінің ұлғаюы 4. Іш қуысында сұйықтық болуы – Моро белгісі 5. Мойынның терісінде беткейлі орналасқан сырылулар бар, олар сызықша және жарты ай формалы 6. Мойынның жұмсақ тіндеріне, бұлшық еттеріне қан құйылу 7. Кіші қан айналымында қан іркілуінен бетте цианоз болуы 8. Мәйіт дақтары аяқта орналасқан 9. Висцеральді плевра астына қан құйылу - Рассказов–Лукомский белгісі 10. Странгуляциялық жүлгенің қиғаш бағытталуы, тұйықталмауы. 11. Көз қабаттарына қан құйылу. 12. Еріннің шырышты қабаттарына тістің батып оны жарақаттауы. 13. Мойын шеміршектінің және тіласты сүйегінің сынуы. 14. Мәйіт дағының өлім тіркелгеннен кейін тез арада пайда болуы. 15.Мұрынның, еріннің жалпайып зақымдануы. 16.Жүректің сол бөлігіндегі қанның шие өңді болуы (қанға су араласуынан). 17.Мұрын-ауыз үшбұрышындағы тері жабындысының бозғылттануы 18. Өкпенің беті кедір-бұдыр, кесілген жерінен тамақ қалдықтары шығады. 19.Қабырғалардың аралықтарының тегістелуі. / разглаживание межреберного промежутка/. 20.Көз қарашығының кеңеюі. 21.Ұйқы артерияларының интимасының көлденең бағытта жыртылуы. 22. Ауыз және мұрын қуысынан ақ көпіршіктердің көрінуі. 23. Кеңсірік сұйықтығынан диатомдық планктонның табылуы. 24. Странгуляциялық белдеу мойынның жоғарғы бөлігінде орналасады 25. Өкпенің карминді ісігі. 26. Кеңірдектен тамақ қалдықтарының табылуы. 27. Странгуляциялық жүлге горизонтальды бағытталған және мойынды толық қамтиды. 28. Қан сұйық күйде. 29. Сфинктерлер босаңсу нәтижесінде еріксіз бөліністердің (зәр, нәжіс, сперма ) байқалуы. 30. Қанның түсі – қошқыл-қызыл. 31. Қарсыласу, қорғану болғанын көрсететін көптеген жарақаттар. 32. Жүректің оң бөлігінің қанға толуы. 33. Эпикард және плевра астына нүктелі қан құйылулар.(Тардье дағы). 34. Мойында дөңгелек пішінді диаметрі 1см болатын қанталау ошақтарының болуы. 35. Ішкі ағзалардың қанға толы болуы. 36. Странгуляциялық жүлгенің мойынның ортаңғы немесе төменгі бөлігінде орналасуы. 37. Мойында түйіннің ізінің қалуы. 38. Ауыз, мұрын айналасында терінің сырылулары. 39.Странгуляциялық жүлгенің айқын терең болуы. 40. Странгуляциялық жүлгенің тереңдігі барлық жерінде біркелкі. |