|
аурсыну. 6 дріс Таырып
№6 дәріс Тақырып: Ауырсыну. Шок. Ауырсыну этиологиясы. Ауырсынуды жіктеу. Шок этиологиясы. Шоктын патогенезі. Қабыну. Қабыну этиологиясы. Қабыну патогенезі. Қызба. Қызба этиологиясы және патогенезі. Ауырсыну - организмнің интегративті қызметі. Ол көптеген функционалдық жүйелер қызметтерін белсендіріп, жарақаттандыру факторларына төзімділігін күшейтеді. Ауырсыну тітіркендіргіші әсерінен организмде сана сезімі, сезім түйсігі, зерде, мотивация, вегетативтік, сомалық және іс әрекет реакциялары қалыптасады. Ауырсыну, яғни ноцицепция жүйесі: - сезімді қабылдайтын рецепторлар;
- өзіндік өткізгіш бөлім;
- орталық жүйке құрылымдармен сипатталады.
Ауырсыну қабылдағыштары туралы екі түрлі пікір бар: 1) Ауырсыну қабылдағыштары (ноцицепторлар) - бұл бос жалаңаштанған жүйке ұштары. 2) Басқа рецепторлардан: - Механорецепторлар - өте күшті механикалық әсерлерден; - Терморецепторлар - өте күшті жылулық әсерлерден; - Хеморецепторлар - биологиялық белсенді заттар (кининдер), белгілі концентрация мөлшердегі калий иондары, Са 2+, Н+ иондары мен гистамин, серотонин. Ауырсыну сезімді өткізеді: Жүйке талшықтары ауырсыну сезімнің екі түрін тудырады: 1) тез; 2) баяу (сыздап). Ауырсыну сигналдарын қабылдайтын құрылымдар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде орналасады. Жұлын-таламус жолы: ноцицепторларда пайда болған серпіністер - жұлын түйінінен (1 нейрон) - жұлынның артқы ашасының (мүйізінің) сұр затына (2 нейрон) - жұлын-таламус жолы - таламустың вентралды ядроларына (3 нейрон) - ми қыртысының нейрондарына өтеді. Таламуста - пайда болған ауырсыну сезімінің түрлері (жағымсыз, сыздаған, өткір және т.б.) анықталады. |
|
|