Главная страница
Навигация по странице:

  • Қызығушылығы

  • Қалауы, мақсаты

  • Тапсырма: бір қызмет, бір тауар түрінің нысандағы аудиториясын анықтау.

  • копирайтинг. нысанадағы аудитория. 6саба. Нысандаы аудитория Мтін жазар алдында ол мтінді кімге жне не шін жазып жатанымызды білу маызды


    Скачать 16.79 Kb.
    Название6саба. Нысандаы аудитория Мтін жазар алдында ол мтінді кімге жне не шін жазып жатанымызды білу маызды
    Анкоркопирайтинг
    Дата16.10.2021
    Размер16.79 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файланысанадағы аудитория.docx
    ТипДокументы
    #248930

    6-сабақ. Нысандағы аудитория

    Мәтін жазар алдында ол мәтінді кімге және не үшін жазып жатқанымызды білу маңызды.

    Не үшін жазып жатырмын? Мысалы, өзімді таныстыру, эмоциямды бөлісу, пайдалы ақпарат беру, тауарды сату, қалай екенін түсіндіру т.б. мәтіннің мақсатын айқындап аласыз.

    Кімге жазып жатырмын? Студентке, кәсіпкерге, оқушыға, бала тәрбиелеп отырған ата-анаға т.б.

    Нысандағы аудитория –

    сіздің өнімге қызығушылығы бар,

    сіздің өнім арқылы қандай да бір проблемасын шешкісі келетін,

    сіздің өнімге мұқтаж адамдар тобы.

     

    Мысалы, дәл осы толық циклді "Текстроверт" курсының нысандағы аудиториясын алып көрейік.

    Жасы: 18-30

    Тұрғылықты жері: Бүкіл Қазақстан (курс онлайн болғандықтан)

    Мамандығы: Мамандықта шектеу жоқ, бірақ жазуға жақын адам. Журналист, филолог болып қалуы мүмкін.

    Қызығушылығы: кітап оқу, инстаграмда пайдалы болу, сапалы блогтарды оқу (мысалы, Динара Болат, Өркен Кенжебек т.б.)

    Қалауы, мақсаты: Копирайтингтен аз-маз хабары бар, толық үйреніп маман атанғысы келеді. Копирайтингті білмесе де, мәтін жазады, блог жүргізеді. Мақсаты - курс арқылы табысқа шығу, табысын еселеу, сапалы копирайтер атану, сайт, таргет, видеоға мәтін жазуды үйрену.

    Қорқынышы не проблемасы: Қосымша тірліктері көп, курсты оқуға үлгермей қаламын деп қорқады. Курс суммасын төлей алмаймын, қымбат деген проблемасы болуы мүмкін.

    Қараңызшы, нысандағы аудиторияның кім екенін біліп алдық. Енді мәтін жазғанда осы адамдар тобына арнауға тырысамыз. Олардың "үлгере алмаймын" деген күмәнін "куратор көмек береді" деген мүмкіндікпен жабамыз т.б. 
     

    Тапсырма: бір қызмет, бір тауар түрінің нысандағы аудиториясын анықтау.


    написать администратору сайта