ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ. 8 саба Таырыбы Липидтер алмасуы
Скачать 38.18 Kb.
|
№8 САБАҚ 1.Тақырыбы: Липидтер алмасуы Глицеролдың тотығуы. Май қышқылдарының бета-тотығуы. Энергиялық балансы. Көп қанықпаған май қышқылдарының пероксидті тотығуы. Антиоксиданттық қорғаныш жүйесі: ферменттік және ферменттік емесАцетил-КоА-ның өзгерістері: май қышқылдарының, холестеролдың және кетон денелерінің биосинтезі. Осы процестердің жүру жылдамдығын реттейтін негізгі реакциялар. Кетон денелерінің пайдаланылуы. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері. Липидтер алмасуының патохимиясы. БӨЖ: «Атеросклероздың биохимиялық негіздері».«Семіздіктің, өттас ауруының, бауырды май басуының биохимиялық негіздері».«Дислипопротеинемия түрлері». Осы сабақтың соңында студент қабілетті болады: Глицерол мен БМҚ-ның анаболикалық процестерге пайдаланылуын сипаттауға. АСҚ-ның пайдаланылу жолдарын – май қышқылдарының, холестеролдың және кетон денелерінің биосинтезін сипаттауға. Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі кетон денелерінің маңызын сипаттауға. Липидтер алмасуының соңғы өнімдерін және олардың организмнен шығарылу жолдарын сипаттауға. Липидтер алмасуы бұзылыстарының биохимиялық механизмдерін сипаттауға. Әдебиеттер, соның ішінде электронды қор: Міндетті: 1. Биохимия: Оқулық Е.С. Северин ред. (қазақ тіліне аударған және жауапты редакторы А.Ж.Сейтембетова), Мәскеу, 2014. – 382-393; 414-423; 426-432 б.: ил. 2. Harvey, A.Richard Biochemistry [Текст] / Lippincott’s illustrated Reviews.- Sixth edition.- New Delhi, Philadelphia, Wolters Kluwer Health, 2014.- 183-189,194-200,219-226 р Онлайн ресурсы https://www.youtube.com/watch?v=2PZi9iZydKU&list=PLwisvilHEJQWF0-1ROB-GmalMcULhDj8f Қосымша Қазақ тілде Плешкова С.М. және басқалары «Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы» 2.Бөлім.. «Заттар алмасуы және оның реттелуі»;– Алматы, 2009 ж. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007 Сейтембетов Т.С. Биохимия сұрақтары мен жауаптары – Алматы,2011 Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар: Глицеролдің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы. БМҚ түрлері. БМҚ-ның β-тотығуы, энергиялық балансы.Пальмитин қышқылы тоығуының энергиялық баланысын есептеу. Липидтер алмасуындағы ҮКЦ, БТ, ТФ рөлі. Оттегінің активті формаларын атау. Қалай түзіледі? КҚМҚ пероксидтік тотығуы. Липидтердің пероксидтік тотығуының физиологиялық маңызы. Бос радикалдардың ағзаға кері әсері. Антиоксидантты жүйе: ферменттік және ферменттік емес. АСҚ-ң түзілу және жасушаларда пайдаланылу жолдарын схема түрде көрсету. БМҚ биосинтезінің негізгі сатылары және оның реттелуі.Пальмитин қышқылы синтезіне жұмсалған АТФ санын есептеңіз Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы. Холестерол синтезі, сатылары және холестерол синтезінің реттелуі. Холестерол мен кетон денелерінің синтезіндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Холестерол алмасуы. Холестерол алмасуындағы бауырдың ролі. Холестерол алмасуындағы ТТЛП мен ТЖЛП-ның ролі. Холестеринді организмнен шығару. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі. Липидтер алмасуы бұзылыстарының биохимиялық механизмдері. Сабақты өткізу форматы: Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау. Ауызша сұрау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша жүргізіледі және №.1 кесте толтырылады. Шағын топта жұмыс (есеп шығару – ТАГ-тар тотыққанда ғы АТФ санын есептеу). Тест тапсырмаларын орындау және жағдайлық есептерді шешу. «Липидтер алмасуы бұзылыстарының биохимиялық механизмдері» тақырыбы бойынша бейнефильм көрсету. 1-кесте. Май қышқылдарының тотығуы мен синтезінің кейбір ерекшеліктерін салыстыру
«Холестерол алмасуы» тақырыбы туралы анимацияны көрсету Көрсетілім біткеннен кейін анимация бойынша пікірталас – пікірталасқа арналған сұрақтар: Холестерол синтезін лимиттейтін реакцияны жазыңыз, оған қатысатын ферментті көрсетіңіз. Қанның қандай липопротеиндерінде холестеролдың эфирленуі және ол қандай фермент арқылы жүреді? Бауырда түзілген холестерол органдар мен тіндерге қандай жолмен түседі? Осы процестегі ТӨТЛП мен ТТЛП-ның ролі қандай? Тіндердегі ТТЛП-дан холестеролдың ассимиляциялану механизмі. Перифериялық органдардың жасушалары арқылы ТТЛП-ның ассимиляция процесін не лимиттейді (шектейді)? Модификацияланған липопротеиндер дегеніміз не? Атеросклероздық процестің негізінде не жатыр: А)Процесс қалай басталады және осы процеске қандай тамырлар жиі ұшырайды? В)Тамырдың өзгерген телімінде қандай өзгерістер болады? Г) Көбікті жасушалар дегеніміз не? Д) Атерогенез процесіндегі атерогенді және антиатерогенді липопротеиндердің ролі. Е)Атерогенез салдарынан неліктен тамырдың өзгерген телімінде тромб түзіледі? Сабақты бақылау: бағаланатын оқыту нәтижелері – білім (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%) . Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: zoom.us (Webex) немесе Google Meet және Moodle dis.kaznmu платформасында ауызша және жазбаша сұрау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 80%). БОӨЖ тапсырмалары: 1.Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару. 2.Тест тапсырмаларын орындау. Шағын топта жұмыс: студенттерді 3 топқа бөліп, әр топқа есеп беріледі: БМҚ синтезіне қажетті малонил-КоА, АСҚ, НАДФН2, АТФ санын есептеу немесе кетон денелерінің тотығуында түзілетін АТФ санын санау ж/е т.б. Алдымен топшадағы әр студентке 2-3 минут уақыт беріледі, содан кейін топшадағы студенттердің өзара талқылауына уақыт беріледі және топшаның шешімін 1 студент басқа студенттермен және оқытушымен талқылау үшін айтады (ЖИГСО әдісі). Шағын топта жұмыс істеуге арналған сұрақтар: Стеарин қышқылы синтезіне қажетті малонил-КоА, НАДФН2 және АТФ санын есептеңіз (кез-келген жұп санды көміртекті май қышқылын беруге болады). Бета-гидроксимай қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз Ацетосірке қышқылы тотықанда түзілетін АСҚ, НАД, ФАД және АТФ санын санаңыз. 1. Жағдайлық есептерді шығару. 1. 4-жасар баланың физикалық жұмыс істеу қабілеті төмендеген. Бұлшықеттің биоптатын зерттеу кезінде тін құрамындағы карнитиннің концентрациясы қалыпты нормадан 4 есе төмен екені анықталды. Бұлшықет жасушасы цитозолінде майдың вакуолдері анықталды. Бұл жағдайдың мүмкін болу себептері қандай? 2. Екі адам арасындағы липид алмасуының айырмашылығын түсіндіріңіз: бірінші адам кешкі ас ішіп демалып жатып қалды, ал екіншісі кешкі астың орнына жарты сағат жүгіріп келеді. Бұл үшін: сәйкес метаболиттік жолдың схемасын жазыңыз; осы жолдарды белсендіретін гормонның қызметін түсіндіріңіз. 3. Пародонтозбен ауырған науқасты тексеру кезінде қызылиек тамырларының атеросклероздық зақымдануы анықталды. Дәрігер дәрілік терапиядан бөлек науқасқа көмірсу мен май мөлшері аз емдәмді тағайындады. Осы тамақтану қан құрамындағы холестеролдың концентрациясына қалай әсеретеді. 4. Тамақпен С,Е,А витаминдерінің жеткілікті түрде түсуі гиперхолестеринемия мен атеросклероздың профилактикасының бір факторы болып табылады. Осы витаминдер әсерінің мүмкін болатын механизмін түсіндіріңіз.Гиперхолестеролемияның туындау себебін атаңыз.Холестерол тасымалындағы ТТЛП рөлі қандай, схемасын жазыңыз. Гиперхолестеролемияның профилактикасындағы С,Е,А витаминдерінің рөлін түсіндіріңіз. 5. Тамақ рационында ет,сүт,жұмыртқа тағамдары көп болған адамдармен вегетариандықтар арасында холестериннің алмасуында қандай өзгешеліктер болады? Холестерин синтезінің схемасын жазыңыз және реттелу реакциясын көрсетіңіз. Холестерин синтезі үшін субстраттардың шығу тегін түсіндіріңіз. Холестериннің тасымалындағы әртүрлі липопротеиндердің рөлін түсіндіріңіз. 6.Жұма күні ауруханаға төменгі жақ сүйегі сынған ер адам жеткізілді. Кезекші дәрігер науқасқа жақтау қойды,бірақ оның түтікше арқылы тамақтануы керектігін түсіндірген жоқ. Дүйсенбі күні кезекті тексеріс кезінде науқас дәрігерге бас айналу, әлсіздік , аузынан ацетонның иісі шығатынын айтып шағымданды. Ол кісіден cito бойынша қан алынды.Сараптама қорытындысы бойынша қан құрамында глюкозаның мөлшері төмендеп және кетондық денелердің мөлшері артқандығы анықталды. Бұл нәтижелерді қалай түсіндіруге болады ? 2.Жаттығулар 1.Май қышқылдары биосинтезінің бірінші реакциясын реттеуші фермент – ацетил-КоА-карбоксилаза катализдейді. Бұл реакцияға қандай кофермент қатысады? Оның формуласын жазыңыз. 2.Ацетоацетаттың активтену реакциясын жазыңыз. Бұл фермент бауырда жоқ, сондықтан бауыр кетон денесін энергия ретінде пайдаланбайды. Осы ферментті және оның класын көрсетіңіз. 3.Қанда кетон денелерінің мөлшері артқан. Осындай күй қалай аталады? Қандай себептер осыған әкелу мүмкін? 4.Ловастатин (мевакор, мевинолин) жоғары тиімді гипохолестеринемиялық (антиатеросклеротикалық) препарат болып табылады. Ловастатиннің әсер ету механизмі қандай? 5.Ацетил-КоА-ның артық мөлшерде түзілуі және оның тотығуы барысында толық жұмсалмауы несімен қауіпті? 6. 30 жастағы ер адамда отбасылық гиперхолестеринемия, ТТЛП рецепторларының тапшылығынан туындаған бұзылулар анықталды. ТТЛП рецепторларының синтезі және олардың кейінгі өзгерістері. Жасушадағы ТТЛП-дан (β-ЛП) босатылған холестерин жасушадағы холестериннің метаболизмін қалай бақылайды? 7. Зауыт қызметкері соңғы 3 күн ашығады. Бета тотығу мұндай жағдайларда өте белсенді деп болжанады. Митохондриялық пируваттың күтілетін тағдыры қандай? 8.Бауырда 7α-гидроксилаза белсенділігінің төмендеуі нәтижесінде липидтер алмасуының қандай процестері бұзылады? БОӨЖ-дің сұрақтары бағдарламалық бақылаудың сұрақтарына енгізілген (сұрақтар тізімі әдістемелік нұсқауларда келтірілген) және тапсырманың орындалғанын тексеру (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). БОӨЖ сұрақтары аралық бақылау және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген. Қашықтықтан оқыту (ҚО) кезінде: Moodle dis.kaznmu платформасында жазбаша тапсырмаларды орындау (сабаққа қойылатын суммативті бағаның 20%). БӨЖ тапсырмалары: Төмендегі тақырыптар бойынша презентация дайындау: «Атеросклероздың биохимиялық негіздері». «Семіздіктің, өттас ауруының, бауырды май басуының биохимиялық негіздері». «Дислипопротеинемия түрлері». БӨЖ бақылау: Тапсырмаларды тексеру. Баға формативті. БӨЖ сұрақтары аралық бақылау және қорытынды бақылау сұрақтарына енгізілген.
|