лексткология сессия. 9емтихан билеті Синонимдер, оларды жасалу жолдары
Скачать 15.46 Kb.
|
№9-емтихан билеті 1. Синонимдер, олардың жасалу жолдары. 2. Этимологиялық сөздік. 3. Асты сызылған сөздерге лексикалық талдау жасаңыз: Олардың достығы да, көп адамдардың достығындай байқаусыз басталды (Т.Ахт.). 2.Синоним дегеніміз кемінде екі я одан да көп сөздердің мәндес болып, бір ұғымды білдіруі. Синонимдер мағыналары жақын сөздер дегенмен мағыналары тепе-тең болмайды. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы жанама да, тікелей түрде де болады. Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады: 1. Сөздердің тұлғасында аз да болса өзгешелік болуы керек. 2. Сөздер бір ғана ұғым атауы болуы шарт. 3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы тиіс. 1.Синонимдер бір-бірінен мағыналық реңкіне байланыста ерекшеленеді. Олар бір ұғымды білдіргенмен мәндес сөздердің бір-бірінен сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, ауыр-зілмауыр сөздері өзара синонимдік қатар құрағанымен, ауырға қарағанда зілмауырдың мағыналық салмағы күшті. 2. Синонимдердің біреуінің мағынасы екіншісінен сәл кең я тар болуы мүмкін. Мысалы, ұстаз-мұғалім сөздерінің мағыналары өзара ұқсас болғанымен, ұстаз сөзінің мағынасы мұғалімге қарағанда кең. 3. Синонимдер бір-бірінен сөз тудыру қабілеті жағынан да ерекшеленеді: жол мен сапар сияқты мәндес сөздердің жол деген сыңары сөз тудыруға қабілетті (жолдас, жолаушы, жолақт.б.), ал сапар сыңары сөз тудыруға қабілетсіз. 4. Синонимдер бір-бірінен мағынасының сапалық жағынан даму қасиетіне қарай да ерекшеленеді: бала көпмағыналы, сәби бір мағыналы. 5.Синомимдер мағынасының деректі-дерексіз болу қасиетімен де ерекшеленеді: маңдай-пешене. Синоним болып жұмсалатын сөздер тобын синонимдік қатар дейміз. Синонимдік қатарға енген сөздерді тіл қолданушы белгілі бір мақсатта қолданады. 1.Ойын білдіруде бір сөзді орынсыз қайталамау үшін мәндес сөздер пайдаланылады. Мысалы: Қазір Тоғжан жүзінде Абайдың қиялынан бір шақ кетпейтін, елбіреп толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ (М.Әуезов). Бұл мысалдағы жүз бен рең; лезде мен сәтте дегендер өзара синонимдер. Жазушы сейлемнің ішінде бір сөзді екі рет жұмсамай, оның синонимін қолдана отырып, сөйлемге ерекше көрік, рең беріп тұр. 2.Белгілі бір ұғымның жан-жақгы белгілерін сипаттауда мәндес сөздер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ыңғайласып та келе береді. Мысалы, Бет көрсе, жүз ұялады (мақал). 3.Белгілі бір ұғымды толық сипаттау үшін қатарынан 2 немесе 3-4 мәндес сөз қатар жұмсалады. Мысалы, Майлыбайдың уысындағы күміске өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады (Ж.Аймауытов). 4.Қазақ тілінде екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысының мағынасын күшейтіп, анықтап тұрады. Мұны әдетте плеоназм дейді. 5.Тілдегі синонимдер қосарланып та қолданыла береді. Мысалы, Зылиха жүре-бара ауыл өміріне қызу араласып кетті (Н.Ғабдуллин). 6.Синонимдер жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де бола алады. Мысалы: Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой- бұл да бір (Қ.Жұмаділов). 7.Тілімізде кейде құлаққа жағымсыз естілетін сөздерді жұмсартып, тыңдаушыларға жеңілдетіп айту тәсілін эвфемизм дейміз. Осындай тәсілді пайдалану да синонимдерді қолданудың бір жолы болып табылады. 8.Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған ерекше назар аударту мақсатында парафраза тәсілі қолданылады. Мысалы, М.Әуезов деудің орнына «Абай жолы» романының авторы деп қолдануға болады. Синонимдерді жеке сөз б ен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Этимологиялық Сөздік , белгілі бір тілдегі сөздердің шығу төркінін, олардың бастапқы дыбысталу түрі мен мағынасын анықтайды. Сөз тарихы, мағынасы тіл тарихымен, сол тілді жасаушы, қолданушы халық тарихымен, өткендегі тұрмыс-салтымен, мәдени-рухани өмірімен, өзге елдерге қарым-қатынасымен тығыз байланысты. Орыс тілі бойынша А.Преображенский, М.Фасмер, Н.М. Шанский, В.В. Иванов, Т.В. Шанская, т.б. Этимологиялық сөздіктері бар. Түркітануда Этимологиялық сөздіктің тарихы А.Вамберидің “Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі” (Лейпциг, 1878) еңбегінен басталады. 1969 ж. Хельсинкиде шыққан М.Рясяненнің “Түркі сөздерінің этимологиялық сөздік тәжірибесі”, 1972 ж. Лондонда шыққан ағылшын ғалымы Дж. Клосонның “13 ғасырға дейінгі түркі тілдерінің этимологиялық сөздігі”, қазақ тілінің қысқаша Этимологиялық сөздікі (1966), т.б. жарық көрген. Этимологиялық сөздіктің анықтамасы этимологияның 2 түрлі негізіне сүйенеді: 1) ғыл. этимология – сөз төркінін, морфемалардың даму тарихын дәл анықтап, ғыл. негізде түсіндіру; 2) халықтық этимология – кейбір адамдардың жеке сөз мағынасын тұспалдап, топшылау. Этимологиялық сөздіктегі ғыл. этимология 5 түрлі принципке (генеалог., фонет., морфол., семантик., этимол.) сүйенеді. Этимологиялық сөздікте материал түбірлес сөздердің ұясында, солардың бәріне ортақ негіз болған түбірден тараған сөздердің тобына беріледі. Ал кірме сөз болса, қай тілден қандай себеппен кіргені, егер төл сөз болса, сөзжасам процесінің тәртібі беріледі. Этимол. талдаудың мақсаты – сөздің байырғы, алғашқы түрінің, мағынасының тарихи даму, өзгеруін көрсету. Этимологиялық сөздікте қолданылатын этимол. зерттеулердің негізгі әдістері: салыстырмалы-тарихи, семант.-лингвист. география, морфемалық жіктеу тәсілі, т.б. Этимологиялық сөздіктің анықтамалары мен тұжырымдары, зерттеулері сөздің бастапқы түрін қалпына келтіруге, алғашқы уәжді анықтауға қатысты номинация мәселесімен, тіл даму тарихындағы ремектілі құбылыстарды анықтауға этнолингвистикамен, лексикологиямен, тарихи морфологиямен, т.б. тығыз байланысты. Мыс., ағайын сөзі тарихи тұрғыдан аға-іні деген екі сөзден тұрады. Қолқа сөзінің тарихи түбірі ескі түркі тілінде бар, яғни “қол – өтіну, тілеу, сұрау” деген етістік. Көптеген сөздердің мағынасы қолданыс тарихына байланысты өзгеріп кеткен. Осы бағытта қазіргі тілімізде мағынасы түсініксіз немесе тұлғасы о бастағы түрінің өзгеріп кеткен көптеген сөздердің сыры осы қатыста ашылып, сөздердің түп-төркіні, сыры белгілі болды. |