Главная страница

9-16 сауле. 9. Кне леуметтану антикалы мдениет жне леуметтану


Скачать 21.29 Kb.
Название9. Кне леуметтану антикалы мдениет жне леуметтану
Дата28.02.2022
Размер21.29 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла9-16 сауле.docx
ТипДокументы
#377238

9. Көне әлеуметтану: антикалық мәдениет және әлеуметтану.

Антикалық мәдениет (лат. antiquus ежелгі) Ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің б.з.д. XII - I ғғ. қамтитын дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептелінеді. Ол еуропалық мәдениеттің архетипіне жатады. Зерттеушілер Антикалық мәдениеттің архаикалық, классикалық, эллинистік және римдік кезеңдерін атап өтеді. Антикалық мәдениеттің ақыры - 476 жыл. Батыс Рим империясының құлауы. Антикалық мәдениетте казіргі білімнің, философияның, әдебиеттің, құқықтың, жалпы кітап мәдениетінің іргетасы қаланады. Антикалық мәдениет архаикалық 1 рекиядан бастау алады. Бұл кезеңді кейде гомерлік мәдениет деп те атайды. Осы кезеңде өзінің рәміздік, тылсымдық мәңгілігімен әлі күнге дейін адамзаттың рухани азығы болып келген танғажайып грек мифологиясы қалыптасты.

10. Саясаттану пәнінің қызметтері мен міндеттері.

Саясаттану саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.

Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.

Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.

11. Психодиагностикалық мақсатта қолданылатын тест әдістері, олардың топталуы мен ерекшеліктері.

Психодиагностика және оның әдістері (жан және diagnosticos) – адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Зерттеу міндеттеріне байланысты диагностикалық белгілер адамның жасы, жынысы, білімі, мәдениеттік деңгейі, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді.

Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі практик психологқа өз жұмысын атқаруда белгілі бір әдістемелерді таңдауға көмектеседі. Сондықтан бұндай жіктелу әдістердің байланысын бейнелеуі керек.

Психодиагностикада әдістемелер жиынтығы - әдістер деп аталады. Әдістеме практикалық міндеттерді шешуге арналып, белгіленген қасиеттерді анықтауға бағытталса, әдіс технологиялық тәсілдер мен процедуралардың жүргізілуімен сипатталады.

Осы орайда, әдістердің өзін бірнеше критерилер бойынша сипаттауға болады:

1. Әдіс – оқыту, зерттеу, үйрету жолы, тәсілі;

2. Әдіс – табиғат заңдылықтары мен құбылыстарын , қоғамды жалпы танымды зерттеу;

3. Әдіс – танымда және практикада белгілі нәтижеге жетудің тәсілі;

12. Сіз қандай әлеуметтік тәсілдерді білесіз және олардың қайсысын

әлеуметтік деп айта аласыз

Әлеуметтік білім саласындағы қазіргі ғылыми көзқарастар

құрылымдық және функционалдық; таптық (конфликтологиялық); бихевиористік (мінез-құлық); әлеуметтік-мәдени

13. Саясаттану пәнінің біздің өмірімізде алатын орны.

Саясаттану сөзі гректің «политика» және «логос» деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген.

Дәстүрлі түсінік бойынша саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.

Саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.

14. Мәдениет морфологиясы және типологиясы.

Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері мен паттерндері. Мәдениетке диахронды және синхронды ыңғайлар. Мәдениет кеңістігінің ерекшелігі. Архаикалық мәдениеттің негізгі өлшемдері мен отырықшы және көшпелі мәдениеттер арасындағы бөлінгіштік (дихотомиялар). Материалдық және рухани мәдениет. Мәдени формалар мен артефактілердің олардың әлеуметтік, тарихи, географиялық бөлінуіне қарай өзгеруі.

Мәдениет типологиясы: мәдениет типі түсінігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғай. құрылымдар. Мәдениет формаларының көптүрлілігі. Еуроорталықтық және мәдениеттер типологиясы: оң және теріс тұстары. Шығыс және батыс. Солтүстік және оңтүстік. Мәдениет және өркениет.

15. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика

ретінде

Психология-психикалық құбылыстардың пайда болуын, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрғвн сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып таылады.Психологиялық құбылыс (түйсік,ой,сезім,ерік,қабілет,мінез,әдет)көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім,күндклікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырата да білетін сияқтымыз.Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми жолмен баяндауды,олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауға сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

16. Макросоциология, микросоциология немен айналысады

Микросоциология (грек. mіkros – кіші) – социология ғылымының кіші әлеуметтік жүйелердегі құбылыстар мен процестерді талдауға бағытталған зерттеу бағыты. 20 ғасырдың 20-жылдары пайда болып, әлеуметтік қатынастардың негізгі үлгісі ретінде кіші топтардағы қатынастарды зерделеуге бағытталған батыс социологиясы бағыттарының біріне айналды. Микросоциология, ең алдымен, әлеуметтік - психологиялық, атап айтқанда, социометриялық әдістерді пайдаланып, кіші топтағы тұлғааралық қатынастарды зерделеуге баса назар аударады. Оның негізгі зерттеу нысаны – индивид, тұлға, кіші әлеуметтік топ және олардың өзара қатынастары. Микросоциология адамдар арасындағы байланыстың мән-мағынасын талдау арқылы әлеуметтік құбылыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Микросоциологиялық зерттеулер социологиялық талдау, топтастыру, жалпылау арқылы өзінің теориялық негіздерін дамытады;


написать администратору сайта