АҚҚ 9 кл.ҰБТ. 9 сынып тесттер жинаы тегенова с 9 кл. Тест 1.1 Адам мселесі
Скачать 54.39 Kb.
|
№68 «Жібек жолы» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі Адам.Қоғам.Құқық . 9 сынып тесттер жинағы Өтегенова С 9 кл.Тест №1.§1-3.Адам мәселесі. 1.Адамды өзге тіршілік иелерімен-жануарлармен генетикалық байланыста қарастыратын зерттеушілер: А)атеистер В)материалистер С)бихеовиристер Д) генетиктер Е)философтар 2.Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі: А)адам В)жануар С)балық Д)микроорганизмдер Е)құстар 3.Адам үлкен әлемнің макрокосмның бейнесі,өзінше кіші әлем –микрокосм ретінде сипатталатын ежелгі философия(-лар): А)Грек,Египет,Мидия В)Рим,Ирак,Персия С)Қытай,Үнді,Грек Д)Палестина,Финикия Е)Урарту,Қытай,Жапония 4.Қоғамдық –тарихи қызмет пен мәдениет субьектісі,биоәлеуметтік мәнділік: А)жануар В)балық С)микроорганизмдер Д)құстар Е)адам 5.Адам бағынатын биологиялық заңдылықтар : А)биохимиялық,биофизикалық,физиологиялық В)философиялық,этнологиялық,биохимиялық С)физиологиялық,географиялық,физикалық Д) биохимиялық,анатомиялық,психолгиялық Е)биофизикалық,антропологиялық,педагогикалық 6. Адамның рухани өмірінің қалыптасуына әсер етеді: А)қоршаған орта,тұрмыс жағдайы В)саясат, әлеуметтену,қоғам С)қоғам,қабілет,шығармашылық Д)философия,педагогика,қабілет Е)даралық,жеке тұлға,шығармашылық 7.Жеке адамның қалыптасуының басты шарты болып табылатын қызмет формасы: А)әлеуметтік В)қоғам С)саясат Д)қабілет Е)дарын 8.Адамды адам ететін бірден –бір күш: А)еңбек В)табиғат С)қоғам Д)адам Е)дін 9.Тұлғаның даралық қасиеттері қызметтің белгілі бір түрін жемісті атқарудың субьективті алғышарты: А)Ұғым В)Ақыл С)Қасиет Д)Қабілет Е)Жігер 10.Тұлғаның жемісті түрлерін атқару тәсілдерін жетік мүмкіндіктерін көрсететін дара-психологиялық ерекшелігі: А) Қабілет В)Ұғым С)Ақыл Д)Қасиет Е)Жігер 11.Қабілеттердің жиынтығы: А)Ұғым В)Ақыл С)Қасиет Д)Жігер Е)Дарын 12.И.С.Бахтың генеалогиялық өзегінде елу алты музыкант,олардың қаншасы өте жоғары деңгейде болған: А)16 В)20 С)32 Д)48 Е)14 13. «Атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса,адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар» деген тұжырымға келген Канадалық патофизиолог: А)Л.Эйлер В)Б.Рассел С)Г.Селье Д)Ч.Дарвин Е)Дж.Нейман 14.Физиологтердің болжауынша адам миындағы жүйке клеткасы –нейрондар саны: А)9 млрд В)12 млрд С)13 млрд Д)15 млрд Е)14 млрд 15.Қарапайым адамдардың миындағы жүйке клеткаларының жұмсайтын қуаты: А)4 % В)5 % С)6 % Д)7 % Е)8 % 16.Ұлы ғалымдардың миындағы жүйке клеткаларының жұмсайтын қуаты: А)4-5 % В)5-6 % С)6 -7% Д)7-8 % Е)8-9 % 17.Адамды қолөнердің кез-келгеніне үйреткендей,шығармашылыққа да үйретуге болады деп есептеген ғалым: А)Л.Эйлер В)Б.Рассел С)Г.Селье Д)Ч.Дарвин Е)Дж.Нейман 18.Сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұйымдастыру және сақтау үдерісі: А)дарын В)зият С)жады Д)қабілет Е)зияттылық 19.Ұзақ мерзімді,қысқа мерзімді,сенсорлық жүйешелерге бөлінеді: А)дарын В)зият С)қабілет Д)зияттылық Е)жады 20. Адамның ойлауға,тануға рационалды қабілеттілігі: А)дарын В)зият С)жады Д)қабілет Е)зияттылық 21.Латын тілінен аударғанда тану,түсіну,талқы деген мағынаны білдіреді: А)зият В)қабілет С)зияттылық Д)жады Е)дарын 22.Жеке адамның (өзі) жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші: А)дарын коэффициенті В)зият коэффициенті С)жады коэффициенті Д)қабілет коэффициенті Е)зияттылық коэффициенті 23. Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары: А) Педагогика,психология В)Экология, экономика С)Экономика, медицина Д)Астрономия, анатомия Е) Психология, логистика 24.Абсолютті қайталанбайтын, кеңістіктің сол нүктесінде сол мезетте өмір сүретін іштей шексіздік: А) эго В) даралық С) индивид Д) талант Е) жеке адам 25. «Даралық» латынның «individuum» деген сөзінен шыққан.оның мағынасы: А)бөлінетін В)бөлінбейтін С)жеке тұлға Д)даралық Е)тұлға 26.Жеке адамды белгілі –бір қоғамның немесе қауымдастықтың мүшесі ретінде сипаттайтын оның әлеуметтік маңызды нышандарының орнықты жүйесі мағынасында қолданылатын ұғым: А)жеке адам В)дарын С)жады Д)қабілет Е)тұлға 27. «Төзуге мүмкін болмайтын жағдай да өмір сүре білу керек» -деп,жазған орыс жазушысы: А)А.Пушкин В)Ю.Лермонтов С)Н.Островский Д)Л.Толстой Е)М.Горький 28. «Өмірдің мәні» туралы әлімсақтан келе жатқан ақиқат,белгілі аксиома ретінде әлі күшін жоймаған тұжырым: А) «Өмірдің мәні-тек ақшада» В) «Өмірдің мәні-тек білімде» С) «Өмірдің мәні-тек ойлауда» Д) «Өмірдің мәні-тек еңбекте» Е) «Өмірдің мәні-тек өзін тануда» 29.Жадының түрлері: А)тұрақты,дамушы В)вербалды,вербалды емес С)төте,жанамалы Д)мәдени игілік,мәдени орта Е)ұзақ және қысқа мерзімді 30.Ғалымдардың болжауынша саналы адам пайда болған уақыт: А) 30мың жыл бұрын В)50 мың жыл бұрын С)70 мың жыл бұрын Д)80 мың жыл бұрын Е)40 мың жыл бұрын F) 60 мың жыл бұрын G) 20 мың жыл бұрын Н) 10 мың жыл бұрын 31.Ғалымдардың болжауынша 40 мың жыл бұрын пайда болған адам түрі: А) қытай адамы В) шебер адам С) епті адам Д) қарапайым адам Е) неандарталь адамы F) саналы адам G)сөйлейтін адам Н) тік жүретін адам 32.Адам мәселесімен айналысатын ғылымдар: А)Психология В)Климатология С)Этимология Д)Этнология Е)Экология F)Дендрология G)Физиология Н)Аэрология 33. Қоғамдағы адамның мәнін ашуға көмектесетін негізгі ұғымдар: А)даралық В)талант С)индивид Д)жеке адам Е)дарын F)жады G)қабілет Н)тұлға 9 кл.АҚҚ.Тест №2. §4-5.Адам және мәдениет. 1.Адамның өмір сүруінің формасы: А)мотив В)қызмет С)мақсат Д)себеп Е)игілік 2.Адам қызметінің жануарлар әрекетінен мәнді айырмашылығы: А)мақсаттылығы В)қызметі С)шығармашылығы Д)мінездің қалыптасуы Е)тіршілігі 3.Қоршаған дүниені мақсатты өзгертуге және жаңғыртуға бағытталған,онымен белсенді қатынас жасаудың тек адамға тән формасы: А)мақсат В)себеп С)қызмет Д)тіршілік Е)еңбек 4.Адам қызметінің түрлері: А)еңбекті,еңбексіз В)тіршілік,күрес С)мақсат,мотив Д)дарын,зият Е)биологиялық,физикалық 5.Қызметінің көздеген нәтижесін алдын-ала барлау және белгілі –бір құралдарды пайдалана отырып,оған жету жолдары сипатталатын адам қызметінің бір элементі: А)мақсат В)себеп С)қызмет Д)тіршілік Е)еңбек 6. Түрлі актілер мен операциялардың сипатын,жүйелік тәртіптерін айқындайтын қызметтің жобасы: А)мотив В)мақсат С)себеп Д)ынта Е)әрекет 7.Психологияда адамды қызметтің белгілі бір түріне итермелейтін қозғаушы күшті атайды: А)мақсат В)қызмет С)себеп Д)әрекет Е)мотив 8.Субьектінің өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған әрекетке қосылуы: А) себеп В) әрекет С) мақсат Д) қызмет Е) мотив 9.Мотив сөзінің француз тілінен аударғандағы мағынасы: А)мақсат В)қызмет С)себеп Д)әрекет Е)ынта 10.Сапалық тұрғыдан жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасап жатқан адамның қызметі: А)шығармашылық В)зияттылық С)қабілеттік Д)дарындық Е)әлеуметтік 11. «Адамның көркем шығармашылық қызметі құдайдың тек сол адамға берген сыйы» -деп есептеген ежелгі дәуір ғұламасы: А)Аристотель В)Сократ С)Платон Д)Диоген Е)Пифагор 12.Шығармашылықты саналық пен санасыздықтың синтезі деп қараған неміс философы: А)Фрейд В)Шеллинг С)Гегель Д)Каутский Е)Декарт 13. Шығармашылықты түйсіктің көрінісі ретінде бағалаған ғалым: А) Б.Рассел В) Ф.Шеллинг С) Сократ Д) З.Фрейд Е) Платон 14.Материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдастыру тәсілі,қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі: А)мәдениет В)шығармашылық С)қвзмет Д)мәдени игілік Е)мәдени орта 15. Материалдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы құрайды: А)мәдени игіліктерді В)мәдениетті С)мәдени ортаны Д)мәдени әрекетті Е)мәдени дәстүрді 16.Мәдени игіліктерді өндіруге,таратуға,тұтынуға бағытталған әлеуметтік шаралар: А) мәдени орта В) мәдени әрекет С) мәдени дәстүр Д) мәдениет Е) шығармашылық қызмет 17.Мәдениет туындыларын туғызатын,тарататын және пайдаланатын,белгілі бір аумақта өмір сүретін социум: А) мәдени орта В) мәдени әрекет С) мәдени дәстүр Д) мәдениет Е) шығармашылық қызмет 18.Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі: А)қолөнер В)мәдени орта С)мәдени мұра Д)көркемөнер С)мәдени дәстүр 19.Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын мәдениеттің өмір сүру формасы: А)қолөнер В)дәстүр С)мәдениет Д)қарым-қатынас Е)мәдени орта 20.Мәдениеттің дамуындағы тұрақты жағы: А) мәдени орта В) мәдени әрекет С) мәдени дәстүр Д) мәдени сабақтастық Е) мәдени мұра 21.Мәдениеттің даму үдерісінің екі жағы: А)тұрақты,дамушы В)вербалды,вербалды емес С)төте,жанамалы Д)мәдени игілік,мәдени орта Е)ұзақ және қысқа мерзімді 22.Жәңгір хан алғашқы орыс-қазақ мектебін ашқан жыл: А)1836ж В)1839ж С)1841ж Д)1845ж Е)1849ж 23.Жетісу өлкесінде Есенқұл мен Сейітбаттал Мамановтар ашқан мектеп: А) «Мамания» мектебі В)Қазақ мектебі С)Орыс-қазақ мектебі Д)Азия мектебі Е) «Ахмет Риза» медресесі 24.Шығармашылық жұмыстарының түрлері: А)ғылыми В)әлеуметтік С)өнертапқыштық Д)мақсаттылық Е)табандылық F)даналық G)ұйымдастырушылық Н) адамгершілік 25.Адамның мәдениеттілік деңгейінің көріністері: А)шығармашылығы В)дене шынықтырумен айналысуы С)рухани ізденісі Д)қоршаған ортаға әсер етуі Е)табиғатқа әсер етуі F)даналығы, адамгершілік нышандары G)әлеуметтік жағдайының жоғары болуы Н)табиғи қабілетілігі 26. Тұлғаның материалдық мәдени санаттарындағы игіліктерді құрайды: А) мұражай В) мұрағат С) вокзал Д) бақша Е) цех F) кітапхана G) дәріхана Н) Зауыт 9 кл.АҚҚ.Тест №3. §6-7.Адам және адамдардың қарым-қатынасы. 1.Адамдардың бірлесіп өмір сүру формасы: А) қарым-қатынас В)тіршілік С)дәстүр Д)отбасы Е)қажеттілік 2.Адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын,адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен қауышуы,басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуі: А)пікірлесу В)тәрбиелеу С)қарым-қатынас Д)делдалдық Е)қаражат 3. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы ұғымына жататын құрал: А)бейресми,ресми В)өндірістік,тұрмыстық С)ресми, әдеп Д)делдалдық,іскерлік Е)пікірлесу,тәрбиелеу 4.Адамдар арасындағы өзара әрекеттесуінің-ой,ақпарат,идеялар алмасуының жүзеге асырылу қарым-қатынасы: А)ресми В)перцептивті С)бейресми Д)интерактивті Е)коммуникативті 5.Қарым-қатынастың –адамдардың өзара әсер ете әрекеттесу жағы: А)ресми В)перцептивті С)бейресми Д)интерактивті Е)коммуникативті 6. Қарым-қатынастың –адамның өзгелерді қабылдау,түсіну және бағалауын көрсететін жағы: А)перцептивті В)бейресми С)интерактивті Д)коммуникативті Е)ресми 7.Қарым-қатынастың түрлері: А)перцептивті және интерактивті В)бейресми және коммуникативті С)интерактивті және ресми Д)коммуникативті және перцептивті Е)ресми және бейресми 8.Қоғамдық орындарда қызмет бабымен болатын қарым-қатынас: А)ресми В)төте С)жанама Д)делдалдық Е)бейресми 9.Адамдар арасындағы қарым-қатынастың формалары: А)делдалдық В)бейресми С)жанамалы және делдалдық Д)төте және жанамалы Е)ресми және бейресми 10.Бір адамның екінші адаммен бетпе-бет кездесуі арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас формасы: А)бейресми В)жанама С)төте Д)ресми Е)делдалдық 11.Адамдардың өзгелермен қатынас жасау құралдарының бірін пайдалану арқылы жүзеге асатын қарым-қатынас формасы: А)төте В)ресми С)делдалдық Д)бейресми Е)жанама 12.Екіжақты,біржақты немесе жанама байланыс түрінде жүзеге асатын қарым-қатынас: А)делдалдық В)бейресми С)жанама Д)төте Е)ресми 13.Адамдардың өзара әрекеттесу формасы,өзара ақпарат алмасу және эмоциялық қатынас актісі: А)тәрбиелеу В)қарым-қатынас С)делдалдық Д)қаражат Е)пікірлесу 14.Қоғамда алатын орны мен еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдардың қауышу үдерісіндегі теңдіктің қамтамасыз етілуі: А)қарым-қатынастағы демократиялық В)вербалды қарым-қатынас С) вербалды емес қарым-қатынас Д)ресми қарым-қатынас Е)ұжымдық қарым-қатынас 15.Тілдік белгілеріне қарай қарым қатынас бөлінеді: А)перцептивті,интерактивті В)бейресми, коммуникативті С)вербалды,вербалды емес Д)коммуникативті перцептивті Е)ресми ,бейресми 16.Адамдардың белгілі-бір тілді қолданып қарым-қатынасқа түсуі: А) коммуникативті В)вербалды С)вербалды емес Д)коммуникативті Е)ресми 17.Түрлі белгілерді ,символдарды,сызбаларды қолдана пікірлесу қарым-қатынасы: А)вербалды емес В)коммуникативті С)ресми Д ) коммуникативті Е)вербалды 18.Адамдардың өзара қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы: А)мәдениет В)дәстүр С)тәрбие Д)тіл Е)өнер 19.Әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп,дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттарымен мазмұнын іріктей ала отырып,ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы: А)қарым-қатынас демократиясы В)сөйлеу мәдениеті С) қарым-қатынас мәдениеті Д)вербалды қарым-қатынас Е)ресми сөйлеу 20. Қазіргі заманғы менеджмент атаған адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуының үш шартының бір түрі: А) жұмыс В) қызмет С) әрекет Д) қаражат Е) қатынас 21. Қазіргі заманғы менеджмент атаған адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуына қажетті деп айтқан үш шарты: А)әлеумет В)саясат С)иерархия Д)технология Е)қаражат F)тендік G)қарым-қатынастағы демократия Н)қарым-қатынас мәдениеті 22.Қарым-қатынастың үш жағы: А)коммуникативті В)төте С)жанама Д)перцептивті Е)бейресми F)ресми G)интерактивті Н)делдалдық 9 кл.АҚҚ.Тест №4. §8-9.Қоғам туралы түсінік. 1.Адамдардың бірлесіп өмір сүруі мен әрекет етуінің ең жиі кездесетін формасы: А)мемлекет В)отбасы С)ұжым Д)қоғам Е)партия 2.Материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып,бірлесу формасы: А)отбасы В)ұжым С)қоғам Д)партия 3.Барлық қоғамның әлеуметтік негізі,түпкілікті ұясы: А)отбасы В)ұжым С)қоғам Д)партия Е)мемлекет 4.Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық,саяси,әлеуметтік,мәдени қарым-қатынастар: А)ұжымдық қатынастар В)қоғамдық қатынастар С)отбасылық қатынастар Д)таптық қатынастар Е)ұлттық қатынастар 5.Мазмұнына қарай қоғамдық қатынастар жіктеледі: А)материалдық,рухани В)экономикалық,әлеуметтік С)саяси,ұлттық Д)материалдық,әлеуметтік Е)саяси, 6.Ең басты қоғамдық институт: А)отбасы В)партия С)кәсіпорын Д)мемлекет Е)мектеп 7. «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек» деп есептеген ежелгі грек философы: А)Аристотель В)Сократ С)Пифагор Д)Цицерон Е)Демокрит 8.Қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін,қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт: А)мемлекет В)полиция С)отбасы Д)партия Е)кәсіпорын 9.Мемлекеттің ең маңызды белгісі: А)егемендік В)демократиялық С)құқықтық Д)азаматтық Е)әкімшілік билік 10.Аумағы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет(-тер): А)АҚШ,Бразилия В)Аргентина,Австралия С) Ресей,Канада Д)Қытай,Үндістан Е)Франция, 11.Халқының саны жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет: А)Ресей В)АҚШ С)Үндістан Д)Қытай Е)Бразилия 12.Римнің батысында орналасқан,ерекше мәртебесі бар абсолюттік-теократиялық монархия: А)Монако В)Ватикан С)Сан-Марино Д)Андорра Е)Лихтенштейн 13.Аграрлық мемлекеттер бөлінеді: А)құлиеленушілік ,феодалдық В)постиндустриялы,индустриялық С)социалистік,коммунистік Д)ежелгі қоғам құлиеленушілік Е) феодалдық ,постиндустриялы 14.Социалистік деп аталған тұрпаттағы мемлекет құруға тұңғыш әрекет жасаған: А)Ресей В)Англия С)Франция Д)Қытай Е)Германия 15.Социалистік тұрпаттағы мемлекеттердің ішінде салыстырмалы ұзақ өмір сүріп,дүниежүзі тарихында елеулі із қалдырғаны: А)КСРО В)Қытай С)Польша Д)ГДР Е)Югославия 16.Ішкі жиынтық өнімнің жартысынан астамын қызмет көрсету аясына жұмсайтын елдер: А)феодалдық В)постиндустриялы С)индустриялық Д)социалистік Е)аграрлық 17.Қоғамдық өмір аяларына жатпайды: А)саяси В)мәдени С)әлеуметтік Д)биологиялық Е)экономикалық 18.Қоғам мүшелерінің толып жатқан макро және микротоптарға бөлінуін,сондай-ақ адам мен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтитын қоғамдық өмірдің аясы: А)әлеуметтік В)биологиялық С)экономикалық Д)саяси Е)мәдени 19.Мемлекет және мемлекетті басқару,билік,саяси құрылым , қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың қызметіне жататын қоғамдық өмірдің аясы: А)биологиялық В)экономикалық С)саяси Д)мәдени : Е)әлеуметтік 20.Қоғамдық сана формаларының –ғылымның,білімнің,өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтитын қоғамдық өмірдің аясы: А)әлеуметтік В)биологиялық С)экономикалық Д)саяси Е)мәдени 21.Жер көлемі жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет-Ресей.Үшінші орында: А)Қазақстан В)Қытай С)Канада Д)Аустралия Е)Үндістан 22.Берілген аумақтағы мемлекеттік биліктің бірлігін және бөлінбейтіндігін,оның үстінен өзге биліктің мойындалмайтындығын білдіретін мемлекеттің ең маңызды сипаттамасы: А)Құқықтық В)Саяси режим С)Ішкі егемендік Д)Мемлекет формасы Е)Басқару формасы F)Зайырылық G )Монархиялық билік Н)мемлекеттік егемендік 23.Мемлекет тұрпаты жағынан бөлінеді: А)аграрлық В)құлиеленушілік С)феодалдық Д)постиндустриялы Е)индустриялық F)социалистік G)коммунистік Н)ежелгі қоғам 24.Ежелгі құлиеленуші мемлекет(-тер): А)Франция В)Грекия С)Киев Русі Д)Рим Е)АҚШ F)Урарту G)Англия Н)Испания 25.Қоғамдық өмірдің экономикалық аясына жататын ұғым(-дар) : А)көлік В)сезім С)тамақ Д)білім Е)өнер F)сайлау G)еңбек Н)құқық 26.Қоғамдық өмірдің әлеуметтік аясына жататын ұғым(-дар): А)көлік В)білім С)сайлау Д)сезім Е)тап F)құқық G)ұлт Н)еңбек 27.Қоғамдық өмірдің саяси аясына жататын ұғым(-дар): А)білім В)көлік С)құқық Д)еңбек Е)өнер F)сезім G)тәрбие Н)сайлау 28.Қоғамдық өмірдің мәдени аясына жататын ұғым(-дар): А)көлік В)білім С)сайлау Д)сезім Е)тап F)құқық G)ұлт Н)еңбек 29. Қоғамдық ғылымдардың ұғымдық аппаратына жатады: А) жасуша В) машина С) құқық Д) саясат Е) ағза F) реакция G ) энергия Н) мемлекет 9 кл.АҚҚ.Тест №5. §10-12.Қоғамның экономикалық өмірі. 1.Организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының жиынтығы: А)тұлға ретінде танылу В)қажеттілік С)өзін қорғану Д)әлеуметтік Е)өзін-өзі дамыту 2.Қажеттіліктің түрлері: А)ағымдық,ұзақ мерзімдік В) қауіпсіздік ,билік С)махаббат,бедел Д)аштық , қорғану Е)демалыс,мәртөбе 3.Аштық,шөл,демалыс,ұйқы жататын адамның қажеттілігі: А)тұлға ретінде танылу В)физиологиялық С)өзін қорғану Д)әлеуметтік Е)өзін-өзі дамыту 4.Өндіріс тиімділігін арттыру әдістері: А)кәсіпкерлік,баға В)мамандану,еңбек бөлінісі С)сұраныс,ұсыныс Д)қаражат Е)білім,бәсеке 5. «Үй шаруашылығын жүргізу туралы заң» деген мағынаны білдіретін ұғым: А) реформа В) еңбек С) мәдениет Д) экономика Е) саясат 6.Материалдық игіліктер өндіру,айырбастау,бөлу және тұтыну үдерісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды: А) мәдениет В) экономика С) саясат Д) реформа Е) еңбек 7.Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы: А)экономикалық жүйе В)саяси жүйе С)мәдени жүйе В)рухани жүйе В)әлеуметтік жүйе 8.Шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылатын экономикалық жүйе түрі: А)постиндустриялық В)нарықтық С)индустриялық Д)дәстүрлі Е) әміршіл-әкімшілік 9.Өндіру,бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделетін экономикалық жүйе түрі: А)дәстүрлі В)әміршіл-әкімшілік С)постиндустриялық Д)нарықтық Е)индустриялық 10.Өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үдерісі: А)кәсіпкерлік В)ақша С)өндіріс Д)капитал Е)өнім 11.Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған,адамның қолымен өндірілген игіліктер мен өндіріс құралдарының жиынтығы: А)капитал В)өнім С)кәсіпкерлік Д)ақша Е)өндіріс 12.Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін,өнім өндіру үшін құрылған,өздігінен шарушылық жүргізетін субьект: А)акционерлік қоғам В)кәсіпорын С)мемлекет Д) жеке шаруашылық Е) жалгерлік кәсіпорын 13.Мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арасындағы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылатын кәсіпорын: А)дәстүрлі В)нарықтық С)акционерлік қоғам Д)жалгерлік Е)жеке меншік 14.Заңды немесе жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері негізінде құрылған кәсіпорын түрі: А)акционерлік қоғам В)жалгерлік С)мемлекеттік Д)ұлттық Е)халықаралық 15.Жеке меншікке және оның түрлі ассоциацияланған формалары мен түрлеріне негізделген нарықтық қатынастардың ерекше түрі: А) аралас экономика В) нарықтық экономика С) командалық экономика Д) тиімді экономика Е) жоспарлы экономика 16.Иілгіштік пен динамизм тән: А)Командалық экономика жүйесіне В)Жоспарлы экономика жүйесіне С)Дәстүрлі экономика жүйесіне Д)Аралас экономика жүйесіне Е)Натуралды-қауымдық экономика жүйесіне 17.Тауар –ақша қатынастарына негізділген,жекеменшік пен өндірушілердің еркін бәсекелесітгі үстемдігі орнаған экономикалық жүйе: А)Дәстүрлі экономика В)Аралас экономика С)Натуралды-қауымдық экономика Д) нарықтық экономика Е) командалық экономика 18.Нарықтық баға қалыптасады: А)Салықтар мен субсидиялар әсерінен В)Ақшаның құнсыздануынан С)Айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуінен Д) Айналымдағы ақшаның шамадан тыс азайып кетуінен Е)Ұсыныс пен сұраныстың өзара әрекеттесуінен 19.Жалпыға бірдей балама ретінде қолданылатын ерекше тауар: А)еңбек В)ақша С)жібек Д)метал Е)жеміс 20.Сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілеті: А)сұраныс В)ұсыныс С)тауар Д)нарық Е)таурдың құны 21. Американдық ғалым А.Маслоудың пікірінше физиологиялық қажеттілік(-тер): А)қауіпсіздік В)билік С)махаббат Д)бедел Е)аштық F)қорғану G)демалыс Н)мәртөбе 22. Американдық ғалым А.Маслоудың пікірінше әлеуметтік қажеттілік(-тер): А)қорғану В)қауіпсіздік С)билік Д)мәртебе Е)демалыс F)махаббат G)аштық Н)бедел 23.Американдық ғалым А.Маслоудың пікірінше тұлға ретінде танылу қажеттілігіне жатады: А)бедел В)билік С)демалыс Д)аштық Е)мәртебе F)махаббат G)қауіпсіздік Н)қорғану 24.Экономикалық жүйе жіктеледі: А)дәстүрлі В)индустриялық С)әміршіл-әкімшілік Д)постиндустриялық Е)нарықтық F )феодалдық G)аграрлық Н)социалистік 25.Өндіріс факторларын құрайды: А)жер В)ақша С)өнім Д)капитал Е)кәсіпкерлік F )өндіргіш күштер G)өндірістік қатынастар Н)акционерлік қоғам 26.Өндіріс қамтитын қатынастардың екі түрі: А)өндірістік қатынастар В)акционерлік қоғам С)жер Д)ақша Е)өнім F)капитал G )кәсіпкерлік Н)өндіргіш күштер 27.Кәсіпорынның түрлері: А)жалгерлік В)халықаралық С)ұжымдық Д)мемлекеттік Е)ұлттық F)дәстүрлі G )нарықтық Н)акционерлік қоғам 28.Экономикалық жүйелердің түрлері: А)дәстүрлі В)ұлттық С)жоспарлы Д)акционерлік Е)аралас F )акционерлік G)жалгерлік Н)халықаралық 9 кл.АҚҚ.Тест №6. §13-15.Қоғамның әлеуметтік құрылымы. 1.Қандай да болсын белгілі бір категорияға (ұлт,тап) енетін адамдардың жиыны: А)әлеуметтік топ В)ұжым С)мемлекет Д)социум Е)макротоп 2.Бір әкімшілік бірлікте (ауданда,қалада,облыста) тұратын түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінен құралған адамдардың жиынтығы: А)әлеуметтік топ В)социум С)макротоп Д)микротоп Е)отбасы 3.Бүкіл қоғам,өркениет,ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар мен жүйелер жататын ірі топ: А)макротоп В)микротоп С)ұжым Д)әлеуметтік топ Е)отбасы 4.Дамыған елдерде қоғам мүшелерінің басым көпшілігі тұратын тап: А)жоғары тап В)орта тап С)төменгі тап Д)отбасы Е)әлеуметтік топ 5.Жеке тапқа тән белгілері толық болмайтын,аралық және өтпелі топтар: А)жоғары тап В) төменгі тап С)әлеуметтік қабат Д)мобильділік Е)орта тап 6.ҚР-да жаңа зейнет заңы енгізілді: А)1996ж В)1997ж С)1998ж Д)1999ж Е)2000ж 7.Жаңа зейнет заңы бойынша әр адам жеке зейнет қорына өзінің айлық еңбекақысының аударып отырады: А)5% В)10% С)15% Д)20% Е)25% 8.Кедей адамның байып кетуі немесе байдың кедейленіп қалуын жатқызуға болатын мобильділіктің қозғалу бағыты: А)көлденең В)тік С) төмен Д)түзу Е)жоғары 9.ҚР-ның неке және отбасы туралы заңы бойынша ерлер мен әйелдер үшін неке жасы: А)16 жас В)17жас С)18 жас Д)19жас Е)20 жас 10.Соттасу кезінде пікірі ескерілетін бала жасы: А)10 жас В)12 жас С)14 жас Д)16 жас Е)18 жас 11.Ата-ана мен балалар арасындағы қатынастарды ретке келтіретін негізгі этикалық санат: А)жауапкершілік В)еріктілік С)салауатты өмір Д)құқықтық Е)адалдық 12.Белгілі бір географиялық ортада (әкімшілік бірлікте,мемлекетте,елде,елдер тобында,өңірде) тұратын,әлеуметтік белсенді,азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы: А)тобыр В)тайпа С)ұлт Д)халық Е)ұлыс 13.ҚР-да ұлтаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруда аса маңызды роль атқаратын ұйым: А)Қазақстан халқы Ассамблеясы В)Біріккен Ұлттар Ұйымы С)Еуразиялық Экономикалық Одақ Д)Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Е)Президент жанындағы Кеңес 14.Бала сотқа өз құқықтарын қорғау үшін өз бетінше жүгінуге құқылы: А)16 жастан В)15 жастан С)14 жастан Д)12 жастан Е)10 жастан 15.Демографиялық топ(-тар): А)жастар В)мұғалімдер С)дәрігерлер Д)әйелдер Е)депутаттар F) әлеуметтік топ G)отбасы Н)ерлер 16. Әлеуметтік мобильдік түрі(-лері): А)аласа В)биік С)көлденең Д)кисық Е)тік F)төмен G)түзу Н)жоғары 17.Ұлтқа дейінгі қауымдастық: А)ру В)тайпа С)мемлекет Д)отбасы Е)халық F )этнос G)ұлыс Н)топ 18.Грек тілінен аударғанда этнос сөзінің мағынасы: А)ру В)тайпа С)мемлекет Д)отбасы Е)халық F )этнос G)ұлыс Н)топ 9 кл.АҚҚ.Тест №7. §16-18.Қоғамның саяси өмірі. 1.Грек тілінен аударғанда саясат сөзінің мағынасы: А)мемлекеттік,қоғамдық іс В)экономикалық өсу С)әлеуметтену Д)рухани жаңғыру Е)биологиялық фактор 2.Адамдардың бұқарамен,қоғамдік бірлестіктермен,жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінің ерекше түрі: А)экономика В)саясат С)руханият Д)әлеуметтену Е)саяси жүйе 3.Шеңберінде саяси өмір өтіп жататын және мемлекеттік билік жүзеге асырылатын институттар жүйесі: А)демократия В)ұлттық саясат С)шетелмен қатынастар Д)саяси жүйе Е)билік 4.Жеке адамдардың әлеуметтік топтардың әрекетіне,тәртібіне,олардың қоғамдық қызметінің сипаты мен бағытына әсер ете алуынан көрініс беретін адамдар арасындағы еріктік қатынастардың ерекше формасы: А)саясат В)билік С)саяси жүйе Д)демократия Е)монархия 5.Мемлекеттік биліктің қайнары: А)саясат В) саяси жүйе С)демократия Д)монархия Е)халық 6.Демократиялық ұстанымдарды жүзеге асырудың басты кепілі: А)халықтың саяси сауаттылығы В)экономикалық дамудың көрінісі С)елді басып кіруден қорғау Д)биліктің теңсалмақтығы Е)сот билігінің тәуелсіздігі 7. «Халық дегеніміз –белгілі –бір жағдайлармен бірігіп қалған адамдардың кез-келген жиынтығы емес,құқық және мүдделердің ортақтығы мәселелерінде келісіп,бірге әрекет ете алатын адамдардың жиналуы», деген Римдік шешен,ойшыл,мемлекет қайраткері: А)Демокрит В)Платон С)Сократ Д)Аристотель Е)Цицерон 8.Билік заңсыз жолмен келген адамдар тобының қолына тигенде орнайды: А)абсолюттік монархия В)презибенттік республика С)диктатура Д)парламенттік республика Е)конституциялық монархия 9.1905 жылғы революцияға дейінгі Ресей мемлекетіндегі басқару формасы: А)диктатура В)парламенттік республика С)конституциялық монархия Д)абсолюттік монархия Е)презибенттік республика 10.Президенттік басқару үлгісі болып табылатын ел: А)Италия В)Испания С)АҚШ Д)Ұлыбритания Е)Швеция 11. Жеке тұлғалар мен ұжымдардың өзін-өзі ұйымдастыруына жағдай туғызатын мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың,қауымдастықтардың жүйесінің атауы: А) демократиялық қоғам В) бюрократиялық қоғам С) радикалдық қоғам Д) азматтық қоғам Е)эмпирикалық қоғам 12.Белгілі –бір әлеуметтік топтың,таптың,ұлттың мүддесін қорғау үшін біріккен қоғамның белсенді және ұйымдасқан бөлігі: А)азаматтық қоғам В)партия С)қоғамдық ұйым Д)одақ Е)гильдия 13.Қоғамдық ұйымдарға жатпайды: А)одақ В)қоғам С)партия Д)комитет Е)ассоциация 14. «Мемлекет-халық игілігі,ал халық-құқық және көпшілік қызығушылығы сұрағанда ойлары бір жерден шығатын адамдардың қосындысы»-деп айтқан саяси қайраткер,философ: А)Демокрит В)Платон С)Сократ Д)Аристотель Е)Цицерон 15.Партия –бұл белсенді түрде қоғамда топтасып,олардың мүддесін қорғайды: А)Белгілі бір мекеменің В)Діни басқарманың С)Аймақтақ бөліктің Д)Белгілі бір таптың Е)Әскери демократияның F)Белгілі бір ұлттың G)Әлеуметтік топтың Н)Буржуазиялық үкіметтің 16.Саяси партиялардың мүшелеріне қойылатын талап(-тар): А)басқармалық қызметте болу В)маслихаттық мандаты болу С)үш тілді меңгеру Д)азаматтық қоғамдық қозғалысқа қатыспау Е)қатаң тіркелу F)сотты болмау G)әскери лауазымы болу Н)жарғыға сай мүшелік жарна 17.ҚР-сы азаматтарына партия құруға жол берілмейді: А)саяси В)діни С)аймақтық Д)кәсіптік Е)қоғамдық F)ұлттық G)Әлеуметтік Н)гильдиялық 18.Саяси билікті жүзеге асырушы мемлекеттік органдар: А)сот В)әкімат С)үкімет Д)сенат Е)мәжіліс F)партия G)кәсіподақ Н)парламент 19.Республикалық басқарудың түрлерін анықтаңыз: А)диктаторлық В)авторитарлық С)зайырлы Д)парламенттік Е)монархиялық F)палаталық G)премьер-министрлік Н)президенттік 20.Қазіргі күнде конституциялық монархия деп аталатын басқару формасындағы елдердің алдыңғы легінде тұрған мемлекеттер: А)Франция В)АҚШ С)Жапония Д)Канада Е)Қытай F)Ұлыбритания G)Германия Н)Ресей 21.Парламенттік республикалық басқаруға жататын елдер: А)Италия В)Қазақстан С)Жапония Д)Канада Е)Қытай F)Ұлыбритания G)Германия Н)Ресей 22.Мемлекеттік басқарудың диктатуралық формасына тән белгілерді анықтаңыз: А) Буржуазиялық үкіметке есеп береді В)Әскери демократия басымдыққа ие болады С)Заңсыз,биліктің топтасқан адамдар қолында болуы Д)Унитарлы аймақтар бірігеді Е)Бір адамның саяси режиміне бағыну F)Республикалық аумақтық байланысқа көп мән беріледі G)Зайырлы қоғам қалыптасады Н)Күш көрсету арқылы мемлекет басқарады 23.Көрсететін қызмет сипатына қарай қоғамдық ұйымдар аталады: А)Азаматтық В)Маслихаттық С)Бұқаралық Д)Діни басқармалық Е)Халықтық F)Парламенттік G)Әскери Н)Аймақтық 9 кл.АҚҚ.Тест №8. §19-21.Қоғамның рухани өмірі. 1.Адамның дүниетанымының кендігінен,санасының жоғарылығынан,ізгілік үшін белсенділігінен, өзгелерге сүйіспеншілікпен көрініс беретін оның ішкі әлемі: А)әлеуметтілік В)руханият С)мәдениет Д)саясаттану Е)экономикалық 2.Жеке адамның білім қоры,меңгерген ғылымы,ақылы,шығармашылық қабілеті,ойлау тәсілі, көркемөнерді игеру,әлеуметтік-психологиялық біліктілігі: А)саяси мәдениет В)құқықтық мәдениет С)рухани мәдениет Д)діни мәдениет Е)философиялық мәдениет 3. «Адамды білім сақтайды» деп айтқан: А)А.Иүгінеки В)А.Чехов С)Ш.Уәлиханов Д)А.Құнанбаев Е)Қ.Сәтбаев 4.«Адамның бойындағының бәрі-оның келбеті де,киімі де,жан дүниесі де,ойы да сұлу болуға тиіс....»,деген орыс жазушысы: А)А.Пушкин В)А.Чехов С)Л.Толстой Д)Ю.Лермонтов Е)М.Достоевский 5. «Білімдіден шыққан сөз,талаптыға болсын кез» - деп айтқан ойшыл: А)А.Иүгінеки В)Ы.Алтынсарин С)Ш.Уәлиханов Д)А.Құнанбаев Е)Қ.Сәтбаев 6. «Сұлулық –шындықта» деп жазған орыс суретшісі:А)И.Репин В)В.Суриков С) Т.Шевченко Д)А.Шеремрьев Е)А.Фонфизин 7.Ұлттық тарих және халықтар бірлігі жылы болып жарияланды: А)1997ж В)1998ж С)1999ж Д)2000ж Е)2002ж 8.Ислам діні Арабия түбегінде пайда болды: А)VI ғасырда В)VII ғасырда С)VIIІ ғасырда Д)IХ ғасырда Е)Х ғасырда 9.Адамның мәдениеттілік деңгейінің көріністері: А)әлеуметтік жағдайының жоғары болуы В)табиғи қабілетілігі С)табиғатқа әсер етуі Д)рухани ізденісі Е)шығармашылығы F)даналығы, адамгершілік нышандары G)дене шынықтырумен айналысуы Н)қоршаған ортаға әсер етуі 10.Қазақстан халқының басым көпшілігі ұстанатын діндер: А)ислам В)буддизм С)иудаизм Д)Ндуизм Е)христиан F)католик G)синтоизм Н)лютерианство Тест №9. АҚҚ.§22-24. Құқық ұғымы. 1.Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығы: А)құқықтық нормалар В)әлеуметтік нормалар С)мәдени нормалар Д)саяси нормалар Е)заң 2.Әлеуметтік нормалардың салалары: А)құқық,мораль В)заң,кодекс С)мораль,дәстүр Д)заң,құқық Е)құқық,билік 3.Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі: А)заң В)ереже С)жарлық Д)құқық Е)мораль 4.Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі: А)мораль В) заң С)ереже Д)жарлық Е)құқық 5.Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы-парламент қабылдаған нормативтік- құқықтық акті: А)жарлық В)қаулы С)бұйрық Д)заң Е)ереже 6.Тарихта тұңғыш рет Францияда азаматтардың заң алдындағы теңдігін,жеке адамның бас бостандығын «Адам және азамат құқықтарының Декларациясы» қай жылы жарияланды: А)1776ж В)1786ж С)1789ж Д) 1801ж Е)1793ж 7.Азаматтық-құқықтық байланысқа қатынасушылардың сапалақ қасиеттерін айқындайтын ұғымдар: А)құқықтық қабілеттілік,әрекет қабілеттілігі В)құқықтық идеология С)құқық қарсы әрекет Д)әлеуметтік нормалар Е)құқықтық мекемелер 8.Адам дүниеге келісімен пайда болып,дүниеден өтісімен тоқтатылады: А)әрекет қабілеттілігі В)құқықтық қабілеттілік С)адамгершілік нышандары Д)рухани мәдениет Е)құқытан айыру 9.Жасөспірімдер өздерінің еңбекақыларын,басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады: А)13 жастан В)14 жастан С)15 жастан Д)16 жастан Е)18 жастан 10.Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылатын жас мөлшері: А)14 жасқа дейін В)15 жасқа дейін С)16 жасқа дейін Д)17 жасқа дейін Е)18 жасқа дейін 11.Жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады: А)12 жастан А)13 жастан А)14 жастан А)15 жастан А)16 жастан 12.Әрекет қабілеттілігі толық пайда болады: А)18 жастан В)20 жастан С)17 жастан Д)16 жастан Е)14 жастан 13.Адамдардың азаматтық құқық пен өзара міндеткерліктерді орнатуға,өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері:А)ереже В)регламент С)мәміле Д)қабілет Е)нормативтік акт 14.Куәландырусыз жазбаша мәміле жасалатын бағалықтардың мөлшері: А)15 еңбекақы В)20 еңбекақы С)25 еңбекақы Д)30 еңбекақы Е)35 еңбекақы 15.Адамдар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды заң тәртібімен реттеп отырады: А)қылмыстық құқық В)азаматтық құқық С)әкімшілік құқық Д)отбасылық құқық Е)еңбек құқығы 16.Кәмелеттік жасқа толмаса да,кез-келген қылмысы үшін жауапқа тартылады:А)14 жастан асса В)15 жастан асса С)16 жастан асса Д)17 жастан асса Е)18 жастан асса 17.Тонау,ұрлау,бұзақылықтың ауыр түрін жасау,мемлекеттік немес жекеменшіктік мүлікті жою сияқты қылмыстар үшін жауапқа тартылады: А)14 жастан бастап В)15 жастан бастап С)16 жастан бастап Д)17 жастан бастап Е)18 жастан бастап 18. Құқықтық мәдениет: А)Қоғамның барлық мүшелерінің құқық талаптарын сақтауы В)Қоғамның барлық мүшелерінің бірлесе өмір сүруі С)Қоғамның барлық мүшелерінің қоғамдық мәдениет талаптарын сақтауы Д)Адамның белгілі бір нақты мемлекетпен тұрақты құқықтық байланыс құруы Е)Адамның өмір сүруі мен лайықты өмір кешу құқығы 19.Құқық негіздерін құрайды: А)конституция В)әдеп С)салалық заңдар Д)мораль Е)ереже F)нормативті актілер G)жарлық Н)регламент 20.Құқық жүйесін құрайтын үш құрауыш: А)заң В)құқық С)құқықтық идеология Д)сот Е)құқықтық мекемелер қызметі F)дәстүр G)бұйрық Н)жарлық 21.Құқық жүйесіне енетін негізгі салаларға жатпайды: А)азаматтық В)әкімшілік С)ұжымдық Д)отбасылық Е)еңбек F)қылмыстық G)кәсіподақтық Н)халықаралық 22.Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін қажетті шарттар: А)жауапкердің кінәсі В)шығын келтірілуі С)құқықтық қабілеттілік Д)әрекет қабілеттілігі Е)құқыққа қарсы әрекет F)құқықтық идеология G)қоғамдық жұмысқа қарсы Н)құқытан айыру 23.Жазаның түрлері:А)құқықтан айыру В)сөгіс С)сотталушының мүлкін тәркілеу Д)ескерту Е)жұмыстан босатуF)қоғамдық жұмысқа тарту G)моральдық тәртіпке шақыру Н)әдет-ғұрыптан айыру 9 кл.АҚҚ.Тест №10. §25-26.Конституция. 1.Қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін,мемлекеттік органдар жүйесін,азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің негізгі заңы: А)жарлық В)конституция С)ереже Д)азаматтық кодекс Е)қылмыстық кодекс 2.ҚР-ның жаңа Конституциясы қабылданды: А)30 тамыз 1995ж В)16 желтоқсан 1991ж С)2 наурыз 1992ж Д)7 қантар 1996ж Е)28 қараша 1993ж 3.Азамат пен мемлекет арасындағы қатынастардан туындайтын,азаматтың билікке қатысу жағдайларының айқындалуынан көрініс беретін құқықтар мен бостандықтар: А)әлеуметтік В)рухани С)саяси Д)мәдени Е)экономикалық 4.ҚР Конституциясындағы баптардың саны: А) 97 В)99 С)96 Д)98 Е)90 5.ҚР-сы Конституциясы бойынша «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы» : А)президент В)халық С)ұлт Д)ұжым Е)парламент 6.Қазақстан Республикасы Президентін сайлау және тағайындау қағидалары: А)ҚР Конституциясының VI бөлімінде көрсетілген В) ҚР Конституциясының ІІІ бөлімінде көрсетілген С)ҚР Конституциясының І бөлімінде көрсетілген Д) ҚР Конституциясының VI бөлімінде көрсетілген Е)ҚР Конституциясының ІІ бөлігінде көрсетілген 7.Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды: А)1989 жылы В)1988жылы С)1990 жылы Д)1991 жылы А)1992 жылы 8.Атқарушы биліктің жоғарғы органы: А)Парламент В)Мәжіліс С)Конституциялық Кеңес Д)Үкімет Е)Сенат 9.Жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын өкілетті орган: А)Мәслихат В)Мәжіліс С)Парламент Д)Үкімет Е)Сенат 10. «Парламент» сөзі ағылшын тілінен аударғанда қандай мағынаны береді: А)сөйлеу В)алда отырған С)қария Д)халық Е)билік 11. Еліміздегі заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілетті орган: А)Үкімет В)Сенат С)Мәслихат Д)Мәжіліс Е)Парламент 12.Сенат төте дауыс берумен сайланатын елдер: А)Франция,Ресей В)Испания,Италия С)АҚШ,Италия Д)Ұлыбритания,Жапония Е)Канада,Бразилия 13.ҚР-сы Парламентінің төменгі палатасына сайланады: А)47 депутат В)90 депутат С)98 депутат Д)103 депутат Е)107 депутат 14.Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне құқылы: А)ҚР-ның Экс-Президенті В)Экс-Жоғарғы Сот төрағалары С)Конституциялық Кеңестің төрағасы Д)ҚР-ның Экс-Сенаторлары Е)ҚР-ның Экс-Сенат төрағалары 15.ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің мүшелерінің саны: А)4 В)5 С)6 Д)7 Е)8 16.ҚР Конституциялық Кеңестің мүшесі болу үшін қойылатын талаптар: А) 10 жыл еңбек өтілі В)10 жыл азамат болу С)30 жастан асу Д)жоғары білім Е)партия мүшесі болу F)50 жастан аспау G) жиырма беске толу Н) 5 жыл заңгерлік стаж 17.ҚР Парламент Мәжілісі депутаты болу үшін қойылатын талаптарды атаңыз: А) 30 жасқа толу В) 10жыл еңбек өтілі С)партия мүшесі болу Д) 10 жыл азамат болу Е)жоғары білім F)ғылыми атақ G) 50 жастан аспау Н)жиырма беске толу 18. ҚР Парламент Сенаты депутаты болу үшін қойылатын талаптарды атаңыз: А) 10 жыл еңбек өтілі В)10 жыл азамат болу С)30 жасқа толу Д)жоғары білім Е)партия мүшесі болу F)50 жастан аспау G) жиырма беске толу Н) ғылыми атақ 9 кл.АҚҚ. Тест №11. §27-30.Құқықтың базалық салалары. 1.Мүліктік құндылықтарға жатады: А)Жеке отбасы құпиясы В)Өз есіміне құқығы С)Жеке адамның еңбек құралдары Д)Жеке адамның қадірі Е)Жеке адамның іскерлігі 2.Азаматтың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге заңды түрде ие болу құқығы: А)иелену құқығы В)пайдалану құқығы С)өкімдік құқығы Д)азаматтық құқық Е) Өз есіміне құқығы 3.Жеке өндіріс құралдарын пайдаланып,меншік обьктіден түсім түсіру,техника мен технологияны пайдалану құқығы: А)иелену құқығы В)пайдалану құқығы С)өкімдік құқығы Д)азаматтық құқық Е) Өз есіміне құқығы 4.Азаматтың өз меншігіндегі мүлікті сатуы,жалға беруі,мұра етіп қалдыру,сыйлау құқығы: А)иелену құқығыВ)пайдалану құқығы С)өкімдік құқығы Д)азаматтық құқық Е)Өз есіміне құқығы 5.Мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы: А)азаматтық құқық В)әкімшілік құқық С)қылмыстық құқық Д)еңбек құқығы Е)отбасы құқығы 6.Әкімшілік құқықтық нормалар құрылымындағы «гипотеза» дегеніміз: А)қолданылатын шара В)жеке тұлға С)заңды тұлға Д)заңды айғақ Е)ереженің өзі 7.Мемлекеттік басқару орындарында,мекемелер мен кәсіпорындарда,қоғамдық орындарда белгіленген тәртіптерді бұзудың салдарынан болатын құқықбұзушылықтың ерекше түрі:А)әкімшілік құқықбұзушылық В)азаматтық құқықбұзушылық С)қылмыстық құқықбұзушылық Д)неке құқықбұзушылық Е)еңбек құқықбұзушылық 8.Азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылады: А)14 жастан В)15 жастан С)16 жастан Д)17 жастан Е)18 жастан 9.Еңбекке қабілеті бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып,табыс табу құқығы: А)отбасы құқығы В)еңбек құқығы С)азаматтық құқығы Д)өмір сүру құқығы Е)еркіндік құқығы 10.Қылмыскердің айыбын жеңілдететін жағдай: А) Егер қылмыс айналасындағыларға қауіпті тәсілмен жасалса В) Егер қылмыс сәбиге қатысты жасалса С)Егер қылмысты ұйымдасқан топ жасаса Д)Егер қылмысты жасаушы өзі қылмысын мойындаса Е)Егер қылмысты бұрын қылмыс жасаған тұлға жасаса 11. Бір адам екінші адамды өлтіру мақсатында оған оқ атады, адамның өлетінін біледі және оның өлгенін тілейді. Осы қылмыс қандай қылмыстың түріне жатады: А) Абайсызда жасалған қылмыс В) Аффекті жағдайындағы қылмыс С) Жанама мақсатта өлтіру қылмысы Д) Қорғану қажеттілігімен байланысты қылмыс Е) Тікелей жасаған қылмыс 12. Қылмыстық жауапкершіліті ауырлататын жағдай: А)Қылмыс қажетті қорғаныс кезінде жасалса В)Қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаса С) Қылмыстан қоршаған ортаға зиян келсе Д)Қылмыс бұйрықты орындау кезінде жасалса Е)Қылмыс абайсызда жасалса . Қылмыстық айыбын ауырлататын жағдайлар А)Егер айыпты аффекті жағдайында болса В) Егер айыпты қылмыстың зиянды салдарынан болдырмаса С)Егер қылмыс қорғану қажеттілігінде жасаласа Д)Егер қылмыс жас балаға қарсы жасалса Е)Егер қылмыс түнгі уақытта жасаласа 14.Бір адам екінші адамды өлтіру мақсатында оған оқ атады,адамның өлетінін біледі және оның өлгенін тілейді.Осы қылмыс қандай қылмыстың түріне жатады: А)Тікелей жасалған қылмыс В)Аффекті жағдайындағы қылмыс С)Абайсызда жасалған қылмыс Д)Жанама мақсатта өлтіру қылмысы Е)Қорғану қажеттілігімен байланысты қылмыс 15.Мүліктік емес құндылықтарға жатады: А)жеке адамның қадірі В)ұлттық кітапханалар С)жеке адамның абыройы Д)заңды тұлға Е)еңбек құралдары F)отбасы құпиясы G)қазба байлық Н)жеке тұлға 16.Меншік құқығының түрлері: А)жеке адамның қадірі В)иелену құқығы С)жеке адамның абыройы Д)пайдалану құқығы Е)еңбек құралдары F)отбасы құпиясы G)өкімдік құқығы Н)жеке тұлға 17.Әкімшілік құқықтық нормалар құрылымы тұрады: А)гипотеза В)жеке тұлға С)заңды тұлға Д)диспозиция Е)санкция F)иелену G)пайдалану Н)өкімдік 18.Қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайлар: А)Кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса В)Адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе С)Қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса Д)Қылмыс қылмыскерді ұстау кезінде жасалса Е)Қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен жасалса F)Қылмыс бұйрықты орындау кезінде жасалса G)Қылмыс жас балаға жасалса Н)Терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса |