ответы основы информоционных систем. ОИС отв. Жйелер теориясыны негізгі элементтерін натылап крсетііз. Жйені асиеттерін атаыз жне р асиетіне сипаттама берііз
Скачать 1.95 Mb.
|
Жүйелер теориясының негізгі элементтерін нақтылап көрсетіңіз. Жүйенің қасиеттерін атаңыз және әр қасиетіне сипаттама беріңіз. Жүйе – бұл бір-бірімен байланыста және қатынаста бола отырып, бүтіндей бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы. Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады. Ішкі жүйе – бұл нақты белгілерге байланысты берілген тәуелсіз жүйе бөлігі. Жүйе элементі – бұл қандай да бір нақты функцияны орындайтын және әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объект. Жүйе ішіндегі элементтер бір-бірімен өзара байланыста, ал сыртқы ортада - басқа жүйелермен тікелей және кері байланыста болады. Мысалы, егер нарықты жүйе деп қарастырсақ, онда оның элементтері: тауар өндірушілер, сатып алушылар, маркетологтар, жарнамалар, сұраныс, тауар және т.б. Жүйе құрылымы деп оның элементтерінің сыртқы ортамен өзара әсерін анықтайтын ішкі кеңістік байланыстарының салыстырмалы түрдегі орнықты тәртібін айтады. Жүйе элементтерінің сыртқы ортамен байланысы берілген элементтердің енулері мен шығулары арқылы бейнеленеді. Ақпараттық жүйе енулер мен шығулурпдан тұратын динамикалық жүйе. Жүйенің барлық элементтерінің өзара әрекеттесуі ақпарат ағымының қозғалысы арқылы жүзеге асады. 2. Нақты мақсаттарға байланысты жүйелер әр түрлі белгілерге сәйкес жіктелінеді: Барлық жүйелер элементтерінің байланысу белгілеріне қарай айқындалған және ықтимал болып бөлінеді. Айқындалған жүйеде барлық элементтер нақты анықталған түрде болады. Ақпараттық жүйе айқындалған жүйеге жатады. Қоршаған ортамен алмасу дәрежесі бойынша жүйелер ашық және жабық болады. Ашық жүйе мен жабық жүйенің арасындағы айырмашылық - алмасу үрдісі. Күрделілік дәрежесіне байланысты жүйелер үшке бөлінеді: қарапайым, күрделі және өте күрделі. Қарапайым жүйенің мысалы: қызметкерлердің, жұмысшылардың жұмысқа келуін бақылау жүйесі және т.б. Күрделі жүйенің мысалы: фирманың, кәсіпорынның ақпараттық жүйесі және т.б. Өте күрделі жүйенің мысалы: мемлекеттік ақпараттық жүйе, халықаралық ақпараттық жүйе. Жүйенің қасиеттері: гомеостатикалық, тұтастық, бөлекшелік, қосындылық, бөлінгіштік, көпшілік, бейімділік, изоморфизм, сәйкестік. Гомеостатикалық қасиеті - тиімділікті төмендеткізбей қызметті жүргізу қабілетін қанағаттандыру. Ақпараттық жүйенің құрудың мақсаты – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады. Тұтастық қасиеті - жүйедегі бір элементінің өзгерісі жүйенің басқа элементтерінің өзгеруіне әсер ететін қасиеті. Бөлекшелік қасиеті - жүйені сыртқы ортадан қорғау. Қосындылық қасиеті - тек бір ғана элементтерінің өзгерісі бүкіл жүйенің өзгеруіне алып келеді. Бөлінгіштік қасиеті - жүйеден қандай да бір ішкі жүйені немесе элементтерін бөліп алу қабілеті. Көпшілік қасиеті- жүйедегі жеке элементтің басқа элементтердің өзгерісінен өзгеше болуы. Бейімділік қасиеті- жүйенің өзгеріп отыратын жағдайларға байланысты бейімделу қабілеті. Изоморфизм қасиеті- бір жүйенің қасиеті басқа жүйелердің қасиеттерінде бейнелену мүмкіндігі. Сәйкестік қасиеті- бір жүйенің техникалық ұйымдастыру жағдайларын басқа жүйелермен ұштастыруды қамтамасыз ету. Жүйенің жүйелік белгілері: Сыртқы тұтастық қағидасы- қоршаған ортадағы жүйенің салыстырмалы бейімделуі; Ішкі тұтастық қағидасы- жүйенің қасиеті оның элементтерінің қасиеттерінен және олардың өзара байланыстарынан тәуелді (элементтердің өзара байланысының бұзылуынан жүйе өз функциясын орындай алмайды); Иерархиялық қағидасы- жүйеге ішкі жүйелер бөліп беруге болады, екінші жағынан жүйенің өзі күрделі жүйенің элементі болуы да мүмкін. Жүйелік талдаудың үдерістерінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады: Жаңа ақпараттық жүйелердегі талаптарды қалыптастыру немесе жеткіліксіз жерлерін ескеру. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың экономикалық мәнін анықтау және бағытын талдау. Ақпараттық жүйелердің жүйелік талдауы талаптарға сәйкес қарастырылып отырған экономикалық объектінің жұмысын сипаттау мен талдаудан басталады. Осы этаптың нәтижесінде ақпараттық жүйелердің кемшіліктері шығады. Оның негізінде объектіні басқару жүйесін жетілдіру бойынша талаптар қалыптастырады. Сонымен бірге басқарудың функцияларын автоматтандыру қажеттілігіне негізделген есептер қойылады. Бұл қажеттілікті анықтағаннан кейін программалық-техникалық жобаларды таңдау негізінде объектілерді жетілдіру бағытын таңтау мәселесі туындайды. Нәтижелер техникалық тапсырма түрінде рәсімделінеді. Осында ақпараттық жүйелерге талаптар және техникалық шарттар бейнеленеді Жүйеге анықтама беріңіз және мысал келтіріңіз. Жүйенің классификациясын сипаттаңыз. Жүйенің жүйелік белгілерін атаңыз. Жүйе – бұл бір-бірімен байланыста және қатынаста бола отырып, бүтіндей бірлікті құрайтын элементтердің жиынтығы. Кез келген жүйені ішкі жүйелерге, ал ішкі жүйені жүйенің ең кіші деңгейі -элементтерге бөлуге болады. Ішкі жүйе – бұл нақты белгілерге байланысты берілген тәуелсіз жүйе бөлігі. Жүйе элементі – бұл қандай да бір нақты функцияны орындайтын және әрі қарай бөлшектеуге жатпайтын объект. Жүйе ішіндегі элементтер бір-бірімен өзара байланыста, ал сыртқы ортада - басқа жүйелермен тікелей және кері байланыста болады. Мысалы, егер нарықты жүйе деп қарастырсақ, онда оның элементтері: тауар өндірушілер, сатып алушылар, маркетологтар, жарнамалар, сұраныс, тауар және т.б. Ақпараттық жүйелердің классификациясы Ақпараттық жүйелерді әр түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Ақпараттық жүйелер төмендегі белгілер бойынша классификацияланады: басқару процесстерінің түрлері ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі есептеу ресурстарын бөлу тәсілі функционалды белгісі. Басқару процесстерінің түрлері бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді: Технологиялық процесстерді басқарудың ақпараттық жүйелері әр түрлі технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған. Ол иерархиялы жүйе түрінде беріледі. Ұйымды басқарудың ақпараттық жүйелері басқарушы органның функциясын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі функциясына бақылау, реттеу, есепке алу, жоспарлау, талдау және де басқа экономикалық есептер жатады. Интегрирленген ақпараттық жүйелер ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарын автоматтандыру үшін арналған және экономикалық объектіні функцияландырудың барлық циклін қамтиды. Корпоративті ақпараттық жүйелер корпорацияны басқарудың барлық функцияларын автоматтандыруға арналған. Оқытудың ақпараттық жүйелері білім саласында мамандарды дайындау үшін және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату үшін қолданылады. Жүйенің жүйелік белгілері: Сыртқы тұтастық қағидасы- қоршаған ортадағы жүйенің салыстырмалы бейімделуі; Ішкі тұтастық қағидасы- жүйенің қасиеті оның элементтерінің қасиеттерінен және олардың өзара байланыстарынан тәуелді (элементтердің өзара байланысының бұзылуынан жүйе өз функциясын орындай алмайды); Иерархиялық қағидасы- жүйеге ішкі жүйелер бөліп беруге болады, екінші жағынан жүйенің өзі күрделі жүйенің элементі болуы да мүмкін. Ақпараттық жүйе анықтамасы. Ақпараттық жүйе құрылымын анықтаңыз және мысал келтіріңіз. Ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды атаңыз. Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі. Ақпараттық жүйені құрудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері: жұмыстың жеделдігін және қызметкерлердің еңбегінің өнімділігін қамтамасыз ету; берілетін мәліметтердің шынайы және нақты болуы; тапсырушының сұранысы бойынша мәліметтерді алу жеделдігін қамтамасыз ету; берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау. Барлық жүйе әр түрлі бұзылулардан, санкцияланбаған қол сұғудан, шектеулерден және жүйенің сапалық мазмұнын жақсарту арқылы қорғалуы тиіс. Ақпараттық жүйенің негізгі ресурсы – ақпараттық ресурс. Ақпараттық ресурстар дегеніміз құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз. Ақпараттық жүйе (АЖ) күрделі жүйе болып табылады. Ол ақпараттық жүйе жобасынан және ақпаратты- есептеу жүйесінен тұрады. Ақпараттық жүйе жобасы АЖ құру мен жұмыс істетудің барлық мәселелері қарастырылған техникалық құжат. Ақпараттық жүйенің құрылымы– бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы. Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады: Схема1. Ақпараттық жүйе құрылымы Мұндағы: 1-техникалық жабдықтау, 2-математикалық жабдықтау, 3-программалық жабдықтау, 4-ақпараттық жабдықтау, 5-құқықтық жабдықтау, 6-лингвистикалық жабдықтау, 7-ұйымдастырумен жабдықтау Ақпараттық жүйенің функционалды бөлімі-бұл басқарудың мағыналы бөлігінен тұратын ішкі жүйелер жиынтығы. АЖ қойылатын талаптар: Қолжетімділік Сенімділік Тиімділік Қауіпсіздік Ақпараттық жүйелердің құрылымының жабдықтау бөлімінің құрылымын толық ашып жазыңыз. Әр жабдықтауға сипаттама беріңіз. Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы. Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы Схема2. Техникалық жабдықтау құрылымы. Ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары алғашқы ақпараттарды ақпараттық тасығыштарға бекітуге арналған. Ақпаратты өңдеу құралдары алғашқы мәліметтерді түрлендіру қызметін атқарады. Ақпаратты беру құралдары машиналық тасығыштарға жазу үшін қолданылады. Ақпаратты тапсыру құралдары ақпараттарды серверлерге немесе оларды қолданатын орындарға жеткізуге арналған. Ұйымдастыру техника құралдарына ақпаратты қорғау, бейнелеу құралдары кіреді. Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру; мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету; функционалды сенімді болу; сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру; программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету. Математикалық жабдықтау– ақпаратты өңдеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы. Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін арналған. Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесінің негізгі талаптарына келесілер жатады: математикалық әдістер мен алгоритмдерді қолдану; шешімнің тұтастылығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету; программалау тілінде есеп шешімінің алгоритмдерін бейнелеуге максималды қолдану мүмкіндігі; есептердің функционалды өзара байланысын қамтамасыз ету. Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, АЖ–ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуі, ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады. Программалық жабдықтау келесі талаптарды қанағаттандыруы керек: программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділікті, әрбір ақпаратты максималды қорғау мүмкіндігі; қолайлылықты, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға есептелуі тиіс; жеңіл меңгерілуі, яғни жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс; Схема2. Программалық жабдықтау құрылымы. Жалпы программалық жабдықтау– бұл жабдықтаудың кең көлемдегі қолданушыларға есептелген және ақпаратты өңдеу есебінде жиі кездесетін есептеу кезеңінің «және–немесе» шешімін ұйымдастыруға арналған программалардың бірігуін бейнелейтін ақпараттық жүйенің программалық жабдықтаудың бөлімі. Арнайы программалық жабдықтау- нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалық жабдықтау. Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады. Ақпараттық жүйені жүзеге асыру үшін құрамын, құрылымын және ақпараттық жабдықтауды ұйымдастыру қағидасы келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: мәліметтердің қарама–қарсылығының болмауы; ақпаратты тіркеу және қайтадан жинаудың болмауы; ақпараттың түсуінің жеткіліктілігі; кіріс ақпаратының нақтылығы және ыңғайлылығы; қайталанған сақталған мәліметтердің азаюы; мәліметтерді өңдеуге кететін уақыттың азаюы; мәліметтер қорының ұлғаю мүмкіндігі; басқару деңгейінде шешім қабылдауға қажетті ақпараттың жеткіліктілігі; ақпаратты сақтау сенімділігі; Схема2. Ақпараттық жабдықтау құрылымы. Нормативті–анықтамалық құжаттар келесі талаптарға жауапты болуы тиіс: барлық бөлімдерге мәліметтердің бір мағыналығының көрсетілуі; нормативті–анықтамалық ақпараттардың шынайылығы және толықтығы. Нормативті–анықтамалық құжаттарға толтыру, енгізу, түзетулер (корректировка) жүргізуге болады. Жедел ақпарат қазіргі уақыттағы объектілер күйін көрсетеді, яғни өңделмеген ақпарат, ол келесіге жауапты болуы тиіс: ақпараттардың толықтығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету; құжаттар жүйесінің даму мүмкіндігі; құжаттардың ақпаратпен сыйымдылығын қамтамасыз ету; ақпараттың қайталанбауы; Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы. Классификациялау жүйесінің негізгі түсініктері. Классификациялау жүйесінің құрылымын ашып жазыңыз. Ақпараттың классификаторын және кодын жобалау - ақпараттық жүйелердің ақпараттық жабдықтау бөлімінің маңызды мәселесінің бірі. Ақпаратты классификациялау мәліметтер қорындағы ақпаратты өңдеу мен іздеуді жеңілдету үшін қажет. Кодтаудың мақсаты – ақпаратты ықшам және ыңғайлы түрде көрсету. Классификация – бұл объектілер жиынының ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша ішкі жиындарға бөлу. Классификация объектісі – бұл классификацияланатын жиынның элементі. Классификация белгісі – бұл классификация жүргізілетін объектінің қасиеті немесе сипаттамасы. Классификациялау жүйесі дегеніміз объектілер жиынын ішкі жиындарға бөлу ережелері. 1-сурет. Классификациялау жүйесінің құрылымы Классификациялаудың иерархиялық жүйесі деп классификациялық топтастырулар арасындағы иерархиялық қатынасты орнататын классификацияны айтады. Топтаманың төменгі сатысындағы объект жоғары тұрған орынға бағынады және қайталанбайды. Классификациялаудың фасеттік жүйесінде объектілер жиынын тәуелсіз ішкі жиындарға бөлу орындалады. Классификациялаудан кейін таңдалған кодтау жүйесіне сәйкес ақпараттық бірліктерді кодтау жүргізіледі. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты кодтау. Кодтау түрлерін атаңыз және анықтамаларын беріңіз. Мысал келтіріңіз. Кодтау дегеніміз объектілерді ықшам түрде көрсету мақсатымен оларға символдық белгілеулер (код) беру үрдісі. Код – белгілер жиынтығы көмегімен классификация объектілерін шартты белгілеу. Әрбір код үшін анықталады: 1. Код ұзындығы- кодтық белгілеулердегі белгілер саны; 2. Код разряды- кодтық белгілеулердегі белгінің орны; 3. Код алфавиті- цифр, әріп түрінде берілген белгілер; 4. Код құрылымы - кодтық белгілеулердегі белгілердің орналасу реті. Қайта кодтау дегеніміз бұрын кодталған объектіге жаңа кодтық белгі беру үрдісі. Кодтау жүйесі – объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы. 2-сурет. Кодтау жүйесінің құрылымы Реттік, сериялы реттік, тізбектік кодтау жүйелері иерархиялы классификациялау жүйелеріне жатады. Ал параллельдік кодтау жүйесі фасеттік классификациялау жүйесіне жатады. Кодтаудың реттік жүйесі өте қарапайым. Жүйедегі объектілер кему және өсу ретімен кодталады. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз, классификация позициясын кеңейту мүмкін емес және есте сақтау қиын. Кодтаудың сериялы реттік жүйесі объектілерге резервтік код беру арқылы жүргізіледі. Бұл номенклатураның классификациясының бұзылуынан сақтайды. Кемшілігі: көп белгісі бар номенклатураларға қолдана алмаймыз және есте сақтау қиын. Тізбектік кодтау жүйесінде төменгі тұрған элемент жоғарыда тұрған элементке бағынады. Сәйкесінше, төменгі топтың коды жоғары топтың кодын өзіне қосу арқылы түзіледі. Артықшылығы: кодты берудің қарапайымдылығы және оны есте сақтау оңай. Кемшілігі: кодтың ұзындығы. Кодтаудың параллельдік жүйесі бірнеше тәуелсіз белгілерді сипаттайтын номенклатураларды белгілеу кезінде қолданылады. Жеке жағдайы – шахматты кодтау жүйесі. Кемшілігі: код көлемін толық қолданбау. Кодтарды жобалау кезінде төмендегі талаптарды ескерген жөн: кодтау жүйесі объект жөнінде барлық ақпараттарды қамтуы қажет; код өте ұзын болмауы керек; қолданатын техникалық жабдықтардың ерекшеліктерін ескеру қажет; есте оңай сақталуы тиіс; жаңа позицияларды қосу үшін резервте орын сақтауы тиіс. Жоғарыда айтылған классификациялау және кодтау жүйесінің көмегімен ақпараттардың классификаторы тұрғызылады. Классификатор – бұл кодтық біріктірулер мен олардың классификациялық топтамалары бойынша кодталатын объектілер атауларының жүйеленген жиынтығы. Басқару деңгейі мен қолдану саласына байланысты жергілікті, салалық және республикалық болып бөлінеді. Шахматты кодтау жүйесіне мысал:
Иерархиялық классификациялау жүйесіне мысал:
Ақпараттық жүйелер икемділік, сенімділік, тиімділік, қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Кәсіпорынның жаңа талаптарына, жаңа шарттарына байланысты ақпараттық жүйелердің икемделуі икемділік қасиетіне тән. Егер ақпараттық жүйелерді құру кезінде құжаттандыру әдістері мен жалпыға бірдей жабдықтарды қолданатын болса, онда бұл шарт орындалады. Жүйені модернизациялауға болады деген сөз, яғни жүйеге ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) өзгерістер енгізе алады. Ақпараттық жүйе ерте ме, әлде кеш пе тозады, сол кезде оны модернизациялау мүмкін болмаса, онда оны толығымен ауыстыру қажет. Ақпараттық жүйенің сенімділігі “техникалық себептермен“ мәліметтердің жоғалмауын қамтамасыз етеді. Сенімділік талабы сақталынатын ақпараттың резервті көшірмесін алу арқылы қанағаттан- дырылады. Егер ақпараттық жүйе өзіне қойылған есепті қысқа мерзімде шеше алатын болса, онда жүйе тиімді деп саналады. Жүйенің тиімділігі мәліметтердің оңтайлылығымен, олардың өңдеу әдістерімен және жобалау әдістерімен бағаланады. Ақпараттық жүйенің тиімділігін тапсырушы бағалайды. Ақпараттық жүйені құрушылар (разработчики) жүйемен өз саласының мамандары жұмыс істейтінін ұмытпауы тиіс. Ұйымның ақпараттық ресурстарына бөтен тұлғалардың қол жеткізе алмау мүмкіндігін жүйе қауіпсіздігі деп түсінеміз. Ақпаратты қорғаудың программалық жабдықтары бөтен тұлғалардың жүйе ресурстарына ене алмауын қамтамасыз етеді. |