Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.А.Е.Личко бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

  • 2. К.Леонгард бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

  • марат насыр. А. Е. Личко бойынша мінез екпіндеулеріні трлері


    Скачать 89 Kb.
    НазваниеА. Е. Личко бойынша мінез екпіндеулеріні трлері
    Дата01.11.2021
    Размер89 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файламарат насыр.doc
    ТипИнструкция
    #260622

    9 – тақырып ПС. Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері

    1. Тұлғаның әлеуметтенуі оның негізгі көздері

    2. Тұлғаның әлеуметтенуінің кезеңдері

    3. Э.Эриксон теориясы бойынша тұлға дамуының кезеңдері

    ОБӨЖ. Мінез екпіндеуінің түрлері

    1.А.Е.Личко бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

    2. К.Леонгард бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

    3. Э.Фромм бойынша жасөспірімдердің мінез екпіндеулерінің түрлері

    Тапсырма 1 Тұлға дамуының әлеуметтік кезеңдері бойынша сызба құрастырығыз.

    1. Бейімделу кезеңі

    туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды , соған бейімдеседі , икемделеді , еліктейді

    2. Даралану кезеңі

    басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады , қоғамдық әрекет - қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала , қабылдайды

    3. Бірігу ( интеграция ) кезеңі

    қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып , қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды

    4. Еңбеккерлік кезеңі

    адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан , өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап , сол тәжірибені қайта жасайды , өңдеп жаңа өнімге айналдырады

    5. Еңбеккерліктен соңғы кезең

    әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткiзуде үлкен де маңызды үлесімен танылатын адамның егде жасы


    Тапсырма 2 Таблицамен жұмыс (3 деңгей).

    Инструкциясы:

    1 - Э.Эриксон бойынша тұлға қалыпты даму жағдайын түсіндіру.

    2 - Э.Эриксон бойынша тұлға аномальді даму жағдайын түсіндіру.

    Э.Эриксон бойынша тұлға дамуының деңгейлері

    Даму деңгейлері

    Қалыпты даму жағдайы

    Аномальді даму жағдайы

    1. Нәрестелік шақ (туылғаннан 1 жас)

    Өмірдің бірінші жылының соңына қарай оның көрсеткіштері; тістердің шығуынан, жалпы қысым, өзін жеке индивид ретінде сезінудің күшеюі, ананың кәсіби міндеттеріне және тұлғалық қызығушылықтарына оралуының нәтижесінде «ана - бала» диадасының әлсіреуі.

    Анасынын баласына нашар карауының нәтижесі ретінде баланын адамдарга сенбеуі , мән бермеушілік . немқұрайлык махаббаттан айыру . Баланы ана сутінен өте ерте және күрт айыру , баланы эмоционалдык окшаулау .

    2. Сәбилік (1 жастан 3 жас)

    баланың мүмкіндіктері тез өсіп, ол жүре бастайды және өз тәуелсіздігін мен автономиясын ұстай алуын меңгере бастайды. Бұл кезде дербестілік (самостоятельности) сезімі арта түседі.Және де осы кездері әлемге деген қалыптасқан базалық сенімдікті үзбеу керек. Мұндағы дағдарыс - күмән мен үят.

    Өз - өзіне сенбеу . ете уялшак болу . Бала өзінің бейiмделмегенін сезініп кабілеттеріне күлiктенеді . Карапайым киМЫЛ зрекеттерінің дамуында кемшіліктерді сезінеді .

    3. Ерте балалық шақ (3-5 жас шамасы)

    бала қоршаған әлемді сапалы және белсенді түрде тани бастайды; ойын барысында бала өз құрдастарымен бірге өндіру процесіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін меңгереді. Осының нәтижесінде балада шынайы үлкендермен бірге әрекетке қосылу, кішкентай ролінен шығу ниеті қалыптасады. Бұл оның инициативтілігінің және белсенділігінің дамуына әсер етеді.

    Пассивтілік және адамдарга мән бермеу . Инициативаның болмауы . салбыр болу , баска балалардан кызгану . ұсыныстардан бас тарту . релдерге косылу белгiсiнiн жоктыгы .

    4. Балалық шақ (5 жастан 11 жас)

    Бұл деңей балаларда еңбекқорлықпен, жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру қажеттілігімен байланысты.

    Өзiн - өзi кемсту . Элсiз дамыган енбек ету кимылдары . Күрделі тапсырманы орындаудан , баскалармен жарысудан бас тарту .

    5. Жасөспірімдік және жастық шақ (11 жастан 20 жас)

    ең терең өмірлік дағдарысты сипаттайды. Эго – біртектілік бірінші тұтас формасы қалыптасады. Жас өспірімдік шақта дамудың барлық өтілген дағдарыстық мезеттері қайта тұрады.

    Рөлдердiн шатасуы Уакытша перспективалардын ( көрініс . келешек ) ығысуы жане араласуы болашак пен осы шак туралы ғана емес . Өткен шак туралы да ойлардың пайда болуы

    6. Ерте егде жас (20 жастан 45 жас)

    Оның мәні - өмірлік айырылмас серікті іздеу, басқалармен тығыз ынтымақтастықта болуды қалау, өзінің әлеуметтік топтың мүшелерімен жақын достық қатынастарға ұмтылу. Бұл деңгейдің қауіпті жағы – жалғыздық, толық жақындасуды талап ететін байланыстардан қашу.

    Адамдардан окшаулану . олардан кашу . әсіресе жакындардан кашу . Мiнездiн ауыр болуы . адамдарды тандамай араласу . болжамга келмейтін әрекеттер жасау

    7. Егде жас (40-45 жастан 60 жас)


    8.қарттық шақ (60 жастан жоғары )


     Бұл деңгейдегі тұлғаның басты жағымды сипаттары ретіндегі өндіргіштік пен ұрпақтың жалғасуы шығармашылықта және нәтижелі еңбек іс-әрекетінде жаңа ұрпақты тәрбиелеу туралы қамқорлықта жүзеге асады. Адам істеген нәрсенің бәріне де «Мен» деген кішкентай бөлшекті қосады және сол арқылы тұлғаның баий түсуіне әкеледі.

    Халыкаралық классификация

    бойынша карттык кезен 60 жастан басталады. Карттык кезең адамнын емiрлiк цикл жүйесiне ерекше рөл аткаратын кезен карастырылады. Бұл кезең тұлға дамуынын корытындылау кезенi ретінде жеке нәтижесiн және ол ұрпактармен уакыт байланысын камтамасыз етедi. Тек карттык позиция аркылы гана еткен және келер ұрпакка өмiрдi бiр бүтін ретiнде, онын мəнi мен мағынасын толык тусiндiруге болады.

    Токтап калу . Эгоизм және эгоцентризм . Жұмыстын өнімділігі

    Ешқандай басты өзгерістер болмайды.





    Тапсырма 3 К.Юнг бойынша тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін айқындаңыз

    Нұсқау. Әр сұраққа жауаптың екі варианты бар, Сізге қөбірек жақындау жауапты таңдау қажет.

    1. Сіз нені қалайсыз?

    а) кішкене жақын достарыңызды; б) үлкен жолдастар компаниясын.

    2. Сіз қандай кітаптарды оқуды қалайсыз?

    а) қызықты сюжеті бар; б) кейіпкер күйзелісінің ашылуы бар.

    3. Жұмыста сіз нені жібере аласыз?

    а) кешігу; б) қателер.

    4. Егер сіз жаман қылық жасасаңыз, онда:

    а) қатты уайымдайсыз; б) қатты уайым жоқ.

    5. Сіз адамдармен қалай тіл табысасыз?

    а) тез, жеңіл; б) жаймен, абайлап.

    6. Сіз өзіңізді ренжігішпін деп санайсыз ба?

    а) ия; б) жоқ.

    7. Сіз сықылықтауға, шын көңіліңізбен күлуге әуессіз бе?

    а) ия; б) жоқ.

    8. Өзіңізді қалай деп санайсыз:

    а) үндемес; б) сөзшең.

    9. Сіз ашықсыз ба немесе тұйықсыз ба?

    а) ашық; б) тұйық.

    10. Сіз өз күйзелістеріңізді талдауды жақсы көресіз бе?

    а) ия; б) жоқ.

    11. Қауымның ортасында сіз қалайсыз:

    а) сөйлеуге; б) тыңдауға.

    12. Сіз өзіңізге жиірек кейіп уайымдайсыз ба?

    а) ия; б) жоқ.

    13. Сіз бірдене ұйымдастыруды жақсы көресіз бе?

    а) ия; б) жоқ.

    14. Сіз сырлас күнделігін жүргізгіңіз келе ма?

    а) ия; б) жоқ.

    15. Сіз шешімнен орындауға тез өте аласыз ба?

    а) ия; б) жоқ.

    16. Сіз өзіңіздің көңіл күйіңізді жеңіл ауыстыра аласыз ба?

    а) ия; б) жоқ.

    17. Сіз, өз көзқарасыңызды тықпалап, басқаларды сендіруді жақсы көресіз бе?

    а) ия; б) жоқ.

    18. Сіздің қимылдарыңыз:

    а) тез; б) баяу.

    19. Сіз мүмкін болатын бәлелер туралы қатты қобалжисіз:

    а) жиі-жиі; б) анда-санда.

    20. Қиын жағдайларда:

    а) басқалардан асығып көмек сұрайсыз; б) сұрауды жақсы көрмейсіз.
    Қорытындыларды өндеу: Экстраверттердің көрсеткіштері: 16, 2а, 36, 46, 5а, 66, 7а, 86, 9а, 106, 11а, 126, 13а, 146, 15а, 16а, 17а, 18а, 196, 20а.

    Жауап саны саналсын және 5-ке көбейтілсін: балдар: 0—35 — интроверсия; 36—65 — амбоверсия; 66—100 — экстраверсия.

    Экстраверсия («сыртына шығарылған»): араласуға жеңіл, агрессия деңгейі жоғары, лидер болу үрдісі бар, назар бөлініп ортада жүргенді жақсы көреді, жанасуға тез өтеді, импульсивті, ашық, жанасушылықты, жанасудың ішінде пайдалысы да болуы мүмкін, адамдар туралы ішкі дүниесін білмей, «түрі бойынша» сынайды; холериктер, сангвинниктар.

    Интроверсия («ішке қарай айналған»): өз күйзеліс әлеміне бағытталған, жанасуға жоқ, үндемес, жаңа таңыстықты қиындықпен жасайды, тәуекел етуді жақсы көрмейді, ескі байланыстардың үзілгеніне уайымдайды, вұтылыс пен ұтыс арианттары жоқ,, беймазалық және ебдейсіздігі жоғары деңгейде; флегматиктер, меланхоликтар.

    ОБӨЖ.

    1.А.Е.Личко бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

    2. К.Леонгард бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері

    Таблица құрастырып, түрлерін көрсетіп, анықтамасын жазыңыз.


    1.А.Е.Личко бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері


    1.Гипертимді тип

    Бұл типті адамдардың  қарым-қатынасы жоғары, қимыл – қозғалысы ширақ, қалжыңға бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл – күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл – күйі үнемі көтеріңкі жүреді. Ересектермен, ата – аналарымен, ұстаздарымен қарым – қатынас барысында әртүрлі қақтығыстарға түседі.

    2.Циклойдты тип.

    Апатияға бейім, өте қызба. Көбіне үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбыларымен  қарым – қатыныас жасамайды. Айналадағылардың ескетпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Сәл болатын өзгерістерді қапаланып қабылдайды.

    3.Лабильді тип

    Мінезі тұрақсыз, көңіл – күйі жиі өзгергіш. Көңіл – күйінің өзгеруіне кез – келген  ұсақ – түйек әсер етуі мүмкін. Мұндай адамдардың көңіл – күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді.

    4.Астенал – невротикалық тип

    Бұл типті адамдар аса жоғары көңілге алушылығымен, тез шаршап, болдыруымен, қырсықтығымен көзге түседі.

    5.Сензитивті тип

    Аса сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Аса үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс орындарын аса ұнатпайды. Олар  танымайтын, бөтен адамдармен қарым – қатынасқа көп түсе бермейді. 

    6.Психастеникалық тип.

    Секем алғыштық, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі жоғары. Бірақ оқуы нашар, себебі, ауызша жауап бергенде мазасызданып, білгенін жеткізе алмай қиналады

    7.Шизойдты тип.

    Тұйық, айналасындағылармен қарым – қатынасқа түсуге ынта –ықыласы жоқ, оқшау жүреді, ішкі жан –дүниесі бай, бірақ сырт келбеті кедей адам. Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз.

    8.Эпилептойдты тип.

    Бұл типті адамдар ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл белгілер 2-3 жас арасында корінеді. Личконың айтуынша бұл типті адамдар  жан – жануарларды азаптап, қинауды, өздерінен әлсіз адамдарды мазақ етуді жақсы көреді. Аса қатыгез, өздерін аса жақсы көреді. Басшылыққа ұмтылады.

    9.Истероидты тип.

    Бұл типке тән белгілер: үнемі назарда болуға тырысу, өзін көрсетуге және үнемі таңқалдыруға әуестік.

    10.Тұрақсыз тип

    Бұл типті адамдар болашақты тіпті де ойламайды. Олардың әрекеттері белгілі бір мақсатпен, міндетпен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі.

    11)Комформды тип

    Кез – келген өзіне тиімді жағдайларға тез бейімделеді.

    2. К.Леонгард бойынша мінез екпіндеулерінің түрлері


    Гипертимді тип

    Ондай адамдар қарым-қатынасқа тез түседі,
    сөзшең, мәнерлі Мұндай адамдар сөйлеу барысында алғашқы
    тақырыптан жиі ауытқиды. Бұл типті адамдар қақтығыстарды өздері
    жасайды, бірақ басқа адамдар ескертпе жасайтын болса, оған
    қапаланады.

    Дистимді тип

    Мұндай адамдар қарым – қатынасы төмен, көп
    сөйлемейтін,көңіл – күйі пессимизмге толы. Олар көбінесе үй
    адамдары, шулы ортадан аулақ болады, шуды көтере алмайды, басқа
    адамдармен қақтығыстарға аз түседі, тұйықталған, шектелген өмір
    жағдайында болады

    Циклоидты тип.

    .Көңіл-күйі лезде өзгереді, сондықтан оның
    адамдармен қарым-қатынасы да осыған байланысты өзгеріп
    отырады. Көңіл-күйі жоғары болған кезде ол басқа адамдармен тез
    қарым-қатынасқа түсетін болады, ал егер көңіл-күйі төмен болатын
    болса, онда адамдармен қарым-қатынасқа түспей, тұйықталып
    қалады.

    Қызба тип.

    Бұл типті адамдардың басқа типті адамдармен қарымқатынасы өте төмен, вербалды және вербалды емес реакциялары
    баяу.Қарым-қатынас кезінде қақтығыстарға, ұрсысу, жаман сөздер
    айтуға қыңыр болады. Эмоционалды көңіл-күйі жақсы жағдайда
    олар өте адал, шыншыл, жануарларды, кішкентай балаларды жақсы
    көретін ұқыпты адамдар.

    Тежелуші тип

    Қарым-қатынас шектеулігімен, қыңырлығымен,
    көп сөйлемейтіндігімен сипатталады. Кек сақтағыш осыдан барып
    жабысқақ ойлар пайда болуы мүмкін

    Педантты тип.

    Бұл типті адамдар қақтығыстарға сирек түседі,
    түскен жағдайда қақтығыстарда пассивті рөл атқарады. Жұмыста
    ол өзін бюрократ ретінде көрсетеді. Әріптестеріне шектен тыс
    талаптар қояды.

    Қобалжушы тип

    Көңіл-күйі минорлы, өзіне-өзінің сенімі аз,
    қарым-қатынас төмндігі, ұялшақтығымен сипатталады. Жағымды
    жақтары: достықты жақсы көретін, өзіне-өзінің сын көзбен қарауы
    жоғары, тиянақтылығымен сипатталады


    написать администратору сайта