А есебі. А есебі Тйінді идеяларды білу жне тсіну
Скачать 125 Kb.
|
Орынғали Карима Шәшімқызы мұғалім портфолиосы А есебі №2 топ «Тиімді оқыту мен оқу» Өскемен қаласы 22.04.2016 ж А есебі Түйінді идеяларды білу және түсіну Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп А Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім (Strong, Ward 7 Grand, 2011). Әр ұстаз шәкірт жүрегіне жол таба білетін, шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жетік меңгере алатын болуы бүгінгі заманның басты талабы. Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарлауын 3 сынып әдебиеттік оқу пәнінің күнтізбелік жоспарын және оқушылардың қалай оқитынын, олардың дамуына ықпал ететін факторларды, түрлі жастағы оқушылардың жекелей қажеттіліктерін ескере отырып жасадым. Мақсаты: Әрбір сабақ үшін нақты оқу мақсаттарын қоя отырып, оқыту мен оқуға жеті модульді ықпалдастыру. Мен орта мерзімді жоспарлау кезінде жекелеген оқушылардың сабақ тақырыбын қабылдау ерекшеліктерін түсінуге, олардың білім мен түсініктерін жақсарту мақсатында жұмыс жүргізуге, кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгере алатынын жетік түсінуіне көңіл бөле отырып мұғалім қызметінің негізгі, маңызды басымдықтарын басты назарда ұстадым. Оқыту-оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені, сондықтан балалардың қалай оқитынын түсінуі, нені оқу керектігін түсінуі, тізбектелген сабақ топтамасын қалай құру керектігі туралы ұғым қалыптастыру, оқу нәтижесін бағалау мүмкіндіктерін игеру үшін оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақтардың өн бойына кіріктірдім. Себебі, диалогтік оқыту арқылы қалай оқу керектігін үйрету маңызды, ол үшін бұрынғыдай сұрақтардың өзін қойып емес, сұрақ қою үшін интербелсенді әдістерді (конверттегі сұрақ, қарлы кесек, 6 неліктен) қолдануды жоспарладым. Сұрақ қою арқылы сын тұрғысынан ойлауға жетелеймін. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы оқушылармен жеке, жұпта, топта бірлесе жұмыс жасай отырып, білім алуымен тығыз байланысты болады..Оқушының қабілеті мен мүмкіндіктерін аша отырып оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым дағдыларын қалыптастыра түседі. Әр оқушыда сыни көзқарас қалыптасады. Сабақ жоспарын жасауда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сондықтан «ЖИГСО 1» әдіс-тәсілін таңдай отыра, барлық оқушы қамтылып, өзіне деген жауапкершілікті сезініп, өзін-өзі реттеу дағдылары қалыптасады. Топпен жұмыс жасай отырып олар анықтайды, саралайды, талқылайды, зерттейді. Сыныптағы бірлескен оқушылардың сұхбаты тақырып бойынша өз ойларын білдіруге, басқа адамдарда түрлі идея болатындығын түсінеді және өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі. Ертегілерді рөлдерде ойнау арқылы сөздік қорын байыту, тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттері ашыла түседі.Оқушы бойында рөлдерде ойнау барысында салыстыру, ойын дәлелдей алу сол сияқты көшбасшылық қабілеті дами түседі. «Автор орындығы», «Микрофон» әдістері арқылы оқушы өз ойын емін-еркін жеткізе алады. «Болжам жасап оқыту» әдісі арқылы оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін оқушылар болжай отырып, автор ойымен салыстыра келе өз ойларына сыни көзқарас қалыптастырады. Оқушыларда жазылым дағдыларын қалыптастыру үшін эссе, қос жазба күнделігі, дербес пікір жазу, т кестесі, венн диаграммасын толтыру сияқты әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдаланамын.Себебі, жазылым кезінде оқушы бойындағы ой жүйесі пайда болып, ақпаратты жақсы есте сақтайды. Өте қабілетті және дарынды балалардың ерекшеліктерінің бірі-қабілеті шамалы құрдастарымен салыстырғанда олардың метатанымдық сауаты жоғары болуы (Sternberg, 1983) Осы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану үшін талантты және дарынды оқушыларға топта деңгейлік тапсырмалар беруді және оны күрделендіру керек екендігін, жіңішке сұрақтардан гөрі жуан сұрақтар қою керектігін ұғындым. Талантты және дарынды балаларға тапсырма беру үшін оларды жалықтырып алмайтындай , түрленген , қызықты түрлерін ұсыну қажет.Осыны ескере отырып оларға тақырыптан тыс тапсырмалар беру арқылы олардың шығармашылығын дамытамын. Оқушыларға тапсырма беру барысында ресурс көздерін қайдан алу керектігі жайлы, кейбір ресурс көздерін кітаптардан, интернет желілерінен алуға нұсқаулық жасаймын. Сыныпта айқындалма, ашылмай отырған дарынды, талантты оқушыларды табу үшін ата-аналарынан сауалнама жүргізу, болашақтағы жоспарымда бар. Әр сабақта оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану өте тиімді. Оқушыларға сергіту сәттерін ұйымдастырғанда, сабақта слайд көрсету, видеороликтер тамашалағанда, ән әуендерін тағы басқа да дыбыстарды тыңдағанда оқушылардың тақырыпты аудиалды-визуалды қабылдауды дамытуға көмегін тигізеді. Сабақтарда оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқуда олардың танымдық дамуда оқуға деген қабілеттілік, зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға арналғанын ескердім, сондықтан тапсырмаларды және қолданатын әдіс-тәсілдерді оқушылардың жас ерекшелігіне сай таңдадым. Мерсер мен Литлон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті.Достарымен бірігіп жүргізілген жұмыс, ересектермен интербелсенді қарым-қатынас балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған.Осыларды ескере отырып оқушыларды А, В, С деңгейлеріне бөле отырып олардың бір-бірімен жұмыс жасауы үшін А деңгейлі баланы топ басшысы ретінде сайлап Б және С деңгейлі оқушыны оқуға тарту керектігін түсіндім. ЖАДА арқылы оқушылар бір-біріне көмектесіп, өзара оқыту жүреді. Осылай өзара әрекеттесіп жұмыс істеу барысында олар бір-бірін бағалауға, бір-бірін бағалау арқылы өзіне баға беруге үйренеді. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін -өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады ( Александер, 2001) Мұғалімдер жиынтық бағалаумен қатар қалыптастырушы бағалауды қатар пайдаланғанда бағалау пайдалы болады.Болашақтағы сабақтарымда қалыптастырушылық бағалауды өз сабақтарымда қолданысқа енгіземін. Қалыптастырушы бағалау құралдары арқылы оқушылардың өзінің қай жерде тұрғанын анықтап, жұмыстарын жетілдіру, түзету мақсатында «2 жұлдыз, 1 тілек», сандарды дөңгелекке алу, бағалау парақшаларын, кері байланыс ретінде БББ кестесі, смайликтер (1), смайликтер (2), ишара, 3 шапалақ, бас бармақ, жұлдызша түрлерін пайдаланамын. Пән бойынша оқу мақсатын жоспарлауда оқушылардың терең білім алуына, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдай отырып, өз пікірі мен түсінігі қалыптасатындай, оқу үшін бағалауды назардан тыс қалдырмадым. Оқушыларды формативті бағалау жағынан сыныбымдағы жұмыс үдерісінің әлсіз екенін байқадым.Қалыптастырушы бағалау оқушылардың ынтасын арттырып, қателерін түзетуге бағытталған екенін байқап енді мені қызықтырды. Б Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау 3 сыныптың әдебиеттік оқу пәніне арналып жасалды. Бөлім «Сарқылмас қазына» деп аталады. Тізбектелген қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасауда оқушыларды бағалау оның ішінде қалыптастырушы бағалауды өз сабақтарыма тиімді етіп пайдалануды көздеп отырмын.Себебі, бұрын сабақтарымда бағаны үй тапсырмасы үшін, бақылау жұмыстырынан кейін, тест жұмыстарынан соң және фронтальды сұрақтар қою кезінде қойған болатынмын.Бұл тек жиынтық баға қоюмен ғана шектелгенімді көрсетті.Ал,бұл оқушы ынтасын азайтады екен.Осы жағдайларды ескере отырып әр тапсырмадан кейін немесе әрбір жұмыстан кейін қалыптастырушы бағалау керек екендігі мені қызықтырды.Формативті бағалау үздіксіз жүргізіле отырып оқушының қатесін түзетуге мүмкіншілік жасайды екен.Сондықтан мен сабақ жоспарыма бағалаудың «Бағдаршам», «Ым-ишара», «3 шапалақ», «Смайликтер 1», «Смайликтер 2» түрлерін пайдалануды кіріктірдім.Оқушылар топтық жұмыс жасап болғаннан кейін 2 жұлдыз 1 тілек айтуды пайдаланамын.Кері байланыс жасау арқылы оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету: мен сұрақты қаншалықты дұрыс қоя аламын? деген сұрақққа жауап іздей отырып менің көзқарасымды өзгертті.Өйткені,көбіне жабық сұрақтар қою оқушыны ойландырмайды.Оқушы ашық сұрақтарға жауап бере отырып сыни ойлана алады. «Құмырсқаның қанағаты» ертегісінде оқушыларға:-Құмырсқаның ақылы,қайраты,қанағаты барын қайдан білдің?-Құмырсқаның жанында дән жатқанда ашығу себебі неде деп ойлайсың? деген ашық сұрақтар әзірледім.Сабағымда оқушыны сыни ойлануы үшін «Болжам жасап оқыту» старегиясын таңдап алдым.Бұнда оқушы әрекеті тыңдайды, жазады, болжам жасайды, сұрақтарға жауап береді.Әр оқушы қойылған сұрақтарға жеке жазады. Сабақ соңында әр оқушының жазбасын жинап аламын.Осы жазбаларды оқи отырып оқушы қалай ойлайтынын байқаймын.Мүмкін,керемет ой,идея жатқан болар...Оқушы ертегі бөлігін болжай отырып болашақта өзі оқиғаны қалай өрбітетінін және басқа оқушылардың ойларымен салыстыру жасай отырады.Бұл әр оқушыда сыни көзқарас қалыптастыра отырып дербес ойлауға жетелейді.Жұптық жұмыс арқылы оқушы сыныптасымен пікірлеседі, осы кезде диалогтық оқу жүреді.Мерсер мен Литлон өз еңбектерінде диалог оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсеткен.Сонымен қатар Выготский оқушылар өздерінің «Жақын арада даму аймағында» ( ЖАДА) жұмыс істесе,танымдық дамудың жақсаратындығын атап көрсеткен.[1.40] Топта ортақ бір пікірге келе отырып олар шешім қабылдауға үйренеді.Оқушылардың танымдық,шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қосымша тапсырмалар беру үлкен рөл атқарады. Осы сабағымда А деңгейлі оқушыға алдын-ала құмырсқа жайлы мәліметтер,деректер жинастырып келу тапсырамын.Сабақта ақпаратты әрдайым мұғалім бере бергеннен гөрі сыныптасының айтып беруі оқушыларды қызықтырады және басқа оқушы да осы оқушы рөлін атқарғысы келіп оқушы бойында ынта қалыптасады.Келесі сабаққа А мен С деңгейлі оқушыға бір тапсырма,яғни жұптық жұмыс тапсырамын.Міне,бұл С деңгейлі оқушыға мотивация береді.Дарынды және талантты балаларға құрдастарының тапсырмаларынан өзгеше, анағұрлым «күрделі», «ынталандыратын» тапсырмалар қажет деген пікір қалыптасқан.Эйр (2001) Выготский мен Кацтың еңбектерінен дәйексөз келтіре отырып, теория мен зерттеулерді табиғатты зерттейтін «міндеттер» ретінде қалыптастырады. [1.67, 68] Ертегіні талдап болған соң «Еңбек етуді құмырсқадан үйрен» атты 10 минуттық эссе жазу беріледі.Әркім жеке жазады.Міне осы жерде де жазылым қалыптаса береді.Оқушы өз ойын қағаз бетіне түсіреді.Әр топтан уақыт мүмкіндігіне қарай «Ыстық орындықта» оқиды. Осы сәтті де ұтымды пайдаланғым келеді. Осы ыстық орындыққа көп сөйлемейтін, момын оқушыны отырғызуға жағдай жасаймын.Сынып алдында жазбасын оқи отырып оқушыда сенімділік қалыптасады. Оқушылар формативті бағалағанда бас бармақ арқылы бағалайды. Топтар бір-бірін 2 жұлдыз, 1 тілек арқылы бағалату арқылы оқушыларда өздеріне айтылған мадақтам мен тілек, ұсыныстарды сыныптастарынан естиді. Өткен тақырыпқа шолу кезеңінде ұлттық педагогик элементінің бір бөлігі ретінде «Орамал тастамақ» ойыны арқылы сұрақтар бере отырып, алдыңғы білімдерін тексеремін.Сабақ процесінде жағымды ахуал,психологиялық көңіл-күй тудырып отыру қажет.Сабақ басталар алдында шаттық шеңберін құру оқушыладың сабаққа деген ынтасын,белсенділігін арттырады. Ұйымшылдыққа оқушының көңіл-күйін осы жерде ретке келтіруге болады. Сабақ ортасында сергіту сәттерін тиімді пайдалану да оқушыларды психологиялық жағынан өзін-өзі реттеуге, сабақ процесінде шаршамауды көздейді. Сабақта өткізілетін сергіту сәті сабақ тақырыбына байланысты алынды. Бұнда алдын-ала видеороликке түсірілген оқушылар экранда билеп тұрады. Бұл жерде де оқушы өзін сырт көзбен бағалай отырып, өзіне сын көзбен қарайды. Міне, мен осы жерде АКТ-ны тиімді қолданып отырмын деп ойлаймын. Үй тапсырмасын беруде де АКТ С деңгейлі оқушы Б деңгейлі оқушыға ертегі бойынша ұялы телефон арқылы 3 сұрақ қояды.Бұл жердегі мақсатым С деңгейлі оқушыны оқуға тарту. Оқушыға сенімділік арта отырып оның бойына да сенімділік, жауапкершілік қасиеттерін ұялату. Сыныбымда қазіргі уақытта формативті бағалау жүргізілмегендіктен болашақта осы кемшілікпен жұмыс жасаймын деп жоспарлап отырмын.Сонымен қатар дарынды және оқу үлгерімі төмен оқушыларды критерий арқылы бағалауды тереңірек түсінуге ұмтыламын. АКТ-мен жұмыс жасау дағдыларымды жетілдіргім келеді. Бұл ұстаздарға сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал бола алады. «Тиімді оқу мен оқыту» курсында алған білімдерімді және тізбектелген сабақтар топтамасы мен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын оқыту мен оқудағы өзгерістерді әріптестеріммен кеңескен маңызды деп ойлаймын. Әріптестеріммен және ата-аналармен кездесу ұйымдастырып, оларды сабақ процесіне қатыстыру көзделіп отыр. Курс кезінде жинақтаған білімімді тәжірибе жүзінде көрсетемін деп отырмын. Пайдаланылған әдебиеттер Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 2016 ж, 99 бет Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ 2016 ж, 12 бет Қосымша 1.1 Орта мерзімді жоспарлауы
Қосымша 2.2
|