Силлабус. SILLABUS на каз 2019 август. А. Ж. Т. 201 ж
Скачать 175.5 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Бекітемін факультет деканы __________А.Ж.Т. «____» ___________ 201__ ж. SYLLABUS
Алматы, 2019 Пәннің қысқаша сипаттамасы:Физиология организмнің тіршілік әрекетін жеке торшалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады. Физиология организмнің тіршілік әрекеттерін даралап, тексермей, оларды біртұтас, тығыз байланыстағы процестер жиынтығы ретінде қарастырады және организмге тән біртұтастық қасиет орталық нерв жүйесі (ОНЖ) қызметі мен әртүрлі биологиялық белсенді заттардың әсерінен қалыптасады деп тұжырымдайды. Физиология курсының негізгі мақсаты тұтас организмнің, физиологиялық жүйелердің, органдар мен клеткалардың және жеке клеткалық структуралардың тіршілік әрекеттерін зерттеу. Пәнді оқыту мақсаты : Адам және жануарлар организмінің әртүрлі құрылымдық деңгейдегі тіршілік процесстерінің (зат алмасу, тыныс алу, қоректену, т.б.) заңдылықтарын, тіршілік әрекетін жеке жасушалар, мүшелер, жүйелер қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерімен таныстыру. Пәнннің міндеттері: •Адам және жануарлар организмінің жеке жасушалар мен олардың цитоплазмасының, қабығының қызметімен танысу; • Физиологиялық эксперименттерді қою жолдарын үйрену •Халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру Оқытудың күтілетін нәтижелері (университет миссиясы, университеттің стратегиялық мақсатына, бітірушілер атрибутына, білім беру бағдарламасының оқыту нәтижесіне сәйкес келуі керек!) Аталған пәнді оқыған кезде студент : Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелерімен (ОН) үндестіре отырып, оқыту нәтижелерін (ОН) көрсету қажет 1. 2. 3. 4. 5. …… Ұсынылған әдебиеттер тізімі:ГУМАНИТАРЛЫҚ БББ ҮШІН СОҢҒЫ 5 ЖЫЛ (2015), ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БББ ҮШІН СОҢҒЫ 10 ЖЫЛ (2009)Scopus немесе Web of Science базасында жарияланған МАҚАЛАЛАРҒА сілтеме Негізгі (3 атаудан кем емес.........): 1.Тулеуханов С.Т., Торманов Н.Т. Адам физиологиясы. Алматы, «Қазақ университеті» 2010 ж 2. Торманов Н.Т., Төлеуханов С.Т. Ағзалардың қызметін реттеу және бейімделу механизмдері. Алматы: Қазақ университеті, 2013 -134 б. 3. Қосымша (5 және одан көп атау): 1. Торманов Н.Т. Атанбаев Г.Қ. Адам және жануарлар физиологиясы оқу әдістемелік кешен. Алматы: Қазақ университеті, 2014-1568 б. 2. Рымжанов Қ.С., Төленбек И.М. "Адам мен жануарлар физиологиясы". (2-бөлім. Висцеральдық жүйелер).Алматы. РБК. 2000ж. 3. 4. 5. Сандық білім ресурстары: (халықаралық базаларда, Scopus немесе Web of Science базаларынан мақалалар) Күнтізбелік-тақырыптық жоспары *(Қажетті бағананы таңдаңыз!!!! Мысалы: тәжірибелік сабақ немесе зертханалық жұмыс, қажет емесін алып тастаңыз) Күнтізбелік-тақырыптық жоспары
СӨЖ тақырыптары және тапсыру кестесі
(СӨЖ саны мен тапсырмалардың % бөліну үлес салмағын оқытушы өз бетінше анықтайды) СОӨЖ тақырыптары
(СОӨЖ саны мен тапсырмалардың % бөліну үлес салмағын оқытушы өз бетінше анықтайды) БАҒАЛАУ
Сабақ түрлерінің сипаттамалары: Дәрістік сабаққа қатысу және тәжірибелік сабақтарда белсенділік таныту міндетті және Сіздің қорытынды балл/бағаңыздың қорытынды жиынтығын құраушы бөлігінің бірі. Дәріс материалдарында қамтылған көптеген теоретикалық сұрақтар тек дәрістерде ғана ұсынылады. Тиісінше, Сіздің сабаққа қатыспауыңыз Сіздің үлгеріміңіз бен қорытынды бағаңызға өз әсерін тигізеді. Түрлі себептермен сабаққа екі рет кешігу немесе сабақ толық аяқталғанына дейін сабақтан кетіп қалу бір қатыспаған сабақ болып саналады.Сіздің сабақ барысында үнемі белсенділік танытуыңыз қажет. Аталған курстың міндетті талаптарының бірі – әрбір сабаққа дайындалу болып табылады. Ұсынылған оқулықтың және қосымша материалдардың бөлімдерін тек тәжірибелік сабаққа дайындалу барысында ғана емес, сондай-ақ дәріс сабақтарына қатысу алдында да қарап, пысықтау қажет. Өз кезегінде, мұндай дайындық Сіздің жаңа тақырыпты жетік меңгеруіңізді және университет қабырғасында белсенді білім алуыңызды жеңілдетеді. *Тәжірибелік сабақтар студенттің оқытушының басшылығымен өтілген тақырыптардың тапсырмаларын өз бетінше шешуіне бағытталған.Тәжірибелік сабақтар барысында тапсырмалар ұсынылады. Барлық студенттер үшін тапсырмалар ағымдық өзіндік жұмыс сияқты орындауға міндетті болып табылады. Үй тапсырмасын орындау барысында Сіз әдебиеттерден, ақпараттық білім ресурстарынан және сабақтардан алған біліміңізді қолдануыңыз қажет. Сіздің орындаған жұмыстарыңыздың негізінде орташа бағаңыз жинақталады. Тапсырмаларды уақытылы орындау және тапсыру есепке алынады. *Зертханалық жұмыстар нақты тапсырмаларды шешуде бағдарлама әзірлеуге және құрастыруға бағытталған. Тапсырмалар сайтта порталда ұсынылады. Тапсырмаларды орындау тиісті үлгіге сәйкес болады. Жұмыстардың уақытылы орындалуы және тапсырылуы есепке алынады. *Жобалық жұмыстар Сіздің өзіңізбен немесе 3-4 студенттен құрылған топта орындалады. Жоба тақырыптарын Сіз оқытушының келісімімен анықтай аласыз. Жобамен жұмыс жасау үдерісін белгіленген мерзім аралығында топ арасында және оқытушымен, жобаның арнайы бөлімдерін күнтізбелік-тақырыптық жоспарда көрсетілген мерзімге сәйкес үнемі талқылап отыруыңыз қажет. Топтық жобаны қорғау соңғы аптада барлық студенттердің қатысуымен өтеді және таныстыру уақыты 10 минуттан аспауы қажет. Жоба үшін қойылған баға топтың барлық мүшелеріне таратылады. Жобаны орындаудың қосымша талаптары және жоба бойынша жұмысты ұсыну жоспары кеңес сағаты кезінде талқыланатын болады. Студенттің өзіндік жұмысы (семестрлік тапсырма) ағымдық семестрде пәннің қарастырылған тақырыптарын қамтитын 5 тапсырманы орындауды қарастырады. Тапсырма жазбаша түрде орындалуы тиіс және орындалу деңгейіне қарай белгіленген мерзім ішінде тапсырылуы ескеріледі. Сіздің жазбаша жұмысыңыздың негізінде орташа балл жинақталады. Жұмыстың орындалуы мен уақытылы тапсырылуы есепке алынады. Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (ары қарай - СОӨЖ) –студенттің оқытушының басшылығымен атқаратын аудиториядан тыс жұмысы болып табылады, СОӨЖ бекітілген кесте бойынша студенттермен жекелей немесе топтармен мақсатына, көлеміне, нақты тақырыптарына, қиындық деңгейі және студенттердің білу деңгейлеріне сәйкес өткізіледі. СӨЖ мен СОӨЖ-ын орындау мазмұны туралы толық ақпарат пәннің оқу-әдістемелік кешенінде (ПОӘК) ұсынылады. Қорытынды емтихан пәннің барлық тақарыптарын қамтиды және қорытындылайды. Емтихан жазбаша (немесе тестілеу) түрінде өткізіледі және түрлі тапсырмаларды қамтиды: өткен дәріс тақырыптарын қамтитын жазбаша сұрақтар, нақты тапсырмалардың тәжірибелік шешімдері. Емтихан ұзақтығы 2 академиялық сағат немесе тапсыру нысанына байланысты 30 минут болады. Баға төмен жағдайда оны көтеру мақсатында, емтихан алу кезінде қосымша тапсырмалар берілмейді. Пән бойынша тәжірибелік/зертханалық сабақтарды, СӨЖ және емтиханды бағалау критерилері
Семестр соңында, барлық семестр бойынша Сіздің жалпы көрсеткішіңіз болып табылатын жалпы қорытынды бағаңызды аласыз. Тәжірибелік жұмыстарды бағалау критерийлері: тапсырмаларды шешудің толықтылығы, есептілік ұқыптылығы және мерзімінде тапсыру. Жобалық жұмыстарды (топтық жоба) бағалау критерийлері: жобалық шешім шығармашылығы, өзіндік ерекшелігі, есептеу дәлдігі, қорғаудағы қолайлылық және қарым-қатынас. Емтихан бағасын қою критерийлері: жауаптың толық және дұрыс болуы, ұқыптылық және нақты сипаттама бере алуы. Қорытынды емтиханға жіберілетін ағымдық бақылау бағасы Пән бойынша қорытынды бағалауға ағымдық үлгерім және қорытынды бақылау (емтихан бағасы) бағасы кіреді. Ағымдық үлгерімін бағалаудың үлесі қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау бағасы пән бойынша бағалау деңгейінің 40% құрайды.
1. 1-аралық бақылау (АБ 1) бойынша үлгерімінің жоғары деңгейі (7-апта) - 30% 2. 2-аралық бақылау (АБ 2) бойынша үлгерімінің жоғары деңгейі (15-апта) - 30% 3. Қорытынды емтихан (ҚЕ)- 40% 4. Пән бойынша үлгерімнің максималды деңгейі - 100%, яғни АБ1, АБ2 және ҚЕ үлгерімі жиынтығы ретінде анықталады Курс саясатына келесі талаптар кіреді: Студент дәріс, тәжірибелік және зертханалық сабақтарға дайындықпен келу керек. Зертханалық жұмыстарды уақытында қорғау, жұмыстың (практикалық, дәрістік және өзіндік) барлық түрін толық орындау талап етіледі. Студент сабаққа кешікпеуі және қатыспай қалмауы, ұқыпты және міндетті болуы керек. Жұмысты өз уақытында тапсырмаған жағдайда максимальды баллды 10% азайту қарастырылған. Егер ,Сіз ағымдық емтиханға дәлелді себептермен (тек ауруына байланысты), келе алмайтын болсаңыз, онда Сіз оқытушыны емтиханға дейін ескертуіңіз және ауырғаныңыз туралы анықтаманы (емтихан өткеннен кейін 2 тәулік ішінде) кеңсе тіркеу бөліміне өткізуіңіз керек. Академиялық мінез-құлық саясаты және этика Төзімді болыңыз, өзгелердің ойын құрметтеңіз. Қарсылықтарыңызды дұрыс тұжырымдай біліңіз. Академиялық адалдық ережесін қатаң сақтаңыз: плагиат және өз еңбегіңіз болып табылмайтын жұмыс нысандарын пайдалануға жол берілмейді. Емтихан кезінде басқадан көшіруге және басқаға бағыт беруге, басқа студенттің орнына емтихан тапсыруға жол берілмейді. Көмек: Өзіндік жұмысты орындау үшін, оларды тапсыру және қорғау, сонымен бірге өтілген тақырыптарға байланысты және оқылған пән бойынша барлық басқа да туындаған сұрақтарға қосымша ақпараттар алу үшін кеңес алу үшін оқытушымен жұмыс уақыты кезінде немесе электрондық жүйе құралдары арқылы байланысуға болады. Кафедраның отырысында қаралды ___________________________________, Хаттама №___ «____»________201___ ж. Кафедра меңгерушісі _________________________________ А.Ж.Т. Құрастырушы: _________________________________ А.Ж.Т. |