Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер жинағы (1). А тышан мен нресте
Скачать 1.94 Mb.
|
Екі лақ Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді. - Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, маңдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр: - Ақ лақ - ақымақ! Жаның барда түс дейім алға! - деп, зекіреді Қара лақ тағы да. Ақ лақ әрі ойланады, бері ойланады. Жүрген-тұрған жерлерін еске алады. - Ұзап кеткен қойды қалай табамыз. Кім біледі, ендігі тау асып, жайлауға жетіп те қалған шығар. Ал жайлауға барар жолды табу да оңай емес. Сонда да жол кесіп көрейін. Бірақ саған айтатын сөзім бар, ешкіммен егеспейсің, айтқанымды істейсің. Осыны орындамасаң, адасып өлеміз, - дейді Ақ лақ. «Өлеміз» деген сөзді естігенде Қара лақ үрейі ұшып қорқып кетеді. Қанша тентек болғанмен, Ақ лақтың тілін алуға уәде береді. Ақ лақ жол бастап, алға түседі. Қалың шөпті олай-бұлай жапырып жүріп отырады. Алдынан жыра кездессе - секіріп өтеді, тас кездессе - қарғып өтеді. Сөйтіп, екеуі бір кезде таудың етегіне ілінеді. Маңайда бір қара көрінбейді. Айнала жым-жырт. Ойда жоқта алдарынан бір Түлкі шыға келеді. - Түу, өзің бір аппақ қардай, әдемі лақ екенсің. Ағаң да әдемі. Шаршап қалған шығарсыңдар. Біздің үйге соғып, дәм татып кетіңдер. Менің де өздеріңдей екі балам бар, бірге ойнайсыңдар, - дейді Түлкі. Ал өзі ішінен: «Ақ лақ кішкентай екен. Қапысын тауып, осыны жәукемдейін. Бірақ мұны көрген ағасы қорқып, қашып кетеді-ау!» - деп ойлайды. Не айтатынын күні бұрын ойлап қойған Ақ лақ былай деп, тіл қатады: - Түке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді касқыр күтіп отыр. Ол Қара лақ екеумізді қонаққа шақырып еді. Сізге еріп кеткенімізді көрсе, ашуланады ғой. Қасекеңнің кәрі қатты. Мүмкін өзіңіз де бізбен бірге жүрерсіз. Жарайды, ендеше. Жүре беріңдер, мен арттарыңнан барармын, - дейді де, Түлкі бір қулық ойлайды. Бір кезде алдарынан тайыншадай көкжал Қаскыр кез бола кетеді. Ол аузын арандай ашып, бірден екі лаққа тап береді. Қасқырды көрген Түлкі сайға қарай зытады. - Қарным ашып келе жатыр еді, мұндай жақсы болар ма! Мен қазір сендерді жеймін! - дейді Қасқыр. - Қасеке, әнеки, ана төбенің басында, қара тастың қасында, бізді Арыстан күтіп отыр. Ол таудағы жортқан аң, ұшқан құс атаулыға патша болу үшін кеше осында келіпті. Ертеңгі асына екі бұзау, түскі асына екі лақ, кешкі асына екі қозы жейді екен. Сіздің мына қылығыңызды көрсе, ол бұлқан-талқан боп ашуланып жүрер. Тіпті, өзіңізді жазым етер, - дейді Ақ лақ. - Бә-ә! Әй, Қасқыр! Мына Арыстанды қара-а! Шақырып тұр, - деп, бақырып қоя береді Қара лақ тыныш тұрмай. Қасқыр қатты сасқалақтайды, әрі-бері алақтап тұрады да: - Бәлесінен аулақ. Бар, жандарыңның барында кетіңдер, түге! - деп жөнімен жүре береді. - Жүгірген бойымен екі лақ бір таудың басына шығады. Тауға шығып, айналаға қараса, тауды бөктерлей бір қора қой қаптап жайылып келеді, қойдың артында астында аты бар, қасында иті бар қойшы келеді. Қойды көргенде есі шығып қуанғаннан екі лақ «Бә... Бә» деп маңырап қоя береді. Шопан ата жол бастап, бұрын келген Ақ лақты жерден көтеріп алады. - Мен сендерді ойдан-қырдан іздеп, таба алмай қойып едім. Өздерінің тауып келгенін қарашы. Жарайсың, Ақ лағым, жарайсың! Сені «Ақ лақ - ақымақ» деп мазақтайтындардың өздері ақымақ! - деп, Ақ лақты құшақтап бауырына қысады. Қ у түлкі Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: -Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін,—дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей: — Мүмкін емес,— дейді. — Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, — дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп: — Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?— деп мақтанады. — Я, сен шынында да айбарлы екенсің,— деп алданған жолбарыс жайына кетеді. Үш жетім Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үш жетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге ілмейтін уақ қой. Осы күні бұл үшеуі жылап-жылап ауылына қайтады. Тағы бір күні үшеуі ақылдасып, алған бетімен патшаның ордасына бармақшы болып, үйінен шығып, сол бетімен ордаға келеді. Барайын десе алдындағы қарауыл рұқсат етпейді. Осы жерде бұлар тұра береді. Ол қарауылдары барып, патшаға хабар етеді. Бала деген соң «патша қандай жұмысы бар екен, әкел» дейді. Сонымен үшеуі барып отырады. Онан соң патша: «Қош, жұмыстарың не, айт», - дейді. Үшеуінің ішінде біреуі тұрып айтады: - Ия, таласымыз бар. «Қандай талас, айт қәне?» - дейді патша. Бала біреуін қолымен көрсетіп: «Мынау бір жерге алтын қойып кетіпті. Оны мынау қойған жерден алып кетіпті. Осы алтын қойған баланікі ме, жоқ болмаса, қойған жерден алған баланікі ме, міне, осы таласымыз», - дейді. Патша: «Әрине, қойған баланікі», - дейді. Бала тұрып: «Сонда алтын қойғандікі болды ма?» - Ия. - Ендеше, құдай баланы осы дүниеге қойды, яғни жаратты, оны сіз алдыңыз. Бірақ ол алған сіздікі емес, қойған құдайдікі ғой. Не үшін қапа болып төсектен тұрмай жатырсыз? - деп көңіл айтыпты бұл үшеуі. Онан соң патша орнынан тұрып есін жинап, қайтадан халқын жинап алыпты дейді. Патша уәзірлерін шақырып, бұларды уәзірлердің қатарынан босатып, бұлардың орнына үш жетім баланы ақылды, білгір, зеректігі үшін уәзірлік қатарына енгізіпті. Ал енді бұлар уәзір болып тұра тұрсын. Бұрынғы ескі уәзірлеріне келейік. Бұлар үш жетімнің уәзір болғанын көре алмай елге үгіт таратып, осы жердегі тау тасты уатуға, елді бүлдіруге кірісіп, қаланың көп жайларын бұздырып осындай әрекет жасап жүрген кезде патша бір күні жорыққа бұрынғы, соңғы уәзірлерімен шықпақшы болады. Сөйтіп жорыққа шығып келе жатса бір қайырылыс жерде екі байғыз атты құсқа көзі түседі. Қараса біреуі ойда, екіншісі қырда отырған екен. Үш жетім бұрын айтады екен «біз құстың да тілін білеміз» деп. Оны ана уәзірлер біледі екен. Бұлар айтыпты, патшаға: «Осы сіздің жаңадан сайлап алған үш уәзір балаңыз айтатын еді, біз құстың да тілін білеміз деп, егер де білетін болса анау отырған байғыздың біреуі ойда, екіншісі қырда нағып отыр екен осыны сұраңызшы», - депті. Байғызбен тілдесіп біліп келу үшін біреуін жібереді. Ол атынан түсіп, атының ерін қайтадан мықтап тартып алып, қайта атына мініп артынан қуып жетеді. Аналар сұрайды: «Не үшін біреуі ойда, екіншісі қырда отыр екен?» - дейді. Бала сонда: - Ойда отырғанның жалғыз ұлы бар екен, қырда отырғанның қызы бар екен, екеуі қалың мал сөйлесіп отыр екен. Қызы барға ұлы бар айтады екен «менің балама қызыңды бер» дейді екен. Ол «қанша мал бересің» депті. Ұлы бар: «Отыз алтын берем», - депті. Қызы бар айтыпты: «Онда саған қызымды бермеймін, себебі отыз алтын өзімде бар, одан да көбірек бер, - деп, бітісе алмай отыр екен», - деп бала осымен сөзін тамамдапты. Сонда патша тұрып: «Ә, менің адамдарым бұзылған екен ғой», - деп ойға кетіпті. Сөйтіп серуендеп болып кешкі уақытта жай-жайына тарасыпты. Кешке таман патша жаман киім киініп алып, қаласын аралап көруге шығып, қаласын қараса, қаласының тең жарымы бұзылуға тақалып қалған екен, оны көріп қайтады. Ертеңіне «қош енді, балалар, ел бүлініп, қала бұзылыпты, бар жайларыңды табыңдар» деп, үш жетімді уәзірліктен босатып қоя беріпті. Балалар сөйтіп бас қамымен жүре тұрсын. Енді қалаға келейік. Бұрынғы уәзірлерді қайта сайлап алыпты да, патша селт етпей шалқасынан жатып уәзірлеріне аты-жөні жоқ «әкел!» депті. «Егер үш күнге шейін әкелмесеңдер бастарыңды кесем», - депті. Сонымен бұлар не әкел дегенін білмей, ақылдасып, «осы ана үш жетім балалар зерек еді, соны іздейік» депті. Сонымен бұл үшеуін екі күн өтіп, үшінші күні іздеп тауып алады. Келе бұлар балаларға сәлем береді. Ол үшеуі де сәлемін қабылдады да: «Қош, жол болсын, қайда барасыздар?» - деп сұрау сұрады. Бұлар жауап берді. «Біз сіздерді іздеп жүрміз. Себебі біз өлетін болдық, патша бізге уақыт берді. Ол мынадай, шалқасынан селт етпей, жатып алып аты-жөні жоқ «әкел!» дейді, не әкел дегенін білмей келеміз, сонымен бізге үш күн уақыт берді. Ол бүгін бітетін күні», - деді. «Дұрыс, онда қала бұзылған, соны жөндеу үшін ұста әкел дегені ғой!». Онда сол күні, сол уақытта артына кейін қарай қайтып, бірнеше ұста апарады. Сонда патша: «Е, қош, үш күннен бері ұста таба алмадыңдар ма? Неғып кешіктіңдер, айт шындарыңды! » -депті. Сонда аналар тұрып: - Не әкел дегеніңізді білмей әлгі үш баладан сұрап білдік, - депті. «Ә, ырзасыңдар ма, зеректігіне?» - депті патша. - Ырзамыз, сол үшеуін қойыңыз, - депті. «Иә, болмаса ертіп әкел», - деп алдырып, қайта уәзір сайлайды. Енді аз күннен соң елінде наразылық туып, «біз жетімді уәзір сайламаймыз» деген соң, елі бұзылып кететін болған соң, қайтадан үшеуін босатып қоя береді. Сонымен бұл үшеуі басар тауы жоқ, барар жері жоқ каңғырып басқа патшаның қол астына кетеді. Үшеуінің ендігі кәсібі патшаның қазынасынан алтын алып ауқат етпекші болды. Бұлардың үйі моланың тесігі болды. Түнде патшаның қазынасындағы алтынды үшеуі үш дорбалап тасып көрге әкеліп жинай беретін болды. Азанда патша қазынасын қараса, алтынның азайғанын көреді. Ертеңіне уәзірлері мен қарауылдарын қояды. Сонда да сол күні үшеуі ешкімге білдірместен тағы алтын ұрлап көрге әкелді. Ертеңіне патша қараса,тағы азайып қалған.Патша қапаланып өзі қарауыл болып тұрады,«көрейінші қандай неме ол» деп сонда да патшаға білдірмей әлгі үшеуі тағы да қазынадан алтынды ұрлап алады. Азанда қазынаны қараса, тағы жоқ біраз алтын, қапаланып патша сол күні кешке жансыз болып, жаман киімді киіп алып кешке түнімен жүреді, сүйтіп жүрсе, бір жерде бір үшеу бір нәрсе арқалаған, ырс-ырс етеді. Дереу патша артынан ере береді. Балалар жаңағы адамнан: «Қайда барасыз», - деп сұрайды. Ол адам өздерінен: «Сіздер қайда барасыз?» - дейді. Бұл үшеуі «нан талап» дейді. Әлгі адам да «мен де нан талаппын, қарағым» дейді. Әңгімелесіп көрге қарай келе жатса, бір жерде ит үріпті қоймастан, сонан соң жаңағы үшеуінің біреуі тұрып: «Ә, сіз патша ма едіңіз, ана ит маған іштеріңде патша кетіп бара жатыр деп үріп тұр ғой», - депті. Сонда ол: «Жоқ, шырағым, менен патшалық не алсын, бірақ кішкене күнімде өздерімізше ойнап жүргенімізде балалар мені патша етіп ойнаушы еді», - деп жалтартыпты. Олар осы айтқанға шыннан сеніпті. Үшеуі әлгі адаммен төртеу болып көрден соққан үйіне келеді. Өздерінше жай әңгімелесіп әлгі адам әңгімемен бұлардың әдіс-айласын білу үшін әр түрлі сөзге сала отырып, үшеуіне айтыпты: - Ұрлық ету үшін қандай амалдарың бар? - депті. Үш баланың біреуі: «Менің амалым патшаның қазынасынан алтын ұрлағанымды ешкімге білдірмеймін де, сездірмеймін де, міне, менің айла әдісім», - депті. Екіншісі: «Менің амалым үрген иттің тілін білем!» - депті. Үшінші біреуі: «Мен бір көрген адамымды айнытпай тауып аламын, маған бәрібір жеті қараңғыда көрсем де, күндіз көрсем де танимын», - депті. Бұл үшеуі сөзін бітіріп болған соң: «Иә, сіздің қандай амал, айлаңыз бар?» - депті. Бұл адам айтыпты: «Ажалға кетіп бара жатқан адамды ажалдан құтқарамын», -деген екен. Енді бұлар сөзін тауысып төртеуі ұйқыға кетеді. Сол уақытта ана үшеуін ұйықтата салып патша қайтадан бұрынғы киімін киініп болып, дереу тез қарауылдарына барып: «Дәл көрде үш бала бар, соны барып үшеуін бірдей дарға тартып, алтынды қазынаға сал!» - депті. Дереу қарауылдар келсе, үш бала ұйықтап жатыр, қасында алтын. Алтынды алып сол түнде қазынаға салады да, азанға шейін қарауыл тұрады. Азанда үшеуі тұрса, алтын да, жанындағы адам да жоқ. Дереу үшеуі жан-жағына алақтап, сасқалақтап далаға шығайын десе, ана қарауыл әскерлер үшеуін ұстап алып, аяқ-қолын байлап дарға аспақ үшін даршыға береді. Даршы үшеуінің мойнына жіп байлап аспақшы болып жатады. Осы уақта патша бір биік жерден жаңағы үшеуін көрмекші болып тұр еді, себебі қандай әдістер жасар екен деп ойлап еді. Сол уақытта адам танығыш бала дереу даршыдан ұрықсат сұрап мойнын босаттырды да, әлгі патшаға бала тұрып: - Е, адам, түндегі адам сен емес пе едің, өлімге ажалға кетіп бара жатқан адамды өлімнен, ажалдан құтқарам дегенің қайда, құтқар, міне, өлімге кетіп бара жатырмыз, - деді. Сонда патша даршыға босаттырып, құтқарып жіберіпті. Сөйтіп, өзіне әлгі үшеуін уәзір қылып тағы алыпты. Өгіз Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті – олардың қорегі болыпты. Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті. - Кемпір, ашықсақ, ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін бұзауы емсін дейді шал. - Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын дейді кемпір. Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, барлық сүтін бұзауға береді. Енесінің бар сүтін бір өзі еміп өскен бұзау үлкен өгіз болып шығады. Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады. Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп ойланады өгіз. Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша - ақ түйе болуға тырысып бағады. Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, шыдай алмайды. - Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар дейді. Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін деп әбден шаршайды. Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. Бұл ілісе алмай айдалада қалып қояды. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында қалады). - Мө-ө-ө-өөө! Құтқарыңдар мені. Құтқарыңдар! Мө-ө-ө! Мө-ө-ө-өөө! Кім бар маңайда? Мө-ө-ө! Деп мөңірейді өгіз. - Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші! - Таныс дауыс қой өзі. - Қайдан шыққан дауыс? - Жүріңдер, жота асып қарайық дейді, -сиырлар. Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлардың қоршауында қалған екен. Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады. - Мен сендерді ренжіттім. Өз туыстарымнан бөлініп кеттім. Ақылсыздығымнан осындай жағдайға тап болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», -деген осы екен. Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! Деп кешірім сұрапты өгіз. Қ аңбақ шал Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне – бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен. Дәу: - Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді. Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады. Сонда дәу: - Е, неғып тұрсың. ЛАҚТЫР – дейді. Шал тұрып: - Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді. Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да: - Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады. Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге: - Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді. Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады: Сосын шал: - Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді. Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады .Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей: - Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді. Дәу: Жарайды деп – кетіп қалады. Шал үйіне келіп, кемпіріне: - Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде: - Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір. Шал тұрып: - Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады. Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып: - Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті. Сонда шал тұрып: - Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап: - Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады. - Тақсыр қайдан қашып келесің - дейді түлкі. - Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді. Түлкі: - Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады: - Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды. Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді Патшаның қызы неге бақытсыз Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенменде, екі қыз өсе келе мінездері өзгере бастапты. ]Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е… сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді»-дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», — дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті. Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертен жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты. Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», — деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті. |