Cөзжасам Айхынқызы Балнұр. Абай атындаы аза лтты педагогикалы университеті Филология жне кптілді білім беру институты
Скачать 21.65 Kb.
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді білім беру институты Академик С.Кирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Синтететикалық тәсіл арқылы жасалған сын есімдердің сөзжасамы 6B017- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы Курс 1,208 топ Қабылдаған:Иманқұлова Ж Орындаған:Айхынқызы Б Алматы 2021 Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсілдер аркылы жасалады. Морфологиялык (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады. Синтаксистік (аналитикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер. жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі аркылы (ақ сары, қызыл сары; қара көк, ал щра көк; ақ қүба, ақ сүр, ақ іиабдар, ақ шубар, ақ көк т. б.), негізгі сындар мен туынды сындардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті), зат есім мен туынды сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлануы арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады. Морфологиялық-синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің семантикалык жағынан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі аркылы (мысалы: басқа, өзге, шала- жансар т. б.) жасалады. Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине, синтетикалық және аналптикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін оның, біріншіден, лексикалық мағыналы сөз болуы тиіс, екіншіден, сөзжасамдық жұрнағы болу керек. Синтетикалық тәсілдің туынды сөз жасауда туындаған туынды сөз оның құрамындағы негіз сөзге байланысты. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін лексикалық мағыналы сөз болуы тиіс, ол негіз сөз арқылы жасалады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірлердің мағынасына арқау болады. Қазақ грамматикасында: «Негіз сөз дегеніміз – туынды сөзді жасауға негіз болатын лексикалық мағыналы сөз» деп нақты аныықтама берілген [1, 204]. А.Ысқақов: «Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш (атаушы) сөздерден тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз» деп туынды еліктеу сөздеріне анықтама береді [3, 353]. Синтетикалық тәсілде осы туынды сөздерді жасайтын жұрнақтар негізгі қызметті атқарады, олар: -ң, -ың, -ің, -аң, -ең, -лаң, -лең, -алаң, -елең. Мысалы: Сонау көз ұшында қарауытқан қарағанды өзектен әлдене ағараң етіп, жазық далаға шыға сала, Итжонға тура тартты [2, 3]. Ел-Тұтар қиралаң басып келді де, боз биенің жалын салалап, мойнынан құшты [3, 16]. Осы мысалдардан лексикалық мағынасы бар еліктеу сөздері лексикалық бірліктен және сөзжасам жұрнақтарының қатысуымен жасалып тұр. Ағараң, қиралаң туынды сөздердің жаңа мағынасы ақ, қира сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар туынды сөздерге жатады. Мағына байланыстылығы туынды мағынаға арқау болған негіз сөздерден жасалынып тұр. Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған бұл сөздер оның құрамындағы негіз сөздерге байланысты. Сөз құрамына талдай отырып негіздің қай сөзден жасалғанын, қандай сөз негіз болғандығын анықтай отырып түсіндіруге болса, негіз сөздің мағынасын түсіндіру мүмкін емес. Синтетикалық тәсіл арқылы еліктеуіш сөздерінің сөзжасамын жасайтын -ң, -ың, -ің, -аң, -ең жұрнақтары еліктеуіш сөзден туындаған мынадай формаларға негіз болады: арс-аң, ырс-ың, борс-ың, борт-аң, бырт-ың, барп-аң, болп-аң,елп-ең, жалт-аң, жылп-ың, томп-аң, быж-ың, кілт-ің, мырс-ың, қалт-аң, қорс-аң тарс-аң, қорп-аң т.б. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМДІ ЖҮРНАҚТАР 1.-қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек. Өзі жалғанатын салт және сабақты етістіктің лексикалық мағынасына тікелей байлакысты түрлі сындық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: ашық, тұнық,суық, толық, жабық, жарық, бұзық, корқаң, қанық, қашық,жасық, іиірік, ілік, жатьщ, бітік, құрғақ, ширац, озық, кесек,дөңгелек т. б. Өзі жалғанатын салт және сабақты етістіктің лексикалық мағынасына тікелей байлакысты түрлі сындық ұғымдардың атауларын жасайды. Мысалы: ашық, тұнық, суық, толық, жабық, жарық, бұзық, корқаң, қанық, қашық, жасық, іиірік, ілік, жатьщ, бітік, құрғақ, ширац, озық, кесек, дөңгелек т. б. Еліктеу сездерге жалғанып, олардан әр килы катыстық сын есімдер тудырады. Мысалы: бұлтаң, жалтақ еңкек. жалпақ, бұрқаң, адырақ т. б. Кейбір зат есімдерге жалғанып, олардың лексикалық мағыналарына сәйкес туынды сын есім жасайды. -уық (-уік) формасы етістіктен белгілі бір іс-әрекетке бейімділікті білдіретін туындьі сын есімдер жасайды. Мысалы: жылауьщ, сөйлеуік, сұрауық, сыбырлауық т. б. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҮРНАҚТАР 1.-ыс, -іс, -с жұрнактары кейбір етістіктерден нақтылы лексикалық мазмұнына орай туынды есім жасайды.Мысалы: ұқсас, таныс, талас, жалғас, тіркес, келіс, кетіс т. б. 2.-қыр, -ғыр, -кір, -гір косымшалары өнімсіз болса да әрі туынды етістік (ысқыр, пысқыр, түшкір, үшкір,қышқыр) әрі туынды сын есім (ушцыр, өткір, білгір) жасайтын омоним жұрнақтар. 3.-мыс (-мыш) формасы кейбір етістіктерден сындық ұғым тудыратын көне форма есебінде кызмет етеді Мысалы: жасамыш, айтылмыш, жазылмыш, жаралмыш т. б. 4.-ымтал (-імтал) формасы. Бастапқы жалаң -ым және -тал қосымшаларынан қүралған күрделі жұрнақ. Оның сөз тудыру кабілеті тіпті аз, өзі жалғанған етіс- тіктерден,олардың мағыналарына орай, белгілі бір әрекетке бейімділікті, қабілеттілікті білдіретін туынды сын есім жасайды. Мысалы: ұғымтал, өсімтал, сезімтал т.б. Синтетикалық тәсілде сөзжасамдық жұрнақ негізгі мүшенің бірі болып саналады, өйткені оның қатысынсыз ешбір туынды сөз жасалмайды. «Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы морфемалардың әрқайсысының орны бар, негізгі морфема бірінші орында тұрады, көмекші морфема яғни жұрнақ екінші орында, негізгі морфема яғни лексикалық бірліктің соңында тұрады. Туынды түбірдің құрамындағы морфемалардың орны тұрақты» Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Қазақ грамматикасы. Астана: Елорда, 2002. 2. Мустафин Ғ. Дауылдан кейін. Роман. Алматы: Жазушы, 2009. 3. Мағауин М. Аласапыран. Тарихи роман. Бірінші кітап. Алматы: Жазушы, 2009. 4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы: Ана тілі, 1991. 5. Жахина Б.Б. Сөзжасамды оқытуға қосымша. Оқу құралы. Көкшетау: Келешек - 2030, 2007. |