Главная страница
Навигация по странице:

  • Академик С.Кирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы СӨЖТақырыбы:Күрделі етістіктің жасалу жолдары 6B017- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

  • Курс 1,208 топ Қабылдаған

  • Күрделі етістік және аналитикалық формалы етістік

  • күрделі етістік. Cөзжасам Айхынқызы Балнұр күрделі етістік. Абай атындаы аза лтты педагогикалы университеті Филология жне кптілді білім беру институты


    Скачать 22.04 Kb.
    НазваниеАбай атындаы аза лтты педагогикалы университеті Филология жне кптілді білім беру институты
    Анкоркүрделі етістік
    Дата02.12.2021
    Размер22.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаCөзжасам Айхынқызы Балнұр күрделі етістік.docx
    ТипДокументы
    #289266

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

    Филология және көптілді білім беру институты

    Академик С.Кирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

    СӨЖ

    Тақырыбы:Күрделі етістіктің жасалу жолдары

    6B017- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

    Курс 1,208 топ

    Қабылдаған:Иманқұлова Ж

    Орындаған:Айхынқызы Б

    Алматы 2021

    Морфологиялык кұрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп аталатын екі салаға бөлінеді. Осымен катар етістіктің аналитикалык. етістіктер деп аталатын түрлері де бар.

    Қазақ тілінде кемі екі я онан да аса компоненттерден құралып, сөйлеу тілінде де, жазба тілде де бірдеп қолданыла беретін етістік тіркестері мен етістікті тіркестер көп. Мысалы: жәрдем ет; көмек көрсете көрі телефон соға сал; жәрдем беретін бол; ңүлак, сала жүр қол үшын жалғап жібере қой; ала келсе игі еді, кегіп бара жатыр екен; тарс ете түсті; жығылайын деп тұр лақтырып тастай салғысы келіп отыр екен т. б.

    Туынды сөздердің ішіндегі күрделісі де, қиыны да – күрделі сөз мәселесі. Басқа түркі тілдеріндегідей қазақ тіл білімінде күрделі сөз бен күрделі тұлғалар мәселесі XIX-XX ғ.ғ. аралығында қолға алына бастады.

    Түркітануда күрделі сөзге қатысты пікір айтқан және арнайы зерттеу нысаны еткен еңбектерде күрделі сөздер құрылымдық және жасалу тәсіліне қатысты сөз болды. Бұл орайда Н.К.Дмитриев, Н.А.Баскаков, А.Н.Кононов, А.А.Юлдашев, Ә.Қайдар, Ғ.Садуақасов сынды түркітанушылар еңбектерін атауға болады. Қазақ тіл білімінде профессор Қ.Жұбанов 1930 жылдардың өзінде-ақ күрделі сөздер қанша сөзден біріксе де тұтас бір ғана мағынаны білдіріп, бір ғана заттың атауы болады т.б. дей келе, күрделі сөздің қалыптасу жолдары мен олардың түрлерін көрсеткен [11]. Қазақ тіл білімінде күрделі сөз мәселесін арнайы сөз етіп, оған ерекше мән беріп, оның табиғатын анықтауда Н.Оралбаева, В.А.Исенғалиева, Б.Қасым т.б. еңбектері ерекше аталады. Күрделі сөз жайында пікір білдірген Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, К.Аханов, Н.Оралбаева, Ж.Шәкенов сынды зерттеушілердің көзқарастарында, пікірлерінде айтарлықтай алшақтық болмағанмен, күрделі сөздерді жіктеуде, терминдік аталымында айырмашылықтар кездесіп қалады.

    Қазақ тілінде көп уақытқа дейін күрделі етістік етістіктің аналитикалық форманттары тұрғысынан зерттеліп келді. А.А.Юлдашев мұның XIX ғасырдағы О.Бетлинг еңбектерінен басталғанын көрсетеді (1965). Көпшілік түркологтар аналитикалық етістіктерді күрделі етістік санай отырып, олардың вид, рай, шақ категорияларының көрсеткіші екенін де көрсетеді. Бұған қарағанда, күрделі етістікті грамматикалық категориялардың мағынасын білдіретін көрсеткіш ретінде тану түркологияда кең тараған құбылыс екендігі байқалады.

    Күрделі етістіктерді арнайы зерттеп, олардың сөз тіркестерімен, тұрақты сөз тіркестерімен, аналитикалық формалы етістіктермен өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратуда Б.Қасым еңбегінің (Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі етістіктер.Докт.дисс. автореф.А.,1992) маңызы зор.

    Ы.Маманов күрделі етістік ұғымына аналитикалық формалы етістіктерді де жатқызған. Бұған қарағанда ғалым мұнда етістіктердің тұлғалық жағын ғана ескерген сияқты. Сөз тіркесі мен аналитикалық формалы етістіктерді, күрделі етістіктерді нақты ажыратып көрсетпеген. Дегенмен ғалым еңбектері бұл тілдік құбылыстардың ара-жігін ашпағанымен, аналитикалық формалы етістіктердің мағыналық қырларын ашып көрсетуімен құнды.

    Күрделі етістіктің аналитикалық формадан айырмашылығын профессор Б.Қасымның еңбектерінде айқындалады, көрсетіледі. Мысалы: алып кел деген күрделі етістіктің лексикалық мағынасы – алудың да, келудің де мағынасын қамтитын біртұтас күрделі қимылдың аты. Оның мағынасы жеке алғандағы алу қимылына да, келу қимылына да тең емес, олардың әрқайсысынан да кең мағына. Өйткені ол – біртұтас қимыл болып түсінілетін, ұғынылатын, қабылданатын дәрежеге жеткен күрделі қимылдың аты. Ол күрделі қимыл жымдасып, тұтасуы арқылы жасалған. Күрделі етістіктің лексикалық мағынасы оның құрамындағы ал етістігінің сол сияқты кел етістігінің ешқайсысының мағынасына сай емес.

    Бұл туралы профессор Б.Қасым былай дейді: «Бұлар ұзақ уақыт біртұтас сөз ретінде қолданылып, халық санасында ол бір қимыл ретінде әбден қалыптасқан. Сондықтан да олардың кейбіреуі сыңарларының дыбыстық жағынан да бірігіп кеткен. Мысалы, әкел (алып кел), апар (алып бар), әкет (алып кет). Ал қалған күрделі етістіктер мұндай дыбыстық жағынан кірігуге жетпегенімен, мағына жағынан тұтастыққа, кірігуге әбден жеткен, сондықтан оларды ешкім екі сөз ретінде қабылдамайды, біртұтас сөз деп біледі, айтады, қолданады. Олардың қызметтері тілде бір сөздің барлық белгілеріне сәйкес келеді» [7, 30 б.].

    Осы айтылған тұжырымдамалар мен пікірлерді басшылыққа ала отырып профессор Б.Қасым күрделі етістіктің өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін былай көрсетеді:

    1. Күрделі етістік біртұтас лексикалық мағына береді.

    2. Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден жасалады. Күрделі етістіктердің құрамындағы сыңарлары – мағыналары тең етістіктер. Сондықтан да олардың әрқайсысы біртұтас күрделі қимылдың белгілі бір бөлігін білдіреді.

    3. Күрделі етістік дербес сөз болғандықтан, ол барлық дербес сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады.

    4. Күрделі етістіктер сөйлемде дара сөздер сияқты түрленеді, сөз түрлендіруші көрсеткіштер күрделі етістік біткен соң, оның соңғы сыңарына жалғанады.

    5. Күрделі етістіктің сыңарларының арасында басқа сөздер тұра алмайды.

    6. Күрделі етістіктің құрамы тұрақты, әр уақытта бір құрамда қолданылады, оның сыңарларының орнын ауыстыруға болмайды, олар инверсияға түспейді.

    7. Күрделі етістікке бір ғана екпін түседі.

    Күрделі етістік және аналитикалық формалы етістік

    (Н. Оралбаева «Қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары».

    Алматы, 1975 ж. еңбегі бойынша)


    Айырмашылығы

    Күрделі етістік

    Аналитикалық етістік

    Құрамдық жағынан

    Тең компонеттерден тұрады

    Тең емес компонеттерден тұрады

    Сөзжасам тәсілі

    арқылы жасалады

    Сөз түрлендіруші

    аналитикалық форманттар

    арқылы

    Лексикалық бірлік

    Түрлі

    грамматикалық

    категориялардан орын алады

    Күрделі етістіктің

    соңғы компонентіне

    жалғанады

    Сөз тудыратын

    жұрнақтар

    аналитикалық форманттан

    бұрын қолданылады


    написать администратору сайта