Главная страница
Навигация по странице:

  • Ацетиленнің қолданылуы.

  • Ацителен. Ацителен Орындаан Аскаров М


    Скачать 114.96 Kb.
    НазваниеАцителен Орындаан Аскаров М
    Дата29.11.2021
    Размер114.96 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаАцителен.pptx
    ТипДокументы
    #286121

    Ацителен

    Орындаған:Аскаров М.

    Тексерген:Махамбетова Ж.К

    Ацетелен

    Ацетилен,(латынша acetum — сірке және грек. nyle — ағаш, орман, зат), HC≡CH — түссіз газ, қайнау температурасы — 83,8 °С, тығыздығы 1,0896 г/л. Оны 1836 жылы ағылшын химигі Э. Дэви ашқан, 1862 жылы француз химигі Бертоле синтездеп алған. Ацетилен сутегісінің қышқылдық қасиеті болғандықтан сілтілік металдармен ацетиленидтер түзеді
    • Ацетиленге қосылу реакциясы тән. Ол екі сатыда жүреді: алдымен этилен, одан кейін алкан туындылары түзіледі. Ацетиленді галогендеу реакциясы тетрахлорэтилен, трихлорэтилен, винилхлорид т.б. галогенді туындылар өндіруде қолданылады. Ацетилен әр түрлі катализаторлар көмегімен сумен әрекеттесіп сірке алдегидін түзеді. Ацетиленге спирт қосу арқылы әр түрлі бағалы полимерлер және сополимерлер алу үшін қолданылатын мономерлер өндіріледі. Ацетиленді ĕ-пирролидонға қосқанда N-винилпирролидон, ал оны полимерлеу арқылы жасанды қанның негізін құрайтын зат алынады. Ацетиленнің карбонилді қосылыстармен әрекеттесуінен ацетиленді спирттер, ал олардан әр түрлі биология активті және микроэлектроникаға қажетті заттар өндіріледі.
    Ацетилен кальций карбидін сумен өңдегенде алынады. Ацетиленді табиғи газды электрокрекингтеу, термототықтыру крекингі, пиролиздеу арқылы және плазмохимиялық жолмен де өндіреді. Ацетилен 5000°С температурада немесе 0,2 МПа қысымда жарылғыш келеді. Басқа газдармен араластырса (азот, метан, пропант.б.) жарылу қаупі азаяды. Ацетиленді инертті кеуек заттармен толтырылған (ағаш көмірі) болат баллондарда, ацетондағы ерітінді түрінде 1,5 — 2,5 МПа қысымда сақтайды және тасымалдайды. [1] Молекулаларында бір және екі қос байланысы бар көмірсутектерден басқа да қанықпаған көмірсутектер болады. Қарапайым өкілі ацетилен болып табылатын тағы бір қосылыстар тобы болады. Ацетиленнің құрылысы. Ацетилен қатарындағы бірінші мүше түссіз газ, суда аздап ериді. . Ацетилен молекуласының құрылысын зерттеу, көміртегі және сутегі атомдарының бәрі бір түзу сызық бойына орналасқанын көрсетеді, молекула сызықтық құрылысты болады. 
    • Ацетилен кальций карбидін сумен өңдегенде алынады. Ацетиленді табиғи газды электрокрекингтеу, термототықтыру крекингі, пиролиздеу арқылы және плазмохимиялық жолмен де өндіреді. Ацетилен 5000°С температурада немесе 0,2 МПа қысымда жарылғыш келеді. Басқа газдармен араластырса (азот, метан, пропант.б.) жарылу қаупі азаяды. Ацетиленді инертті кеуек заттармен толтырылған (ағаш көмірі) болат баллондарда, ацетондағы ерітінді түрінде 1,5 — 2,5 МПа қысымда сақтайды және тасымалдайды. [1] Молекулаларында бір және екі қос байланысы бар көмірсутектерден басқа да қанықпаған көмірсутектер болады. Қарапайым өкілі ацетилен болып табылатын тағы бір қосылыстар тобы болады. Ацетиленнің құрылысы. Ацетилен қатарындағы бірінші мүше түссіз газ, суда аздап ериді. . Ацетилен молекуласының құрылысын зерттеу, көміртегі және сутегі атомдарының бәрі бір түзу сызық бойына орналасқанын көрсетеді, молекула сызықтық құрылысты болады. 
    • Жүйелеу номенклатурасына сәйкес, үш байланысты көмірсутектер атаулары өздеріне сәйкес қаныққан көмірсутектердегі –ан жұрнағын –ин жұрнағына алмастыру арқылы шығады. Ацетилен көмірсутектерінің изомері бутиннен басталады. Химиялыққасиеттері. Осы қатардағы көмірсутектердің қасиеттерін практикалық маңызы зор ацетилен мысалында қарастырамыз. Ацетиленнің метаннан және этиленненайырмашылығы – ол күйелі жалын шығарып жанады. Ацетиленнің қанықпаған қосылыс екенін анықтау үшін ацетилен толтырылған цилиндрге калий пермаганаты ерітіндісін құямыз. Ерітінді тез түссізденеді. Сөйтіп, этилен сияқты, ацетилен де оңай тотығады.

    Ацетиленнің қолданылуы.

    • Молекуласында үш байланысы бар көмірсутектерден ең көп қолданылатыны – ацетилен. Осыдан аз – ақ бұрын ацетилен металл пісіру және кесу үшін жанғыш зат ретінде ғана пайдаланылатын. Қазір ол әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеу үшін көбірек қолданылады.


    написать администратору сайта