Главная страница
Навигация по странице:

  • «адам», «индивид», «тұлға»

  • Тапсырма №2.

  • Әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күшін қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды)

  • Философия. Философия 7 тапсырма. адам, индивид, тла ымдарына атысты наты тсінік беруіміз керек. Адам


    Скачать 15.59 Kb.
    Названиеадам, индивид, тла ымдарына атысты наты тсінік беруіміз керек. Адам
    АнкорФилософия
    Дата24.12.2022
    Размер15.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФилософия 7 тапсырма.docx
    ТипДокументы
    #862447

    Тапсырма №1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1.1.«Адам», «индивид», «жеке тұлға» ұғымдарына анықтама беріңіз?

    Адамға әлеуметтік-психологиялық талдау жасау үшін: «адам», «индивид», «тұлға» ұғымдарына қатысты нақты түсінік беруіміз керек.

    Адам-жоғарғы психикалық қызметі арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы әлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы.Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Адам қоғамда өмір сүреді.Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеуметтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; білімі мен тәжірибесіне икемін анықтау керек.

    Индивид (жеке адам)-тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, әлеуметтік тіршілік иесі. Адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі.

    Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықы, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастырушы. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу қабілеті мен қасиетін көрсетеді.

    .1.2. Абай философиясындағы адам мәселесі.

    Адам мәселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Абай өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы паш етті. Абай саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше әрекеттер жасап, адам туралы ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің онтологиялық-аксиологиялық мәнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да шарапатын тигізу. М.Әуезов Абайдың: «ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың адамгершілік тәрбиеге деген себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дәстүрі мен рухани мәдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тәрбие беру жолдарын тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, Абайдың ойлау мәдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тән кемшіліктерді қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге әлем тұрғысынан қарайтын адамды тәрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мәні, тұрмыс тіршілігі мен болмысы, ар – намысы сияқты мәселелер ерекше толғандырды

    Тапсырма №2. Таблицаны толтырыңыз

    Космоцентризм

    Теоцентризм

    Антропоцентризм

    Әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күшін қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды)

    құдай туралы ілім, философиялық зерттеудің негізгі мәні болып, құдай есептелінеді.(ортағасырлық Европаға тән)

    Адамды дүниенің ең басты құндылығы деп есептейтін көзқарас.(Қайта Өрлеу дәуіріндегі Европаға, Жаңа заманға, қазіргі заманғы философиялық мектептерге тән)


    написать администратору сайта