Ғарифоллаева Гүлдарай 213 А^J7 тақырып. Пн атауы Философия Таырып 7 Практикалы саба
Скачать 21.2 Kb.
|
Пән атауы: Философия Тақырып: №7 Практикалық сабақ: Адам философиясы және адамның құндылықтық әлемі. Тапсырма №1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 1.1.«Адам», «индивид», «жеке тұлға» ұғымдарына анықтама беріңіз? Адам дүниеге келгенде жеке адам (индивид) болып келеді,ол деке тұлға болып туылмайды,қалыптасады. Менің пікірімше, “ адам” дегеніміз-жплпы адамзат баласының ұжымдық бейнесі; Адам ол жоғарғы психикалық қызметінің арқасында меңгеру,жасау,өзгерту қабілеттеріне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі,қоғамдық дамудың жеңісі болып табылады; Индивид дегеніміз адамдар туыстастығының өкілдерінің бірі,жеке адам; Индивид ол барлвқ тұқымқуалаушылық қасиеттердің жалпы генотипін тасымалдаушы, биоәлеуметтік тіршілік иесі.Индивид ол қоғамдық қатынастардың объектісі,әрі субъектісі болып табылады.Қатынастардың ықпалын сезіну мен бірге қатысушы,әрі оны терең бойлаушы бооып келеді.З.Фрейдтің ілімі бойынша индивид-ол үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші және оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан деді. Ал,тұлға дегеніміз ерекше белгілердің тасымалдаушысы ретіндегі адам,тұлға ретінде ерекше,қайталанбайтын индивидуалдылығы бар адамды айта аламыз;Тұлға ол қоғамдық қатынастың объектісі мен жемісі ретінде ғана емес,сонымен қатар іс-әрекет,қатынас,сана,өзіндік сананың белсенді субъектісі болып табылады.Тұлға болып туылмайды,тұлға болып әлеуметтік және мәдени жағынан даму арқыоы қалыптасады.Тұлға ол тәуелсіз іс-әрекеттерге қабілетті әлеуметтік болмыс болып табылатын жеке индивидум болып келеді.Біз өз орнымызды,жұмысымызды тауып,басқалардан ерекшеленетін қабілеттерге ие болған уақытта біз тұлға боламыз.Біз әлі жеке тұлға болып қалыптаспадық. 1.2. Абай философиясындағы адам мәселесі. Жалпы біздің осы қазақтың ағартушылығында,қазақ халқының бүкіл мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын,ойшыл-демократ әрі сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болып табылады.Абай Шығыс мәдениетінің қазақ жеріндегі дана тұрғыдан сарапталуына,қазақты ішінен жеп жатқан ала ауыздықтың тамырына балта шабу керек екендігін көрсетіп,халықты соған шақырған ірі,ұлы тұлға. Абай Құнанбайұлы өзінің аса дарындылығымен,ой-өрісінің тереңдігімен,халқына деген аса қамқорлығымен әлемге танымал болған жан.Оның дүниеге деген көзқарасын айтатын болсақ,ол деизмге жақын болды.Көптеген өлеңдерінен,қара сөздерінен біз осы диалектикалыө көріністерді байқаймыз.Абай өзінің шығармаларында көптеген мәселелерді қозғады.Қоғам өмірін түсінудегі оның көзқарасы идеалисттік тұрғыдан болды.Абай өз шығармаларында адамдардың әртүрлілігін айта отырып,адам үшін өмірде өз орнын табудың маңыздылығын да көрсетті.Адамның өз орнын,өзін табуға жол сілтеу,бағыт-бағдар беру бірінші міндет деп санады.Абайдың “Адам бол!” этикасы негізінде осы әр адамның шығармашылық мүмкіндігін іске асырып,өзін жетілдіре алуын,жетілдіру керектігі жатыр.Абай өзінің қара сөздерінде адам проблемасын қозғаған. Ол өзінің “Қырық үшінші қара сөзінде”- “Адам баласы көзбенткөріп,құлақпен естіп,қолмен ұстап,тілімен,татып,мұрнымен иіскеп,тыстағы дүниеден хабар алады да, содан білгені,көргенә көп адам есті,білімді болады” дейді, “жетінші қара сөзінде”- “Бала анадан туғанда екі мінезбен туады: Біреуі-ішсем,жесем,ұйықтасам деп туады,бұлар-тәннің құмарлығы.Екіншісі білсем екен,көрсем екен,үйренсем екен деп талпынып,көзі көрген құлағы естігеннің бәрін сұрап тану,бұл-жанның құмарлығы” деп жан мен тәннің байланысын ашуға талпынды және қырық үшінші сөзінде: “Адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын нәрсенің атағын,ғылым…Ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына түседі” деген қорытынды жасайды.Абайдың ойынша дүниеде өзгермейтін,құбылмайтын мәңгілік ешнәрсе жоқ.Табиғатқа да,адамға да осы заң ортақ дейді. Абай адам мәселесін қарама-қайшылыққа толы қоғамдық болмысы негізінде қарастырды.Соның нәтижесінде адамның әлеуметтік белсенділігінің,шығармашылық мүмкіндігінің шексіздігі туралы идея туындады.Адам- өз тағдырының қожасы және құрушысы деді.Адам тіршілігінің бірегей болуы,жердегі тіршіліктің құндылығы,әр адамның жанының қайталанбас соңғы идеялары Абай тұжырымдамаларындағы негізгі идея болып табылады.Абай өз шығармаларында адамға мейірбандық көрсету,сұлулыққа ұмтылу-жоғарғы имандылықтың белгісі деп айтады.Абай адам мәселесін түсіну мен ұғынуда этикалық,қоғамдық-саяси ,т.б аспектілерде ғана қарастырмай,толық философиялық түрде ұғынуға тырысқан. Абай философтың алғпшқы қадір-қасиеті-ертеңгі күні де адамдарды өз сәулелерімен нұрландыратын даналық деп есептеді.Абай философиясындағы басты мәселе ретінле адамгершілік-этикалық мәселелер болды.Абай өзінің негізгі философиялық шығармасын афоризм түрінде “Сөздер кітабында” жазған.Сонымен қатар оның ұлы шығармасының бірі- “Болашақ философиясының негізгі қағидалары” болып келеді. Абай халқының ұлы ретіндк қазақ халқының сан ғасырлық мәдениетінің ең жақсысын алып,осы байлықты орыс мәдениетінің пайдалы әсерімен одан әрі байыта түсті.Жоғарыда айтып өткендей,Абайдың философиядағы алған бағыты шығармаларында көрініс тапты.Ол сатирик-ақын,анықтаушы.Оның өлеңдері ағартушылық мәнді иеленген.Бірақ Абайдың барлық шығармаларының негізгі ойы,философиясының кілті -адам мен табиғатқа деген сүйіспеншілік болып табылады.Абайдың философиялық көзқарасына сүйене отырып,А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов және И.А.Крылов,И.Бунин,Л.Толстой,Салтыков-Щедрин шығармалары оған жақын болды және сол себепті ол осы адамдарлың шығармаларын қазақ тіліне аударған.Ол аса үлкен махаббатпен әсіресе М.Лермонтовтың шығармаларын аударған.Мұны осы аударылған өлеңдер саны бойынша айтуға болады,олардың саны-29.Лермонтовты Абаймен өз халқына деген азаматтық ұстанымы байланыстырады деп айтсақ болады.Абай өзінің аудармаларында қазақтың мақалдарын қолданды.Лев Толстойдың философиясымен халық туралы ойлар,оны оқыту мен тәрбиелеу туралы педагогикалық ойлары біріктіреді.Абай да,Лев Толстой да өзінің этикалық ойларын проза,поэзия секілді көркем формаларға негіздеген. Қазақ халқының ұлы ойшылы артында өте тамаша туындыларды қалдырған.Оларда оның бүкіл өмірі,оның болашақ жайлы армандары көрініс тапқан. Тапсырма №2. Таблицаны толтырыңыз
|