Главная страница
Навигация по странице:

  • Агглютинация (латынша agglutinatio – желімдену)

  • Гемагглютинация реакциясы (ГАР)

  • ГАР қою үшін

  • 0,5 мл-ден физиологиялық ерітінді

  • Гемагглютинация құбылысы

  • Комплементі байланыстыру реакциясын

  • (КБР-ның теріс нәтижесі)

  • Сүтті санитарлық бактериологиялық бағалауды жазу.

  • Ет және жұмыртқа микрофлорасын жазу

  • Ммитттт. микробиолгия Сағымбек Ержігіт 1906 топ. Агглютинация (латынша agglutinatio желімдену)


    Скачать 1.11 Mb.
    НазваниеАгглютинация (латынша agglutinatio желімдену)
    АнкорМмитттт
    Дата31.05.2021
    Размер1.11 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламикробиолгия Сағымбек Ержігіт 1906 топ.docx
    ТипДокументы
    #211959

    1)Агглютинация, Гемагглютинация, Преципитация және Комплементті байланыстыру реакциясының қойылу тәртібін жазу және суретін салу.

    Агглютинация (латынша agglutinatio – желімдену) деп телімді антиденелердің әсерінен микробтық, қан немесе басқада жасушалардың тұнбаға түсуін және желімденуін айтады.



    • Реакция нәтижесін бағалау крест бойынша, бес балдық жүйе бойынша көзбен көру арқылы жүргізіледі:

    4 крест (++++)

    сұйықтық толық түссізденген, агглютинат «қол шатыр» тәрізді болып түтіктің түбіне тұнған. Сілкіген жағдайда қол шатыр тәрізді тұнба мен түйіршіктерге ажыратылады. Сұйықтық мөлдір күйінде қалады (100% агглютинация).


    3 крест (+++)

    сұйықтық толық мөлдірленбеген, «қол шатыр» тәрізді агглютинат жақсы байқалады (75% агглютинация).


    2 крест (++)

    сұйықтық мөлдірленбеген, «қол шатыр» «қол шатыр» тәрізді агглютинат байқалады, «қол шатыр» тәрізді агглютинаттың ортасында антиген түйме тәрізді тұнба түзілген (50% агглютинат).


    1 крест (+)

    антигеннің тығыз тұнбасының айналасында «қол шатыр» тәрізді агглютинат нашар байқалады, сұйықтық мөлдірленбеген, сілкігенде «қол шатыр» тәрізді агглютинат пен түйіршіктер нашар көрінеді (25% агглютинат).


    Минус (–)

    сұйықтық мөлдірленбейді және «қол шатыр» тәрізді агглютинат байқалмайды, антиген түйме тәрізді болып тұнбаға түседі. Жеңіл сілку барысында гомогенді қоймалжың пайда болады.



    Гемагглютинация реакциясы (ГАР) жұқпалы аурулардың балауында қолданылады. Бұл реакция антигендердің (кейбір бактериялар мен вирустар) жануарлар немесе құстар эритроциттерінің беткейіне адсорбцияланып, олардың бір-бірімен желімденуіне және тұнбаға түсуіне негізделген.




    • ГАР қою үшін құрамында антигені бар материалдарды пайдаланады.

    • Реакцияны жүргізер алдында зерттеуге алынған антигені бар материалды ірі бөлшектерінен ажырату үшін 2000 айн/мин 15-30 минут бойы центрифугалайды немесе сүзгіден өткізеді.

    • Алдымен шыны түтіктерге 0,5 мл-ден физиологиялық ерітінді құяды. Бірінші түтікке 0,5 мл зерттеуге алынған материалды қосып, араластырғаннан кейін, бірінші түтіктен 0,5 мл суспензияны екіншісіне, одан үшіншісіне және келесілеріне үлестіреді.

    • Сосын әр түрлі сұйылтымдардағы антигендері бар барлық шыны түтіктерге 0,5 мл 1% эритроцит сұйықтығын қосады. Спонтанды гемагглютинацияның алдын алу үшін эритроциттедің бақылауы қатар қойылады. Ол үшін 0,5 мл физиологиялық ерітіндіге 0,5 мл 1% эритроцит сұйықтығы қосылады. Шыны түтіктер тұрған штативті жақсылап шайқағаннан кейін бөлме температурасында 20-30 минутқа (тауық эритроциттерімен қойғанда) немесе 60 минутқа (сүт қоректілер эритроциттерін пайдаланғанда) қалдырады.



    Гемагглютинация құбылысы байқалған жағдайда эритроциттер шыны түтіктердің түбіне қарай біркелкі жайылып, жұқа пленка тәрізді (қолшатырға ұқсас) тұнбаға түседі. Агглютинация құбылысы байқалмаса эритроциттер шыны түтіктің түбінде кішкене түйме тәрізді тұнады.

    ПРЕЦИПИТАЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ

    • Преципитация реакциясы (ПР) моножүйелі тікелей реакцияға жатады. Преципитация реакциясында ерігіш антигендер, қайнату арқылы өлтірілген өсінді сүзінділері немесе зерттеуге алынған материалдардың экстракттары (былғары шикізаты, ет, патологиялық материалдар және т.б.) қолданылады.

    КОМПЛЕМЕНТТІ БАЙЛАНЫСТЫРУ РЕАКЦИЯСЫ

    • Комплементі байланыстыру реакциясын ауру малдың қан сарысуынан телімді антиденелерді (бруцеллез, маңқа, лептоспироз, перипневмония және т.б. аурулардың балауында) анықтауда және телімді иммунды қан сарысуларының көмегімен зерттелетін жадығаттардан телімді антигендерді (бактериалдық және вирустық) анықтауда қолданады.



    • Бұл жүйе су моншасында 20 минут ұсталынады (37ºС-38ºС). Қан сарысуы алдын ала 58-60ºС 30 минут аралығында олардың өз комплементтерінің күшін жояды. Сонан соң бактериалдық жүйеге гемолитикалық жүйені қосады. Бұл жүйе гемолитикалық қан сарысуының ерітіндісі мен қой эритроциттерінің 2,5 суспензиясының0,5 мл мөлшерінен тұрады. Екі жүйені тағы да су моншасында 20 минут (37-38ºС) ұстайды. Реакцияның нәтижелерін 14 сағат бөлме температурасында ұстағаннан кейін екі рет бағалайды.



    Гемолиздің жоқтығы КБР-ының оң нәтижесі болып саналады. Эритроциттердің гемолизі бактериолиттік жүйеде бос комплементтің барында ғана байқалады. Комплемент қан сарысуында иммунды денелердің жоқтығының салдарынан бос қалады (КБР-ның теріс нәтижесі). Зерттеуге алынған қан сарысуында антиденелер аз болса, эритроциттер ішінара гемолизге ұшырады. Гемолиздің толық тоқталуы (++++), едәуір тоқталуы (+++), жарым-жартылай тоқталуы (+ +) немесе (+), ал толық гемолизі (-) белгілерімен таңбаланады.


    2)Сүт микрофлорасын. Сүтті санитарлық бактериологиялық бағалауды жазу. Ет және жұмыртқа микрофлорасын жазу.

    • Сүт микрофлорасы

    • Сүттің құрамында көптеген патогенді микроорганизмдер кездесіп, адамдар мен жануарларды жұқпалы ауруларға шалдықтыруы мүмкін.

    • Сүтке микробтар қоршаған ортадан немесе ауру малдардың сүт безінің цистернасынан түсуі мүмкін.



    • Сүтті санитарлық бактериологиялық бағалауды жазу.


    Сүт және сүт өнімдерінің санитарлық-бактериологиялық жағдайын микроб санына және коли-титр көрсеткішіне, қажет жағдайда олардың құрамындағы патогенді микроорганизмдер мен оларға қарсы түзілген антиденелерді зерттеу арқылы анықтайды.








    • Ет және жұмыртқа микрофлорасын жазу


    написать администратору сайта