САБАҚ ЖОСПАР-ЖТД 1 6 курс-2021. Ахмет ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті шымкент медицина институты жоары
Скачать 48.99 Kb.
|
ІІІ. Қорытынды.Тестілеу. Клиникалық жағдайлар шешу Тақырыптың жоспары, ашу маршруты, кілттік тұжырымдар мен сөздер.Пән: Жалпы дәрігерлік тәжірибе 1 Тақырып түрі, ұзақтығы: тәжірибелік, 8 сағ. Тақырыбы: МСАК учаскесі деңгейінде инфекциялық аурулардың алдын алу. Сабақтың мақсаты:Когнитив домені: жалпы тәжірибелік дәрігердің біріншілік медициналық санитарлық көмек (БМСК) кезеңдерінде медициналық профилактикадан заманауи талаптарға сай білім мен дағдыларын қалыптастыру Психомоторлы домен: БМСК дәрігерлерінің алдын-алу қызметтерін ҚР ДМ бекітілген және жұмыстағы бұйрықтарына сай игеруі Аффективті домен: науқастармен, олардың туыстарымен, әріптестермен және басқа медициналық қызметкерлермен сенімді қарым-қатынас орнату, топпен жұмыс істеу І. Тақырыптың негізгі сұрақтары (олардың жауаптарын интерндер алдын ала дайындап, тәжірибелік жұмыс барысында жетекшімен, дәрігерлермен және басқа медициналық қызметкерлермен кеңесе отырып, дағдылық деңгейде игеруі керек). Тақырыпты игеру мақсатында интерндердің БМСК ұйымдарында, аудиториядағы жұмысы және ИӨЖ: Дамуына қарсы алдын алу егулері жүргізілетін дерттердің тізімі Жоспарлы егулер жүргізілетін тұрғындардың топтары ҚР алдын алу егулері жүргізілетін мерзімдер Алдын алу егулерінің жүргізілуіне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар Алдын алу егуін жүргізуге ерікті-ақпаратты келісім немесе бас тару Алдын алу егуін жүргізуге қарсы көрсетпелер Бекітілген тұрғындар арасында иммундық-алдын алудан, соның ішінде бас тартқандағы туындайтын мәселелерден, түсіндіру жұмыстарын жүргізу Санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-алдын алу шараларын ұйымдастыру мен жүргізудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары (27 наурыз 2018 ж. ҚР ДМ №126 бұйрығы): Ішектік жіті инфекциялардың алды алудан Іш сүзегі мен парасүзектің алдын алудан Медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекциялардың алдын алудан Ішек жолдарымен тарайтын вирустық гепатиттердің алдын алудан Парентераль механизмімен тарайтын вирустық гепатиттердің алдын алудан (В, С, Д вирустық гепатиттері, АИТВ-инфекциясы және ЖИТС/СПИД) Жіті респирациялық вирустық инфекциялардың, Ковид- 19, тұмаудың/грипп және олардың асқынуларының алдын алудан Менингококтік инфекцияның алдын алудан Жыныс жолдарымен тарайтын инфекциялардың алдын алу мен бақылаудан Желшешек пен жәншаудың/скарлатина алдын алудан ІІ. Интерннің жетекші бақылауымен өзіндік жұмысы: аймақтық дәрігермен, ЖТД бірге науқастар қабылдау, үйінде көмек көрсету, Жұмыстағы бұйрықтарға және норматив құжаттарға сай алдын алу жұмыстары; нозологиялық бірліктердің диагноздыө-емдік қаттамаларын зерттеп, жаттау (тәуелсіз емтихандаудың республикалық орталығы, Дәрігер порталы/РЦ НЭ – портал Медэлемент). Жұмыстарын портфолио/күнделікте қорытындылау. |