Главная страница

Эссе_жазу_жолдары__Ахметкалиева_Г.К. Ахметкалиева гульнар кенесбековна


Скачать 0.67 Mb.
НазваниеАхметкалиева гульнар кенесбековна
Дата13.10.2021
Размер0.67 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭссе_жазу_жолдары__Ахметкалиева_Г.К.docx
ТипАнализ
#246534



Эссе жазу жолдары

АХМЕТКАЛИЕВА ГУЛЬНАР КЕНЕСБЕКОВНА
ЭКСПЕРТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
МУКАТАЕВА ГУЛНАЗ КАДИРОВНА
ЭКСПЕРТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Өскемен қаласы химия- биология





бағытындағы Назарбаев Зияткерлік
мектебі

ЭССЕ ДЕГЕН НЕ?






Анализ, синтез –негізгі бөлімде
Коммуникация- эссенің өн
бойынан табылу керек




Эссенің мақсаты:



Өз ойын жазбаша түрде жеткізу
және өз бетімен
шығармашылық ойлау
дағдыларын дамыту




 Бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма.


  • Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама осындай болса,


француз тілінде талпыныс, байқау, очерк, латын тілінде салмақтау деген мағыналарды береді.


  • Сонымен қоса, эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі. Эссенің басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі – берілген тақырыпты қысқа, әрі нақты жеткізе білуінде ( Мемлекеттік Университет Экономика жоғары мектебі, Москва қаласы).




  • Эссе (білім) ( college writing, college composition, college essay)


алғашқы оқу жылдарында студенттердің дағдыларын қалыптастыру үшін АҚШ және басқа елдердің көпшілігінде оқытудың базалық пәні болып есептеледі. Оқыту барысында студенттер эссе құрылымының принциптері мен негізгі түрлерінен мағлұмат алады. Соңғы жылдары осы тектес эссе түрлері Ресейдің филологиялық емес жоғары оқу орындарына да енгізілген.





ЭССЕ ЖАЗУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


  • Эссе – бірнеше абзацтан тұратын жазба жұмысы. Ол көп жағдайда бір тақырып аясындағы мәселені қозғайды. Бір тақырыпты бір абзацта жазу күрделі болғандықтан, бірнеше абзацқа бөлуге тура келеді. Әр абзац бір мәселеге ғана негізделеді. Кейін барлық абзацтар кіріспе және қорытынды бөлімдер арқылы біріктіріледі.




  • Эссе жазу бір абзацты жазуға қарағанда күрделірек, алайда ұйымдастыру талаптары бірдей. Егер оқушы жақсы абзац жаза алса, онда жақсы эссе де жазады.




Абзац – белгілі бір тақырып аясындағы сөйлемдер тобы. Абзац жазу мен ұйымдастыру жағынан бірнеше түрге бөлінеді





  • Мысал абзацы- белгілі бір тақырыпты мысалдар беру арқылы жазу




  • Үдеріс (процесс)абзацы бір затты не іс-әрекетті орындау тәртібін жазу




  • Пікір абзацы – өзінің сезімін, идеясы немесе белгілі бір тақырып бойынша көзқарасын білдіру




  • Оқиға абзацы – белгілі бір оқиғаны баяндау, әңгімелеп беру



(мысал келтіру)

АБЗАЦ ҚҰРЫЛЫМЫ



Абзац


Тақырыптық

Қолдаушы




сөйлем




сөйлем

Қорытынды







сөйлем




Қолдаушы

Қолдаушы




сөйлем

сөйлем







АБЗАЦТЫ ЖАЗУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ


  • Мәтіндер негізінен бірнеше абзацтан тұрады.




  • Бір абзацта бір ой толықтай ашып жазылады.




  • Әр абзац тақырыптық сөйлемнен, қолдаушы сөйлемнен және қорытынды сөйлемнен тұрады.




  • Тақырыптық сөйлем - абзацтың негізгі идеясын көрсетеді.




  • Қолдаушы сөйлемдер – тақырыптық сөйлемдегі ойды ашатын сөйлемдер.




  • Қорытынды сөйлем – абзацтағы ойды қорытындылайтын сөйлем.




  • Сонымен қатар, ойды толықтыру үшін деректер мен мысалдарды да қосуға болады.




  • Ең бастысы абзац жаңа азат жолдан басталып жазылады.


Мысалы мына бір мәтіннен алынған абзацты талқылап көрейік: (аудиториямен шағын практикалық жұмыс)




МЫСАЛДАР



  • Тақырыптық сөйлем:


1.Майлы тағамдар асқазанға зиян.


  • Қолдаушы сөйлемдер:


2.Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
3.Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады.
4.Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар.


  • Қорытынды сөйлем:


5.Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз қолдану.




СҮТПАЙДАЛЫ СУСЫН


  • Сүт—адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы калций сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді.Магний, калий, фосфор және натрий мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып, иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып саналады. Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір

қажетті тағам.




  • Мәтінді оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап бер


Абзацқа тақырып болатын сөйлемдітауып көр және астын сыз.
Тақырыптық ойды қолдаушы сөйлемдертауып, астын сыз.


  • Келтірілген мысалдар немесе фактілер болатын сөйлемдер қайсы?


Қорытынды сөйлемді тауып,астын сыз!




  • Сүт - адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы калцийсүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып,

иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып саналады. Қорыта келе,
сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.

  • Тақырыптық сөйлем:


1.


  • Қолдаушы сөйлемдер:


2.
3.
4.


  • Қорытынды сөйлем:


5.




  • Тақырыптық сөйлем:


1.Жемістер мен көкөністердің пайдасы өте көп.
Қолдаушы сөйлемдер:
2.
3.
4.


  • Қорытынды сөйлем:



5.

Тақырыптық сөйлем:
1.Темекі шегу денсаулыққа зиян.
Қолдаушы сөйлемдер:
2.
3.
4.
Қорытынды сөйлем:
5.




ЭССЕ ҚҰРЫЛЫМЫ


Эссе 3 бөлімнен тұрады.


Кіріспе Негізгі

бөлім бөлім


Қорытынды

бөлім




КІРІСПЕ БӨЛІМ

Кіріспе

бөлім


  • Кіріспе бөлім 2 ойдан тұрады.





    1. Жалпы

ой


  • Оқырман көңілін аудару мақсатында жазылады және бірнеше сөйлемнен тұруы мүмкін.


2.Тезистік

ой


  • Эсседегі

талқыланатын негізгі ойлардан тұрады және ол тақырыптық сөйлемге ұқсайды. Яғни оқырманға эссе мазмұны туралы жалпы

идеяны береді.

Кіріспе


  • Тақырып және эссенің мақсаты




  • Эссенің реттілігін көрсетеді




  • Оқырманды қызықтырады




  • Болжайды




  • Келіспеушілік – Қандай жолмен шешімге келесің?




  • Мәселе - Сенімін/стереотипті талқылайды

Кіріспе эссенің қызықты әлде қызықсыз болатындығын көрсетеді. Бұл оқырманға эссе жайлы алғашқы пікір тудырады, сондықтан басынан бастап қызықтыруға тырыс!




  1. абзац.


Кіріспе сөз тіркестері / фразалар/.
-Бұл халық арасында саналады...
-Адамдар жиі бекітеді, не..
-Көп адамдар ойлайды, не..
-Бұл жиі ұсынылады.Саналады..


  • Көптеген адамдар идея жағында болады, не...Көптеген адамдар сенімді...


-Кейбір адамдар қарсы...




НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ. Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойлар талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.


  • А. Тақырыптық сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қорытынды сөйлем




  • В. Тақырыптық сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қорытынды сөйлем




  • С. Тақырыптық сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қолдаушы сөйлем




  • Қорытынды сөйлем




Негізгі бөлім





  • Мағыналы, логикалық, сендіретін дәлелдер мен тіл шеберлігінің сақталуы.




  • Тақырыптан ауытқымау және сөз, ой қайталамау.




  • Дәлелдер эссе жазушының пікірімен ұштасуы керек.




  • Дәлелдің түсіндірмесі аясында толық мағлұмат беру.




  • Мысалдар арқылы дәлелдеу және өз дәлелдерін негізгі идеямен байланыстыру.




  • Алынған мысалдардың тақырыпқа сай, орынды қолданылуы (неге?) Қысқаша қорытынды жазу.




  • Эссенің келесі бөлімімен байланыстыру.




  1. абзац


Өз көзқарасыңды білдіретін фразалар


  • Бұл жағдайда мен өз көзқарасымды түсіндірсем деп едім




  • Бұл мәселе бойынша мен өз ойымды білдірсем деп едім


Талқыланған мәселенің артықшылығын білдіретін фразалар


  • Айтылғандай, мен соның пайдасына ... бірнеше себептерге




  • Соның пайдасына айтылатын көптеген заттар бар...




  • Ең жақсы. Ол..туралы..табылады...


Көзқарасты санамалап шығу фразалары


  • Біріншіден, ең әуелі




  • Бірінші кезекте




  • Содан бастайық




  • Екіншіден,үшіншіден, ақырында




  • Соңғы кезекте емес




Жаңа аргументтер қосатын фразалар



  • Бұдан басқа




  • Сондай ақ




  • Бұдан басқа,..сондай ақ




  • Тек қана емес




  • Бұдан өзгеше




  • Ол туралы сөйлемей ақ, ...




  1. абзац




  • Кейбір адамдар ойлайды, ...




  • Алайда олар түсінбейді, ...




  • Олар есепке алмайды,...




  • Олар ұмытады,...




  • Кейбір адамдар сендіреді,...




  • Мен онымен келісе алмаймын, өйткені...




  • Мен бұл пікірмен келісе алмаймын,өйткені...




  • Қазір кейбір адамдар үшін бұлай түсіндіру сәнге айналды...




  • Көптеген адамдардың солай деп ойлауына қарамастан, мен ойлаймын,...




  • Жоғарыда келтірілген идеялардан өзгеше мен ойлаймын...




ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


Қорытынды бөлім-негізгі бөлімдеталқыланған мәселелерді қорытып, бір тұжырымға келген сөйлемдерден тұрады.


  • Негізгі ойларды қорытындылау және бір тұжырымға келу.


Сонымен қатар,эсседе ойдың бірізділігісақталуы тиіс. Жалғаулық шылаулар мен есімдіктер (сілтеу, жалпылау, т.б.) де орынды қолданылуы қажет.




Қорытынды бөлім



Негізгі бөлімде













талқыланған







мәселелерді

Негізгі ойларды




қорытып, бір

қорытындылау




тұжырымға

және бір




келген

тұжырымға келу.




сөйлемдерден







тұрады.
















Сонымен қатар, ойдың бірізділігі сақталуы тиіс. Жалғаулық

шылаулармен

есімдіктер

(сілтеу,

жалпылау, т.б.)

де орынды

қолданылуы

қажет.




Қорытынды



  • Негізгі идеяларды қорытындыла. Жаңа мағлұматтарды енгізбе.




  • Негізгі идеялар оқырманға түсінікті болуы


керек.
Ұсыныс жасау, жауап беру, қолдау, бейнелеу,түсіндіру және маңыздылығын көрсету өте тиімді.

  • Эссенің маңызы және одан алған мораль



(тәрбиелік мәні).

  • Эссені аяқта!

4 абзац
Қорытынды фразалар


  • Толықтай алғанда




  • Қорытындысында




  • Қорытындылай келе




  • Барлық жағдайларды ескере отыра




  • Соңында




  • Барлығын ескере отыра


Өз көзқарасыңды білдіру


  • Менің ойымша бұл тақырып өте даулы




  • Менің ойымша




  • Менің қалыптасқан ойым бойынша,




  • Мен өзім мұны ...




  • Мен мұның ...




  • Маған бұл... көрінеді




Эссені тексер!




  • Кіріспе – эссеннің мақсаты




  • Негізгі бөлім – реттілігі




  • Қорытынды – жалпылау




  • Эссенің толық мәнділігі мен бірізділігін тудыру үшін қажет жерлерін алып таста немесе басқа жолмен жазуға тырыс!

  • Қажетті эссе көлемін сақта!




  • Эссені қайталап бірнеше рет оқы!




Эссенің үздік шығуына әсер етеді:




  • Эссені жеңіл оқылатындай және оқырманға түсінікті болатындай құру керек.




  • Бірегей идеяларды қолдан, себебі басқалардан ерекшелену керек.




  • Оқырманды сендіру үшін идеяларыңды дәлелдермен бекіт.




  • Эссе керемет болғанға дейін қайталап бірнеше рет оқып, тексер.

  • Қызығушылықпен және құштарлықпен жаз.




Жақсы эссе жазу үшін міндетті түрде төмендегі талаптар ескерілуі тиіс:
Тақырыптан ауытқыма!!!



  • Өзіңді қызықтыратын тақырыпты таңдасаң, эссе жазу оңайырақ болады. Егер ондай тақырып таңдай алмасаң, онда тереңірек таңдаған тақырыпқа зерттеу жүргізіңіз.




  • Тақырыптан ауытқымау өте маңызды... Тақырыптаң ауытқу бағаның төмендеуіне себепші болады.




  • Негізгі және қосалқы бөлімдерге бөл.




  • Дәлелдер мен жеке пікірлерді логикалық реттілікте


қойып, ойларыңызды дамытыңыз.







Жоспарла!!!



  • Жоспарлау эссені қалай бастау керек екендігіне және эссенің реттілігін анықтауға көмектеседі.




  • Эссе хронологиялық реттілікте орналасуы қажет, себебі хронологиялық реттілік оқырманға жеңілдік жасайды.

  • Дәлелдерді жинап, әр бөлімнің астына жазып отыр.




  • Идеялар тізімі эссе жазуды жеңілдетеді.




  • Эссені жазуды бастамастан бұрын, реттілікті сақтай отырып жоспарла, себебі кейбір бөлімдер ұмытылып кетуі мүмкін.




ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:


  • Жеке көзқарастың көрінісі;




  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);




  • Теоретикалық негіздеме;




  • Терминдерді қолдану;




  • Цитаталарды келтіру;




  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;




  • Логикалық заңдылықтың сақталуы;




  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;




  • Сауаттылық (пунктуация., орфография.);




  • Юмор, сарказм;




  • Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.




Эссе жазу барысында жиі кездесетін қателіктер:


  1. проблема ашылмайды;




  1. автордың жеке позициясы көрінбейді;




  1. теоретикалық негіздемесі жоқ;




  1. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;




  1. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;




  1. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;




  1. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;




  1. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;




  1. логиканың болмауы.







Эссе жұмысын бағалауда ескеру қажет:



  • эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;




  • тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;




  • талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;




  • нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;




  • эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;




  • қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік



нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;

Эссені бағалауға қойылатын талаптар:



  1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі – 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір – 1 дәлел (мысал) – 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі – 1 абзац).

  2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.




  1. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын…), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.




ТИІМДІ ЖАЗУ ЖОЛДАРЫ

  • Оқушыларға уақыт үнемдеуде берілетін кеңестер:




  • Сабақтың 40 минутының тек 5 минутын сұрақ оқуға және қысқаша жоспарға кетіру қажет.




  • Егер тапсырмада мәтінді оқу тапсырмасы болса, берілген уақыттың тек 20 минутын ғана мәтінді оқуға және оған жоспар құруға кетіру керек.



написать администратору сайта