6 курс жазбаша каз 22-23 гот 23.11. акушерлікгинекология кафедрасы Жалпы дрігерлік тжірибедегі акушерлік жне гинекология
Скачать 263 Kb.
|
2 | 1 | 1 | Қолдану/ Акушерлік жарақаттардың түрлерін көрсетіңіз |
2 | 1 | 2 | Қолдану/ Гинекологиялық науқастарды тексерудің арнайы гинекологиялық әдістерін көрсетіңіз |
2 | 1 | 3 | Қолдану/ Жүктілер құсуының клиникалық жіктелуін көрсетіңіз. (Жүкті әйелдердің токсикозы Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2014) |
2 | 1 | 4 | Қолдану/ Жатырдан тыс жүктіліктің диагностикалық критерийлерін көрсетіңіз. (Жатырдан тыс жүктілік. Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2018) |
2 | 1 | 5 | Қолдану/ Кіші жамбас мүшелерінің қабыну аурулары кезінде амбулаториялық деңгейде жасалынатын негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімін көрсетіңіз (Жамбас мүшелерінің қабыну аурулары (сальпингит, оофорит, сальпингоофорит) Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2015) |
2 | 1 | 6 | Қолдану/ Жүктілер құсуында жүктілікті үзуге көрсеткіштерді көрсетіңіз |
2 | 1 | 7 | Қолдану/ Ұрықтың жағдайын бағалауда қолданылатын зерттеу әдістерін көрсетіңіз |
2 | 1 | 8 | Қолдану/ Жүрек ақауы бар фертильді жастағы әйелдердің, оның ішінде жүкті әйелдерді жүргізуді көрсетіңіз. (Жүрек ақаулары бар фертильді жастағы әйелдерді, оның ішінде жүкті әйелдерді жүргізу. Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2014) |
2 | 1 | 9 | Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес Ауыр өлімге әкелетін, генетикалық, хромосомалық және анатомиялық бұзылуларды емдеуге және түзетуге келмейтін балалардың тууын болдырмау үшін ұрықтың хромосомалық патологиясы мен туа біткен ақауларды ерте анықтауға және диагностикалауға бағытталған пренаталдық скрининг ұйымдарының жүзеге асыратын қызметтерін көрсетіңіз. |
2 | 1 | 10 | Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 2-қосымшасына сәйкес Жүктілікті жасанды үзу жасау үшін қарсы көрсеткіштерін көрсетіңіз. |
2 | 1 | 11 | Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-122 бұйрығына 2-қосымшасына сәйкес Жүктілікті жасанды үзуге әлеуметтік көрсеткіштер тізбектеңіз. |
2 | 1 | 12 | Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес өздігінен түсік кезіндегі сараланған диагностика жүргізіңіз |
2 | 1 | 13 | Қолдану/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес Босанғанан кейінгі ерте кезеңдегі қан кетудің себептерін атап көрсетіңіз. |
2 | 1 | 14 | Қолдану/ Жүктілік кезіндегі қауіп белгілерін көрсетіңіз. (Физиологиялық жүктілікті жүргізу Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2013) |
2 | 1 | 15 | Қолдану/ Босану кезінде үздіксіз КТГ жүргізу көрсеткіштерін тізбектеңіз (Ұрықты бағалау Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2017) |
2 | 1 | 16 | Қолдану/ Жаңа туған нәрестелердің реанимация ықтималдығын арттыратын перинаталды қауіп факторларын тізбектеңіз. (Жаңа туған нәрестелердің реанимациясы Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2018) |
2 | 1 | 17 | Қолдану/ Жаңа туған нәрестеге күтім жасау принциптерін сипаттаңыз (Дені сау жаңа туған нәрестеге күтім жасау Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары - 2014) |
2 | 2 | 1 | Талдау/ Жүктілік кезіндегі гипертензиялық жағдайлардың клиникалық жіктелуіне талдау жасаңыз. (Жүктілердегі артериялық гипертензия Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2017) |
2 | 2 | 2 | Талдау/ Плацентаның төмен орналасу түрлеріне талдау жасаңыз. |
2 | 2 | 3 | Талдау/ Жатырдың сыртына массаж жасау техникасын талдаңыз |
2 | 2 | 4 | Талдау/ Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізудің негізгі қағидаларын талдаңыз. |
2 | 2 | 5 | Талдау/ Босанғаннан кейінгі іріңді септикалық ауруларды талдаңыз |
2 | 2 | 6 | Талдау/ Уақытша қан кетуді тоқтату әдісін талдаңыз |
2 | 2 | 7 | Талдау/ Жүктілер құсуы кезінде амбулаториялық деңгейде жасалынатын негізгі және қосымша диагностикалық шаралардың тізімін талдаңыз |
2 | 2 | 8 | Талдау/ Жүктілердегі темір тапшылықты анемияның этиологиялық жіктелуін талдаңыз |
2 | 2 | 9 | Талдау/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-122 бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Жүктілікті жасанды үзуді жасау үшін медициналық көрсетілімдерін талдаңыз. |
2 | 2 | 10 | Талдау/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес Жатырдан тыс жүктілік симптомдарын талдаңыз |
2 | 2 | 11 | Талдау/ Босанғаннан кейінгі қан кетуде шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде "4 Т" ережесін талдаңыз. (Босанғаннан кейінгі қан кету Нұсқа: ҚР ДСМ Клиникалық хаттамалары – 2016) |
2 | 2 | 12 | Талдау/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес Жүктілік және жүктіліктен кейінгі кезеңде сепсистік жағдайдың дифференциалдық диагностикасын талдаңыз |
2 | 2 | 13 | Талдау/ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 тамыздағы № ҚР ДСМ-92 бұйрығына сәйкес Хабарлауға жататын жүкті, босанатын, босанған әйелдердің шұғыл жағдайларының тізбесін талдаңыз |
2 | 2 | 14 | Талдау/ Босанудың клиникалық ағымын талдаңыз. (Босануды жүргізу Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2018) |
2 | 2 | 15 | Талдау/ Гипотермияның алдын алу мақсатында нәрестенің дене температурасын бақылауды талдаңыз (Дені сау жаңа туған нәрестеге күтім жасау Нұсқа: ҚР ДСМ - 2014 клиникалық хаттамалары) |
2 | 2 | 16 | Талдау/ Нәрестені емшекпен емізуге көмек беруді талдаңыз. (Дені сау жаңа туған нәрестеге күтім жасау Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары - 2014) |
2 | 2 | 17 | Талдау/ Плацентаның төмен орналасуының дифферциалды диагностикасына талдау жасаңыз. (Плацентаның патологиясы. Нұсқа: ҚР ДСМ клиникалық хаттамалары – 2017) |
2 | 3 | 1 | Бағалау/ Науқас 39 жас, жүктіліктің 31 аптасында майлы ет тағамдарын қабылдағаннан кейін іштің жоғарғы бөлігінде ауырсыну, бірнеше рет құсу болған, асқазан жарасымен 6 жылдан бері ауырады. Тексеру кезінде: іш аймағы кепкен, тыныс алу актісіне қатысады, эпигастрий аймағында орташа кернеулі және ауырсынады. Пульс минутына 96 соққы. Температура 37,2°С. АҚ 125/90 мм.сын.бағ. Жалпы қан анализінде лейкоциттер 17×109 / л. Жағдайды талдаңыз, диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 2 | Бағалау/ Алғашқы жүктілік С. 25жаста, 8 апталық жүктілік кезінде емханаға аздаған физикалық жүктемеден болатын ентігуге шағымданып келді. Кардиологта мынандай диагнозбен диспансерлік учетта тұрады: Ревматизм. Митральды стеноз. Н IIА. Дәрігер кардиолог және кардиохирург тексеру кезінде жүрек аускультациясында II, III, IV сол жақ қабырға аралықтан ерте тыныш диастола шуын анықтады. Жүректің динамикалық аускультациясы кезінде келесі артықшылықтар байқалды: шу дем шығаруда және изометрикалық бұлшықеттік күш түскенде күшейеді, Вальсальва сынамасында жүректің 6-8 рет жиырылуында кайтадан алдыңғы күйге ауысқан. Жағдайды талдаңыз, диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 3 | Бағалау/ Жүктілік 35-36 апта. Шағымдары жыныс жолдарынан 150-200 мл көлемінде алқызыл қанды бөлінді. Жатыр анық шекаралы, ауырсынусыз. Ұрықтың орналасуы ұзынабойлық, ұрық басы жамбас кіре берісінде. Жүрек соғысы анық 145 соққы/ мин. Жаймасында 7-7 cм алқызыл дақ. Жағдайды талдаңыз, болжам диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 4 | Бағалау/ Алғаш жүкті әйел Л. 31 жаста, жүктіліктің 35 аптасы балтырда ісінудің болуымен емханаға келді. АҚ – 140/90 мм с.б.б., 150/100 мм с.б.б., зәрде ақуыз 1,0 г/л. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. |
2 | 3 | 5 | Бағалау/ Босанғаннан кейін 3 тәулікте 23 жастағы науқас температурасы 38,5С, сол жақ сүт безінде ауру сезім,әлсіздікке шағымданды.Жағдайы орташа ауырлықта. Сол жақ сүт безі сыртқы-жоғарғы квадранты гиперемирленген, тығыздалған, ауру сезімді.Жалпы қан талдауы: лейкоциттер-13000,Hb-120г/л, нейтрофильдердің солға ығысуы, ЭТЖ- 35 мм/cағ. дейін. Мүмкін болатын диагноз қойыңыз. |
2 | 3 | 6 | Бағалау/ 20 жастағы әйел емханаға есепке тұруға келді. Өзін жүктімін деп санайды (етеккірі 10 күнге кідірген). Обьективті қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Іші пальпация жасағанда жұмсақ, ауырсыну жоқ. АҚ 120/80 мм с.б., пульсі 72 рет/мин. Гинекологиялық зертеуде: жатыр қалыпты мөлшерде, оң жақ қосалқылары ұлғайған, қынаптың кілегей қабатында цианоз байқалады. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. |
2 | 3 | 7 | Бағалау/ Алғаш жүкті әйел Д. 25 жаста, жүктілік мерзімі 11– 12 апта, жүрек айну, құсу 10 рет күніне, дене салмағының 2 кг төмендеуі. Жағдайы қанағаттанарлық, апатия, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, АҚ 110/70 мм с.б.б., пульс 80 соққы минутына. Жалпы қан талдауы –қалыпты. Диурез өзгермеген. Диагноз қойғаннан кейін әйелді жүргізу амалын қарастырыңыз. |
2 | 3 | 8 | Бағалау/ 22 жастағы В. есімді жүкті, гестацияның 7-8 аптасында тәбеттің төмендеуіне, жүрек айнуға, күніне 3-5 рет тамақтан кейін құсуға шағымданады. Соңғы аптада дене салмағы 1 кг-ға төмендеген. Қабылдау кезіндегі жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Дене температурасы қалыпты. Тері және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті, құрғақ. Пульс 90 соққы/мин, ырғақты, қанағаттанарлық толымды. АҚ 120/70 мм.сын.бағ. Қан мен зәр анализі патологиялық өзгеріссіз, қалыпты. Жағдайды талдаңыз, диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 9 | Бағалау/ Босанушы 26 жаста, екінші жүктілігі, мерзімі 40 апта. Бірінші жүктілік түсікпен аяқталған. Босанғаннан кейін 5 минуттан соң бала жолдасы бөлінді. Бала жолдасын босанғаннан кейін бірден қатты қан кету басталды. Бала жолдасында ақау бар, бүтіндігі бұзылған. Диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 10 | Бағалау/ Босанушы 26 жаста, екінші жүктілігі, мерзімі 40 апта. Бірінші жүктілік түсікпен аяқталған. Босанғаннан кейін 5минуттан соң бала жолдасы бөлінді. Бала жолдасын босанғаннан кейін бірден қатты қан кету басталды. Бала жолдасында ақау бар, бүтіндігі бұзылған. Диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 11 | Бағалау/ Босанушы 26 жаста. Үшінші босануы, жүктілік мерзімі 39 апта. Ұрық тірі, мерзіміне жеткен. Бала туылғаннан кейін қатты қан кету басталды. Қан кету көлемі 500 мл. Ұрық жолдасының бөліну белгілері бар. Диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз |
2 | 3 | 12 | Бағалау/ Қайта босанушы 25 жаста жүктіліктің 38 аптасында. Іштің айналымы – 110 см. 2 литр көлемінде қағанақ суы кетті. Ұрық маңы суы кеткеннен кейін 3 сағаттан соң салмағы 3500 г тірі, мерзіміне жеткен баланы босанды. 10 бірлік окситоцин салғаннан кейін өздігінен ұрық жолдасы бөлініп шықты, қарағанда бүтін, қабықтары түгел. Жыныс жолдарынан ұйыған қанмен көп қан кетуде. Жағдайды талдаңыз, диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |
2 | 3 | 13 | Бағалау/ Босанудың екінші кезеңі басталғаннан 30 минуттан соң қайта босанушы әйелде жыныс жолдарынан қанды бөліністер байқалды. АД 120/65 мм.сын.бағ. Күшену 2-3 минут сайын 50-55секундтан. Босанушы сабырсыз, айқайлайды, шапшаң. Жатыр күшенуден тыс нашар жиырылады, төменгі сегментте пальпация кезінде ауырады. Ұрықтың жүрек соғысы тұйық, минутына 150-160 соққы. Зәр шығару жолдарына катетер енгізу әрекеті механикалық кедергілерден жасалынбады. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының ашылуы толық; ұрықтың басы кіші жамбас кіреберісінде, басында үлкен туу ісігі. Сагиттальды жік пальпацияланбайды. Жағдайды талдаңыз, диагноз қойып, ары қарай жүргізу тактикасын түсіндіріңіз. |