Алдыа масат ою
Скачать 16.75 Kb.
|
Диля Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау, сол мақсатқа жету. Жетістікке жетудің мотивациясы - берілген тапсырманы ұқыпты,дұрыс орындауға ұмтылу, қажетті нәтижені алу үшін орындалатын әрекеттер. Жетістікке жету болашақта жақсы нәтиже көрсетуге ұмтылу, ниеттену. Алғашқы рет 1930 жылдардың соңында Мюррей жетістік ұғымын адам мотивациясының қайнар көзі ретінде қарастырды. Ол жетістік ұғымын адамның өзіндік мотивациясымен тікелей байланыстырады. Қиындықты жеңіп, жетістікке жету оңай емес. Өзін көрсетіп, өзгелермен жарысқа түсу, өз таланты мен қабілеті арқылы өз өзіне құрметті арттыру – жетістікке жету мотивациясы болып табылады. Мотивация мен белсенділіктің жоғары деңгейде болған сайын адамды іс-әрекетке итермелейтін факторлар да көп болады. Мотивтері жоғары индивидтер көп жұмыс істеп, іс-әрекетте өте жақсы нәтижелерге жетеді. Талант Жетістікке ұмтылғанда адамға тұлғалық қасиеттермен бірге даралық ерекшеліктері және ерік сапаларының да әсері мол. Егер бастаған ісін аяғына дейін жеткізсе, қиындықтан момынсымаса шыдамдылық, табандылық танытатын болса міндетті тұрде кез келген іс-әрекетте жетістікке жете алады. Жетістікке жету жолындағы ұстанымдар: Алдыңа мақсат қою Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену Іске дайын болу Адымыңды анық басу Алға ұмтылу Қорықпау, күмәнданбау Көңіліңді тоқ ұстау Жаңашыл болу Басқалармен кеңесу Тәуелсіз болу Біртұтасты бөлшектеу Жетістіктеріңнің қайдан келетінін ұмытпау Аида «Жетістікке жеткен адамға» көптеген он қасиеттер тән болады: «Жетістікке жеткен адам» барлық мүмкіндіктерді қарастырады, ал жетістікке жеткісі келмейтіндер түрлі сылтаулар ойлап табады, жетістікке жеткісі келмейтіндер бүгінгі істі ертеңге қалдырады. «Жетістікке жеткен адам» шыдамды, толерантты, өз мақсатына ұзақ уақыт болса да жетуге тырысады, жетістікке жеткісі келмейтіндер ол барлығына бірден және тез арада ие болғысы келеді. Ол өзіне сенеді, барлық адамдарға сенімділікпен қарайды, жетістікке жеткісі келмейтіндер басқа адамдардың сөзіне сенеді, асқақ армандарға, биік мақсаттарға ұмтылады,ал жетістікке жеткісі келмейтіндер ұсақ-түйек мақсаттармен шектеледі. Марлен Сәтсіздіктен қашу мотиві - адамның кез келген жағдайда сәтсіздікке ұшырамауға ұмтылуы,әсіресе оның жасаған еңбектері мен нәтижесін басқа адамдар бағалап қабылдағанша кез келген жағдайда адамның сәтсіздіктен құтылуға тырысуы. Өзін-өзі төмен бағалау Нашар баға алу Мұғалімдер мен ата-аналардың наразылықтары мен санкциялары Теріс эмоциялар Үрейлену мен өзіне деген сенімсіздік Олар жауапты тапсырмалардан қашады, олардан бас тартудың себептерін табады. Негізсіз жоғары мақсаттар қою; олардың қабілеттерін бағаламау. Басқа жағдайларда, керісінше, арнайы еңбек шығындарын қажет етпейтін жеңіл тапсырмаларды таңдайды. Олар сәтсіздіктерді ескере отырып, өздерінің жетістіктерін асыра бағалауға бейім, бұл күтуді бақылаудың әсерінен болса керек. Алтынай Л. С. Выготский 1926 жылы жазған "Педагогикалық психологиясында": адамды тәрбиелеуге болмайды, ол - өзін-өзі тәрбиелейді, ал айналасындағылар, оған тек тұлға ретінде қалыптасуына қажетті материал береді. Стив Джобс: Тағдыр оған көптеген сынақтар берді, олардың біріншісі жас және кішкентай баланы тәрбиелеуге дайын емес ата-анасының бас тарту болды. Бақытына орай, оны балалар үйінен Клара мен Пол Джобстың керемет отбасы асырап алды, олар кейіннен кәсіпкер үшін нағыз отбасы болды. Досы Стивен Вознякпен кішкентай бөлмеде компьютер жасаудан бастады. Ал қазір Стив Джобс осы досымен бастаған кәсібі бәріне танымал компания болып отыр. Apple компаниясының ұялы телефонын, наушнигін бәріміз қолданудамыз. Нұрсұлтан Назарбаев: 1940 жылы шілденің 6-сында қарапайым отбасында дүниеге келген. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кітаптарының бірінде былай деп жазды: «Мен – қойшылардың ұлымын, немересімін және шөбересімін. Демек, ешқандай ақсүйектер әулетінен емеспін. Менің ата-бабаларымның бәрі де Алатау баурайында өмір сүрген». Өзінің талпынысының, еңбегінің арқасында көптеген жетістіктерге жетіп, ҚР тұңғыш президенті атанды. |