Главная страница

Алгоритмнің түсінігі, түрлері. Алгоритмдер


Скачать 61.84 Kb.
НазваниеАлгоритмдер
АнкорАлгоритмнің түсінігі, түрлер
Дата02.02.2022
Размер61.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАлгоритмнің түсінігі, түрлері.docx
ТипДокументы
#349891
страница4 из 4
1   2   3   4

Көмекші алгоритмдер


Біздің күнделікті орындайтын іс-әрекеттіріміздің арасында әртүрлі мақсатқа қол жеткізуге бағытталса да, бірдей жасалатын әрекеттер аз емес. Мысалы, біз бірдей әрекет етеміз, нан, кәмпит, кітап, киноға немесе поезға билет сатып аламыз.

Біздің кез келген сатып саудамыздың алгоритмі мынадай түрде көрінеді:

  1. Әмиянды алу.

  2. Әмияннанақшаныалу.

  3. Ақшанысатушығаберу.

  4. Қажеттауарды айту.

  5. Тауарды алу.

  6. Тауарды сөмкеге(пактке,қалтаға,дорбаға)салу.

  7. Қайтарымдыалу.

  8. Қайтарымдыәмиянғасалу.

Егер осы әрекеттерді күні бойы алгоритм түрінде баяндаса, онда осы сегіз әрекет бірнеше рет қайталануы мүмкін, тек тауардың аты өзгереді. Бір күнде жасалған бес сауда күн алгоритміне қырық жол қосады. Ал егер сауда он болса, онда жол саны сексенге жетеуі мүмкін тіпті дәл осы жолдар күн алгоритмінің ерекше бөлігін құрайтын шығар, бірақ олардың ақпарттық құндылығы өте аз, себебі бірізді әрекеттердің он рет қайталануы ықтимал.

Бұл жағдайда тұтас күн алгоритмінен сауда алгоритмін бөліп қараған ыңғайлы және оны бөлек тақырыппен, мысалы, «Х саудасы» деп жазған дұрыс. Сонда күн алгоритмінде әрбір сауда сегіз жолдың орнына тек бір жолмен ғана жазылатын болады, тек Х мәні өзгеріп отырады (нан, кітап және т.б.).

Бұл алгоритмді бір рет жазып, оны біздің әрекеттерімізді сипаттайтын басқа кез келген алгоритмге орналастыруға болады. Бұл үшін алгоритм тақырыбын еске түсіру және нақты Х мәнін көрсету жеткілікті.

Екі алгоритм құрамында тұтастай және қайта-қайта пайдаланылатын алгоритмдерді көмекшіалгоритмдердеп аталады.

Көмекші алгоритмдер математикалық тапсырмаларды орындағанда өте ыңғайлы. Мысалы, квадрат теңдеуді немесе ЭЕМ көмегімен sin xфункциясын шығару әрекеттің ұзын тізбегінен тұрады. Егер осы алгоритмдердің әр бөлімін әрдайым тапсырманы шешетін негізгі алгоритмде жазып қойса, онда ол тым ұзын болып кетеді. Сондықтан sin x есебін көмекші алгоритм түрінде жазған ыңғайлырақ, ал негізгі алгоритмде қажетті жерлерінде оған сілтеме жасау керек.

Мұндай сілтемелерді оңтайландыру үшін көмекші алгоритмге оны шақыруға мүмкіндік беретін тақырып қою керек. Шақырғаннан кейін, көмекші алгоритм орындалып болғанша, негізгі алгоритмнің орындалуы тоқтатылады. Бұл ретте көмекші алгоритмге негізгі алгоритмнен ақпарат беріледі, оны өңдеу көмекші алгоритмнің міндеті болып саналады. Мұндай ақпараттарға, мысалы, sin x есебіндегі x мәні немесе сауда жасау барысындағы тауардың аты жатады. Көмекші алгоритмнің нәтижесі негізгі алгоритмге беріледі.

Мысалы, түрлі бұйымдарды жасау барысында жылу беруші элементтің көмегімен қажетті температураға дейін бір бөлшектің не заттың қызу операциясының орындалуы. Бұл температураны t деп белгілейміз, ал қыздыру алгоритмін «t-ға дейін қызу» деп аламыз. Ол келесі түрде берілуі мүмкін:
«t-ға дейін қызу»

  1. tмәніненгізу.

  2. Жылытқыштықосу.

  3. Температураtтөменкезде,әрекеттіорындау:

  4. 5 с күту.

  5. Температураныөлшеу.

  6. Циклдіңсоңы.

  7. Жылытқыштыөшіру.

Бұл алгроитмді орындау кезінде әр 5 с сайын температура өлшеніп отырады және ол t-дан төмен болса, жылытқыш қосулы қалпында тұрады. Ал температура қалай t мәніне қол жеткізеді, солай 4-шарт бұзылады және алгоритмді орындаушы келесі әрекетке, яғни, 6-жолдан кейінгі Циклдіңсоңышартына өтеді, яғни, жылытқыш өшіріледі. Сұйықтықтың қызу кезеңі 150°С дейінгі негізгі алгоритм бар деп алайық. Бұл жағдайды жаңа ғана қарастырылған «t-ғадейінқызу» алгоритмі көмекші алгоритм ретінде пайдаланылуы ықтимал.:

  1. Резервуарға1сұйықтықты құю.

  2. Резервуарға2сұйықтықтықұю.

  3. Сұйықтықтардыараластыру.
  4. 150 °С дейін қыздыру.

  5. Жапқышты ашужәнет.б.

Мұнда 4-жол «t-ғадейінқызу» көмекші алгоритмін шақыруды білдіреді, оған t = = 150 °С температура мәні беріледі. Қосымша алгоритмде, яғни, сұйықтық 150 °С дейін қызғанда, орындаушы келесі 5-әрекетке көшеді. Қызу алгоритмі осы негізгі алгоритмде бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін немесе қызуда қажетті tтемпературасын қамтамасыз ете отырып, басқа да кез келген алгоритмде бола алады. Көмекші алгоритмді, мысалы, автоматты режимдегі токарь станоктарындағы жоңқаларды қайта-қайта жинау кезінде қолданады. Мұның алдында қарастырған бұйымдарды сұрыптау алгоритміндегі бұйымның диаметрін өлшеу де көмекші алгоритмнің көмегімен жүргізіледі. Мысалы, аспаздық кітапта қатпаралы қамырдың рецебі (алгоритмі) бір-ақ рет жазылады, ал сол қамырдан жасалатын басқа тағамдардың рецебін жазғанда осы қосымша алгоритмге сілтеме жасалады.

Біртекті қосымша алгоритмдер түрлі тапсырмаларды шешуге арналған негізгі алгоритмдерде қолданыла береді. Сондықтан да орындалатын операциялар көлемі үлкен күрделі автоматты жүйелерде, әдетте, көмекші алгоритмдер кітапханасы жасақталады.
1   2   3   4


написать администратору сайта