Главная страница

Алгоритмнің түсінігі, түрлері. Алгоритмдер


Скачать 61.84 Kb.
НазваниеАлгоритмдер
АнкорАлгоритмнің түсінігі, түрлер
Дата02.02.2022
Размер61.84 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАлгоритмнің түсінігі, түрлері.docx
ТипДокументы
#349891
страница1 из 4
  1   2   3   4

АЛГОРИТМДЕР


Өндірісті автоматтандыру адамды өндіріс процесіне тікелей қатысудан босатады, барлық жұмыс техникалық құралдардың міндетіне жүктеледі. Бірақ оларды қандай да бір жұмысты орындауға «үйрету» үшін, адам алдымен сол жұмысты өзі егжей-тегжейлі меңгеруі керек, жұмыстың мақсатын ой елегінен өткізіп, оны орындау нәтижесінде неге қол жеткізу керектігін, майда шаруаларға дейін ойланып, іс-әрекетті орындаудың тәртібін нақтылап суреттеуі қажет.

Жаңаша технологиялық құралдар көп ретте адамнан асып кетеді – олар түрлі әрекеттерді жылдам әрі нақты орындайды, көп күш жұмсай алады, шаршамай жұмыс жасайды, ұзақ уақыт бойында қателік жібермейді. Бірақ әрбір әрекетін, тіпті, ең қарапайымдарының өзін ( мысалы, қалыпты жағдайға оралу) олар адамның нұсқауымен ғана орындай алады.

Сәйкесінше, кез келген процесті автоматтандыруды сол процесті құрайтын толық әрекеттер тізімінен бастау керек. Мұндай тізім белгілі бір тәртіп бойынша құрастырылады және жазылады, оларды біз осы тарауды қарастыратын боламыз.
    1. АЛГОРИТМ ТҮСІНІГІ




Біздің әрқайсымыз күнде көптеген қимыл әрекеттер жасаймыз және ол әрекеттерді қалай жасағанымыз туралы ойланбаймыз. Біз сауда жасаймыз, қоғамдық көлікті пайдаланамыз, киноға барамыз, тамақ дайындаймыз және т.б.

Біз автоматты түрде әрекет етеміз және әдетте өзіміз ұмтылған нәтижеге қол жеткіземіз.

  1. мысал. Сіздің қарныңыз ашты делік және бутерброд жегіңіз келді. Бұл үшін сізге не істеу қажет?

Алдымен нан мен майды алу үшін нансалғыш пен тоңазытқышты қарау керек. Сіз нанға майды тоңазытқыштың ішінде жақпайсыз, яғни, азықтарды үстелге алып келесіз. Содан соң пышақты алып нан мен майды бөлесіз. Сосын нанға майды жағып, дайын бутерброд аласыз. Сіздің әрекеттеріңіздің реті:

  1. Нансалғыштыашу.

  2. Нандыалу.

  3. Нансалғыштыжабу.

  4. Нандыүстелгеқою.

  5. Тоңазытқыштыашу.

  6. Майды алу.

  7. Тоңазытқыштыжабу.

  8. Майды үстелгеқою.

  9. Пышақтыалу.

  10. Нандыкесу.

  11. Кішкенемайдыбөліпалу.

  12. Нанғамайдыжағу.

  13. Пышақтыорнынақою.

  14. Бутербродтыжеу.

Бутербродты дайындау – сіздің мақсатыңыз. Оған қол жеткізу үшін сіз белгілі бір реттегі бірнеше әрекетті жасайсыз. Сіз тоңазытқышты ашпай майды ала алмайсыз, немесе нансалғышты ашпай нанды кесе алмайсыз. Бір әрекетті жасамай көріңізші немесе орындау тәртібін ауыстырып көріңіз нәтижесінде сіз мақсатыңызға қол жеткізуді күрделендіресіз немесе мүлдем бутербродсыз қаласыз.

  1. мысал. Сіз үй тапсырмасын алдыңыз делік, ол - математика бойынша есепті шығару.

Алдымен сізге оқулықтан тапсырманы тауып алу керек, содан кейін тапсырманың шартын жазу керек, қажетті формуланы таңдайсыз, ондағы сөздерді сандарға айналдырасыз және есептеулерді орындайсыз.

Сіздің әрекеттеріңіздің реті:

  1. Үстелгекелу.

  2. Оқулықтыалу.

  3. Оқулықтанберілгентапсырманытабу.

  4. Тапсырманыңшартынжазу.

  5. Қажеттіформуланытаңдау.

  6. Формулағашарттағымәліметтердіенгізу.

  7. Есептепшығару.

  8. Жауабынжазу.

Сіз оқулықтан тапсырманы таппасаңыз, оның шартын жаза алмайсыз. Егер қажетті формуланы таңдамасаңыз есептей аламайсыз. Жоғарыда көрсетілген әрекеттердің реті қатаң түрде сақталуы тиіс, сонда ғана ол сіздің алға қойған мақсатыңызға, яғни тапсырманы орындауыңызға алып келеді. Бұл реттегі кез келген өзгеріс сіздің алға қойған мақсатыңызға қол жеткізу мүмкіндігіңізге тосқауыл болады.

Алгоритм бұл мақсатқа қол жеткізуге апаратын әрекеттердің реттілігі.

Сіз басқа біреуге велосипедті қалай жөндеу керектігін, сорпаны қалай жасайтынын немесе балық аулауға қалай дайындалу керектігін айтқан кезде, қалаған мақсатқа қол жеткізу үшін оларды орнындаудың ретін айтасыз.

Егер бұл реттілікте күрделі әрекеттер бар болса (мысалы, велосипедтің дөңгелегін ауысыру), онда сіз әңгімелесіп отырған адамыңыздың тәжірибесіне қарай отырып, бүкіл іс-әрекетті толықтай айтасыз не болмаса оны бірнеше жеңіл бөліктерге бөліп түсіндіресіз (сол жаң бұранданы босату, сосын оң жақ бұранданы босату және т.б.). Алгоритмді құрастыру барысында күрделі әрекеттер көбіне анағұрлым жеңіл, тіпті ең қарапайым түрлерге бөлінеді. Мысалы, 2 мысалда 2 әрекет берілген. Оқулықты алуды келесі қимылдар арқылы суреттеуге болады:

  1. Оқулыққақолсозу.

  2. Оқулықтыалу.

  3. Оқулықтыөзіңежақындату.

Дәл осы әрекетті толығырақ суреттеуге болады:

  1. Оқулыққақолсозу.

  2. Оқулықтысаусақтарменұстау.

  3. Саусақтардыбүгу.

  4. Оқулықұстағанқолдыүстелденкөтеру.

  5. Оқулықтыөзіңежақындату.

Адамдарға мұндай егжей-тегжейлі нұсқау күлкілі болып көрінуі мүмкін, бірақ роботтың қандай да бір затты қозғалтуы үшін дәл осындай қимыл-әрекеттерді орындауы тиіс.

Нақты егжей-тегжейлі түсіндіру ең күрделі қимылдардың өзін бірнеше жеңіл әрекеттердің жиынтығы ретінде көрсетуге мүмкіндік береді, ал ең қарапайм әрекеттерді орындауды машинаға тапсыруға болады, бұл – автоматтандыруға апаратын тура жол.

Технологиялық процесті машина орындайтындай етіп көптеген іс- әрекеттерге бөлу мен ТП басқару алгоритмін құрастыру – технологтың міндеті.

Бұл жерде «машина» сөзі кең мағынада пайдаланылады, ол адамдардың орнына түрлі әрекеттердің үлкен көлемін атқаруға қабілетті техникалық құрал.

Сонымен бірге, машина тек қана бір затты жалжытып немесе құралдарының көмегімен өңдеп, таза физикалық жұмыстарды ғана атқарып қоймай, сараптауды, анықтауды, бағалауды және шешім қабылдауды және т.б. да жүргізеді.

Машиналарға бұл қабілеттердің барлығын адамдар береді. Машиналардың адамдардан айырмашылығы оларда ақыл-парасат жоқ, сондықтан олар тек нұсқауда берілген тапсырмаларға сәйкес қарапайым әрекеттерді ғана орындай алады. Егер адам үшін алгоритм бұл әрекеттердің реттілігі болса, ал машина үшін – бұл мақсатқа жету үшін анықтап, орындауды қажет ететін нұсқаулардың реттілігі.

Егер нұсқау бір мағыналы болса және оны әртүрлі түсіндіру мүмкін болмаса ғана машина нұсқауды анық тани алады. Сондықтан да машина үшін әрбір нұсқау ерекше жазылуы тиіс, яғни, машинаға түсінікті тілде болуы керек.

Машинаға түсінікіті тілде жазылған алгоритм бағдарламадеп аталады.
    1.   1   2   3   4


написать администратору сайта