реферат. дауысты дыбыстар. алым . Жнісбеков зерттеулеріне дейін аза тілі дыбыс жйесінде барлыы он бір, яни тоыз жала (монофтонг) дауысты жне екі ранды (дифтонг) дауысты бар деген кзарас алыптасан еді 1
Скачать 35.48 Kb.
|
Жоғары оқу орындарында филология саласы бойынша білім алушы студенттерге «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың фонетика-фонологиялық ерекшеліктері» тақырыбында өткізілген сабақта осы пәннің оқу бағдарламасына сүйене отырып, негізгі оқулықтармен қатар соңғы ғылым жетістіктеріне сай жазылған қосымша әдебиеттерді де мол қамтуға тура келді. Себебі қазіргі ғылым дамуы бұрынғы оқулықтардағы кейбір көзқарастарды қайта қарап, ғылыми тұрғыда қайта зерделеуге ықпал ете бастады. Қазақ тілі дауысты дыбыстары жөнінде зерттелген еңбектер де көп болғанымен, тіліміз табиғатына сай соны пікір айтылғаны соңғы кезеңдегі зерттеулер еншісіне тиеді. Көптеген еңбектерде дауысты дыбыстардың фонетикалық ерекшеліктері бірін-бірі қайталап, бір жақты талданып келді. Ғалым Ә.Жүнісбеков зерттеулеріне дейін қазақ тілі дыбыс жүйесінде барлығы он бір, яғни тоғыз жалаң (монофтонг) дауысты және екі құранды (дифтонг) дауысты бар деген көзқарас қалыптасқан еді [1]. Жалаң дауыстылар (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) байырғы қазақ тілінде ертеден келе жатыр деп түсіндіріледі. М.А.Черкасский түркі тілінде «Орхон» дәуірінде сегіз дауысты (классическая восмерка) дыбыс болғанын атап көрсетеді. Ол түркі тілдері дауысты дыбыстар жүйесінің тарихын Орхон жазба ескерткіштері кезіндегі, одан бұрынғы және кейінгі деп үш кезеңге бөледі. Ғалым ертедегі алтай кезеңіндегі дыбыс жүйесінде үш дауысты болғанын, ал одан кейінгі кезеңдегі даму төрт дауыстыны құрағанын айтады [2]. В.В.Радлов түркі тіліндегі сегіз дауыстыны жалпы түріктік негіз дауыстылар деп көрсетеді [3]. Түркі негіз тілінің жеке тілдерге ыдырау кезеңінде созылыңқы дауыстылар жасалған деген көзқарас бар [3.47]. Бірақ қазақ тілінде созылыңқы дауысты жоқ, тілімізде дауыстының кейбір жағдайда созылыңқы айтылуы фонетикалық жағдайға байланысты. Мысалы, қатаң дыбысқа қарағанда ұяң дыбыс алдындағы дауысты, тұйық буынға қарағанда ашық буындағы дауысты, екпінсіз буындағы дауыстыға қарағанда екпінді буындағы дауысты созылыңқы айтылуын дыбыстың фонетикалық ерекшелігі деуге болады. Қысаң дауыстылар екпінсіз позицияда әр түрлі редукцияға бейім тұрады екен. Қазақ тілі дауыстыларының редукциясы, жартылай және толық редукция, санды және сапалы редукция, т.б. мәселелер ғалым Б.Қалиев зерттеуінде терең қарастырылды [4]. Қазақ тілінде басқа қысаң дауыстыларға қарағанда «ы», «ұ» дауыстылары өте қысаң болады екен, сондықтан ғылыми түрде жіктеуде аралық дыбыстар туралы ескерген жөн. Сол сияқты «ұ», «ү» дыбыстарында ерін артикуляциясы басым, ал «о», «ө» дыбыстарында ерін артикуляциясы әлсіздеу болады екен [5.9] . Қазақ тілінде дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай – жуан және жіңішке, жақтың қатысына қарай – ашық және қысаң, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік болып фонетикалық оппозиция құрайды. Н.И.Ильминский қазақ тілінде сегіз дауысты дыбыс бар деп, «ә»дауыстысын «а»дыбысының варианты ретінде түсініп, оны дербес фонема деп есептеген жоқ [6.5]. Ал Радлов қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бар деп дұрыс айтқан. Ол «и», «у» дыбыстарын сонорларға қоспай, аралық немесе жарты дауысты деп, дауыссыз дыбыс ретінде таныған [3.6]. В.В.Радлов түркі тілдерінде екі дауысты дыбыстан тұратын дифтонг бар деп, «уат, уан, қуан, жуан» сөздерін мысалға келтірген, трифтонгтар да түркі тілдерінің дыбыстық құбылысына тән, сондықтан үш дауысты дыбыс тіркесіп, екі буынға бөлініп айтылады деп, «әуе, сүйеу» деген сөздерді мысал еткен еді [3.28-30]. Ол дауысты дыбыстарды жуан, жіңішке деп жіктеп алып, оны өз ішінде тағы да бөледі. Мысалы жуан дауыстылар жуан еріндік (о, ұ), жуан езулік (а, ы), сол сияқты жіңішке дауыстылар жіңішке еріндік (ө, ү), жіңішке езулік (ә, і, е). Бұлай бөлуді ғалым «дауыс түтігінің екі шегіндегі үйлесімдігіне» қарай деп есептейді [3.9]. П.М.Мелиоранский де тоғыз дауысты дыбысты атайды да, оларға қоса ай, ау, ей, еу, ой, өй, өу, уө, уа — деген т.б. қосарлы дауыстылар бар деп, ал «ә» фонемасын «а» мен «е»-нің аралығындағы дыбыс деп санаған [7]. Ғалымдар арасында «ә»дауысты дыбысы туралы әр түрлі пікір қалыптасқан. І.Кеңесбаев «ә» фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің басты себебі – оның қазақ тіліне басқа Шығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты болуы керек» деп біледі [1.230]. Ж.Аралбаев түркі тілдерінің кейбіреулерінде «ә» дербес фонема сапасында қолданылса, енді бірінде дербес фонема бола алмайтынын, ал қарақалпақ тілінде «ә» фонемасы көбіне араб-парсы тілдерінен келген сөздерде қолданылатынын айтып, бұл фонеманы бергі кезеңде жасалған туынды фонема деп есептейді [8]. А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар саны 9 екенін анықтап, олардың тіліміз ерекшелігіне сай жуан-жіңішке болып айтылатынын көрсетті. Қазақ тілі вокализм жүйесін А.Байтұрсынов 5 әріппен таңбалайды. Ғалым дауыстылардың сингармонизм заңдылығына сай жуан-жіңішкелігінің фонологиялық табиғатын терең тануы нәтижесінде дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігін жеке-жеке әріппен, ал дауыссыздарды бір әріппен таңбалаған. «Дауысты дыбыстар жіңішке айтылса – дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылмақшы. Бұлай болғанда дауысты дыбыстардың хәріфлерінің айтылмағын белгілеп айырсақ, дауыссыз дыбыстардың да жуан я жіңішке айтылмағын айырғанымыз»,- дейді А.Байтұрсынов [9.381]. Осы орайда ғалым М.Жүсіпұлы: «Байтұрсынов қазақ тілінің сингарможіңішке дауыстыларының дербес фонемалар деңгейінде дамып жеткендігін, ал қазақ тілінің сингарможіңішке дауыссыздарының дербес фонемалар деңгейінге дамып жетпегенін анықтаған»,- дейді [10.44] . С.Мырзабеков а, ә — ашық, о, ө, е жартылай ашық дауыстылар да, ұ, ү, ы, і, и, у — қысаң дауыстылар деп таниды. Ол: “Ашық дауыстыларды айтқанда астыңғы жақ (үстіңгі жақ қозғалмайды) барынша төмен түседі де, қысаңдарды айтқанда жоғары көтеріледі. Басқаша айтқанда, ашықтарды айтқанда екі жақ бір-бірінен қашықтай түседі де, қысаңдарды айтқанда бір-біріне жуықтай түседі. Алайда ауаның еркін шығуына кедергі жасамайды. Ал жартылай ашықтар осы екеуінің аралығында айтылады”, — дейді [11.37]. Екі қатаң дауыссыз арасындағы қысаң дауысты да дыбыссыз айтылуға бейімдеу келеді екен [5.80]. Ж.Аралбаев: “Қысаң дауыстылар абсолюттік сан жағынан (и, у — дан өзгелері) келте, ашық дауыстылар созылыңқы айтылады”, — деген болатын [8.39]. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың фонемалық мәні, олардың әріп-фонема-дыбыс қатынасын төмендегідей сызбалар арқылы көрсетуге болады: Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың құрамын анықтауда ғылым дамуы барысында ұстанған көзқарастарда бір жүйелілік жоқ екендігін байқаймыз. Себебі дыбыстар құрамын анықтап, оларға сипаттама беруде фонетикалық және үндесім ерекшеліктерін араластырып, бір-бірінен бөлінбеген күйінде қарастырылып келеді. Бұл мәселенің шешімі Ә.Жүнісбеков зерттеулерінде бір жүйеге түсірілді. Қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі дауыстылар саны жөніндегі пікір алшақтығы да бір арнаға тоғысты. Сөйтіп, қазіргі қазақ тілінде тоғыз дауысты дыбыс бар деп есептеледі. Ал олардың сапасы жөнінде жалаң дыбыс деген көзқарас орнықты. Ал Ә.Жүнісбек алты жалаң дауысты (а, ә, ы, і, ұ, ү) дыбыс және үш құранды дауысты (о,ө,е) дыбыс бар дейді [12.14]. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың Ә.Жүнісбеков еңбегіндегі жіктелім сипаттамасы төмендегідей: 1) жақтың қатысына қарай (ашық, қысың), 2) Еріннің қатысына қарай (еріндік, езулік); 3) жасалу орнына қарай (тіл ортасы, тіл арты): Дауысты дыбыстардың жасалым жіктелімін төмендегідей кесте арқылы да көрсетуге болады: Дауысты фонема Ерін-езу қатысы Жақтың қатысы Жасалу орны А езулік ашық тіл арты Ә езулік ашық тіл ортасы О еріндік Қысаң тіл арты Ө еріндік Қысаң тіл ортасы Ұ еріндік Қысаң тіл арты Ү еріндік қысаң тіл ортасы Ы езулік Қысаң тіл арты І езулік Қысаң тіл ортасы Е езулік қысаң тіл ортасы Дауыстылар үш айырым белгісі: 1) жасалымы (жақ, ерін, жасалу орны); 2) айтылымы (ауызбен көмей, ауыздың шығар қалпы); 3) естілімі (үндесім және дауыс сапасы) арқылы сипатталады. Осы үш айырым белгісі бойынша дауысты дыбыстардың фонетикалық сипаттамасы төмендегідей болады: 1. Жалаң дауысты дыбыстар: А дауысты дыбысы: 1) Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл арты; 2) Айтылым белгілері: көмей қуысты, кең шығысты; 3) Естілім белгілері: жуан, ашық, езу әуезді;Ә дауысты дыбысы: 1) Жасалым белгілері: ашық, езу, тіл ортасы; 2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, кең шығысты; 3) Естілім белгілері: жіңішке, ашық, езу әуезді;Ы дауысты дыбысы: 1) Жасалым белгілері: қысаң, езу тіл арты; 2) Айтылым белгілері: көмей қуысты, қысаң шығысты; 3) Естілім белгілері: жуан, қысаң, езу әуезді;Ідауысты дыбысы: 1) Жасалым белгілері: қысаң, езу, тіл ортасы: 2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, қысаң шығысты: 3) Естілім белгілері: жіңішке, қысаң, езу әуезді: Ұ дауысты дыбысы: 1) Жасалым белгілері: қысаң, доғал ерін, тіл арты; 2) Айтылым белгілері: көмей қуысты, дөңгелек шығысты; 3) Естілім белгілері: жуан, қысаң, ерін әуезді;Ү дауысты дыбысы: 1) Жасалым белгілері: қысаң, доғал ерін, тіл ортасы; 2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, дөңгелек шығысты; 3) Естілім белгілері: жіңішке, қысаң, ерін әуезді;2.Құранды дауысты дыбыстар: Құранды О дыбысы – wұ, Ө дыбысы – wү, Е дыбысы йі дыбыстарынан жасалады, яғни құранды дыбыстар осы қос дыбыстар түріндегі үндесім әуезбен айтылады. О дауысты дыбысы: 1) жасалым белгілері: ерін, тіл арты, құранды дауысты дыбыс; 2) Айтылым белгілері: көмей қуысты, сүйір шығысты; 3) Естілім белгілері: жуан, W — ерін әуезді; Ө дауысты дыбысы: 1) жасалым белгілері: сүйір ерін, тіл ортасы, құранды дауысты дыбыс; 2) Айтылым белгілері: ауыз қуысты, сүйір шығысты; 3) Естілім белгілері: жіңішке, W — ерін әуезді; Е дауысты дыбысы: 1) жасалым белгілері: емеурін, тіл ортасы құранды дауысты; 2) айтылым белгілері: ауыз қуысты, емеурін шығысты; 3) естілім белгілері: жіңішке, J — езу әуезді; Дауысты дыбыстардың жасалым белгілерінің жүйесі ЖАСАЛУ ЖОЛЫ ЖАҚ ҚАТЫСЫ ЕРІН ҚАТЫСЫ ТІЛ ҚАТЫСЫ ҚҰРАМЫ дауыстылар ашық қысаң езі ерін тіларты тілортасы жалаң құранды А + — + — + — + — Ә + — + — — + + — Ы — + + — + — + — І — + + — — + + — Ұ — + — + + — + — Ү — + — + — + + — О — + — + + — — + Ө — + — + — + — + Е — + + — — + — + Жоғарыда айтылғандарды жинақтап айтқанда, дауысты дыбыстар жіктелімі төмендегідей болады:1) Құрамына қарай: а) жалаң дауысты (а,і,ы,ә,ұ,ү); құранды дауысты (о,ө,е);2) Жақ қатысына қарай : а) ашық дауысты дыбыстар жақтың кең ашылып, тілдің төмен қалпы арқылы жасалады (а,ә); ә) қысаң дауысты дыбыстар жақтың тар ашылып, тілдің жоғары қалпы арқылы жасалады (ы,і,ұ,ү); б) құранды дауысты дыбыстар (о, ө, е); 3) Еріннің қатысына қарй: а) еріндік дауысты дыбыстар еріннің дөңгеленуі арқылы жасалады (ұ,ү- доғал ерін, о,ө- сүйір ерін); ә) езу дауысты дыбыстар еріннің бейтарап қалпы арқылы жасалады (а,ә,ы,і-езу, е-емеурін); 4) Жасалу орнына қарай: а) тіл ортасы дауысты дыбыстар тілдің орта тұсы арқылы жасалады (ә,і,ү); ә) тіл арты дауысты дыбыстар тілдің артқы тұсы арқылы жасалады (а,ы,ұ); б) құранды дауысты дыбыстар басым сыңарының жасалым белгісіне лайық, шартты түрде жіктеледі тіл ортасы( е,ө), тіл арты (о). [12.20]. Қазақ тілі дауысты дыбыстарын акустикаартикуляциялық ерекшеліктеріне қарай төмендегідей бес топқа бөліп, жіктеуге болады: Тілдің көлденең қатысына қарай Тілдің (жақтың) тік қатысына қарай Еріннің қатысына қарай Әуез қатысына қарай Құрамына қарай тіл арты дауыстылар: А, О, Ұ, Ы; ашық дауыстылар: А, Ә; ерін(дік) дауыстылар: О, Ұ, Ө, Ү; Жуан дауыстылар: А, О, Ұ, Ы; жалаң дауыстылар: А, Ә, Ы, І, Ұ, Ү; тіл ортасы дауыстылар: Ә, Ө, Ү, І, Е. қысаң дауыстылар: О, Ө, Ұ, Ү, Ы, І, Е. езу(лік) дауыстылар: А, Ы, Ә, І, Е. жіңішке дауыстылар: Ә, Ө, Ү, І, Е, құранды дауыстылар: Е, О, Ө. Қазақ тілі дауысты дыбыстарын акустика-артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай жіктеген кезде олардың бір-бірінен өзгешелігін білдіретін айырым белгілері мен ұқсастығын білдіретін ортақ белгілерін біліп, олардың дыбысқа берілетін негізгі фонетикалық мінездемесін білдіретін анықтама екендігін ескеру керек. Мысалы, осы айырым белгісі мен ортақ белгісін төмендегідей арнайы кестелер жасап көрсетуге болады. 1.Төмендегі кестеден екі жалаң дауыстының арасында бір ортақ, екі айырым белгі барекенін көрсетеміз: А – Ұ фонемаларының бір ортақ, екі айырым белгісі бар : езулік еріндік, ашық тіл арты қысаң , тіл арты А , Ұ ,ортақ және айырым белгілері езулік , ашық еріндік , қысаң А, Ұ А – І фонемаларының бір ортақ, екі айырым белгісі бар: А, І езулік , ашық тіл арты езулік қысаң , тіл ортасы, А І езулік ортақ және айырым белгілері тіл арты тіл ортасы ашық қысаң, 2.Төмендегі кестеден екі жалаң дауыстының арасында екі ортақ, бір айырым белгісі бар екенін көрсетеміз: А – Ә фонемаларының екі ортақ, бір айырым белгісі бар : А Ә жеке жіктелім белгілері езулік, ашық тіл арты езулік ашық , тіл ортасы, А Ә ортақ және айырым белгілері тіл арты тіл ортасы езулік А – Ы фонемаларының екі ортақ, бір айырым белгісі бар: езулік, ашық тіл арты А езулік қысаң , тіл ортасы Ы, А Ы ортақ және айырым белгілері тіл арты, ашық, қысаң 3.Төмендегі кестеден екі жалаң дауыстының арасында үш айырым белгісі бар екенін көрсетеміз: А – Ү фонемаларының ортақ белгіс і жоқ, үш айырым белгісі бар : езулік , , ашық тіл арты А Ү еріндік қысаң , тіл ортасы, А езулік Ү ортақ және айырым белгілері тіл арты тіл ортасы ашық, қысаң Ә – Ұ фонемаларының ортақ белгісі жоқ, үш айырым белгісі бар: езулік,, ашық тіл алды Ә қысаң , тіл арты Ұ еріндік, ортақ және айырым белгілері езулік , ашық , тіл алды Ә Ұ еріндік , қысаң , тіл арты Қазақ тілі дыбыс жүйесін зерттеу ісін теориялық жағынан дамыту бағытында Ә.Жүнісбековтың ғылыми ізденістерінің маңызы зор. Сондықтан Ә.Жүнісбеков зерттеуі бойынша дауысты дыбыстарды сингармониялық теорияға қатысты жіктелісін студенттерге талдап түсіндіреміз: 1. Дауысты дыбыстардың үндесім белгілеріне қарай бөлінуі: а) тіл әуезі (жуан – а,ы,ұ,о; жіңішке- ә,і,ү,ө,е); ә) ерін әуез (еріндік- ұ,ү,о,ө; езулік- а,ә,ы,і,е); 2. Дауысты дыбыстардың тіл әуез жіктелімі: а) жуан үндесім дауыстылар (а,ы,ұ,о); ә) жіңішке үндесім дауыстылар (ә,і,ү,ө,е); 3. Дауысты дыбыстардың ерін әуез жіктелімі: а) езулік үндесім дауыстылар (а,ә,ы,і,е); ә) еріндік үндесім дауыстылар (ұ,ү,о,ө); 4. Дауысты дыбыстардың тіл-ерін әуез жіктелімі: а) жуан, езулік үндесім дауыстылар (а,ы); ә) жіңішке, езулік үндесім дауыстылар (ә,і,е); б) жуан, еріндік үндесім дауыстылар (ұ,о); в) жіңішке, еріндік үндесім дауыстылар (ү,ө); 5. Дауысты дыбыстардың ықшам үндесім жіктелімі: а) А тірек дауысты дыбыс (а,ә); ә) Ы тірек дауысты дыбыс (ы,і); б) Е тірек дауысты дыбыс (жуан сыңары жоқ); в) Ұ тірек дауысты дыбыс (ұ,ү); г) О тірек дауысты дыбыс (о,ө); Дауысты дыбыстардың сөз құрамындағы орнын төмендегі кестеден көрсетеміз: Дауысты фонема Сөз басында Сөз ортасында Сөз соңында А Ана, адам Қазақ, адай Домбыра, дала Ә Әке, әже Сәлем, тәрбие О Отан, отбасы Бота, бозторғай Ө Өнер, өлең Шөбере, бөле Ұ Ұрпақ, ұран Құлын, құндыз Ү Үзік, үйрек Жүзік, жүзім Ы Ыдыс, ырғақ Қымыз, қарбыз Қозы, тары І Ілгіш, ілгек Көмір, келін Теңізші, іні Е Ерлік, елші Шекер, жеміс Кереге, немере Қазақ тілі оқулықтарында жіңішке дауыстыларды тіл алды арқылы жасалады деп көрсетілген. Бұл дұрыс емес. Қазақ тілі дауысты дыбыстарының құрамында тіл алды дауысты дыбысы жоқ. Ә.Жүнісбеков зерттеуінде жіңішке дауыстылар тіл ортасы арқылы жасалатындығы көрсетілді. Сондай-ақ, С.Мырзабеков «е» жартылай ашық дауысты деп түсіндіреді. Аспапты құралдар арқылы зерттеу нәтижесінде Ә.Жүнісбеков е» дифтонг дауысты, оның бірінші сыңары –«и», екінші сыңары жалаң «і» екенін (е = й + і) анықтады. Демек, «е» құрамындағы қосынды дыбыстар қысаң екенін ескерсек, «е» дауыстысы да ашық емес, қысаң екенін түсінуге болады. Қазіргі ғылым жетістіктері «и» мен «у» қосынды дыбыстарын дауысты деп танымайтындығын көрсетеді. Қазіргі кездегі орфографиямызда осы «и», «у» таңбалары тіліміздің фонологиялық заңдылығына нұқсан келтіріп жүргенін айта кеткен жөн. Қазіргі қазақ тілінің төл сөздерінің құрамында жазылып жүрген и, у, ю, я, щ әріптерінің әрбіреуі қос дыбысты таңбалайтын болғандықтан, оларды кірме әріптер деп атаймыз. Ал қазіргі лексикамызда өзгеріссіз қолданылып жүрген өзге тілден енген сөздердің құрамындағы и, у, ё, э, ю, я, в, ф, х, ч, ц, щ кірме дыбыстар деп танимыз. Қазіргі қазақ тілінің и, у(би, ки, су, ту) дауыстылары дифтонг фонемалар. Бұған дәлеліміз: біріншіден, артикуляция жағынан, и, у дауыстысының өзге дауыстылардан көрі ерекшелік жағы бар. Ол ерекшелігі и, у-дың күрделі артикуляциялы болуында: и, у-дың бүтін артикуляциясында белгілі тембр сақталмай, бір дыбыстан іле-шала екінші дыбысқа ауысып тұрғанынан байқаймыз. Бір дыбыстан басталып екінші бір дыбыс элементіне бітеді. Сонда и-дің бірінші компоненті фонетика жағдайына қарай ыне і, екінші көмескі компоненті — сонор й, ал у-дың негізгі компоненті фонетика жағдайына қарай ұ не ү, ал екінші көмескі компоненті – сонор у (тау) — өте келте айтылады. Сөйтіп, и, у дауыстысының бірінші компоненті қысаң дауыстылар да, екінші көмескі компоненті сонор – й, у деп білеміз. Демек, и, у дауыстыларының бірінші негізгі компоненті дауысты екенін, екіншісі сонор екенін қалай байқауға болады? Дауыстылар артикуляциясында фонациялық ауа кедергісіз еркін шығады да, дауыссызда кедергілі мүкіс шығады. Осыған қарағанда, и, у артикуляциясында екі артикуляциялық басқышты көреміз (іштен келе жатқан фонациялық ауа кедергісіз басқышынан кедергілену басқышына өтіп шығады). Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың фонетикалық және үндесім табиғатына сай олардың жасалым, айтылым, естілім ерекшелігі тұрғысынан сипаттамасы жасалды. Дауысты дыбыстар саны мен дыбыстың сапасы жөнінде жүйелі, бірізді көзқарас қалыптасты. Сондықтан дауысты дыбыстарды оқыту барысында ғылым жетістіктеріне ерекше назар аударған жөн. Пайдаланылған ақпараттар тізімі: 1. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Мектеп,1975.-304 б. 2. Черкасский М.А. Тюркский вокализм и сингармонизм. – М.: Наука, 1965. 3. Радлов В.В. Фонетика северных тюркских языков. — Леипциг, 1882. 4. Қалиев Б. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы (эксперименталдыфонетикалық зерттеу). — Алматы, 1984. — 116 б. 5. Джунисбеков А. Гласные казахского языка – Алма-Ата: Наука,1972.– 24 б. 6. Ильминский Н.И. Материалы к изучению киргизского наречия. — Казань, 1860. 7.Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. /Фонетика и этимология. — 1894. СПб., Ч.1., 1894. 8. Аралбаев Ж. Қазақ тілі жөніндегі этюдтер. – А: Ғылым, 1988.–144 б. 9. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б. 10.Жүсіпұлы М. А.Байтұрсынов және қазақ тілі фонологиясы. – А: Ғылым, 1998. -216 б. 11. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. – А.:Қаз. Унив, 1997.–217 б. 12.Жүнісбек Ә. Қазақ тілінің дыбыстары // Қазақ грамматикасы.– Астана, 2002.–11-64бб. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық - техникалық колледжі РЕФЕРАТ Тақырыбы: Дауысты дыбыстарды бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі Орындаған: МДО-212 Ибрагимжанова Динара Қабылдаған: Каримшихова Фатима Қарабұлақ-2023ж |