Главная страница

ФизиоТЕСТ100%. Алыпты физиология кафедрасы


Скачать 413.26 Kb.
НазваниеАлыпты физиология кафедрасы
Дата29.03.2021
Размер413.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаФизиоТЕСТ100%.docx
ТипДокументы
#189212
страница4 из 11
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
#146
*!Капиллярлардың жарылғыштығына сынамалар жүргізу кезінде (Кончаловский сынамасы - иыққа 5 минутқа резеңке бұрау (жгут) таңу) - 15 нүктелі қанталау (петехиялар) пайда болды (қалыпты жағдайда - 10-ға дейін).

Бұл қандай жасушалар бұзылысын көрсетеді?

*эозинофилдер

*+тромбоциттер

*эритроциттер

*моноциттер

*базофилдер

#147
*!Зерттелушіде қан ұю уақыты қалыпты, бірақ қан кету уақыты айтарлықтай ұзарды.
Осы жағдай немен байланысты?

*тромбоциттер агрегациясының төмендеуімен

*плазмалық ұю факторларының тапшылығымен

*протромбиназа түзілуінің бұзылуымен

*фибриноген қалыптасуының бұзылуымен

*+тромбоциттер санының азаюымен

#148
*!Тамырлық-тромбоциттік гемостаз кезеңін өзгертетін гепариннің, азот оксидінің (NO), серотонин антагонистерінің, простациклиндердің, аденозинмонофосфаттардың бөлінуі.
Бұл заттардың бөлінуі нені өзгертеді?

*+тромбоциттер агрегациясын төмендетеді

*тромбоциттер агрегациясын жылдатады

*ретракцияны жылдатады

*адгезияны баяулатады

*а​дгезияны жылдамдатады

#149
*!Тіндер жасушаларының бұзылуы және тромбоциттердің белсенуі салдарынан фосфолипопротеиндер белоктары (тін тромбопластині) бөлініп шығады, олар плазмалық факторлармен, сондай-ақ Ca2+ иондарымен бірге протомбинді белсендіретін тіндік протромбиназаны қалыптастырады.
Бұл үрдіске қандай плазмалық факторлар қатысады?

*+VII-Va-X

*IX-VIII-ф3

*XII-XI-Va

*X-Va-ф3

*IX+VIII 

#150
*!Эритроциттердің бұзылуы мен тромбоциттердің белсенуінің салдарынан фосфолипопротеиндер белоктары (тромбоцитарлық және эритроцитарлық тромбопластиндер) бөлініп шығады, олар плазмалық факторлармен, сондай-ақ Ca2+ иондарымен бірге протромбинді белсендіретін қандық протромбиназа түзеді.
Бұл үрдіске қандай плазмалық факторлар қатысады?
*+XII-XI, IX-VIII-ф3, X-V-ф3
*VII-Va-X, IX-VIII-ф3
*XII-XI-Va, X-Va-ф3
*IX-VIII-ф3, IX-VIII 
*X-Va-ф3, IX-VIII 

#151
*!Тамырлар зақымдалғанда әрқайсысы белок ыдыратушы ферменттерден, белок-белсендіргіштерден және иондардан тұратын жасуша мембраналарының фосфолипидтерінің ферменттері жиынтықтарымен байланысты, белгілі бір ретпен түзілетін ферменттер белсенділігінің «сатылы» механизмі «іске қосылады». Үрдіс белгілі бір ретпен орындалады және кезеңдерден тұрады: 1 - тіндердің зақымдануы; 2 - (VII+Сa2+) кешені V+X факторларды белсендіреді; 3 - Тіндік тромбопластиннің қалыптасуы; 4 - (ф3 + Ca 2+) кешені VII факторды белсендіреді; 5 - тіндік протромбиназаның пайда болуы.
Коагуляциялық гемостаздың сыртқы жолы жиынтығының реттілігі?

*1,2,3,4,5

*4,2, 5,1,3

*+1,3,4,2,5

*2,5,4,1,3

*4,2,1,5,3

#152
*!Тамырлар зақымдалған кезде жасуша мембранасының фосфолипидтерімен байланысқан үш ферменттер жиынтығы белгілі бір ретпен пайда болып, ферменттерді белсендіретін «сатылы» механизмі «іске қосылады». Әрбір жиынтық белок ыдыратушы ферменттерден, белок-белсендіргіштерден және иондардан тұрады. Үрдіс белгілі бір ретпен жүреді және келесі кезеңдерден тұрады: 1 - тромбоциттер мен эритроциттердің бұзылуы; 2 - IX+VIII+Ca2++ф3; 3-тромбоциттік және эритроциттік тромбопластин; 4 - X+V+Ca2++ф3; 5 - XII+XI; 6 - қан протромбиназасы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


написать администратору сайта