Главная страница
Навигация по странице:

  • Емі : пациентті госпитациялау ;

  • Ангионевроздық Квинке ісігі. Квинке ісігі

  • Болжамы

  • Анафилактикалық шок

  • Бейімдеуші

  • Клиникасы

  • Гемодинамикалық вариант - к

  • 0,18%- 0,5мл эпинефрин

  • 0,18%- 0,3-0,5мл эпинефрин

  • 10-20 мл 2,4% аминофиллин

  • аллергоздар. Аллергоздар. Аллергоздар Аллергия дегеніміз организмні белока сезімталдыыны кшеюі. Аллергоздар ауру негізінде аллергиясы бар бір топ аурулары. Аллергия


    Скачать 24.43 Kb.
    НазваниеАллергоздар Аллергия дегеніміз организмні белока сезімталдыыны кшеюі. Аллергоздар ауру негізінде аллергиясы бар бір топ аурулары. Аллергия
    Анкораллергоздар
    Дата15.11.2021
    Размер24.43 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАллергоздар.docx
    ТипДокументы
    #272721



    Аллергоздар

    Аллергия дегеніміз организмнің белокқа сезімталдығының күшеюі.

    Аллергоздар - ауру негізінде аллергиясы бар бір топ аурулары.

    «Аллергия » деген терминді австралия патологі К.Пирке ұсынған. Бұл грек сөзі «аллос» - бөгде (ерекше) және «эрго»- әсер деген сөздерден құрастырылған. Олар бірге ерекше әсер деген мағына білдіреді.

    Жедел аллергоздарға жатады:

    1. анафилактикалық шок

    2. Квинке ісігі

    3. есекжем

    Есекжем

    Есекжем –тез арада теріде аймақтары шектеулі, әсіресе емізік қабаты ісінген бөртпелер (қышымалы күлдіреуіктер) пайда болуымен сипатталатын аллергиялық ауру.

    Этиологиясы. Аллергендер:

    • дәрілік препараттар (антибиотиктер, рентгеноконтрасты заттар және т.б.),

    • сывороткалар (сары су),

    • гамма-глобулиндер,

    • тағамдар (жұмыртқа, құлпынай, цитрустар – апельсин, мандарин және т.б.).

    • паразиттер.

    Клиникасы: күрт түрде қышымадан басталады, қасыған орындар қызарады, тері үстінен шығып тұратын бөртпелер пайда болады (күлдіреуіктер) . Күлбіректердің көлемі әр түрлі болады: нүкте тәрізден үлкенге дейін. Күлбіректер тез пайда болып, қайтады. Есекжем ұстамасында температура көтеріледі (38-39°С, басы ауырады, әлсіздік).

    Егер ауру 5-6 аптаға созылса, ол созылмалы түріне айналады.

    Емі :

    • пациентті госпитациялау ;

    • дәрілік препараттарды беруді тоқтату;

    • аштық диета ;

    • бірнеше тазалау клизмалар жасап, белсенді көмір беріп, ағзадан аллергендерді тез шығару .

    Қайтадан қалпына келтіру кезеңінде (восстановительный период) есекжемді тудыратын аллергенді анықтайды. Ол үшін пациенттің тамақтануын таңертең ашқарынға бір тағамнан бастап, жаймен рационды кеңейту қажет. Егер бір тағамнан кейін күлбіректер пайда болса, сол тағамға аллергия болғаны және жеуге тиім салынады.

    • медикаментозды терапия - антигистаминді препараттар: димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол және т.б., олар ішуге, парентеральды енгізуге тағайындалады.

    Егер емді ұзақ уақыт жүргізу қажет болса, әр 10 күн сайын бір топтың препараттары бір-бірімен ауыстырылып отырады. Алғашқы 48 сағатта препараттар тәулік бойы қабылданады.

    • гистоглобулинмен ем тағамдық өнімдерден дамитын созылмалы рецидивтік есекжемде қолданылады ;

    • глюкокортикоидтер –преднизолон, гидрокортизон, кеналог40 - есекжемнің ауыр түрінде, бөртпелер бетте орналасқанда, есекжем бронхиалды астмамен немесе анафилактикалық шокпен қосарласқанда антигистаминді дәрілер көмек бермесе;

    • АҚҚ төмен болса кордиамин немесе кофеин 0,1% ерітіндісі бұлшық етке немесе көк тамырға енгізіледі.

    • спазмолитиктер.

    • егер есекжемнің себебі лямблиялар болса - тинидазол, аминохинол, ал аскаридозда – декарис тағайындалады.

    • дисбактериоз өзіне тиісті дәрілермен емделеді.


    Ангионевроздық Квинке ісігі.

    Квинке ісігі – есекжемнің бір түрі, бірақ процесс тері және тері асты май қабаттарының тереңдеу бөлімдеріне тарайды.

    Этиология: аллергендер - тағам, дәрілер, бактериялар, косметика, жуынды ұнтақтар (порошок).

    Клиникасы: күрт түрде ерні, қабақтары, ұрты, жыныс мүшелері қатайып, ісінеді, ісінген жер бозғылт, тығыз, қышымайды, басқанда ойық қалмайды. Егер ісік көмекейге тараса, пациент «үріп» жөтеледі, дауысы қарлығады, ентігеді, беті көгереді (цианоз). Егер шұғыл көмекті уақытылы бермесе, пациент асфиксиядан өліп кетеді. Егер ісік әрі қарай асқорыту жүйесіне тарайтын болса, онда «өткір іш» клиникасын береді (жедел аппендицит). Егер ісік бетінде болса, ми қабаттары зақымдалып, ми симптомдары пайда болады (басы қатты ауырады, құсады, желке бұлшық еттері тартылады, кейде тырысу болуы мүмкін).

    Емі:

    1. ауруханаға жатқызу

    2. көмекей ісігінсе лор бөлімшеге жатқызу қажет, абдоминальды синдром

    болса хирургиялық бөлімшеге жатқызылады

    3. жеңіл түрімен амбулаторно емделеді

    5. адреналин гидрохлорид 0,1% - 0,3-0,5мл тері астына

    6. супрастин 2% - 2мл немесе димедрол 1% - 1-2мл б/е

    7. гормондар – преднизолон 60-90мг көк тамырға

    8. ингаляция жасау – сальбутамол, алупент

    9. диуретиктер – лазикс, фуросемид 2-4 мл көк тамырға..

    Болжамы – қолайлы, уақытылы көмек берсе, еңбекке жарамдылығы толық қалпына келеді.

    Профилактика – аллергендермен контактта болмау, аллергологта «Д» бақылауда болу қажет.
    Анафилактикалық шок – организмге қайта-қайта аллергенді енгізгенде пайда болатын және тез арада дамитын аллергиялық реакция, өмірге өте қауіпті аллергиялық асқыну.

    Этиологиясы.

    • дәрі-дәрмектер ;

    • жәндіктердің шағуы (аса,ара ) ;

    • белокты препараттар, вакциналар, сары су (сыворотка) мен полисахаридтер ағзаға қайта енгізілуі ;

    • тағам аллергендерді қабылдау .

    Бейімдеуші факторлар :

    • бронхиалды астма,

    • полиноздар,

    • нейродермит,

    Патогенезі. Анафилактикалық шоктың дамуы 3 сатыдан тұрады:

    1) Иммунологиялық сатыда ағзаның сенсибилизациясы (сезімталдығының күшеюі) дамиды, аллерген+антидене комплекс пайда болады, ол жүйке, қан жасушаларды бұзады.

    2) Биохимиялық сатысында гистамин, серотонин, ацетилхолин қанға шығады және брадикинин түзеледі.

    3) Патохимиялық сатысында химиялық заттардың (гистамин-брадикинин) әсерінен тамыр қабырғаларының өткізгіштік қасиеті бұзылады, бронх, ішек және т.б.мүшелердің тегіс бұлшықеттері жиырылады.

    Клиникасы: Анафилактикалық шоктың типтік түрі.

    дискомфорт, денесі қызады, өлім үрейі немесе тынышсыздық болады, лоқсып, құсады, жөтеледі, әлсіздік, бет, қол, басының тері кілегей қабаттарына «ине сұққандай» болып, қышыма мазалайды. Басына, бетіне, тіліне «қан құылғандай»сезім, төс артында ауыртпалық болуына немесе кеуде қысылуына шағымданады.

    Кейде жүрек тұсында ауырсыну, дем алудың қиындауы, демді алмау, бас айналуы, бас ауыруы пайда болады. Санасы мен сөйлеу қабілеті бұзылады. Шоктың өте ауыр түрінде науқастар шағым айтуға үлгірмейді, ес-түссіз қалады.

    Жалпы қарау: терісі қызарады немесе бозарып, көгереді, беті мен көзі ісінеді, терлейді, тынышсызданады, аяқ-қолының тырысуы болуы мүмкін, зәр, нәжіс, газ шыққанын білмей қалады.

    Пульс – тахикардия жіп тәрізді, сосын брадикардия, аритмия, қан қысымы анықталмайды, ентігеді, ауызына көпірік шығады.

    Аускультацияда өкпедеірі көпіршікті сырыл естіледі, кейін өкпе ісініуі дамуы мүмкін.

    Шоктың басқа түрлері :

    • гемодинамикалық (коллаптоидты),

    • асфиксиялық,

    • церебральды

    • абдоминальды.

    Гемодинамикалық вариант - клиникалық бейнесінде бірінші орынды жүрек-тамыр жүйесінің зақымдану белгілері алады: жүрек тұсында өткір ауырсыну, әлсіз пульс немесе оның жойылуы, жүрек ырғағының бұзылуы, бозару немесе жайылмалы («жалынды») гиперемия, терінің «мәрмер» тәрізді түстес болуы, тыныс алудың және жүйке жүйесінің бұзылыстары айқын емес.

    Асфиксиялық вариант - жедел тыныс жетіспеушілігінің белгілері (көмей кілегей қабатының ісінуінен оның саңылауының тарылуы, бронхоспазм бронхт жолының толық жабылуына дейін болуы және өкпе ісінуінің дамуы байқалады).

    Церебральды вариант - орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары психомоторлық қозуының белгілерімен, қорқыныш сезімімен, сананың бұзылуымен, тырысу, тыныс аритмиясымен сипатталады. Кейде бас миының ісінуі, эпилептикалық статус тыныс пен жүрек қызметінің тоқтауымен дамуы мүмкін.

    Абдоминальды вариант - «өткір іш» белгілерінің басым болуы (эпигастрий аймағында өткір ауырсыну, іш пердесінің тітіркену белгілері) жара перфорациясының немесе ішек түйілуінің жалған диагностикасына әкеліп соқтыруы мүмкін.

    Ауырсыну шоктың абдоминальды варианттының алғашқы белгілерінен 20-30 минуттан кейін пайда болады.

    Жедел жәрдем:


    1. дәрі жіберуді тоқтату

    2. пациентті жатқызып, тілін ұстау керек, асфиксия болмау үшін

    3. дәріні салған жерден жоғары бұрау салу, дәрінің сіңуін тоқтату үшін

    • инъекция салған жердің айналасына 0,18%- 0,5мл эпинефрин (0,5 мл 0,1% адреналина гидрохлорид ерітіндісін) енгізу (натрия хлоридінің изотониялық ерітіндісінде 1:10 қатынаста);

    • иньекция орнына мұзды мұйық қою;

    • 0,18%- 0,3-0,5мл эпинефрин б/етке ( 0,5 мл 0,1% адреналин ерітіндісін тері астына);

    • пульс, АҚҚ бақылау;

    • 60-90 мг преднизолонерітіндісін 10мл натрия хлорид ерітіндісіне қосып көк тамырға енгізу немесе 125 мг гидрокортизонды , дексазон 20 мг бұлшықетке;

    • АҚҚ тұрақтанғанда 1 мл 1% дифенгидрамин немесе 1 мл 0,1% тавегил ерітіндісін немесе 1-2 мл 2% супрастин ерітіндісін немесе 1 мл 1% димедрол ерітіндісін бұлшықетке немесе көк тамырға.

    Альфа-адреноблокатор әсері бар пипольфенді (АҚҚ төмендетеді) қолдануға болмайды.

    • Бронхоспазм болса 10-20 мл 2,4% аминофиллин (эуфиллин) + 20,0 физ.р-р ерітіндісін көк тамырға (струйно) немесе 2 мл 5% изадрин ерітіндісін тері астына, 1-2 мл 0,05% алупент ерітіндісін тері астына;

    • тахикардия болса 1 мл 0,06% коргликон ерітіндісін көк тамырға ;

    • егер шок пенициллиназа енгізгенге дамыса, пенициллиназының 1 000 000 Б 2 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіне қосып бұлшық етке енгізу ;

    • АҚҚ көтеру үшін 1 мл 1% мезатон ерітіндісін бұлшықетке немесе 200 мг (5 мл) допамин + 400,0 физ.р-р енгізіледі (көк тамырға тамшылап);

    • ісік болса, қан қысым тұрақталса - 2-4 мл лазикс (фуросемид) көк тамырға салуға болады;

    • қажет болса өкпелік-жүректі реанимация шараларын жүргізу;

    • ингаляция түрінде оттегі беру .


    написать администратору сайта